Лекция 1 Тіл білімі туралы жалпы түсінік. Тіл білімінің ғылымдар жүйесіндегі орны, басқа ғылым салаларымен байланысы



Pdf көрінісі
бет17/23
Дата08.12.2022
өлшемі1,22 Mb.
#55940
түріЛекция
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23
Байланысты:
ТБК Лекциялар

Платье зеленое тіркесіне интонация тән. Ол аяқталғандықты білдіреді.
Бұл құрылым басқаша берілуі мүмкін – Платье зеленое? Бұл мысалда сұрау 
мағынасы интонация арқылы беріліп тұр. Интонация кез-келген хабарға тән. 
Сонымен қарастырып отырған екінші құрылымды сөйлемге жатқызамыз. 
Бұдан біз сөйлемді басқа құрылымдардан ажырататын негізгі белгілер 
предикативтілік пен интонациялық оралым екенін көреміз. 
Сөйлем нақты құрылады. Ол бір сөзден (Светает. Ночь), сонымен 
қатар бірнеше сөздер мен сөз тіркестерінен құралады. Сөйлемді құрайтын 
сөздер мен сөз тіркестерін әдетте сөйлем мүшелері деп атайды. Сөйлемнің әр 
мүшесі белгілі бір қызмет атқарады. Сөйлем тұрлаулы және тұрлаусыз 
мүшелерге бөлінеді. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері предикативтік қызмет 
атқарады, яғни, сөйлемнің предикативтілік негізін құрайды. Сөйлемнің 
тұрлаусыз мүшелері тұрлаулы мүшелерді таратушы болып табылады. 
Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері бастапқы маңызды ақпаратты, сондай-ақ 
қосымша ақпаратты да білдіре алады. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері мен 
тұрлаусыз мүшелері арасында, жеке тұрлаусыз мүшелерінің арасында, 
бастауыш пен баяндауыштың арасында әр түрлі қатынастар байқалады. 
Сондықтан да сөз тіркесінің құрылымына қарағанда сөйлемнің құрылымы 
күрделі. 
Сөйлемнен басқа да коммуникативтік бірліктер бар. Оларға қыстырма 
сөз, қаратпа сөз, релятивтер және т.б. жатады. Аталған коммуникативтік 
бірліктер дербес түріп қолданылмайды, нақты ситуацияда және контекске 
қатысты болады. Релятивтер – қандай да бір құбылысты қабылдау үшін 
қызмет атқаратын бірліктер, олардың мағынасы тек нақты ситуацияда ғана 
түсінікті болады. Мысалы, Да сөзі контексте ғана түсінікті: Он приехал? – Да 
немесе Он не приехал? – Да. 
Синтаксисте сөйлем ұғымымен бірге пікір білдіру ұғымы 
қолданылады. Бір сөйлемнің аясында әр түрлі пікір білдірілуі мүмкін. Бұл бір 
сөйлемнің әр түрлі актуальды мүшеленуіне байланысты. Актуальды 
мүшелену дегеніміз – пікір білдірудің екіге бөлінуі: тақырыпқа және ремаға. 
Тақырып хабарламаның пәні болып табылса, рема пікірдің коммуникативтік 
ортасы, яғни, хабардың басты мазмұны болып табылады. Завтра я поеду в 
Москву сөйлемі әр түрлі актуальды мүшеленуі мүмкін: Я поеду в Москву 
завтра, Завтра в Москву поеду я. Алғашқы пікірде Я поеду в Москву 
тақырып болса, завтра рема болып табылады; келесі пікірде Завтра в 
Москву – тақырып, ал поеду – рема. Бірінші пікірде жол жүру уақыты атылса, 
екіншісінде Москваға кімнің баратыны айтылады.
Актуальды мүшеленуді білдірудің басты құралы интонация болып 
табылады. Көбінесе рема интонация арқылы беріледі. Орын тәртібі жазбаша 
тілде сөздің актуальды мүшеленуінің басты құралы болып табылады: рема 
тақырыптан кейін келеді. Мәтінде алдынғы сөйлемдегі рема кейінгі сөйлемде 
тақырыпқа айналады. Мысалы, Он шел городом. Его путь лежал мимо 
школы. За широкими окнами виднелись карты и глобус. Экспрессивті 
пікірлерде тақырып пен реманың орын тәртібі керісінше: ремадан соң 
тақырып келеді. Кері тәртіп екпіннің күшеюімен жүзеге асады. Даже брат 


приехал мысалында даже брат рема болып табылады, бұл бөлігі екпін 
арқылы ерекшелінеді. Бұл сөйлемде екпіннің еселеніуімен қатар реманы 
ерекшелеп көрсетіп тұратын даже демеулік шылауы қолданылған.
Сөздің грамматикалық құрылымы морфология мен синтаксистен 
тұрады. Грамматикаға сөзжасамды да қосады.
Сөз және оның формасы морфология мен синтаксистің ең бір маңызды 
ұғымдары болып табылады. Морфологияда сөз форма мен сөз формасы 
ұғымдары ажыратылады. Сөз формасына бірнеше компоненттер кіреді: 
лексикалық, деривациялық, реляциялық (грамматикалық) мағыналар. 
Грамматикалық мағына әр түрлі тәсілдер арқылы беріледі – синтетикалық 
және аналитикалық. 
Бір сөздің сөз формалары парадигманы құрайды. Грамматиканың 
негізін біркелкі мәндегі грамматикалық формалардың қарама-қарсы
қойылған грамматикалық категориялары құрайды. Құрамында сөз өзгертетін 
және сөз өзгертпейтін категориялар, синтаксистік айқындалынатын және 
синтаксистік емес айқындалынатын категориялары бар морфологиялық 
категориялардың классификациясы кездеседі. Сөз таптары сөздердің ең 
үлкен тобы болып табылады. Сөз таптарына бөлу бірнеше белгілер арқылы 
жүзеге асады: семантикалық, морфологиялық және синтаксистік. Сөз 
таптарының классификациясындағы жеке белгілер туралы лингвистер әр 
түрлі пікірлер білдіреді. Әр түрлі тілдерде көрініс табатын сөз таптарының 
типтік грамматикалық категориялары мен типтік синтаксистік функцияларын 
бөліп көрсетуге болады. Сөз тіркесі мен сөйлем синтаксистік бірліктер болып 
табылады.
Сөз тіркесі мен сөйлем бір-бірінен қызметі мен құрылымы және
компоненттерінің 
арасындағы 
қатынастарының 
түрлері 
арқылы 
ерекшелінеді. Сөйлемдердің басты белгілеріне предикативтілік пен
интонациялық рәсімділік жатады. 
Сөйлемдерден басқа да коммуникативтік бірліктер бар. Синтаксисте 
сөйлеммен қатар пікір білдіру ұғымы қолданылады. Бұл түсінік сөйлемнің 
тақырып пен ремаға бөлінуіне байланысты түсіндіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет