Кванттыќ механика



бет10/11
Дата02.05.2023
өлшемі336,14 Kb.
#89202
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Атомная физика (копия)

33.6.Альфа-ыдырау
-сәулелері гелий атомының ядроларының ағыны болып табылады. -сәулелерінің заряды , массалық саны 4-ке тең. -ыдырау келесі заңдылыққа бағынады:

бөлшектерінің өтімділік қабілеті өте аз, ол қалыңдығы 0,1 мм қағаздан өте алмайды. Тек -сәулесін шығарған радиоактивті элемент Менделеев кестесінде, кестенің бас жағына қарай 2 көзге ығысады.


33.7.Бета-ыдырау
Негізінде -сәулелері электрондар ағыны болып табылады. -ыдыраудың келесі түрлері кездеседі:

    1. Электрондық -ыдырау;

    2. Позитрондық -ыдырау;

    3. Электрон қармау (көпжағдайда К-қармау).

Электрондық -ыдырау келесі заңдылыққа бағынады:
,
мұндағы : -антинейтрино.
Тек электрондық -сәулесін шығарған радиоактивті элемент Менделеев кестесінде, кестенің соңғы жағына қарай 1 көзге ығысады.
Позитрондық -ыдырау келесі заңдылыққа бағынады:
,
мұндағы : -нейтрино.
Электрон қармау кезінде ядро өз атомындағы қабықшалардағы электрондарды, көп жағдайда К-электрондарды жұтып, ядродағы бір протон нейтронға айналады.
Электрон қармау келесі заңдылыққа бағынады:
,
-сәулелерінің өтімділік қабілеті өте жоғары.
33.8.Гамма-сәулелері
-сәулелері тербеліс жиілігі өте жоғары электромагниттік толқын болып табылады. -сәулелерінің өтімділік қабілеті -сәулесі және -сәулесіне қарағанда өте жоғары болады. Негізінен -сәулелері басқа ыдыраулармен бірге жүреді.
Протондық радиоактивтілік
Протондық радиоактивтілік кезінде ядро бір немесе екі протон шығара отырып түрленеді.


§34.Ядролық реакциялар
Ядролық реакциялар ядроның басқа ядромен немесе элементар бөлшектермен өзара әсерлесе отырып, түрленуін айтады. Бұл әсерлесу бөлшектер бір-біріне 10-15м қашықтыққа жақындағанда ядролық күш әсерінен болады. Ядролық реакциялардың ең жиі кездесетін түрі жеңіл бөлшектің ядросымен әсерлесу нәтижесінде жеңіл бөлшегі мен ядросының түзілуі болып табылады, яғни
.
Осы реакцияны қысқаша келесі түрде жазу қабылданған:

Жақша ішінде рекцияға қатысатын бірінші бастапқы, екінші соңғы жеңіл бөлшектер жазылады.
Реакцияға қатысатын жеңіл бөлшек: нейтрон ( ), протон ( ), дейтон ( ),
- бөлшек немесе -фотон болуы мүмкін. Мысалы
немесе қысқаша .
Ядролық реакциялар нәтижесінде энергия бөлініп шығуы немесе жұтылуы мүмкін. Бөлініп шығатын энергияны реакция энергиясы деп атайды. Ол реакцияға қатысатын бастапқы және соңғы ядролардың массаларының айырмасымен анықталады. Егер соңғы ядролардың массасы бастапқы ядролардың массасынан үлкен болса, онда реакция энергия жұта жүреді және реакция энергиясы теріс болады. Энергия шығара отырып жүретін ядролық реакцияларды экзотермиялық, ал жұта отырып жүретін реакцияларды эндотермиялық деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет