Лекция 1 Тіл білімі туралы жалпы түсінік. Тіл білімінің ғылымдар жүйесіндегі орны, басқа ғылым салаларымен байланысы


Сөйлеу дыбыстарының үш аспектісі және фонетиканың өздік



Pdf көрінісі
бет14/23
Дата08.12.2022
өлшемі1,22 Mb.
#55940
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23
 Сөйлеу дыбыстарының үш аспектісі және фонетиканың өздік 
фонетика мен фонологияға бөлінуі. Фонетика сөйлеу дыбыстарында үш 
негізгі аспекттерді бөліп қарайды – артикуляциялы (артикуляторлы), 
акустикалық (физикалық) және функционалды (лингвистикалық).
Фонетиканың артикуляциялы аспектісі мынадай лингвистикалық емес, 
яғни анатомия және физиология (сөйлеуді жасау және қабылдау) пәндерімен 
байланысты. Мұнда зерттеу объектісі дыбыстау аппараты, оның құрылуы 
және оның жеке мүшелерінің функциясы болып табылады. (Осы мәселеге 
қатысты материалдар қандай да болса тіл біліміне кріспе оқулығының 
фонетикалық бөлімі бойынша студенттермен өзіндік талқыланады). 
Физика аймағымен байланысты фонетиканың акустикалық аспектісі, 
сөйлеу сигналының құрылымын, автоматты синтез және сөйлеуді тану 
жүйесін зерттейтін жалпы акустика бөлімінің сөйлеу акустикасын зерттеумен 
айналысады. Акустикалық аспекттегі сөйлеу дыбыстарын қарастыру арқылы, 
мынадай мінездемелері, яғни дыбыс ырғағы, күші, әуені (тембр), тоны және 
салдары, резонанс және т.б. ерекшеленеді. (Осы мәселеге қатысты 
материалдар, жоғарыдағы секілді студенттермен өзіндік талқыланады). 
Фонетиканың функционалды аспектісі жетекші, негіз салушы болып 
табылады, өйткені ол тілдің дыбыстық қатарының құрылымдық және 
функционалды заңдарын зерттеумен айналысады.
Акустикалық және артикуляциялық аспектерінде сөйлеу дыбыстары 
функцияларына бағдардың болмауы және осы бағдарлардың оның 
лингвистикалық аспектінде болуы фонетиканы және фонологияға бөлінуі 
үшін негіз болады. Фонология функционалды фонетика хұқында 


морфология, лексикология, дериватология (сөзжасам туралы оқу), синтаксис 
және т.б. пәндері секілді микролингвистика құрамына кіреді.
Лекция 10 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет