дыбыстық кешенмен) аталына береді. Ол зат пен оның атауының арасында
шартты түрде (табиғи емес) байланыс болады.
Енді тілдік таңба мен шартты таңбалардың арасындағы қатарға келелік.
Бұлардың
арасында ұқсастық бар, сонымен бірге, оларды бірдей, тең деп
есептеуге болмайды. Ұқсастығы: екеуінде де форма мен мазмұн бар, екеуі де
— бірдеме «хабарлаудың» құралы.
Ал айырмашылықтары:
1) тіл - ойды білдірудің, пікір алысудың, қатынас жасаудың кең көлемде
қолданылатын жалпылама құралы. Шартты таңбалардың қолдану өрісі тілге
қарағанда
әлдеқайда тар, хабарлау анағұрлым аз. Мысалы, бағдаршамның
қызыл түсі «көшеден өтуге болмайды" дегеннен басқа еш нәрсе хабарлай алмаса,
тіліміздегі қызыл деген сөз бірнеше ұғымды қамтиды: бірінші – түстің
атауын, екінші - "ет" немесе "бидай" деген ұғымды, үшінші – «большевик»
дегенді, төртінші - "қылша, қызылша" (корь) дегенді білдіреді;
2) тілдің шартты таңбалардан екінші айырмашылығы - ол (тіл) мазмұнды
ғана білдіріп қоймайды, сонымен бірге, адамның хабарлайтын жайға қатысын,
қалай қарайтынын, ұнатуын немесе ұнатпауын, қуанышын немесе қайғысын
да білдіреді. Мысалы, жоғарыда аталған қызыл сөзінің "ет" немесе "бидай" деген
мағынасы жағымды сезімімізді тудырса, ауруды
еске салып тұрған төртінші
мағынасы ("балама қызыл шығып жатыр" деген) - аяныш сезімін тудырады.
Қызыл сөзінің "большевик" деген мағынасы да сондай. Ол бұрын жағымды мағына
тудырса, қазір жағымсыз мағына туғызады. Мұндай қасиет таңбалардың басқа
жүйелерінде (мысалы, жол белгілерінде) жоқ;
3) шартты таңбалар келісім бойынша қолдан жасалады, келісім
бойынша өзгертіле алады. Мысалға қазақ тіліндегі Ұ дыбысын алалық. Ол
дыбысты біз араб әліпбиін (алфабитін) пайдаланып жүрген кезде 9 әріпімен
белгілеген едік. Кейін, яғни 1929 жылы латын әліпбиіне көшкенде оны U
әріпімен таңбаладық. 1940 жылы орыс графикасына (кирилицаға) көшкен кезде
әлгі дыбысты у әрпімен белгілеуге келістік. 1951 жылы аталған дыбысты (тағы да
келісім бойынша) Ұ әрпімен таңбалауды жөн деп таптық.
Тілдік таңбалар қоғам мүшелеріне бағынышты емес. Мысалы, қара, сары
деген сөздерді адамдар келісіп жасаған жоқ.
Тым ерте замандарда ата-
бабаларымыз қара, сары түсті де солай атаған. Әрбір жаңа ұрпақ қалыптасқан сөзді
сол күйінде қабылдайды, сол күйінде үйренеді. Ол ешқашан өзгермейді. Егер
өзгере қалса, келісім бойынша емес, тілдің даму заңдары бойынша ғана өзгереді.
Мысалы: сарық > сарығ > сары;
4) барлық шартты таңбалар сайып келгенде дыбыстық тілге негізделеді,
олардың мағыналары тіл арқылы айқындалады, тіл арқылы түсінікті болады.
Мысалы, бағдаршамның қызыл түсін тіл арқылы: "қызыл шам - өтуге болмайды
деген белгі" деп, қызыл шам өздігінен еш нәрсені білдіре алмаған болар еді.
Сонымен тілдік таңбалардың қызметі, мәні зор екен; оның ауқымы кең.
Шартты таңбалар тілдік таңбалардың кызметін атқара алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: