32.2.Ферми-Дирак статистикасы Фермиондардан тұратын жүйедегі фермиондардың таралу функциясы Ферми-Дирак функциясы деп атайды.
, мұндағы: -химиялық потенциал.
Изохоралық – изоэнтропиялық процестердегі бір микробөлшекке шаққандағы жүйенің энергиясының өзгеруін химиялық потенциал деп атайды. Абсолют ноль Кельвиндегі электронның ең үлкен энергиясын Ферми энергиясы деп атайды
32.3.Бозе-Эйнштейн статистикасы Бозондардан тұратын жүйедегі бозондардың таралу функциясы Бозе-Эйнштейн функциясы деп атайды
.
§33.Ядролық физика
Атом ядросының құрылысын, қасиеттерін және түрленуін зерттейтін физиканың бөлімін ядролық физика деп атайды. Атом ядросы нейтрондар мен протондардан тұрады. Атомдық және ядролық физикада бөлшектердің массасын анықтағанда массаның атомдық бірлігі деп аталатын шама қолданылады.
1 м.а.б. = 1,66.10-27 кг (массаның атомдық бірлігі). Протонның массасы мен заряды:
mp=1836me≈1,67.10-27 кг, e0=1,6.10-19 Кл. Нейтронның массасы:
m n=1839me. Нейтрон электрлік бейтарап бөлшек болып табылады. Атом ядросындағы нейтрондар мен протондар нуклондар деп аталады. Ядродағы жалпы нуклондар санын массалық сан деп атайды.
A=Z+N - массалық сан, Z - протон саны, N - нейтрон саны.
Ядродағы протондар саны сол химиялық элементтердің Менделеев кестесіндегі реттік номеріне тең болады.
Кез-келген ядроның негізгі сипаттамаларының бірі оның заряды болып табылады. Ядро заряды +Ze0 тең болады. Атом ядросының келесі сипаттамасы ядроның радиусы болып табылады.
мұндағы: . Ядроның өлшемдері ядродағы нуклондар санына тәуелді. Ядродағы протондар саны бірдей, бірақ массалық сандары әртүрлі химиялық элементтерді изотоптар деп атайды. Массалық сандары бірдей, бірақ протондар саны әртүрлі элементтерді изобарлар деп атайды. Ядродағы нейтрондар саны бірдей элементтерді изотондар деп атайды. Ядродағы протондар мен массалық сандары бірдей, бірақ жартылай ыдырау периодтары әртүрлі элементтерді изомерлер деп атайды.
Ядроның меншікті импульс моменті - спині болады.
,
мұндағы: І-толық кванттық сан, I=0, 1/2, 1, 3/2, 2…
33.1.Ядролық күштер
Ядродағы нуклондарды біріктіріп ұстап тұрған күш ядролық күш болып табылады. Ядролық күш күшті өзара әсерлесулерге жатады. Ядролық күштің қасиеттері:
Ядролық күштер өте қысқа қашықтықта әсер етеді. Оның әсер ету ара-қашықтығы шамамен~10-15 м.
Ядролық күштер қанығу мәніне ие болады. Яғни әрбір нуклондар тек көршілес белгілі нуклондармен әсерлесе алады.
Ядролық өзара әсерлесу бөлшектердің зарядына тәуелсіз болады. Яғни екі протонның немесе екі нейтронның өзара әсерлесу ядролық күші нейтрон мен протон арасындағы өзара әсерлесу күшіне тең болады.
Ядролық күш нуклонның спинінің бағытына тәуелді болады.
Ядролық күштер центрлік күштерге жатпайды.
33.2.Атом ядросының модельдері
Ядроның тамшылық моделі. Бұл модельді Бор мен Френкель ұсынды. Бұл модельде нуклондар су тамшысындағыдай тәртіппен орналасқан. Осы модельмен ядроның спонтанды бөлінуін түсіндіруге болады.
Ядроның қабықшалық моделі. Бұл модельді америка ғалымы Гепперт-Майер ұсынды. Бұл модельде нуклондар энергетикалық қабықшаларда орналасады. Қабықшалард ы толтырып орналасқанда нуклондар Паули принципіне бағынады.