өмір сүретін түйсік және ол түйсік басқа адамдармен қатынас үшін туған
қажеттіліктен пайда болды».
Тілдің әлеуметтік табиғатын ескере отырып биологиялық өнім ретінде
мойындамау қате саналады, себебі тек екеуінің бірлескенінде ғана тілдің
ерекшелігі көрініс табады.
Тіл мен қоғам байланысы жайлы ұғым ежелден бар құбылыс. Ежелгі
грек философтарының өзі заттарды атауда қоғамдық шарттасуды сөз еткен.
Бұл мәселеге
назар көптеп аударылып, жаңа лингвистикалық бағыт
әлеуметтік лингвистиканың пайда болуына себепші болды.
Тіл қоғамға қызмет етеді және осы жағдай тілді қоғамдық құбылыстар
қатарына жатқызады. Қоғамдық құбылыстар қатарына тілден басқа қоғамның
экономикалық құрылымын (базисін), қоғамның саяси, құқықтық, діни,
эстетикалық, философиялық көзқарастары мен соларға сәйкес мекемелерді
(мұның бәрі құрылым болып табылады) жатқызады.
Әйткенмен көрсетілген
қоғамдық құбылыстарға қарағанда, тіл – адам қызметінің барлық аясында –
мәдениет, білім, өндіріс, ғылым және т.б. салаларда жаппай қолданылады.
Мұның бәрі тілдің басты қызметі – қатынас құралымен тығыз байланысты.
Лингвистикалық теорияларда тілдің қоғамдық құбылыс ретіндегі
статусы әр түрлі көрініс тапқан. Мысалы, Н.Я. Марр коммунизмнің пайда
болу дәуіріне тілдің синтетикалық типін жатқызады да, ал жеке сөз
таптарының, сөйлем мүшелерінің пайда болуын
қоғамдық формациялардың
өзгеруі, яғни қоғамдық еңбек бөлінісінің пайда болуы, қоғамның топтарға
бөліну дәуірімен байланыстырады, ал флективті тілдерді сословиелік және
таптық қоғаммен байланыстырады.
Бұл идеялардың бәрі тілдің жол үсті сипатымен бекітілген, яғни
құрылымға жатқызылған. Құрылым базиске
қызмет етеді және базис
өзгергенде өзгереді. Мысалы, капиталистік қатынастар пайда болысымен
феодалдық қоғамға қызмет етіп жүрген құрылым жаңа бағытқа икемделеді.
Тіл тағдыры қоғамдағы экономикалық қатынастардың өзгерісіне тікелей
байланысты емес.
Қоғамның экономикалық құрылымының ерекшелігі тілдің тарихи
өзгерісімен байланысы болмайды. Дегенмен тілдің адамзат қоғамы
жағдайына тәуелді екендігін жоққа шығара алмаймыз. Бұл тіуелділік тілдің
диалектілерге бөлінуінде анық байқалады.
Тілдің қоғамдық мәні әдеби тілдердің
құрылу тарихында да көрінеді,
жалпыхалықтық тіл – қай жердің экономикалық мәдени қатынастары жақсы
дамыды, сол жердің диалектісі негізінде пайда болады. Осылайша әдеби
орыс тілі мәскеу диалектісі негізінде пайда болған.