Пиктография – мазмұнның сурет түрінде белгіленуі. Пиктографияның
идеографикалық және фонетикалық жазудан ерекшелігі, оның элементтері
жеке тіл бірліктерін бекітпейді. Мәлімет бір күрделі пиктографиялық
таңбамен немесе қарапайым суреттер тізбегінің көмегімен беріле алады.
Жүйелі суреттердің әртүрлі тіркестері Америка индейцтерімен,
Австралия
аборигендерімен 20 ғасырға дейін қолданылған. Пиктография жол белгілері
жүйесінде қолданыла алады.
Пиктографияның негізінде идеографиялық жазу пайда болады.
Идеографиялық жазу таңбалары – иероглифтер – бастапқыда сурет типтес
болған. Даму барысында иероглифтердің сыртқы тұрпаты өзгеріске ұшырап,
олар шартты бола бастаған. Идеографиялық жазу таза түрінде тек
пиктографияның идеографияға өту кезеңінде ғана өмір сүрген. Өйткені, таза
идеографияның мүмкіндіктері мағынаны білдіруде шектелінген болатын
(жүйеде үлкен көлемде таңбалар пайда болды), сондықтан уақыт өте келе
идеографияның ауызша-буынды түрлері пайда болады. Бұл алуан түрлілікте
көпмағыналы иероглифтерді айқындайтын арнайы таңбалар және қандай
болсын грамматикалық элементтерді білдіретін таңбалар бар. Кейбір
жағдайларда иероглифтер сөздің фонетикалық
құрылымын бере алған,
өйткені
иероглиф
морфема-буынмен
байланысы
салдарынан
фонетизацияланады. Фоножазу жалқы есім немесе күрделі абстрактілі
түсінікті білдіру қажет кезінде қолданылған.
Идеографиялық жазу, оның ауызша-буынды түрі, қытай тілінде
сақталған. Қытай тілінің диалектілері бір-бірінен фонетикалық ерекшеленеді,
өйткені иероглифтер фонетикалық емес, тіл таңбаларының мағыналы
жағымен байланысады, сондықтан бір иероглифтер барлық диалектілерде
қолданылуы мүмкін. Бұл жағдайда қытай
тіліндегі иероглифтік жазу
интегралды (бірлесу) қызметін атқарады. Идеографиялық жүйенің кемшілігі
абажадайлығы, оқуды игеру кезінде қиындылығы болып табылады. Жазудың
әрі
қарайғы
дамуы
фонетизация
процесімен
анықталады.
Көне
египеттіктерде қарапайым иероглифтерді қолданумен қатар, дауыссыз
фонемалар үшін таңбалар өндірілген.
Бізге белгілі, бірінші фонетикалық жүйе болып финикий жазуы
табылған. Бұл жазуда әріптер идеографиялық функция атқармайды (кейде
санды білдірген кездері болмаса). Финикий жазуы консонантты болған,
өйткені бұл жүйеде тек қана дауыссыздар көрініс тапқан. Бұл – сөз түбірі
әдетте тек дауыссыз дыбыстардан тұратын, ал
дауысты дыбыстары
грамматикалық элемент функциясын атқаратын тіл характеріне байланысты,
сондықтан сөзді білдіру үшін түбірді дауыссыз таңбалар арқылы белгілеген
жеткілікті болған.
Финикий алфавиті көне гректермен қабылданған және барлық батыс
алфавиттеріне бастау берген. Грек жазуы шамамен б.з.д. 8 ғасырда пайда
болған. Дегенмен грек мәтіні дауыссыз дыбыстардың белгіленуі болмауы
салдарынан түсініксіз болғандықтан, грек жазуындағы кейбір финикий
жазуының көне әріптері дауысты дыбыстардың таңбалануы үшін қолданыла
бастайды. Мысалы,
грек тілінде жоқ, финикий дауыссыз дыбыстарын
таңбалаған
а,
е,
і әріптері. Жазуда дауыссыздармен қатар, дауысты
дыбыстардың таңбалануы фонемалардың тізбегін көрсетуге мүмкіндік
берген маңызды жетістік болды.
Грек жазуы бірнеше нұсқада болған. Олардың ішіндегі ең бастысы –
шығыс-грек және батыс-грек нұсқалары. Олар кейпі мен жеке әріптерінің
қолданылуымен өзгешеленген. Шығыс-грек жазуынан классикалық, содан
соң
византийлік жазу дамыған, ал оның негізінде славян жазу жүйесі
құралған. Батыс-грек жазуы базасында, Еуропа мен Азияның көптеген
тілдеріне негіз болған, латын жазуы пайда болған. Грек жазуы армян және
грузин алфавиттерінің жасаушыларына әсер еткен.
Достарыңызбен бөлісу: