Лекция №4 Ұлттық тағам атаулары шығу тарихы Тағам атауларының салт дәстүрлердегі көрінісі



бет23/24
Дата31.12.2021
өлшемі101,91 Kb.
#22708
түріЛекция
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ бренд

Ұлттық бренд туралы түсінік

  1. Ұлттық бренд туралы түсінік

  2. Ұлттық брендті қалыптастыру

  3. Ұлттық бренд – Қазақстанның өзекті тақырыбы



  1. Бренд дегеніміз - елдің, тұтас бір ұлттың келбеті, жарнамасы.  «Бренд» деген сөздi қайсыбiр қарапайым адам түсiне қоймауы мүмкiн. Оның мағынасы әрбiр фирманы немесе кәсiпорынды танытатын, оның өнiмiн жарнамалап баршаға паш ететiн тауарлық белгiсi дегенге саяды. Ол ұлтқа да қатысты болады. Мәселен, ұлттық бренд десек, сол ұлттың айырықша ерекшелiгiн бiлдiрiп тұратын танымдық белгiсi, өзгелерден айырықша көзге ұрып тұратын артықшылығы болуы шарт. Ол – бәлкiм ұлттық тағамы, киiм үлгiсi, музыкалық аспабы, экзотикалық өнерi, тағы басқа нәрсе болуы мүмкiн. Бұл – ұлттық бренд ретiнде бiр ғана нәрсемен шектелiп қалу деген сөз емес. Егер мақтанарлық жағдайы болса, ол қанша болса сонша бола алады. Дегенмен солардың арасында барша жұрт қабылдаған ерекше болуы қажет. Әрi ол әлемде басқа ешбiр елде жоқ, қайталанбас нұсқа болуы керек.Бренд үшiн тұтынушы қандай да болмасын қаржы төлеуге әзiр. Ия, бүгінде әр елдің өз брендтары бар.Мысалға: Франция: Эйфель мұнарасы; француздық брендингтегі иіссу, парфюмерия мен косметика, француз асханасы. Ұлыбритания: Англияның ағылшын иттерінің арасындағы танымал түрі — бульдог; Биг-Бен; тағы да басқа.

  2. БIЗДЕ БРЕНД БАР МА? Әрине,ұлтымызда брендке тұрарлық тағамдарымыз бен ұлттық құндылықтарымыздың саны шексіз. Біреулер ұлттық бренд домбыра, қобыз сияқты музыкалық аспаптар десе, екіншілері қымыз және шұбат сусындары деп санайды, ал үшіншілері киіз үйді жақтайды.Таңдау қиын, ұлттың сәні – кешке киетін сәнді киім емес.Бренд деп,ұлттық тағамымызды айтуға болады.Оған айғақ, шет елдіктер күні кеше Лондон олимпиадасын да өткен ауыр атлетикада Илия Илинның жеңісінің сыры қазы-қартада екенін білген.Оны естіген басқа елдер де қызығушылық танытуда.Дәмін татқан шетелдіктер де, қазақпен аралас-құралас өмір сүріп жатқан басқа халықтар да қазақтың ұлттық тағамдарын құрметтейтін болды. Тіпті, оның денсаулыққа пайдасын, адам ағзасын күшейтетін қасиетіне әбден көзі жеткен немістердің қымызды патенттеп алып, бие сүтінен дәрумендер жасайтыны, спортшыларын баптайтыны, бельгиялықтардың балмұздақ пен тәтті-дәмділер, Дания мен Францияда дәрілер дайындайтындықтары туралы деректерді қазір әркім-ақ біледі.Ата-бабаларымыздың бізге аманат еткен мирасын уақытында бағалағанымыз жөн. Аталарымыз бен әжелеріміздің ішкен-жегені нағыз дәрумендердің көзі болған.Кең жазира далада басып жайылған сиырдың сүті, түйенің шұбаты мен жылқының қымызы күш-қуаттың көзі осылар екен.Пайымдауымша, ұлттық тағамдарымыз бренд болуға тұрарлық. Бірақ, ол үшін инвестиция, басқа сөзбен қаржылай көмек, елді қызықтыру 1-ші жобада болғаны дұрыс.Сонымен қатар жаңа,қызықты ой-идеясы бар арнайы мамандар даярлаған жөн. Яғни, жұртты қызықтыратындай етіп жарнама жасау арқылы, ұлттық тағамдарымызды нарыққа шығара аламыз.Шығарған өнім сапалы жарнамасымен қатар пайдалы болса сұраныс молая түседі.Тіпті, біздер ішімдіктерді нарықтан шығарып,қымызды қоюмызға болады.Ұлттық бренд-Қазақстанның өзекті тақырыбы болып тұр.Бренд деп әр кім әр қалай айтады.Келешекте Қазақстанның атын не шығаратыны белгісіз.Таңдау қиын, дегенмен де ұлттық тағамдардың өнімділігін жетілдіретін фабрика ашқан жөн.

  3. Қазақстан егемендік ал­ғалы бері әлемге барынша таныла тү­суге күш салып жатырмыз. Дегенмен осы танымал болудың ұлттық бренд қалыптастыру деген ерекше бөлігіне келгенде әзірге ауыз толтырып айтарлықтай жетістігіміз кө­рін­бей тұрғаны ойландырады.

  4. Мысалы, Германия мен Жапония­ның көліктері, Францияның шарабы мен иіссуы, Голландияның хош иісті гүлдері, асыл тұқымды сиырлары, ірім­шіктері, Италияның спорттық көліктері, аяқ киімдері, Швейцарияның сағаттары бұл елдерді әлемге әйгілеп тұр. Үндістан бүкіл дүние жү­зіне аса сапалы үнді шайын шығарады, осы елдің аты аталса көз алдымызға үнді фильмдері келе қала­ты­ны да рас. Кореяны озық технологиясы, электроникасы арқылы танимыз.

  5. Қытай әлемге ежелден жібек матасымен, фарфорымен танылған, бүгінде бұл елдің атын әсіресе жалпы тұтыну тауарлары бойынша ауыз­дан тастамайтын болдық. Күн­шығыс елдері әлемге түрлі күрес, жа­уынгерлік жекпе-жек түрлері бойынша да танымал. Тіпті кішкентай ғана мемлекеттер – Финляндия сүт өнімдерімен, Шри-Ланка Цейлон ша­йымен мақтана алады, кешегі өзіміз­бен бірге КСРО құрамында болған Грузия грузин шайымен белгілі, бү­гінде әлемнің әр түкпірінде дерлік жүрген өзбек туыстар да алыс шет елдерге өзінің палауымен танылып жатыр. Қырғыздың Ыстықкөлі, түркі­меннің әлемге әйгілі ақалтеке жыл­қы­сы бар. Мұның бәрін аталған ел­дердің брендтері немесе бренд болуға лайық дүниелері деуге келеді.

  6. Осы бір келеңсіз жайларды тізе келе біз Қазақстанда түк те жоқ деу­ден аулақпыз. Керісінше, біздің елде өзгеде жоқ көп нәрсе бар.

  7. Мысалы, Алматының апортын, қымыз бен қымыранды неге экспортқа шығарып, әлемге танылмаймыз? Шымкенттік ғалымдар қымыз-қымыранның ұзаққа шыдайтын тү­йірленген түрін де ойлап шығарды емес пе? АҚШ «Кока-кола» сусынын брендтік тауар ретінде дүние жүзіне таратып отыр, ал оған қарағанда қымыз бен қымыранның сусындық та, тағамдық та қуаты мол, олар денсаулыққа аса пайдалы ғой. Сондай-ақ қазы-қартаны алайық. Бұл да қазақтың еш талассыз, өзі еншіле­ген ұлттық тағамы. Бүгінде кей қандастарымыз оны сонау алыс шетелдерге дейін апарып танытып жатыр. Бұлардың бәрі аса құнарлы та­ғамдар, қай елдің тұрғыны болса да қадірін бір ұғып алса, тұрақты түрде тұтынудан бас тартпасы анық. (Мысалы, өзіміз сапалы-сапасыздығына қарамай-ақ шет елдерден әке­лінетін сусындар мен тағамдарды пайдаланып жүргеніміз өтірік емес). Қазақстанның табиғаты да бай, елі­мізден өзен-көл, тау-орманды сұлу жер­лер­ді, шет-шегі жоқ жазықтарды, шөл мен шөлейтті, флора мен фау­наның сан алуан түрін кезіктіруге болады. Яғни Қазақстан табиғаты мұн­да туризмді дамытуға да қолайлы.





  8. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет