34.1.Ядролардың бөлінуі Нейтрондарды жұта отырып ауыр ядро бірдей екі бөлікке ыдырайды. Пайда болған бөліктер бөліну жарқыншақтары деп аталады. Ауыр ядролардың мұндай тұрақсыздығын оның құрамындағы бір-бірімен кулондық тебілетін протондардың көптігімен түсіндіріледі.
Ауыр ядролардың екі жарқыншақтарға бөлінуі өте көп мөлшердегі энергияның шығарылуымен жүреді. Мысалы 1 г уран ыдырағанда 8·1010 Дж энергия бөлініп шығады. Бұл бөліну келесі түрде жазылады:
.
Келесі шарт орындалған жағдайда ауыр ядролар ыдырайды:
,
мұндағы: - бөліну параметрі.
Бөліну параметрі (бөлінудің шекті параметрі) болғанда ядролар өте тұрақсыз болып табылады және табиғатта өмір сүрмейді. болған жағдайда ядролардың өздігінен бөлінуі мүмкін болады. Ядролардың өздігінен бөлінуінің жартылай ыдырау периоды 1016-1017 жыл болады. Бөліну кезіндегі жарқыншақтардан ұшып шығатын нейтрондар - бөліну нейтрондары деп аталады. Бөліну нейтрондарының арасында лездік және кешігіп шығатын нейтрондар болады. Лездік нейтрондар ядроның бөлінуі кезінде 10-14с уақыт мезетінде шығады. Кешігіп шығатын нейтрондар бөліну өнімдерінен бөліну аяқталғаннан кейін біршама уақыттан кейін шығады. Бөліну реакциясында пайда болған әрбір лездік нейтрондар көрші ядролармен әсерлесе отырып, оларда да бөліну реакциясын тудырады. Бұл жағдайда бөліну актілерінің көшкін түріндегі артуы, яғни тізбекті бөліну реакциясы жүреді.
Нейтрондардың көбею коэффициенті деп реакцияның белгілі бөлігінде шығатын нейтрондар санының алдыңғы бөлігінде шығатын нейтрондар санына қатынасын айтады. Тізбекті реакциялардың жүру шарты .
34.2.Термоядролық реакциялар Жеңіл ядролардың бірігіп бір ядро құрауын (ядро синтезі) термоядролық реакциялар деп атайды. Бұл реакция өте жоғары температурада жүреді (107-109К жоғары температураларда) және термоядролық реакциялар кезінде өте көп мөлшерде энергия бөлініп шығады.
Дейтон мен тритий ядросының синтез реакциясы келесі түрде жазылады:
.
Термоядролық реакциялар Күннің және басқа да жұлдыздардың энергияларының көзі болып табылады.