Жетекші іс-әрекет түрі – бұл адамның қандай да бір даму сатысындағы негізгі психологиялық жаңа құрылымдардың пайда болып, қалыптасуына ықпал етуші әрекет түрі. Іс-әрекет типі – жеке – дара және бірлікті іс-әрекеттер. Бірлікті іс-әрекет –жеке-дара әрекеттен өзгеше, ұжымдасқан субъект тарапынан орындалады, мұндайсубъект ортақ мақсат, міндеттер төңірегінде одақтасқан екі не одан көп адамдардан құралады.
Іс-әрекет түрлері дәстүрлі екіге бөлінді – сыртқа және ішкі. Сыртқы іс-әрекет – орындалу барысында өзінің қозғалыс, әрекет, көңіл-күй, тілдесу –қатынас бірліктерімен көрінетін іс-әрекеттің барша түрлері, типтері және үдерістері.
Іс-әрекет субъект-объектті, субъект-субъектті болып, екі түрде ажыралады.
Іс-әрекеттің субъекті-объектті типінде әрекет нысаны ретінде жансыз зат алынады, ал субъект-субъектті әрекетке бірі екіншісін «өзге» деп таныған екі не одан көп адамдар қатысады.
Іс-әрекет сондай-ақ орындаушы және басқарушы болып, бөлінеді.
Орындаушы іс-әрекетте субъект басқа да субъекттермен байланыс жсауымен шектелмей, еңбек затына тікелей ықпал жасайды, онымен қатынасқа түседі.
Басқару әрекетінде бір субъект өзге субъекттердің қызметін ұйымдастырады және олардың сатылы өзара бағыну деңгейлерін белгілейді.
Қолданбалық тұрғыдан іс-әрекет тікелей және жанама типтерге бөлінеді.
Тікелей іс-әрекетте еңбек субъекті өңдіруге не өңдеуге, т.с.с, түскен затқа тікелей әсер-ықпал жасайды әрі оған байланысты ақпаратты нақты табиғи көзбен қолма-қол алады.
Жанама іс-әрекетте еңбек заты жөніндегі ақиқат адамға белгі, рәміз күйінде жеткізіледі (код, сұлба, формула, буклет, индикаторлық құралдар).
3. Іс-әрекет құрылымы Жеке адамның әрекеті еңбек іс-әрекетінің қандай да бір көрінісі ретінде қалыптасқан. Белгілі бір қоғамдық қызметке бағытталған әрекет жиынтығы еңбектік іс-әрекеттің белгілі бір түрін құрайды. Ал еңбектік іс-әрекет әрдайым белгілі өнімге арналатындықтан, адам әрекеті де тиісті нәтижені көздейді. Адам әрекетінің саналы әрі мақсатты болуы - адамның басқа жануарлар дүниесінен ажыралу белгісі. Іс-әрекет бағдарланған мақсат өзінің біршама қашықтығымен еленеді. Сондықтан оған жетісем дегенше адам бір-біріне байланысты, ізбе-із келетін әлденеше жеке міндеттерді орындауына тура келеді. Бұл міндеттермен байланысты әрекеттер - операциялар деп аталады. Адам іс-әрекеті әрқилы және әр деңгейдегі әрекеттердің жәрдемімен жүзеге келеді. Ал осы жай бір міндетті іске асыруға қажет болған біршама біткен іс-әрекеттің (деятельность) әрбір элементі - әрекет (действие) деп аталады. Затқа бағдарланған осы әрекет қимылдар (манипуляция) бірікпесінен жасалады. Олар - алу, орын ауыстыру, босату. Сапалық жағынан бұл қимылдар әлді-әлсіз, дәл-жаңсақ, жылдам-шабан, епті-епсіз, бағдарлы-бағдарсыз болуы мүмкін.
Затқа бағдарланған қимылдардан басқа адам іс-әрекетінде денені қалыпты ұстау, қозғау және тілдесуге қажетті қимылдар да болады. Ал бұл қимылдар әрекеттің мақсатына, заттың қасиетіне және әрекет шарттарына байланысты. Белгілі әрекеттің орындалуында қатысатын қимылдар өздігінен не бір дене мүшесінің қандай да қозғалысқа келуінен емес, адамның жеке ниетіне, қозғалысты міндетке орай іріктеуіне, орындалатын қимылға деген қатынасына қарай іске араластырылады. Ниет өзгерісі қозғалыс ауқымын да бұрып жі-береді.
Адам қимылының шын мәні мен жетілгендігі сол қимылды қажет еткен саналы әрекетке тікелей байла-нысты.
Әрекетті құрайтын қимылдар тобы (жүйесі) белгіленген мақсатқа орай басқарылады және реттеледі. Адамның көздеген мақсаты нақты осы мезетте көрінбей, ол ендігі орындалатын әрекеттің жемісі. Сондықтан, мақсат адам миында іс-әрекеттің болашақтағы нәтижелік бейнесі не әрекетшең моделі болып із береді. Осы болашақтағы ниет бейнесі әрекеттің нақты нәтижесімен салыстырылады.
Әрқандай жаңа іске кірісуде адам істің орындалу тәсілдерін білмегендіктен, мақсатқа бағытталған бүтін әрекетті де, оның элементтерін де ойланып, саналы бар-ластырып орындауына тура келеді. Ал бірнеше қайталай отырып, адам мақсатқа бағышталған әрекетті енді саналы күш-жігерін жұмсамай-ақ орындау мүмкіншілігіне жетіседі. Саналы әрекеттің орындалу барысында кейбір қимыл - элементтердің сана аймағынан шығып, өздігінен орындалуы - әрекеттің автоматтануы деп аталады.
Жаттығу, үйрену нәтижесінде қалыптасатын адамның саналы іс-әрекеті бірліктерінің автоматты түрде орындалуы - дағды атамасын алған. Бір міндетке байланысты әрекетті екі не одан да көп қайталау барысында адам сол әрекетті орындау әдістерін қолдану үшін ойланып-толғанбай, бүтін іс-әрекет элементтерінің бірінен екіншісіне жеңіл ауысып отырады.
Адамның қай әрекеті болмасын үш тараптан тұрады: қимылдық, сезімдік және саналық, бұлардың әрбірі өзіне сәйкес қызмет атқарады, ол қызметтер: орындау, бақылау және реттеу.