Кванттыќ механика



бет5/11
Дата02.05.2023
өлшемі336,14 Kb.
#89202
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Атомная физика (копия)


31.2.Атомның ядролық моделі


Резерфорд осы тәжірибесін қортындылай келе атомның ядролық моделін ұсынды. Бұл модель бойынша атомдағы барлық оң зарядтар және атомның барлыққа дерлік массасы кішкене көлемде – атом ядросында жинақталған. Ядроның өлшемі шамамен 10-14 10-15м. Осы ядроны айнала жалпы заряды ядро зарядына тең электрондар қозғалады. Атомның өлшемдері шамамен 10-10 м.

Суретте сутегі атомының
моделі көрсетілген

Бұл модель Күн жүйесіндегі планеталардың орналасуына ұқсас болғандықтан ядроның планетарлық моделі деп аталады.
Резерфорд моделінің кемшіліктері:
1) бұл модель атомның тұрақтылығын түсіндіріп бере алмады.
2) бұл модель атом шығаратын сызықтық спектрлерді түсіндіріп бере алмады.



31.3.Сутегі атомының спектрлері
Швейцар ғалымы Бальмер сутегі атомының сәуле шығару спектрін зерттей отырып, келесі заңдылықты ашты.
Бұл заңдылық Бальмер сериясы деп аталады:
,
мұндағы: -толқындық сан, - Ридберг тұрақтысы,
Бальмер сериясы жиілік арқылы келесі түрде жазылады:
.
Кейінгі тәжірибелер көрсеткендей сутегі спектрінде тағы да бірнеше спектрлер бар. Соның ішінде Лайман сериясы спектрдің ультракүлгін бөлігінде, ал басқа сериялар инфрақызыл бөлігінде жатады.
- Лайман сериясы,
- Пашен сериясы,
- Брэкет сериясы,
- Пфунд сериясы,
- Хэмфри сериясы,
мұндағы: - Ридберг тұрақтысы.
Сутегі атомының барлық спектрлерін бір формуламен беруге болады. Бұл формула Бальмердің біріккен сериясы деп аталады:

мұндағы:
Кез-келген атомның сәуле шығару сызықтық спектрін екі функцияның айырмасы түрінде беруге болады. Бұл функциялар терм деп аталады.

мұндағы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет