Үшбұрыштар теңсіздігі
Теорема
. Үшбұрыштың әрбір қабырғасы өзге екі қабырғаларының қосындысынан
кіші.
AB < AC + BC,
AC < AB + BC,
BC < AB + AC.
Бұл теңсіздіктерді үшбұрыштар теңсіздігі деп атайды.
Фалес теоремасы. Үшбұрыштың орта сызығы
Теорема.
(Фалес теоремасы) Егер бұрыштың қабырғаларын қиып өтетін параллелъ
түзулер оның бір қабырғасынан өзара тең кесінділер қиып өтетін болса, онда ол түзулер
бұрыштың екінші қабырғасынан да тең кесінділер қиып өтеді.
Анықтама.
Үшбұрыштың орта сызығы деп оның
екі қабырғасының орталарын
қосатын кесіндіні айтады.
Теорема.
Үшбұрыштың орта сызығы үшбұрыштың үшінші қабырғасына параллелъ
және оның жартысына тең болады.
Достарыңызбен бөлісу: