басты екеуіне тоқталсақ. Тілде қолданылатын морфемалар типі және
олардың сөзде бірігу сипаттамасы.
Осындай белгілерден тілдер төрт топқа бөлінеді: 1) изолирующие
немесе аморфты; 2)
агглютинативті; 3) флективті; 4) инкорпоративті немесе
полисинтетикалық.
Тілдердің бірінші типі сөздерінің өзгермейтіндігімен ерекшеленеді,
сөйлемде сөздер орын тәртібі арқылы көрінеді. Әдетте, сөздер түбірге немесе
сөз тудырушы жұрнақтарға тең келеді, сондықтан мұндай типті тілдерге
көбінде «түбір негізді тілдер» деген терминді қолданады.
Сөздердің орын тәртібінен өзге, сөйлемдегі
сөздерді байланыстыру
үшін түбір сөздер де қолданылады, олар предлог немесе союз қызметтерін
атқарады. Сөздерде грамматикалық мағыналарды білдіретін сөз өзгергіш
жұрнақтар болмағандықтан сөз таптары болмайды. Бір ғана сөз пәнді, пәннің
қасиетін және контекстке қарай әрекетін де білдіріп жатады. Бірақ аморфты
тілдер ешбір көне жазба ескерткіштерде көрініс таппаған. Тек аморфты
тілдерге жақын тілдер ғана бар. Мәселен, олардың қатарында въетнам, ежелгі
қытай немесе Батыс Африканың біршама тілдері бар.
Аморфты тілдердің қасиетін қытай тіліндегі мысалмен көрсетейік: ча
во бу хэ. Мұндағы бар төрт сөз де түбір сөздер. Ча сөзі «шай», во – «мен», бу
– «жоқ», хэ – «ішу». Барлығы бірге «мен шай ішпеймін» деген мағына береді.
Мысалдағы сөздер арасындағы байланыс орын тәртібі арқылы көрінеді.
Қазіргі қытай тілінде бәрі бірдей түбір сөздер емес. Кейбір сөздер
қызметтік
элементтерге айналып, сөз тудырушы суффикстер немесе сөздер
арасындағы қатынастар көрсеткіші ретінде қолданылады. Мысалы, өткен
шақ арнайы ла шылауы арқылы беріледі: во шо-ла – «мен сөйледім».
Аморфтылық – бұл форма мүлдем жоқ деген сөз емес, аморфтылық –
тек сыртқы көрінісінің ғана өзгермеуі, себебі сөз тіркесі мен сөйлемнің де
формасы бар, сондықтан да «аморфты» терминін барлық лингвистер қолдана
бермейді.
Екінші «изолированный» термині алдыңғы терминнен толық сәйкес
келмейді. Аты айтып тұрғандай сөйлемдегі сөздердің
бір-біріне тәуелсіз
екендігін байқатады.
Бірқатар ғалымдардың пікірінше изолированный тілдердің аморфты
тілдермен салыстырғанда біріншісінің екеіншісінен бір ерекшелігі бар
екендігі көрінеді. Ихзолированный тілдер сөз тудырғыш формаға ие, олар
ашық түрде күйі, әрекеті мен пәнін білдіретін мағыналы сөздердің
класстарын білдіре алады.
Тілдердің екінші тобы агглютинативті деп аталады. Бұл топқа түркі
тілдері мен банту тілдері жатады. Аморфты тілдерден сөз тудырушы және
сөз түрлендіруші жұрнақтарымен ерекшеленеді.
Түбір мен жұрнақтар арасындағы байланыс агглютинативті тілдерді
флективті тілдерден ерекшелейтін өзіндік қасиетке ие. Олар келесідей көрініс
табады.
Біріншіден, барлық морфемалар фонетикалық
заңдылықтарға сәйкес
бірнеше нұсқалармен беріледі. Мысалы, қырғыз тіліндегі көпше түр
аффикстерінің нұсқалары үндестік заңы бойынша анықталады: егер дауысты
түбір алдыңғы дауысты қатарға жатса, онда аффикстердің дауыстысы да сол
қатардан болады.
Әрі қарай морфемаларда ішкі флексиялардың алмасуы кездеспейді.
Екіншіден, жалғамалы тілдердің жұрнақтары тек бір ғана мағына
білдіреді. Сонымен, септік, көптік, тәуелдік мағыналарды білдіруде
орындары тұрақты әрі бірінен соң бірі орналасқан үш жұрнақ қолданылады:
Достарыңызбен бөлісу: