Лекция 1 Тіл білімі туралы жалпы түсінік. Тіл білімінің ғылымдар жүйесіндегі орны, басқа ғылым салаларымен байланысы


Лекция 9  Фонетика. Фонология, фонема, аллофон. Артикуляторлық



Pdf көрінісі
бет13/23
Дата08.12.2022
өлшемі1,22 Mb.
#55940
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23
Лекция 9 
Фонетика. Фонология, фонема, аллофон. Артикуляторлық, 
акустикалық, перцептивтік, функционалдық фонетика. 
Фонетика (грек. phone –дыбыс, дауыс) – тілдің дыбыстық қатары жайлы 
ғылым. Тіл білімі жалпы және жекеге бөлінетін секілді, тілдің әртүрлі 
жақтарын зерттейтін пәндер де – дыбыстық қатары, лексикасы, 
грамматикасы және т.б. болып бөлінеді. Тіл біліміндегі кіріспе болып
жалпы фонетика табылады. Оның қарастыратын мәселесі едәуір кең: 1) 
дыбыс жасаудың жалпы шарттары (адам аппаратының дыбыстау 
мүмкіндігінен); 2) дыбыстық бірліктердің акустикалық ерекшеліктері; 3) 
сөйлеу дыбыстарының функционалды аспектісі; 4) сөйлеудегі дыбыс 
тіркесуінің заңдылығы және олардың бір біріне әсері; 5) буын табиғаты және 
буынға бөлудің заңдары; 6) екпін және сингармонизм сөздің 
фонетикалыққұрылымын ұйымдастырушы амалы ретінде; 7) интонация 
фразалық бірліктердіұйымдастырушы амалы ретінде; 8) тілдің дыбыстық 
жағының жазумен байланысы (графикамен және орфографиямен). 
Жеке фонетикада қандай да болсын белгілі бір тілге қатысты 
мәселелерді қарастырады. Мысалы, қазіргі орыс тілі фонетикасын, испан 
(қазақ, ағылшын) тілінің тарихи фонетикасын және т.б. сәйкесінше 
ажыратады. 
Сонымен қатар арнайы дауыс жазатын аппаратураның кең қолдануымен 
құралатын эксперименталды фонетиканы ерекшелейді. Бірақ мұнда 
фонетика жөнінде емес, тек фонетикадағы эксперименталды әдіс туралы 
айтқан дұрысырақ болар еді (палатограмма, кимографиялақ, магнитофондық 
жазбалар, рентгеноскопия, спектроскопия, осциллография және т.б. әдістері). 
Соңғы жылдары сөйлеуді синтездеудің арнайы әдістемесін жасап шығару 
мүмкін болды, оның көмегімен адам қатысуысыз, жасанды жолмен сөйлеуге 
жақын дыбыстар құралады.
Лингвистикалық пәндер қатарында фонетика қандай орын алады? Бұл 
мәселе жөнінде тіл білімінде әртүрлі шешімдер болып жатты. Біреулер 
фонетиканы грамматиканың бір бөлігі ретінде қарастырады, ал басқалары – 
жеке пән ретінде. Екінші шешімде басымырақ негіз бар, өйткені фонетикада 
белгі емес, біржақты бірліктер, мәнерін білдіру планындағы бірліктер: осы 
фонемаларды манифестациялайтын (олардың белгілі өкілі болып табылатын) 
фонемаларда да, дыбыстарда да бұрынырақ айтылып кеткендей, олардың 
өзіндік мәні болмайды, бірақ барлық басқа ярустардың бірліктері, 
морфемадан бастап, мағынасы бар және сондықтан белгі бірліктері болып 
табылады. Фонетика – тілдің дыбыстық құрамын зерттейтін жалғыз пән 
болып табылады. Қалған барлық пәндер мұнымен айналыспайды: олар 
морфемалардың, сөздердің, сөз тіркестерінің, сөйлемдердің құрылымды-
мағыналы спецификасы жағына басты назарын аударады.
Фонетиканы зерттеудің үлкен теориялық және практикалық мәні бар. 
Теориялық мәні – фонетико-фонологиялық ярус тілдің базалық ярусы, яғни 


өзіндік негізі болып табылуынан құралады. Демек, фонетиканы зерттемей 
жатып, тілдің лексикалық, грамматикалық қатарын зерттей алмаймыз. 
Фонетиканы оның фонологиялық аспектінде зерттеу филологтың 
ғылыми көзқарасының құрылуына негіз болады. Фонетика «жас филологты, 
тіл – бүтін, жүйелі, ақылды, іштей келісілген, мәмілеген келген біртұтас жүйе 
ретінде түсінуге оқытады. Тілдің заңдарын фонетикада арқылы түсіну 
оңайырақ, өйткені фонетиканың өзі лексика және грамматикадан да 
қарапайым». 
Фонетиканың практикалық мәні даусыз. Оның жетістіктерін әртүрлі 
аймақтарда қолданылып жатыр: 
1) Жазуы жоқ халықтар үшін жазуды құру, ескіжазулы тілдердің жазуын 
және орфографиясын жетілдіруде; 
2) Оқу және жазуға оқыту әдістемесінде; 
3) Екінші тілдің айтылуы мен орфографиясын оқытуда; 
4) Мылқау және құлағының мүкісі барлардың (сурдопедагогика) сөйлеу 
тілін оқытуда; 
5) Техникалық 
мәселелер қатарын шешуде: а) телефония және 
радиотехникада байланыс тракты көмегімен сөйлеуді жеткізу; б) 
кибернетикада – сөйлеу командасы көмегімен өндірістік процестерді 
басқаруды автоматизациялау мәселесін дамыту үшін және т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет