Курстың мақсаты


Тұлғаны топпен бағалау әдісі



бет11/70
Дата19.12.2023
өлшемі296,11 Kb.
#140865
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   70
Байланысты:
ob4vToOUGJ78KD5vbwAkF92paZ2tUkcxOW9ZclUt

Тұлғаны топпен бағалау әдісі – адам мінездемесін топ мүшелерінің өзара бағалауы арқылы алу. Бұл әдіс топтағы адамдардың өзара таныстығы мен бірлікті іс-әрекеті және қатынасы нәтижесінде топтың әрбір мүшесі жөнінде қалыптасқан топтық санаға негізделген.
Қандай да психологиялық проблеманы зерттеуде сол мәселеге сәйкес зерттеу тәсілдері мен ережелері, яғни нақты зерттеу әдістері қолданылады. Олар: болжам ұсыну, эксперименталдық тәсіл мен соған сай материал, сыналушылардың бастапқы бақылау және эксперименттік топтарын айыру, эксперимент серияларын анықтау, эксперименталды материалдарды статистикалық және теориялық өңдеуден өткізу және т.б.

2 дәріс. Психиканың дамуы және сана.


1. Сана мен психиканың байланысы
2. Психиканың пайда болуы
3. Сананың қоғамдық мәні

  1. Сана мен психиканың байланысы

Адамның психикалық іс-әрекеті және оның психикасы бірдей уақытта үш өзара байланысты деңгейде қызмет етеді. Мұндай деңгейлер ғылымда келесідей аталған: бейсана, астар сана және ашық сана.
Психикалық іс-әрекеттің бейсана (бессознательный) деңгейі адамда, жалпы жануарлар әлемінде тума инстинктті – рефлекторлы қалыптасады. Бұл деңгейдегі барша әрекет – қылықтар ой түсінімінде жоқ, ойластыруға келмейтін биологиялық тетіктер арқылы басқарылып, реттеледі. Олардың бәрі биологиялық қажеттерден туындайтын әрекеттер, яғни – организмнің және тек өкілінің өз тіршілігін сақтауы, жалғастыруы (қоректену, қорғану, ұрпақ қалдыру).
Алайда, адам әрекет-қылығының (генетикалық шартты) бағдарламасы түптен дербес емес, ол дамудың соңғы кезеңдерінде қалыптасқан ми құрылымдарының бақылауында болады. Дегенмен, кейбір сындарлы жағдайларда (адам басына қауіп-қатер төнгенде) бейсана психика өзінен өзі іске қосылып, тіршілік сақтау, қорғану әрекеттерін реттеп, басқарады. Тек өкілінің (индивидтің) бұл көңіл-күй және бей-берекет (импульс) әрекеттері аймағы ми жарым шарларының таламус және гипоталамус бөліктерінде орналасқан.
Психикалық іс-әрекеттің түпсана астар сана (подсознательный) деңгейі - жеке тұлғаның тәжірибесінде жалпыланып, автоматтық күйге енген оның өз әрекет-қылығының тұрақтанған формалары – ептіліктері, дағдылары, әдеттері, сезімдік көрегендігі (интуиция). Тек өкілінің мұндай әрекет-қылықтарының негізі оның алғашқы даму кезеңдерінде қалыптасқан. Бұлар қатарына бас миының қабық асты (лимбикалық) жүйесінде құрылымдық орын тепкен импульстік-көңіл-күйлік (импульсивно-эмоциональные) әрекеттері аймағы да кіреді. Осы психикалық аймақта тек өкілінің өзі сезбейтін ұмтылыстары, ниеттері, құмарлықтары мен ұстанымдары қалыптасады. Бұлардың бәрі тұлғаның ырықсыз аймағы, «адамның екінші табиғаты» немесе дағдылы жеке қылық-әрекеттерінің «көзі», бойға біткен мінез әдеттері.
Астар сана көп деңгейлі құрылым: төменгі деңгейде ол – автоматтасқан дағдылар және олардың бірігімдері, ал жоғары деңгейде бұл – сезім көрегендігі (интуиция).
Астар деңгейлі автоматизмдер – бұл орындалатын іс-әрекеттердің біртекті жағдайларда бірыңғай тұрақты қайталанып отыратын көріністері, яғни динамикалық стереотиптер. Бұл ұғым мәні – қалыпты жағдайлардағы жауап әрекеттердің үздік байланысты, «шынжырлы» тізбегі (көлік жүргізушінің әдетті қызметі, «отбасы, ошақ қасы» міндеттерін орындау, қолдағы құрал-саймандарды ойланып жатпастан пайдалана білу, сөйлеу мен ым-ишара әдеттері). Бұлардың бәрі тек өкілінің өз іс-әрекетін реттеуі үшін қолданатын дайын қылық-әрекеттерінің жиынтық топтамасы. Осы дағдылы әрекеттердің болуынан сана жүктемесі жеңілдеп, оның бұдан былайғы шығармашыл істермен айналысуына жол ашылады. Сана үздіксіз қайталанып отыратын біртекті әрекет, міндеттер шешуден құтылады.
Астар санаға әрқилы психикалық бірігімдер де ысырыла, өтіп жатады. Олар – орындалмай қалған тілек, ниеттер; шектелген ұмтылыстар; әрқилы қатерлер мен күйзелістер; амбициялар мен әсіре талғамдар (ұялшақтық, жасқаншақтық, мансап құмарлық және т.б.). Мұндай бірігімдер тұлғаның тұрақты әрекет-қылықтарының астар саналық бағыт-бағдарын аңдатады.
Астар сана – бұл бойға сіңген қалыптар мен ұстанымдар, жоғары деңгейлі адамгершілік қасиеттер мен сапалар. Ашық сана мүмкіндіктері әбден шектелген шақта астар сана әрекетке келеді (шектен тыс ашу, ыза, күтілмеген қуаныш, аса күшті психикалық жүктеме, күйзеліс жағдайларында).
Астар сананың аса жоғары аймағы – сезім көрегендігі (интуиция), аян – бұл проблемді жағдайды бірігімді қабылдау, күтілмеген шешімдердің «жарқылы», өткен тәжірибенің «суырып салма» қорытылуынан болатын алдағы оқиғаның дамуын ырықсыз жобалай білу, яғни көрегендік.
Адам психикасының санадан тыс аймағы – оның психикасының тұңғиығында жатқан күнделікті тұрмыста белгісіз құбылыс. Ол көбіне адамның эволюциялық даму үдерісінде қалыптасқан. Астар сана аймағына келесі құбылыстар енген: түс көру, көрегендік, көңіл шарпуы, гипноз, сенім, қорқыныш, қияли үрей, өзінше пайда болған қауіптер, негізсіз қуаныш. Тек өкілінің әрқилы жағдайларда қандай да әдіспен, ойланбастан жоспарсыз әрекет істеуге дайын болуы да психиканың санадан тыс көріністері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет