Лекция 13
Жазу – ерекше таңбалық жүйе. Жазу тарихы. Жазу типтері.
Тіл ауызша және жазбаша болып екі түрге бөлінеді. Тілдің жазба
формасы ара-қашықтықта мәлімет беру және оны сақтаудың мұқтаждығына
байланысты пайда болған. Жазу таңбалары
жайлауда қанша мал басы бар
екендігін, осында қанша адам тұратындығын санау және есте сақтау
қажеттігінен, әміршінің заңдарын, жарлықты,
бұйрықты алыстағы
көпшілікке тарату қажет кезінде пайда болған.
Жазуды ара-қашықтықта мәлімет беру және оны уақыт аралығында
сақтауға мүмкіндік беретін таңбалар жүйесі деп анықтауға болады. Жазу
жүйесі тұрақты таңбалар құрылымынан тұрады. Жазу таңбалары дыбыстық
тілдің әртүрлі бірліктерін бекіте алады.
Егер таңбалар сөзбен немесе
морфемамен байланысса, онда біз жазудың
идеографиялық түрі
жөнінде
айтамыз. Ал таңба дыбысты (фонеманы) білдірген жағдайда,
Достарыңызбен бөлісу: