Курстың мақсаты



бет12/70
Дата19.12.2023
өлшемі296,11 Kb.
#140865
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   70
Астар сана аймағы өте тұрақты, бұлжымас. Бұл деңгейдегі адам әрекет-қылығын тек қана психотерапия және гипноз әдістерімен біршама басқаруға болады.
Ойлау аймағынан тыс үдерістер ашық санада өз жалғасын табуы мүмкін. Керісінше, ашық санадағы психикалық әрекеттер астар санаға өтіп те жатады.
Психиканың санадан тыс аймағы өзіндік бағамға келмейді, ырықты бақылауға түспейді. З.Фрейд пайымдауынша, бейсана аймағы ашық санамен сиыспайтын сеп-түрткілік (мотивационный) қуат. Әлеуметтік орта тыйымдары Фрейд пікірінше, санаға «шек» қояды, жүйкелік асқыну сәттеріндегі астар саналық тосын ниеттерді басып отырады.
Дау-дамайлы қалыптан құтылу үшін адам қорғаныс әрекеттеріне өтеді, яғни психикалық қалпын санадан ығыстырады, ауыстырады, жаңалайды не шегініске мәжбүр болады.
Ал психоаналитик К.Г.Юнг ойы З.Фрейд тұжырымдарынан өзгеше. Ол ашық сана мен астар сананы қарама-қарсы қоймай, керісінше ашық сананы ұжымдық бейсананың тереңде жатқан қабаттарының жалғасы, яғни архитип – адамзат тіршілігінің бастау кезеңдерінде қалыптасқан қылықтарының елестері деп түсіндіреді.
Юнг пайымдауынша, адам көпшілікпен араласу себепті жинақталған астар саналық ұмтылыстары негізінде өз бойындағы мүмкіндіктерін дербес іске асыруға талпынады. Ненің жақсы, ненің жаман екендігін бізге «сыбырлап» тұратын ой не сана емес, ол «көзсіз» сезім, астар сана. Біздің барша бейберекет, ырықсыз әрекеттеріміздің билігі өз психикамыздың тұңғиық құрылымдары, тума берілген бағдарламалары мен әмбебап рәміздердің ықпалында жатыр.
Сана құралы - ұғым, түсініктер, ал астар сана көңіл шарпулары мен сезімдерге арқа сүйейді. Астар сана деңгейінде қабылданған нысандар мен құбылыстарға және олардың астар санада қалыптасқан өлшем-шектеріне «қас-қағымда» шұғыл баға беріледі.
Астар санамен бір қатар З.Фрейд адам психикасының тұғырлы мәндік тетіктері, яғни тұлғаның әлеуметтік ықпал жасау, өзін инабаттылық арнасында қадағалай білу қабілеттері ретінде танылған жоғары сана – «супер эгоны» ажырата қарастырады. Адамның барша рухани дүниесі – бұл тек өкілінің өзімшілдік тоқырауына қарсы тұратын, идеялық шыңдалуы мен ізгілікті жетілуін білдіруші жоғары сана аймағы.
Ашық сана – бұл тұлғаның білімдері және мәдени әлеуметтену саласы. Ол көп жағдайларда адамның тума, табиғи (инстинкт) құмарлықтары мен әдеттерін қадағалайды әрі шегеріп отырады.
Танымал грузин психологі Д.Н.Узнадзе (1886-1950) және оның шәкірттері өзекті түсініктеме принципі ретінде ұстаным (установка) принципін ажыратады. Бұл принцип мәні – әрқандай ұстанымнан субъекттің біртұтас модификациясын, оның болмысты қабылдауға әрі белгілі нақты тәсілмен әрекеттенуге дайындығын байқаймыз. Узнадзе пікірінше, ұстанымда психиканың ашық сана және астар сана аймақтары бірігімге келеді. Әрбір әрекет – қылық жағдайы ежелден қалыптасқан мінез-құлық, әрекет топтарын жүзеге келтіріп, іске қосады.
Адам психикасы құрамында ашық сананың, астар сана мен бейсананың болуынан адамның әрекет-қимылдарының келесідей түрлерінің ықтимал дербестігі көрінеді: 1) бейсана – инстинкттік тума қимылдар; 2) бейберекет әрекеттер, жете түсінімге келмеген қимылдар, әдетке айналған, автоматты астар саналы іс-әрекеттер; дағдылы қызметтер; 3) саналы да ырықты, ерікке бағындырылған әрекеттер. Мұндай әрекеттер адамның қоршаған ортамен байланысында жетекшілік рөл атқарады.
Адам санасыоның іс-әрекеті мен мінез-құлығын реттеудің ұғымдық тетігі. Іс-әрекеттен біз белсенділіктің ерекше адамиласқан формасын танимыз. Жануарлар қылығынан адамның бұл белсенділігі жасампаздық өнімімен ажыралады. Сонымен бірге бұл белсенділік құрылым тұрғысынан жіктемелі. Онда іс-әрекеттің сеп-түрткілері мен мақсаттарының түсінімге келуі адамзаттың мәдени-тарихи даму үдерісінде жасалған құрал-сайман, жабдықтарды пайдалануы, әлеуметтену барысында меңгерілген ептіліктер мен дағдылардың қолданылуы жеке-жеке көрініс береді.
Сана адамның іс-әрекетке келуіне себептік ықпал жасап әрі бағдар бере отырып, сол іс-әрекетте қалыптасады және көрінеді. Күні ілгері санада қалыптасқан психикалық бейне, заттасқан әрекет жобасы осы іс-әрекетке, оның нысаны мен нәтижесінде өз нақтылығын табады. Болмыс заттарының психикалық бейнесі сол заттардың іс-әрекет желісінде алған орны мен құрылымына тәуелді.
Заттарды іс-әрекет барысында қамтудың өзі олардың психикалық бейнесінің сәйкестігін қамтамасыз етеді. Адам іс-әрекеті заттар мағынасын ашумен байланысты, ал оған орай қолданылатын құрал-жабдықтар өз бойында адамның тарихи жетілген әрекеттерінің сұлбасын сақтайды.
Бейненің психикаға дейінгі деңгейі-тітіркенушілік, яғни барлық тірі ағзалар эволюцияның барлық кезеңдерінде биологиялық әсерлердің ықпалына жауап беру қабілетіне ие. Тітіркенушілік қасиеттері тірішілік жүйесінің түбегейлі қасиетіне жатады: оның бар болуы- жалпы өмір өлшемі.Сонымен, тітіркенушілік – ағзаның биологиялық факторларға жауабы. Айта кету керек бұл қасиетке тек фауна ғана емес, флора да ие.
Тіршілік иесі белсенділігінің келесі формасы тропизмдер (грек.tropos –бұрылыс, бағыт)-биологиялық маңызды тітіркендірігіштердің әсерінен жарық,жер тартылысы, химиялық тітіркендірігіштер өсімдіктер қозғалысының бағыты болып табылады.
Тіршілік иесі белсенділігінің келесі формасы таксистер (грек. taxis-реттік, орналасу)- жануарлардың кеңістікте бағдарлану инстинктивті формасы болып табылады. Қоршаған ортаның қолайлы, өмірге қажетті элементтерге жағымды таксистер, немесе жағымсыз таксистер басталады. Жануарларда елеулі түрде жаңа деңгей – сезгіштік, абиотикалық факторларға жауап беру қабілеті пайда болды. Бұл психиканың бастамасы болып табылады.
Кеңес психологы А.Н.Леонтьев (1903-1979) психиканың пайда болу кезеңдерін мынадай етіп қарастырды.
Психика дамуы бірнеше кезеңдерден өтеді:
I-кезең. Қарапайым сенсорлы психика (латын т аударғанда сезімталдық) – бұл сатыда тек өкілдерінің инстинкттері, яғни белгілі орта жағдайларына бейімделудің тума формалары қалыптасады. Бұл кезең 2 деңгейді қамтиды:
1.Төменгі деңгей (суда өмір сүретін қарапайым, төменгі көп жасушалы ағзалар)..яғни қалыптаспаған жауап беру қабілеті; әлсіз, мақсатқа бағыттталмаған қозғаушы белсенділік.
2. Жоғарғы деңгей (жоғарғы шығыршықты құрттар, бауыряқтылар) популяция мүшесі ретінде жақ сүйектерінің пайда болуымен сипатталады. Жүріс-тұрысы: сезімталдық бар, мақсатты түрде бағытталған биологиялық пайдалы әсерлерді іздестіру және биологиялық зиянды әсерлерден аулақ болу сипатына ие. (жер бауырлау, жер қазу)

II-кезең. Перцептивті психика. Бейнелер тұтастай Заттай түрінде қабылданады. Бұл кезеңнің нәтижесі – дағдылар, яғни тек өкілінің жеке-дара тәжірибесімен игерілген әрекет-қылықтар формасы. Бұл кезең 3 деңгейден тұрады:
Төменгі деңгей
Жоғарғы деңгей
Өте жоғары деңгей
III-кезең. Затаралық байланыстарды бейнелеу, яғни интеллектуалды әрекет-қылық – заттар арасындағы байланыс – қатынастарды бейнелеуші психикалық әрекеттердің күрделі формасы.
Қарапайым сезімдік сатыда тіршілік иесі сыртқы дүние заттарының жекеленген қасиеттеріне ғана назар аударады, ал оның әрекет-қылығы тума инстинкттерге (қоректену, қорғану, көбею және т.б.) байланысты келеді. Заттай қабылдау кезеңінде болмысты бейнелеу заттарды тұтастай күйінде тану жолымен іске асады, осыдан тек өкілі үйренуге бейімделіп, жеке-дара әрекет-қылық дағдыларын қалыптастыру қабілеттерін ала бастайды.
Үшінші, интеллекттік кезеңінде жан иесі затаралық байланыстарды бейнелеуге, орта жағдайларын тұтастай тануға қабілеттеніп, нәтижеде кедергілерді айналып өту, алдағы әрекетке дайындық көріп, оны орындаудың жаңа жолдарын «ойластыру» дәрежесіне көтеріледі. Бірақ «ақыл-ес» әрекеті бұл кезеңде биологиялық қажеттер аймағынан шықпай, көрнекілік шеңберінде орындалып жатады.
Жануарлар психикасымен салыстырғанда адам психикасы біршама жоғары деңгейлі (себебі Homo sapiens – ақылды адам). Адам санасы, ақыл-ойы қажеттіктен туындаған еңбек үдерісінде, ежелгі адамның қиын тіршілік жағдайларының шұғыл өзгерістерінде бірлікті әрекетке келуінен бірте-бірте қалыптасып барды. Сонымен, адамзаттың материалды, рухани мәдениеті – барша адамдардың психикалық дамуымен байланысты жүзеге келген жетістіктерінің ұжымдық формасы.
Қоғамның тарихи даму барысында адам өз мінез-құлқы мен әрекет-қылығының әдіс-тәсілдерін өзгертіп барады, өзінің табиғи нышандары мен қызметтерін аса жоғары психикалық қызметтерге ауыстырады. Енді тума қалыптасқан инстинкт не жағдай үйреткен ауыспалы дағдылар анайы адамиласқан, қоғамдық- тарихи шарттасқан ес, ойлау, қабылдау (қисынды ес, дерексіз – қисынды ойлау) формаларына өтеді. Адам бұдан былай тарихи даму үдерісінде қалыптасқан жанама құралдарды пайдаланып, сөйлеу рәміздерін қолдану қызметтерін атқаратын дәрежеге жетті. Жоғары психикалық қызметтер бірлігі адам санасының пайда болып, орнығуына арқау болды.
Жануарлар психикасымен салыстырғанда адам психикасы келесідей ерекшеліктерге ие:

  • нәсілдік және табиғи түрткі (эмпирикалық) жолдармен қабылданған әрекет-қылық формаларымен қатар адам қоршаған ортада бағдар таңдаудың түбегейлі жаңа құралы – сөзбен ұрпақтан ұрпаққа берілетін адамзаттық тәжірибе жоғары біліммен қаруланған адам психикасы әлеуметтік орта жағдайында, әлеуметтік тәжірибені игеру барысында қалыптасады әрі үздіксіз өрістеп, молайып барады.



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет