Кванттыќ механика


Ядроның байланыс энергиясы



бет9/11
Дата02.05.2023
өлшемі336,14 Kb.
#89202
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Атомная физика (копия)

33.3.Ядроның байланыс энергиясы


Нуклонның байланыс энергиясы деп нуклонды ядро құрамынан жұлып шығуға қажетті энергияның мөлшерін айтады.
Жеке нуклондардың массасынан осы нуклондардан құралған ядроның массасының айырмасын массалар дефектісі деп атайды.
немесе .
Ядроның байланыс энергиясы деп ядроны құрамды нуклонды жіктеуге қажетті энергияның мөлшерін айтады.

,
мұндағы: с- вакуумдегі жарық жылдамдығы, - ядроның массасы.
Бір нуклонға сәйкес келетін байланыс энергиясын меншікті байланыс энергиясы деп атайды.
.

33.4.Радиоактивтілік


Радиоактивтілік деп кейбір атомдардың ядроларының өздігімен басқа элементтердің ядроларына түрленуін айтады. Радиоактивтілік табиғи және жасанды болып бөлінеді. Табиғи радиоактивтілік табиғатта кездесетін тұрақсыз изотоптарда байқалады. Жасанды радиоактивтілік ядролық реакциялардың нәтижесінде алынған радиоактивті изотоптарда байқалады.
Радиоактивтілік құбылыстардың келесі түрлері кездеседі:
1. α – ыдырау;
2. β – ыдырау;
3. ядролардың γ – сәулелер шығаруы;
4. ауыр ядролардың спонтанды (өз-бетімен) ыдырауы;
5. протондық радиоактивтілік.


33.5.Радиоактивтіліктің ыдырау заңы
Аз уақыт ішінде ыдырайтын ядролар саны бастапқы уақыттағы ядролар санына тура пропорционал болады:
,

,
мұндағы: -бастапқы уақыттағы ядролар саны, - t уақыт мезетіндегі ыдырамаған ядролар саны.
Осы өрнек радиоактивтілік ыдырау заңы деп аталады.
Радиоактивтілік кезінде ыдыраған ядродар санын келесі өрнекпен анықтайды:
,
мұндағы: -ыдырау тұрақтысы.
Бастапқы ядролардың жартысы ыдырайтын уақытты жартылай ыдырау периоды деп атайды.
.
Радиоактивті элементтің активтілігі деп бірлік уақыттағы ыдырау санын айтады. Өлшем бірлігі (Беккерель).
.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет