Лекция 1 Тіл білімі туралы жалпы түсінік. Тіл білімінің ғылымдар жүйесіндегі орны, басқа ғылым салаларымен байланысы


Лекция 11  Синтаксис. Синтаксистік типология. Мәтін лингвистикасы



Pdf көрінісі
бет16/23
Дата08.12.2022
өлшемі1,22 Mb.
#55940
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23
Байланысты:
ТБК Лекциялар

Лекция 11 
Синтаксис. Синтаксистік типология. Мәтін лингвистикасы. 
Атап өткеніміздей, синтаксистік бірліктерге сөз тіркесі мен сөйлем 
жатқызылады. Сөз тіркесін мүшеленген кезде бір тұтас түсінік беретін 
номинативті бірлік деп түсінеміз (письменный стол, четырехэтажный дом)
Сөйлемді құруға негіз болатындығы сөз тіркесінің негізгі қызметі болып 
табылады. Тіркесудің сөйлемде тікелей жұмсалуы оның синтаксистік бірлік 
ретіндегі ерекшелігі болады (қалпына келтірілетін (воспроизводимыми) 
фразеологиялық құрылымдармен салыстырыңыз). Тіркес нақты бір үлгі 
негізінде құрылады, сондықтан да тіркесімділік үлгісі синтаксистік деңгейдің 
бірлігі болып табылады. Мысалы, субстантивті тіркестің үлгісі кездеседі 
(медицинский институт, красный диплом, яркий свет), үстеулі, етістікті 
тіркестер үлгісін атап өтуімізге болады.
Сөз тіркесін анықтауда бірізділік жоқ екенін айта кеткеніміз жөн. 
Жоғарыда берген түсініктерден басқа терминнің кең мағынасы бар. Сөз 
тіркесі деп формальды түрде берілген мағыналық байланысы бар кез келген 
сөздердің тіркесін айтады. Бұл жағдайда бастауыш пен баяндауыштың 
тіркесуі сөз тіркесіне жатқызылады.
Кең мағынасында сөз тіркесіне бағыныңқы байланыспен қатар 
салаласа байланысқан тіркестер де жатады. Бағыныңқылы байланыс – бұл 
араларында теңдік қатынас жоқ екі сөздің арасындағы формальды 
байланыс: тіркестің бір мүшесі негізгі, екіншісі – бағыныңқы. Мысалы: дикие 
животные, стол из дерева, быстро бегать. Бағыныңқы байланыста 
бағыныңқы сөздің формасы негізгі сөздің формасы негізінде құрылады.
Салаласа байланысу элементтері тең дәрежедегі тіркестерде кездеседі: 
кошки и собаки, ручка или карандаш, умный, но недобрый. Бұндай 
тіркестерді сөздердің орнын ауыстырып қолдануға болады. Бір сөздің 
формасы екінші сөз формасы негізінде өзгеріске түспейді.
Бастауыш пен баяндауыш арасындағы байланыс туралы ғалымдардың 
пікірлері әр басқа. Бір көзқарастарда бұл бағыныңқы байланыс делінеді. 
Баяндауыштың түр, жақ, род формаларын өзіне сәйкестендіретіндіктен 
бастауыш негізгі сөз болып табылады. Алайда бұндай пікір қарсылықтар 
туғызады. Тіпті кейбір тілдерде баяндауыш формальды түрде бастауышпен 


тіркесе алмайды. Басқа жағдайларда баяндауыш бастауышпен ғана емес, 
сондай-ақ, толықтауышпен де тіркеседі. Сондықтан да бастауыш пен 
баяндауыштың тіркесуі жөнінде басқа да пікірлер кездеседі. Ол
академиялық «Орыс грамматикасында» (1980 г.) берілген: бастауыш пен 
баяндауыш үйлесімділік қатынаста болады. Нақты синтаксистік позицияда 
жүзеге асатын сөздің нақты формаларының тіркесуі тіркесудің осы түрінің 
ерекшелігі болып табылады. Сонымен, бастауыш – табыс және басқа 
септіктерде емес, атау септігінде тұратын сөз. Егер ол бастауыштың 
қызметін атқаратын етістік болып келсе, міндетті түрде тұйық рай 
формасында қолданылады.
Сөйлем – синтаксистің күрделі бірліктерінің бірі. Сөйлем қарым-
қатынас жасау қызметін атқарады, сөйлем арқылы адамдар пікір алмасады. 
Әр сөйлем нақты ситуацияға қатысты болады. Бұл қатыстық 
темпоральдылық пен модальдылықтан көрінеді. Темпоральдылық – бұл 
сөйлемнің мағынасының уақытқа қатыстылығы, модальдылық – мағынаның 
шындыққа қатыстылығы. Темпоральдылық көбіне морфологияның уақыт 
категориясы арқылы берілсе, модальдылық – етістіктің рай категориясы 
арқылы беріледі. Мысалы, Брат приехал сөйлемі өткен шақта болған 
шындыққа негізделеді. Шындыққа жаңасу етістіктің өткен шақ формасымен 
беріледі. Я хотел бы поехать в Москву деген басқа сөйдемде шартты рай 
формасы шындыққа жаңаспайтын ситуацияны, яғни, қалау мағынасын 
білдіріп тұр.
Етістік формасы жоқ сөйлемдерде темпоральдылық пен модальдылық 
та болмайды. Ал, Ночь. Тишина. сөйлемдерінде шындыққа қатыстылық бар 
(шынайы модальдылық). Темпоральдылық пен модальдылық интонация 
арқылы беріліп тұр. 
Темпоральдылық пен модальдылық әр сөйлемге тән болып табылатын 
предикативтілікті құрайды. Көбінесе предикативтілікте дербестік мән де 
байқалады, яғни жаққа қатысты болады: Ребенок читает (іс-әрекетті 
атқарушы 3 жақ етістіктің осы шақ формасымен берілген). 
Сөйлем бір немесе бірнеше сөздерден тұруы мүмкін. Сөйлем сөзден 
негізінен интонация арқылы ажыратылады: Пожар! Пожар?! Бұл 
сөйлемдерде интонация предикативтілікті білдіру құралы болып табылады 
және сөйлемді нақты ситуацияда көрсетеді 
Сөйлемді сөз тіркесінен айыру да предикативтілікке байланысты.
Салыстырыңыз: Зеленое платье және Платье зеленое. Бірінші жағдайдан 
бағыныңқы қатынастағы сөз тіркесін көреміз, сонымен қатар сын есімнің зат 
есімге үйлесімі байқалады. Бұндай сөз тіркесінің түрі негізгі сөз өзгерген 
кезде де сақталады: зеленому платью, зеленым платьем. Екінші жағдайда 
сөздердің тіркесуі уақыт жоспарындағы (бұл тіркесте осы шақ жоспарында) 
заттың белгіге қатысы арқылы берілген. Сондай-ақ, Платье зеленое 
тіркесіндегі әрбір сөз жеке қызмет атқарады – бастауыштық және 
баяндауыштық қызмет. Бұл жағдайда платье және зеленое сөздерінің 
арасында бірінші жағдайдағыдай бағыныңқылық емес, үйлесімділік қатынас 
байқалады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет