Ақ пигменттер. Желімдейтін құрамдарда ғимараттардың ішін бояу үшін борды жиі қолданады. Майлы бояуларда мырштың, титанның қосындылары болуы мүмкін. Олар титанның қос тотығымен тұндырылған күкіртті мырыш пен күкірт қышқылды барииден тұратын литопонды ақ ұнтақтан құрастырылған мырш пен титанның қоспалары.
Ақ пигментке алюминий ұнтағында жатқызады. Оларды бейтарапты байланыстырғыштарда дайындалған бояулар мен эмалдарда қолданады. Мұнан суда өте төзімді және ұзақ бұзылмай тұратын бояу қабыршығы пайда болады. Аталған пайдалы қасиеттерді алюминий ұнтағының күннің ультракүлгін сәулелерін өткізбеуінен және оның қатпарлы тілік құрылымды болуының арқасында, тығыз қабықты бояу қабатын түзейтіндігімен түсіндіруге болады. Металл конструкцияларын коррозиядан сақтау мақсатымен, оларды алдын ала мырштың қос тотығы және жосамен майлап, сонан соң ғана алюминий бояуымен боялады. Алюминий ұнтағының коррозияға қарсы қасиеттерін түсіндіру жөніндегі әңгіме төменде айтылатын болады.
Сары пигменттер. Охра әртүсті бояуы мүмкін – ашық сарыдан қоңырға дейін. Ол дегеніміз табиғи жағдайда темір тотығымен боялған ұнтақталған балшық. Мырш кроны (мыршты сары) құрамы жөнінен хромқышқылды мырш (крон-хром деген сөздің бұзылып айтылуы). Ең басты қолданатын жері металды коррозиядан қорғау үшін пайдаланатын құрамдардың ішіне енеді.
Қоңыр пигменттер. Умбра әртүсті болып келеді – ашық көкшіл қоңырдан қаныққан қара қоңырға дейін. Умбраның өзі табиғи жағдайда, марганецтің қатысуымен темірдің тотығы және сулы тотығымен боялған, майда ұнтақталған балшық. Марганецті қоңыр деп аталатын басқа қоңыр пигментті марганецті рудалардан алады.
Қызыл пигменттер. Темір жосасының түсі кірпішқызыл болады да негізінен темір тотығы массасынан тұрады. Табиғи мумия дегеніміз табиғи жағдайда темір тотығымен боялып ластанған, әртүрлі қызыл реңді майда ұнтақталған балшық. Жасанды мумияның көптеген түсті, күкірт қышқылды кальций мен теміртотығынан тұрады. Қорғасын жосасы қызыл, қызылсары түсті, негізінен қорғасын тотығынан тұрады.