Курстың мақсаты



бет16/70
Дата19.12.2023
өлшемі296,11 Kb.
#140865
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   70
Байланысты:
ob4vToOUGJ78KD5vbwAkF92paZ2tUkcxOW9ZclUt

Психикалық қасиеттері психиканың әрбір жеке адамға тән тектік ерекшеліктері, тұлға бойына біткен психикалық үдерістердің іске асу ерекшеліктері.

  1. Тұлғалық психика қасиеттері: 1) темперамент, 2) тұлға бағыт –бағдары (қажеттер мүдделер, дүниетаным және мұрат - мақсаттар); 3) мінез; 4) қабілеттер.

3. Сананың қоғамдық мәні
Сана - психиканы біріктіруші ең жоғары өмір әрекеті формасы, адамның еңбек әрекетіне орай басқалармен тұрақты тілдік қатынасқа келу арқасында қоғамдық-тарихи шарттарға сай қалыптасуының нәтижесі. Сана - бұл қоғамдық болмыс.
Сана құрылымында төрт негізгі сипат байқалады (А.В.Петровский):
1) Сана қоршаған дүние жөніндегі білімдердің жиынтық бірлігі.
2) Санада субъект пен объекттің айырмашылықтары бекиді.
3) Мақсат болжастыру әрекетін қамтамасыз ете алады.
4) Сана құрылымында әрекетке орай қатынастар орнығады. Сананың жоғарыда аталған бүкіл арнайы қасиеттерінің қалыптасуы мен көрініс беруінің міндетті шарты - тіл, сөз. Тіл - бұл қоғамдық-тарихи тәжірибе немесе қоғам-дық сананы бекіткен ерекше объектив жүйе. Нақты адам тарапынан қабылданған тіл - сол адамның нақты санасының көрінісі.
Меншікті, өзіндік іс-әрекет – адам психикасының қалыптасуы мен жүзеге келуінің басты негізі.
Іс-әрекет – жалпы адамзаттық тәжірибе негізінде саналы белгіленген мақсаттардың іске асуымен болатын болмысты меңгерудің адамдық әдіс-тәсілі. Адам іс-әрекеті қоғамдық – тарихи ілгерілеудің қозғаушы күші, сонымен бірге ол жеке адамның психикалық даму құралы ретінде де қызмет етеді. Адамның заттасқан іс-әрекеті, оның қоғамдық-тарихи тәжірибесі тұлға санасының сезімдік және ұғым-теориялық аймақтарының басын біріктіреді.
Адам психикасының қалыптасу үдерісінде оның заттасқан нысандармен болған сырттай әрекеттері ішкі ақыл-ес әрекеттеріне ауысады. Осыдан, яғни ой әрекеті қабілетінен адам нысандар арасындағы әртүрлі қатынастар жобасын құруға, өз әрекеттерінің нәтижесін күні ілгері барластыруға үйренеді. Бұдан көзіміз жететіні – психика мазмұны жалпыланған қатынастар, мән және мағыналарды, яғни бейнелік қалыптан тыс құрылымдарды да қамтиды.
Психиканың ғылыми түсініктемесі келесідей негіздемелерді сүйеніш етеді:

  1. психика материя дамуының белгілі сатысында, яғни жануарлар ағзасының туындау кезеңінде пайда болып, сол ағзалардың икемдесу, бейімделу әрекет-қылығының бейнелеу – реттеу тетігіне айналды. Жануарлардың эволюциялық даму барысында олардың психикасы жетіліп барды. ¤з қалыптасу жолында психика екі: инстинкттік қалыптасу және даралықты дағдылану – кезеңдерін басып өтті.

  2. Адам психикасы, сана – психика дамуының ең жоғары сатысы; оның пайда болуы адамның ұжымдық қарым-қатынас жағдайындағы еңбектік іс-әрекеттерімен тікелей байланысты.

  3. Адам психикасы оның белсенді іс-әрекеттерінің арқасында қалыптасады. Психика заңдылықтары – сырттай заттармен болған өзара ықпалды қатынастардың алғашқыда психикалық бейнелерге ауысуы және кейін сол психикалық бейнелердің өз реттеуімен басқарымды әрекеттерге өтуі заңдылықтары.

  4. Психика ми қызметімен жанамаласқан, бірақ ол өздігінен идеалды, яғни әлеуметтік - мәдени жағдаяттар нәтижесінде пайда болған саналық құбылыс.

  5. Психикалық құбылыстар белгілі құрылымға және ұйымдасу жүйесіне ие.

Бақылау сұрақтары:
Өсімдіктерде психика бар ма?
Жоғарғы психика функциясы қарапайым психика функциясынан несімен ерекшеленеді?
1-ші және 2-ші сигналды жүйе ұғымын енгізген кім? Осы ұғымның мәні не?

4 дәріс. Іс-әрекет.


1. Іс-әрекет туралы түсінік
2. Іс-әрекет түрлері
3. Іс-әрекет құрылымы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет