Лекция Бейорганикалық байланыстырғыш заттар негізінде алынатын құрылыс материалдары



бет57/58
Дата19.04.2023
өлшемі399,51 Kb.
#84633
түріЛекция
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58
Байланысты:
Лекция курылыс материалдары-3

Еріткіштер мен сұйылтқыштар. Еріткіштерді лак пен эмалдарды, кейбір бояуларды дайындау кезінде, сондай-ақ жеке лакты бояулы материалдардың тұтқырлығын кеңіту үшін, яғни оларға керекті «Сылақтық» қоюлық беру үшін қолданылады. Еріткіштер болып қабыршықтың қалыптасуы кезінде, жеңіл бөлініп ұшатын органикалық сұйықтар саналады. Қабыршықтанатын заттарды ерітпейтін, тек олардың тұтқырлығын төмендететін сұйықтарды сұйылқыштар деп атайды. Еріткіштер – бұлар көбінше көмірсутекті продукталар, мысалға скипидар, уайт-спирит, сольвент, бензол, толуол, дихлорэтан және басқалар. Кейбір еріткіштердің бұлары адам организміне зиянды әсер етеді. Оның үстіне, мұндай лакты бояулы материалдармен жұмыс істегенде, еңбек қорғау мен өрттің техникалық қауіпсіздігі шараларында, соңғы аталған қасиеттерді ескеру қажет.


Бояулар, лактар және эмалдар.
Бояулар. Мұндай атпен майлы бояулар, органды және су дисперсиялы полимерлі бояулар, сондай-ақ анорганикалық тұтқыр заттар мен органикалық желімді құрамдағы бояулар бірігіп топталады.
Майлы бояулар. Майлы бояуларды завод жағдайында арнайлы бояу езетін машиналарда олиф пен пигментті ұқыпты түрде езу арқылы алады.
Олиф пен пигментті езген кезде, пигменттің немесе толтырғыштың әрбір бөлшегінің үстіне адсорбцияланып, байланыстырғышпен бүркемеленіп тұратын біртекті суспензия алынуы керек. Пигменттің құрамында бар кейбір металдардың тұздары мен тотықтары, жоғарыда көрсетілгендей, олифтің майлы қышқылдарымен әрекеттесіп, металдық сабын түзеді. Мысалға, қорғасын жосасы суда ерімейтін және бояуға беріктік пен су әсеріне төзімділік беретін қорғасын сабынын түзеді. Мұндай қосындылар бояулы жабылымның коррозияға қарсы қасиеттерін өсіреді.
Қою және сұйық езілген майлы бояулар болып бөлінеді. Қою езілген бояулар дегеніміз – олар пасталар. Жұмысшы тұтқырлығы бар, яғни майлау жұмысына керекті қоюлықтағы (консистенция), жұмыс орнында олиф қосып алынатын құрам.
Сұйық езілген бояулар дегеніміз сұйылту үшін олиф қосуды керек етпейтін, яғни пайдалануға дайын құрамдағы сұйық масса. Мұндай бояуларға, мысалға құрамында 40-50% олифты бар, мырштың ақ ұнтағы, 50% олифы бар литопонды ақ ұнтақ ж.б.
Өндірісте әртүрлі түсі мен қасиеттері бар майлы бояулардың мол ассортиментін шығарады. Майлы бояуларды таңдау мен пайдалану кездерінде бояудың құрамына енетін пигменттің түсі және ерекшеліктерімен қатар (ол жөнінен жоғарыда айтылды) бояудың келесі қасиеттерінің маңызы бар: бояйтын консистенция алу үшін олифтың ысырабы (қою езілген бояулар үшін); бүркемелеуі, қабыршықтың кебу мерзімі. Осы қасиеттерінің көрсеткіштері өндірістен шығарылған майлы бояудың әртүріне анықталған және өздеріне сай ГОСТ пен техникалық шарттарда көрсетілген.
Берілген бояудың тұтқырлығына орай, бояуды жұмыс консистенциясына жеткізу үшін қолданылатын керекті олифтің мөлшері 17-40% көлеміндегі шекте. Мысалға мырштың ақ ұнтағын сұйылту үшін жұмсалған олифтің мөлшері, сатылатын қою езілген паста массасының 17-28% шамасында. Қою езілген умбраны сұйылтуға 35-40%, ал темір жосасына 50-70% олиф қосу керек.
Бүркемелігі, төменгі жатқан қабаттың жарық болып бөлінбеуіне дейінгі, 1м2 бетті жабуға керекті, пайдалануға дайын бояудың өте аз мөлшерімен білінетін шама. Сонымен пайдалануға дайын охраның бүркемелігі 180 г/м2, ал темір жосасының бар болғаны – 35г/м2. Демек темір жосасының бүркемелі қасиеті жоғары; боялатын беттің бір өлшеміне ысырабы, охра ысырабына қарағанда аз. Мырш пен литопонды ақ ұнтақтардың бүркемелігі шамамен 150-200г/м2 шегінде (бояудың түріне байланысты). Пайдалану жағдайларын анықтау үшін берілген майлы бояудың атмосфера әсеріне шыдамдылығы, сондай-ақ коррозияға қарсы тұру қасиеттерін бағалау, олиф пен пигмент және басқада бояудың, құрамына енетін заттардың түрлерін еске ала отырып іске асырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет