қоршаған ортаға бейімделеді. Сонымен қатар сезіну мен елестетудің нақтылы
заттармен байланысы бар.
Қимыл-әрекетті образдар негізінде бірқатар жалпылау бар, яғни жеке
белгілерден бас тарту. Адамдардың бейвербалды ойлауы әуен, сәулет,
бейнелу өнері іспетті қызметтер аясында көрініс табады.
Вербалды ойлау – түсіну, талқылау, бекіту
сияқты категорияларға
негізделген. Бұл категориялар абстракцияның түйсігіндегі шынайылықтың
көрінісі мен пәнінің белгілерінің жалпы көрінісі. Талқылау – бұл ойдың
шынайы немесе өтірік бағалануы. Бұл категориялар мынадай тіл
бірліктерімен байланыста: түсіну – сөзбен, талқылау – сөйлеммен. Дегенмен,
ойлау категориялары мен тіл бірліктерін бір деп ойлап қалмауымыз керек.
Сөз бен түсінік арасындағы қатынасты «Лексикология» бөлімінде
танысасыздар. Қосымша ретінде тек келесілерді атап өтсек болады: түсінік
сөзге қарағанда басқа тілдік
бірліктер арқылы көріне алады, мәселен, сөз
тіркесімен (темір жол). Талқылаудың логикалық құрылымы субъект пен
предикаттан құралған. Ол бар кезде де бір құрамды сөйлем арқылы өзін
көрсете алмайды.
Светает сөйлемінде субъект пен предикатқа бөліну жоқ.
Ғалымдар тіл мен ойлаудың арасындағы байланыстың күрделі екендігін
мойындайды.
Тіл мен ойлаудың арасындағы жалпы көрініс келесідей болмақ. Тілдік
бірліктер мен шынайылық қатынастарының мүмкіндігі адамзат миының
шынайылықты
көрсету қабілетіне, ойлауға негізделген. Мұндай қатынассыз
адамдар арасындағы қарым-қатынас болуы мүмкін емес еді. Расында,
тілдің
бір анықтамасында тіл тәжірибелік шынайы түйсік деп берілген (К. Маркс,
Ф. Энгельс).
Түйсік пен ойлау адам миының мінсіз бір қасиеті деп саналады, оның
материадық қасиеті жоқ, яғни ол иіс, дәм мен жылуды сезбейді. Ал тілдің
болса бірліктері – дыбыстық, яғни материалдық жағы бар. Ойлау тілде
дыбыстық қабатқа ие болып, дыбыс арқылы басқа адамдарға беріледі.
Сөздермен бірге әлемтану нәтижелері де жүреді, себебі сөздің
лексикалық мағынасы түсінікке негізделеді. Сонымен қатар өмірлік
тәжірибенің келесі ұрпаққа берілу мүмкіндігі туады. Базадағы бар сөздермен
берілетін таным нәтижелері - әрі қарайғы
тануды жалғастыруға әкеледі,
сондықтан ойлауды құрал ретінде сипаттайды.
Тіл мен ойлау арасындағы байланыс түсінік пен сөздің пайда болуында
анықталады. Сөзсіз түсініктің пайда болуы мүмкін емес деген кең таралған
пікір кездеседі, яғни бұл концепция бойынша түсінік сөзбен бірге немесе сөз
негізінде пайда болған. Бұл жағдайда сөз – түсініктің пайда болу құралы
болып табылады. Тағы басқалардың пікірі бойынша, түсінік, сөзге дейін
құрылған, дегенмен дыбыспен бірлесе отырып түсінік
ұғымы нақты
анықталған дейді. Әйткенмен, сөздің пайда болу негізінде түрлі себептер
жатқандығын ескеруіміз керек. Түсінік адамның өмірлік тәжірибесі,
танымдық әрекеті нәтижесінде пайда болса, ал
сөз қарым-қатынас
қажеттілігінен туған.