Лекция №1 Адамның тарихқа дейінгі эволюциясы


Қазақстандағы отарлық дәуірінің басы



бет24/47
Дата27.02.2023
өлшемі460,42 Kb.
#70402
түріЛекция
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   47
Байланысты:
Қазақстан тарихы пәнінен лекциялар 2022-2023жж docx

3. Қазақстандағы отарлық дәуірінің басы.
Қазақ халқының елдігі жолындағы тарихи күрес барысында, әсіресе, ХV11 ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ хандары өзінің үлкен көршісі Ресей мемлекетімен байланыс жасауға көңіл бөлді. Орыс мемлекетінің қазақ хандығымен сауда және елшілік байланыстары Қазан (1552 ж.) және Астрахань (1556 ж.) хандықтарының Ресейге қосылып, оның Жайық пен Еділ аралығындағы даланы алып жатқан Ноғай Ордасына саяси үстемдігін орнатқаннан кейінгі жерде ұлғая түсті. Еділ бойындағы халықтардың орыс мемлекетінің құрамына кіруі, оның шекарасын Қазақстан жеріне жақындата түсті. Маңғыстау мен Үстірт арқылы өтетін құрылықтағы керуен жолдары, Каспий, сондай-ақ, Еділ мен Кама арқылы өтетін су жолы Ресейдің Кавказ, Орта Азия және Қазақстанмен экономикалық байланысын күшейтуде зор рөл атқарды. Қазақстан өлкесі арқылы өтетін атақты Жібек жолы барған сайын халықаралық маңыз ала бастады. Бұл жол Шығыс және Батыс Еуропа елдерін Орталық Азиямен байланыстырды, сауда-саттықты, экономикалық қарым-қатынасты дамытуға мүмкіндік туғызды.
Орыс мемлекеті ең алдымен қазақ даласы арқылы өтетін қатынас, сауда жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қазақ хандарымен байланысын нығайтуды көздеді. Сондай-ақ, Сібір хандығына, Орта Азия билеушілеріне қарсы күресте және жоңғар феодалдары тарапынан күшейе түскен қауіпке байланысты одақтас іздеген Қазақ хандығы Орыс мемлекетімен экономикалық, саяси-елшілік байланыс орнатуға мүдделі болды. 1583 жылы Қазақ хандығына Третьяк Чебуков бастаған орыс елшілігі жіберілді. Соның нәтижесінде орыстың атақты кәсіпкерлері Строгановтар өзіне Тобыл, Ертіс және Обь бойындағы жерлердің бекітіліп берілуіне қолдарын жеткізді. Сонымен қатар олар баж төлемей қазақтармен сауда жүргізуге ұрықсат алды. Бұл кезде Мәскеу мемлекетінің билеушісі 1V Иванмен қазақ ханы Ақназар арасындағы алғашқы саяси байланыстар Сібір ханы Көшімге қарсы бағытталды.
Орыс мемлекеті мен Қазақ хандығы арасындағы саяси байланыстардың дамуы Тәуекел хан жіберген елшілікпен одан әрі жалғасты. 1594 жылдың аяғында Ресеймен достық келісім жасау үшін Мәскеуге қазақ елшісі Құлмұхамед жіберілді. Тәуекел орыс патшасымен «достық пен ынтымақ» жасауға асықты. Өйткені Бұқар ханы Абдулламен уақытша бітім жасап, Батыста ноғайлармен арадағы қатынас өте шиеленісіп тұрған болатын. Елшіліктің алдына Мәскеуде аманат ретінде ұсталып отырған ханның жиені Оразмұхаммедті босату және Борис Годуновтан «отты қару» алу еді. Орыс патшасы Тәуекел ханға жауабында оған «отты қаруы бар көп әскер» жіберетініне және қазақтарды олардың барлық жауларынан «сақтайтынына» уәде берді. Бірақ орыс патшасының бұл уәдесі орындалмай, аяқсыз қалды.
ХVІІ ғасырда Орыс мемлекеті мен Қазақ хандығындағы ішкі және сыртқы жағдайлармен байланысты бұлардың арасындағы қарым-қатынас біраз уақытқа үзілді. Саяси байланыстар ХV11 ғасырдың аяғында, екі мемлекетте де билік басына аса көрнекті саяси қайраткерлер – Тәуке хан мен 1 Петр келген кезде жанданды. Тәуке Бұхара мен Хиуа хандарымен арадағы даулы мәселелерді шешіп, Жоңғар қаупіне олардың көздерін жеткізді. Сонымен қатар Тәуке хан сенімді одақтас орыс елі болуы керек деп есептеді. Осы шешімі негізінде Тәуке Ресейге 1687, 1690, 1691,1694,1716 жылдары ресми елшілер аттандырады. Бірақ олардың жұмысы ешқандай нәтиже бермеді.
Бұл кезде Балтық теңізі жағалауына Петербургты салу арқылы «Еуропаға терезе ашқан» ұлы Петр қазақ хандығын бүкіл Азия елдеріне шығудың «кілті мен қақпасы» деп білді. Орыс патшасы Бірінші Петр бұл елдермен экономикалық және саяси байланыс орнату, оны дамыту үшін алдымен Қазақстан және Орта Азия хандықтарын Ресейге қосып алу керек деп есептеді. Осы мақсатта қазақ жеріне бірнеше экспедиция жіберілді. Солардың бірі – подполковник Иван Дмитриевич Бухгольцтің экспедициясы. Экспедиция үшін адамдар Томскіден, Түменнен, Тарадан және басқа жерлерден жинап алынды. Әскери-дипломатиялық сипаттағы барлық дайындықтар біткеннен кейін, 1715 жылдың шілдесінде құрамында 2797 адамы бар И.Д.Бухгольц отряды жорыққа шықты. 1715 жылғы қазанда экспедиция Ямышев көліне жетіп, сол жерде Ямышевск бекінісі салынды. Осыдан кейін Бухгольцтің отряды Ом өзенінің сағасында 1716 жылы 20 мамырда Омбы бекінісінің негізін қалады. Бұл әскери-инженерлік құрылыстардың басты мақсаты оңтүстік-шығыс шекараны, Ресей мемлекетінің сыртқы аймағын кеңейту болып табылды.
И.Д.Бухгольцтің экспедициясынан кейін Батыс-Сібір генерал-губернаторы М.Гагарин Ертіс бойында жаңа бекіністер тұрғызу үшін воевода Павел Северский мен Василий Чередовты жіберді. 1717 жылдың жазында П.Северскийдің отряды – Железинск, В.Чередовтың отряды – Колбасин бекіністерін салды. Чередов одан әрі жүріп жаңа бекініс – Семипалат (Семей) бекінісін салатын жерді таңдап алды. Сөйтіп, 1718 жылы Семей қамалының, ал 1720 жылы И.М.Лихарев экспедициясы Үлбі өзенінің Ертіске құятын жерінде Өскемен бекінісінің негізін қалады.
Ресеймен қарым-қатынасты нығайтудың қажеттілігіне бұл тұста Кіші, Орта және Ұлы жүз хандары мен ру басшылары да бой ұра бастаған еді. Өйткені ондаған жылдар бойына созылған жоңғар қалмақтарының және көршілес Орта Азия хандарының шапқыншылық әрекеттері қазақ елін әбден тоздырып, әлсіреткен болатын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет