Бастауыш мектеп жасындағы балалардың психологиялық денсаулығын зерттейтін нақты әдістер қазіргі кезде жасалмаған. Сондықтан қосалқы, жанама түрде анықтайтын әдістерді қолданған дұрыс. О.В. Хухлаева бойынша, психологиялық денсаулық көрсеткіштері ретінде баланың социумге (мектеп пен жанұяға) бейімделуі орын алады, өйткені, психологиялық сау функционалдылыққа адам мен әлеуметтік орта арасындағы адаптацияның болуы сәйкес келеді. Сонымен қатар мазасыздық деңгейін анықтау қажет, мазасыздықтың өсуі психологиялық денсаулықтың ауытқуларымен корреляцияда болады.
Моторлы сфера жүйесін зерттеуде кеңінен танымал Н.И. Озерецкий әдістемесінің мәні ерекше. Оның еңбектерінде моториканы бағалау әдістемелері, оның нұсқалары т.б. берілген. Мұндай әдістеме шкалалары 4-тен 16 жасқа дейінгі балалардың психомоторикасын анықтауға негізделген. Шкала 13 жас шамалық қатардан тұрады, тест көлемі қиындауына қарай арта береді, әрқайсысы психомоториканың әр түрлі компоненттерін анықтауға мүмкіндік беретін 6 тапсырмадан тұрады: статикалық координация, динамикалық координация, қозғалыс жыдамдығы, қозғалыс біруақыттылығы, оларды орындаудағы есептілік. Н.И. Озерецкийдің анықтау шкаласы зерттелінушілердің моторлы даму деңгейін дәл көрсетіп берді
М.В. Шагинян 5 пен 12 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдердің қозғалыс сферасын диагностикалауға ғана шкаланы қолдану керек деген өз позициясын ұсынды.
Н.И. Озерецкий шкаласынан бөлек А.Р. Лурия да әр түрлі неврологиялық және модификациялық сынау әдістемелерін жасады. Көптеген авторлардың пікірі бойынша А.Р. Лурия әдістемесі қазіргі күні толық нейрофизиологиялық сараптау нәтижесін көрсете алады. Лурия өз зерттеулерінде сөйлеу актісін құруда маңызды роль ойнайтын ауыз, ерін қозғалыс функциясына үлкен мән берді. Жұмыс жүргізуде мынадай төмендегі параметрлерді негізге алу керек:
4. Қозғалыс дифференциациясы; 5. Қозғалыстың кинестетикалық негізі; 6. Оптика – қозғалыстың кинестетикалық координациясы; 7. Оптика – қозғалыстың кеңістіктегі координациясы; 8. Қозғалыс ритмділігі; 9. Праксистің формалары; Ана тілін үйренудің заңдылығы бірқатар қабілеттердің дамуы процессінде ішкі сезім арқылы (саналы емес) жүзеге асырылады: 1)өзінің сөйлеу органы бұлшық еттерін адамның жұмыс істете білу қабілеті – сөздің дыбысын артикулдеу, интонация элементтерін, просодемелады модулдеу және оларды есту; 2) дыбыс комплекстерімен интонацияыны тілден тыс шындықпен салыстыру қабілеті, яғни оларды сөйлеу элементінің мағынасы ретінде түсіну. 3) сөздің мағыналық элементін өз сезімімен салыстыра білу қабілеті, яғни оларды бағалау; 4) араласу, тану, сөзді және адамның мінез-құлқын тәртіптеу процесінде сөздің мағыналық үйлесімділік дәстүрін және бағалау элементін есте сақтау қабілеті.