Лекция 1 Тіл білімі туралы жалпы түсінік. Тіл білімінің ғылымдар жүйесіндегі орны, басқа ғылым салаларымен байланысы


Лекция 5  Тіл, сөйлеу, сөйлеу әрекеті. Психолингвистика



Pdf көрінісі
бет7/23
Дата08.12.2022
өлшемі1,22 Mb.
#55940
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23
Байланысты:
ТБК Лекциялар

Лекция 5 
Тіл, сөйлеу, сөйлеу әрекеті. Психолингвистика. 
 
Лингвистиканың пәнін толық түсіну үшін тіл мен сөйлеу арасын жақсы 
түсініп алу қажет. Бұл сөздер терминологиялық емес қолданыста көбінде 
синонимдер ретінде көрінеді. Тіл білімінде тіл мен сөйлеу түсініктері 
алғашқы теориялық анықтамасын швейцар лингвисі Фердинанд де 
Соссюрдің «Жалпы лингвистикалық курс» еңбегінде алады. Ф. Де Соссюр 
тіл мен сөйлеуді айыратын негізгі белгілерді атап өткен. Оның айтуынша: 
«Сөйлеу қызметін зерттеу екіге бөлінеді; соның бірі, яғни негізгісі – оның 
пәні – тіл, яғни әлеуметтік және индивидтан тәуелсіз; бұл таза психикалық 
ғылым; екіншісінің пәні сөйлеу қызметінің индивидуалды жағы, яғни 
фонациялы сөйлеу: ол психофизиялық».
Тіл мен сөйлеуді бір-біріне қарсы қою Соссюрдің әлеуметтік-
индивидуалдық жіктемелері бойынша көрінеді. Тілдің әлеуметтік сипаты 
бойынша жеке бір адам тілді жасауға да, бар тілді өзгертуге де икемі жоқ. Тіл 
– барлық әлеуметтің жемісі. Тіл жүйелілігімен, яғни бірліктерін 
ұйымдастырушылығымен ерекшеленеді. Тіл бірліктері (сөз, морфема, 
сөйлем) тіл құралын құрайды. Тіл бірліктері осы бірліктердіжүйелейтін 
аңдылықтар мен ережелерден тұрады. Бұл заңдылықтар тіл бірліктері сияқты 
осы тілде сөйлейтін сөйлемдер үшін ортақ болып табылады. 
Жоғарыда көрсетілген белгілер бойынша тіл мен сөйлеуді қарсы қою 
толықтай дұрыс емес. Егерде сөйлеуді расында тілге қарағанда 
индивидуалды деп танысақ, онда қатынастың жүзеге асуы, яғни сөйлеу 
процесінен түсіну процесіне қалай ауысатындығы түсініксіз болмақ. Бұл екі 
процесс те кемінде екі адамның қатысуынсыз жүзеге аспайды. Қатынас 
нәтижелілігі үшін олардың сөйлеулері ең алдымен индивидуалды емес, 
ортақ, жалпы болулары керек. 
Индивидтің сөйлеу мәнеріне, сөйлеуде айрықша сөздік қолдануында 
көрінеді. Егер де тек тіл ғана жүйелік білім, ал сөйлеу олай емес дегенге 
келіссек, онда сөйлеудің қатынас құралы ретінде қалай қызмет ететіндігі 
түсініксіз болмақ. 
Тіл мен сөйлеу арасын шектеу әлеуметтік – индивидуалдық, жүйелі – 
жүйесіз, статикалық – динамикалық жіктемелерге қарсы қойылмайды. Жеке 
сөйлеу актілері мен олардың нәтижесі – бұл көп кездесетін құбылыс. 
Осылайша, тіл мен сөйлеу арасында жалпы және жеке абстрактылы және 
нақтылы философиялық категориялар қарастырылады. 
Нақтылы айтылымнан тыс алынған қатынас құралдарын (мысалы, 
сөздік, т.б.) тіл деп атайды да, ал бұл құралдарды айтылымда – сөйлеу деп 
атайды. Тіл (жалпы) сөйлеуде (жеке) жүзеге асады. Тіл мен сөйлеудің сыртқы 
ұйымдастырушылары тіл заңы бойынша құрылған бірліктерді көрсететін 
сөйлеудің тізбекті сипатында көрініс табады. 
Бұл жағдайда тіл осы тілде сөйлеушілер үшін ортақ бірліктерді 
жүйелейтін ережелер жүйесі мен элементтер жүйесі ретінде анықталады. Ал 
сөйлеу болса «уақытында дыбыстың немесе жазба формаға ауысқан нақтылы 


айтылым» болып табылады. Сөйлеу ретінде сөйлеу процесінің өзін де, 
нәтижесін де айтады.
Тіл мен сөйлеуге тән тағы бір екі жағдай бар. Тілдік бірліктер мен 
ережелерге бағалау тәртібі тән емес: «әдемі» немесе «әдемі емес», «дұрыс» 
не «дұрыс емес», «анық» не «анық емес»; мұндай жағдайда сөйлеуде 
келесідей айтуға болады. 
Сөйлеуді жүйелеуде тілдік бірліктер мен жалпы тілге тән емес 
ерекшеліктерге ие болуы мүмкін. Бұл сөздік жасау барысында бекітілмеген 
тіл заңы бойынша жаңа сөздер жасауда көрінуі мүмкін. Бұған мысал ретінде 
Маяковскийдің омолниться, разулыбить сөздерін алсақ болады, бұл сөздер 
тілдің жаңа жетістіктері ретінде көрінбесе де, Маяковскийдің сөйлеу фактісі 
ретінде қалды. Дегенмен, прозаседавшиеся, серпастый, молоткастый 
сөздері сөздік қорға енді. Бұл мысал жаңа пайда болған сөздер алғашында 
сөйлеу деңгейінде болып, кейіннен сөздік қорға енетіндігін көрсетеді. 
Тіл мен сөйлеудің қатынасы жайында белгілі тілтанушы Л.В. Щерба 
өзінің қызықты пікірін білдіреді. Оның көзқарасымен «О трояком аспекте 
языковых явлений и об эксперименте в языкозннии» деген мақаласынан 
таныса аласыздар. 
Тіл – адам басының миында болатын физиологиялық процесстердің 
нәтижесі, сонымен қатар сөйлеу ағзалары әрекеттерінің қатары, дегенмен тіл 
мәнін тек биологиялық процесстер арқылы түсіну мүмкін емес. Тіл мұрадан 
мұраға берілмейді, тек адамзат қоғамында ғана пайда болып өмір сүреді.
Тіл қоғамға қызмет етеді және осы жағдай тілді қоғамдық құбылыстар 
қатарына жатқызады. Тілдің қоғамдық сипатын түсідіретін түрлі жорамалдар 
бар. Сол теориялардың бірі тілдің класстық теориясы болып табылады. 
Тілдің қоғамдық сипаты тілдің диалектілік бөлінісі мен әдеби тілдердің 
құрылу тарихы және т.б. фактілерде көрініс табады. 
Тілдің негізгі және жеке қызметтері бөлінеді. Негізгі қызметтеріне 
коммуникативті және когнитивті фактілері жатқызады.
Тіл мен сөйлеу арасында тығыз байланыс бар, бірақ бұл олардың 
тұтастығын білдірмейді. Ойлаудың екі түрі көрсетіледі. Тек вербалды түрі 
ғана тілмен байланысқан. Ойлау мен тіл бірліктері категориялары күрделі 
қатынасты байланыс орнатқан. 
Тіл мен сөйлеу айырмасының лингвистика пәні үшін маңызы зор. Тіл 
мен сөйлеуді қрсы қоюдың негізгі белгіері мыналар: әлеуметтік – 
индивидуалдық, жүйелі – жүйесіз, статикалық – динамикалық, жалпы – 
жеке, сызықты – сызықты емес. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет