Лекция 11 Планиметрияның негізгі ұғымдары мен аксиомалары. Үшбұрыш және оның теңдік



Pdf көрінісі
бет6/12
Дата14.09.2023
өлшемі0,92 Mb.
#107267
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Лекция-11 Ушбурыштар 2

Үшбұрыш. Үшбұрыштың түрлері. 
Анықтама. 
Үшбұрыш деп бір түзуде жатпайтын үш нүктеден және осы нүктелерді 
қос-қостан қосатын үш кесіндіден тұратын фигураны атайды. 
Нүктелер үшбұрыштың төбелері деп, ал кесінділер үшбұрыштың қабырғалары деп 
аталады. Суретте төбелері А, В, С, ал қабырғалары АВ, ВС, АС болатын үшбұрыштар 
көрсетілген. Үшбұрыш былай белгіленеді: 
∆𝐴𝐵𝐶

8-сурет 
Егер үшбұрыштардың сәйкес қабырғалары және сәйкес бұрыштары тең болса, ондай 
үшбұрыштар тең болады. 
Қабырғаларының ұзындықтарына қарай үшбұрыштар үш түрлі болады: тең 
қабырғалы үшбұрыш, тең бүйірлі үшбұрыш, қабырғалары әр түрлі үшбұрыш. 
Анықтама.
Барлық қабырғалары өзара тең үшбұрыш тең қабырғалы үшбұрыш деп 
аталады. 
Анықтама.
Екі қабырғасы өзара тең үшбұрыш тең бүйірлі үшбұрыш деп аталады. 
Тең қабырғалар үшбұрыштың бүйір қабырғалары деп аталады да, үшінші қабырғасы 
үшбұрыштың табаны деп аталады. 
Анықтама. 
Үш қабырғасының ұзындықтары үш түрлі үшбұрыш қабырғалары әр 
түрлі үшбұрыш деп аталады. 
Үшбұрыштың қабырғаларының ұзындықтарының қосындысы 
үшбұрыштың 
периметрі 
деп аталады. 
Бұрыштарының шамасына қарай үшбұрыштар үш түрлі болады: тік бұрышты 
үшбұрыш, доғал бұрышты үшбұрыш, сүйір бұрышты үшбұрыш. 
Анықтама.
Бір бұрышы тік бұрыш болатын үшбұрыш тік бұрышты үшбұрыш деп 
аталады. Тік бұрыш жасайтын екі қабырғасының әрқайсысы 
катет
деп аталады. Тік 
бұрышқа қарсы жатқан қабырға 
гипотенуза
деп аталады. 


Анықтама.
Бір бұрышы доғал үшбұрыш доғал бұрышты үшбұрыш деп аталады. 
Анықтама.
Барлық бұрыштары сүйір болатын үшбұрыш сүйір бұрышты үшбұрыш 
деп аталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет