Әдебиеттер
Ә.Тлеуов. Дене тәрбиесі және спорт ілімі мен әдістемесі. Шымкент, 2003ж.
Ә.К.Әбділлаев., Ж.К.Оңалбеков. Дене мәдениетінің ілімі және әдістемесі. Түркістан, 2004ж.
А.Есмағанбетов. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі. Қарғанады, 1995ж.
Б.Мұхамеджанов. Дене мәдениеті мамандығына кіріспе. Кентау, 2006ж.
9-10 лекция. Жоғары мектептің ұйымдастыру негіздері,
құрылымы мен міндеттері
Қазақстанда жоғары мектептің дүниеге келуінің тарихы
ЖОО мақсатын, міндетін, құрылымы мен қызметін анықтайтын типтік құжаттар
Қ.Р. жоғары мектебі - халыққа білім беру жүйесінің соңғы кезеңі. Жоғары мектеп халық шаруашылығы, өнер, мәдениет, дене мәдениеті мен спорттың барлық салаларына мамандандырылған кадрларды даярлайды.
Қ.Р. жоғары мектебінің әлеуметтік рөлі, оның бітірушілерінің алға ілгерлеуші ғылым мен техниканың дамуына қосқан белсеңділік дәрежесімен және оның жетістіктерін барлық қоғам мүшелері мүддесі үшін жүзеге асыруымен анықталады.
Кеңес үкіметі орнағанға дейін Қазақстаңда бірде-бір жоғары оқу орны болмады. Айқын жоғары оқу орны - Қазақ педагогикалық институты (Қаз. ПИ) 1928 жылы Алматы қаласында ашылды. Қазір Қазақстаңда 170 астам жоғары оқу орны, 400 ден астам колледждер бар. Бұл оқу орындарында шамамен 770000 (656,600 + 115020) студент оқиды. Жылдан жылға жоғары оқу орындарының саны көбеюде. Мұның себебі ірі қалалар мен облыс орталықтарында ондаған мемлекеттік емес оқу орындары ашылып, ойдағыдай жұмыс істеуде.
Қ.Р.-да жоғары мектепке жалпы басшылық жасауды Қ.Р. Білім және Ғылым министрлігі жүзеге асырады. Мемлекетімізде жоғары оқу орындары Қ.Р. Үкіметінің жарлығымен Білім және Ғылым министрлігінің келісімімен ашылады.
Әрбір жоғары оқу орнында ректордың, ғылыми Кеңестің жетекшілігімен жоғары оқу орнынын Жарғысы (типтік жарғы негізінде) жасалынады, онда сол жоғары оқу орнының мақсаты, міндеті, құрылымы, міндетті қызметі мен қызметінің ерекшеліктері көрсетіледі.
Жоғары оқу орындарының негізгі типтері университеттер, институттар, академиялар болып табылады. Университетке туыстас емес немесе ұқсас емес мамандықтар факультеттерінен (гуманитарлық, физика-математикалық, жаратылыстану-биологиялық) құрылған жоғары оқу орындары жатады. Онда ереже бойынша ғылыми білім негізін құрайтың барлық пәндер жиынтығы оқытылады. Институттарға, академияға туысқан немесе ұқсас мамандықтар факультеттерінен (педагогикалық, политехникалық) құрылған жоғары оқу орындары жатады.
Қ.Р. Жоғары оқу орындарында мына төменде көрсетілгендей оқу түрлері жүзеге асырылады: күндізгі, кешкі, сырттай және қашықтықтан.
Аспирантура, магистратура - жоғары оқу орнын бітірушілер арасынан іріктеліп алынған ең қабілетті және таланттылардан ғалымдар дайындау жүйесі, жоғары оқу орнының құрамдас бөлігі болып табылады. Көптеген магистранттар мен аспиранттар жоғары оқу орнының кафедралары мен зертханаларында оқиды. Жылда аспирантураны мыңдаған адамдар бітіріп ереже бойынша қорғауға дайын диссертацияларды ұсынады.
Қ.Р. Жоғары аттестациялық комиссия ғылыми кадрлардың дайындығының сапасына және орындаған диссертациялық жұмыстардың деңгейіне бақылау жасауды жүзеге асырады. 2003 жылы Жоғары аттестациялық комиссия 1767 аттестациялық жұмысты мақұлдады. Оның ішінде ғылым докторы ғылыми дәрежесі - 179, ғылым кандидаты - 992, профессор ғылыми атағы - 167, доцент атағы – 429 адамға берілді.
Жоғары мектеп қызметінің ең маңызды бөлімдерінің біріне, жоғары білімі барлар үшін маман кадрлардың білімін жетілдіруді жүйелі түрде ұйымдастыру жатады. Қазіргі таңда ғылымның дамуы, тәжірибелік іске қойылған жоғарғы талаптар үнемі білімді жетілдіруді талап етеді. Әрбір жоғары оқу орнын бітірген бітіруші бес жылда бір рет мамандықты жетілдіру факультеттерінде, институттарда өз білімін жетілдіруі керек. Мамандықты жетілдірудін бір түріне оқытушыларды еліміздің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарына сынақ ісіне іс сапарға жіберу болып табылады.
Жоғары оқу орындарындағы дене мәдениеті және спорт мамандығының оқытушылары көп уақыт шет елдерде іс-сапарда болып қайтады. Олар онда спорт жұмыстарын ұйымдастыруға, жергілікті мамандарды тәрбиелеуге, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге, ұлттық құрама командаларын дайындауға тікелей қатысады.
Әлемнін 35 елінде Қазақстанның 19 мың азаматы әртүрлі мамандықтар бойынша білім алуда. Оның ішінде 16,4 мыңы (86%) - Ресей Федерациясының жоғары оқу орындарында оқиды. Египетте - 40, Үндістаңда - 20, Чехияда - 3, Украинада - 31, Түркияда - 513 Қазақстан азаматары оқып жатыр. 1993-2003 жылдар аралығында "Болашақ" стипендиясына 713 стипендиант ие болған. 2003-2004 оқу жылында республикалық комиссия 28 үміткерге стипендия тағайындады. Оның ішінде АҚШ-та - оқуға 12, Ұлыбританияда оқуға – 10, Германияда – 5, Францияда – 1 үміткерге стипендия тағайындалған.
"Болашақ" бағдарламасы қолданылған 10 жыл ішінде шетелдердегі оқуын 500-ден астам стипендиант толық аяқтады. Түлектердін басым бөлігі білім беру, мәдениет және басқа да ұйымдарда жұмыс істейді (45% - ға жуык), мемлекеттік қызметте 16%, халықаралық ұйымдар мен осы ұйымдардың Қазақстандағы өкілдіктерінде және акционерлік құрылымдарда - 34%. 2003 жылы 62 стипендиант оқуын бітірді.
Қазақстан Республикасының Евразиялық аймаққа кіруі, XXI ғасырға аяқ басуы ел Президентінің "Қазақстан-2030" атты стратегиялық бағдарламасына сәйкес жаңа техника мен технология үрдістерінің дамуы келешекте жоғары оқу орындарында білім беру қандай бағытта өрбуі керек деген өзекті мәселе туғызады.
Дүниежүзілік тәжірибеде мемлекеттің саяси-әлеуметтік, экономикалық деңгейін бағдарлау үшін "адамның даму индексі" деген ұғым пайдаланылады. Бұл ұғым негізінен үш құраммен сипатталады: 1) ұзақ өмір сүру; 2) білімділік; 3) өмір сүру деңгейі. Ал бірінші, үшінші құрамдар тікелей білімділікке тәуелді. Білімнің қоғамдағы рөлі туралы 1988 жылы Парижде өткен Нобель лауреаттарының "XXI ғасырдың табалдырығында" атты конференциясында былай делінген: "Білім - басқарудың бір түрі ретінде жекелеген адамдармен қатар барлық халыққа бірдей тиісті болуы қажет". Бұдан білім беру сапасын арттыру мәселелерін шешу, мемлекеттің әлем деңгейінде тиісті орнын табуға алдыңуы қатарлы дамыған елдермен ғылым, экономика және саясат салаларьгада бәсекелестікке түсуге мүмкіндік беретіні айқын.
Заманның жаңа даму сатысында білім беру жүйесі қоғамның жаңа экономикалық саясат, әлеуметтік және ингеллектуалдық деңгейіне сай келуі тиіс. Осыған орай білімнің мақсаты, мазмұны және оны оқыту тәсілдері қайта қаралып, оқу жүйесін реттеу, ұйымдастыру мәселелері зерттеліп, өз шешімін табуды қажет етеді.
Кеңес екіметі тұсындағы оқу тәсіліне көз жүгіртсек, негізінде психологиялық, педагогикалық және әдістемелік мәселелерге көңіл аударылып, сырткы саяси экономика, демография және ұлттық жағдайларға мән беріледі.
Екіншіден, білім беру жүйесінде әр адамның әлеуметтік ортадағы алатын орны, ойлау дәрежесі, адамгершілік, өнегелік, этикалық деңгейлері есепке алынбай, оқу үрдісі алдын ала жоспарланған, орталықтан тағайындалған бағдарламамен іске асты. Соның салдарынан мамандықтардың саны көбейіп, жоғары оқу орнының қабырғасынан шыққан мамандардың "сыңаржақтылығына" әкеліп соқты.
XX ғасырда бұрыннаң негізі бір ғылымдардың әр салаға жіктелуі, осыған сай тар ауқымды мамандардың дайындалуы олардың бір-бірін түсінбеушілікке әкелді. Сол себептен ғалымдар мен педагогтардың алдындағы келесі мәселе - іргелі ғылымдардын тұтастығын айқындап, оны әрі қарай жаратылыстану, гуманитарлық ілімдердің тұтастылығымен ұштастырып, жалпы келешекте біртұтас - іргелі білім берудің негізін жасау. Бұдан оқулықтарға талдау жасап, сын көзбен қарап, оқу сапасын биік деңгейге көтеру мақсатында білім беру жүйесін қайта саралап, қазақ тілінде терең мазмұнды жаңа оқу құралдарын жазу мәселелері туындайды.
Оқу үрдісіне жаңа бағыт беріп, оның даму жолдарын жаңа ғасыр талабына сәйкес айқындау үшін білім берудің әр түрлі салаларына білім және ғылым, білім және адам құқығы, білімнін қоғам дамуларындағы әсері, білім беру барысындағы жаңа технологияға талдау жасалып, қорытындылау қажет.
Экономикалық ғылымның жаңа бағытта өрбуі, басқару жүйесінде жоғары дәрежелі, жан-жақты халықтар арасында байланыс шараларын мемлекеттік саясат, экономика және ел мүддесі тұрғысынан шешуді талап етеді. Білім беру саласындағы өткен ізденістер мен тәжірибелерге сүйене отырып, келешекте оқу жүйесін дамытудың мынадай кейбір үрдістерін атап етуге болады:
- оқу саласын демократияландыру;
- гуманизациялау және қоғамдандыру;
- жоғары білім, ғылым және өндіріс салаларын жұмылдыру;
- халықаралық ізденіс пен тәжірибелерді есепке алу;
- оқу саласына аймақтық көзқарас;
- мемлекеттің әлеуметтік, экономикалық және ұлттық психологиялық ерекшеліктерін есепке алу;
- жоғары білім орындары мен келешек мамандардын өмірге көзқарасы араларындағы байланысқа зер салу.
Аталмыш үрдістерді жүзеге асыру мақсатында XXI ғасырдың мүддесіне сәйкес оқу сапасын дамытуда өкімет саясатын басшылыққа алатын білім берудің үлгісін кіргізу қажет.
Бұрынғы оқу жүйесі қалыптасқан әдістер мен ережелер арқылы тек бұрыннан белгілі қоғам саласындағы өзгерістермен және ортаны қоршаған табиғат әлеміндегі қайталанатын құбылыстарды баяндаумен шектеледі. Аталған кемшіліктерді еске ала отырып, жаңа оқу жүйесін енгізуде адамның ойлау дәрежесін дамыту, пәнаралық байланыстарға көңіл бөлу, экологиялық білімді дүниежүзілік деңгейге дейін көтеру мәселесіне зер салған жөн.
Адамзат тарихында адамның негізгі мақсаты - қоршаған ортаны зерттеу барысында табиғат құбылыстарын пайымдап, оның мүмкіншіліктерін, қоғамньщ әр даму сатысына сәйкес ел мүддесіне қолдану. Бұдан адамның қоғамдағы жетекші рөлі, алатын орны, ізденіс пен зерттеу нәтижелерінде алған білімді қорытындылау арқылы қажетті жаңалықтарды өмірге лайықты түрде енгізу шаралары жана оқу жүйесін жасауда, яғни адамның инновациялық қасиеттері кен түрде ескеріліп, инновациялық білім беру саласында негізгі шарттардың бірі болуы қажет.
Алғаш рет 1979 жылы Д.Боткин, М.Эльманджара, М.Малитке "Рим клубына" арнайы дайындаған "Үйренуге шек жоқ" деген баяндамасында, білімнің қоғам дамуындағы рөліне және оның келешекте адамзат пен қоғамның мәдени даму арасындағы қайшылықты жеңудегі маңызына тоқтала келіп, оқу жүйесіндегі әрекеттер мен өмірдің байланыстарына ерекше көңіл бөліп, инновациялық оқыту деген ұғым енгізді. Инновациялық білім беру жүйесін төмендегіше анықтайды:
- "Адам - қоғам - табиғат" арасындағы үйлесімділікті жаңаша қалыптастыратын дүние тану үрдістеріне көзқарас өзгеріп, субъектінің ойлау жүйесін мәдениетті тұрғыдан жетілдіру;
- білім берудің әдісі мен мазмұнын оқушының іскерлік, жігерлілік қабілетін және жаңашылдық қасиеттерін қалыптастыратын әдістемелік әдістерге бағыттау;
- пәндерді оқыту барысында адамның рухани байлығына, өнегелігіне, істеген ісіне, әлеуметтік жауапкершілікпен қарауына көңіл бөлу;
- субъектінің алған ғылыми білімін, оның әлеуметтік тұрмысын және іскерлік қабілетімен ұштастыра қарастыру.
Соңымен, инновациялық білім берудің негізгі мақсаты – адамның шығармашылық мүмкіндігін сақтау және дамыту, өз іс-әрекетін қоғамдағы езгөрістерге сай бейімдеу, байланысты дамыту және дүниетанудағы субъектінін жан-жақты ұғым жүйесін қалыптастыру. Яғни, қоршаған ортаның заңдылықтарын ғылыми тұрғыдан қорытындылау, өмірдің қажеттілігіне жарату, негізінен алғанда білімнің мазмұны мен құрамына жаңашылдық көзқарасты талап етеді.
Білім қоғамның мемлекеттін бүкіл салалары мен жеке тұлғаның жан-жақты дамуына тікелей әсер өтетіні себепті Қазақстанның бүтіні мен болашағы білім сапасынан талап етіледі. Олай болса республикада бүгінгі білім саясатының идеологиялық тұрғыдан оң бағыт алуы ел басшысының халқына Жолдауы мен стратегиялық даму бағыты талаптарының іс-жүзіне нәтижелі асуына мүмкіндік туғызады. Идеологиялық бағыттың бағдар алуына себепкер болатын сол қоғамдық құрылыстағы объективті, субъективті қозғаушы күштер екені белгілі. Осы тұрғыдан қарастырғанда Қазақстанның білім беру жүйесіндегі өзекті жайдың бірі - оның ұлттық мәселері.
Оның үстіне біріншіден, ұлттық тіл, мәдениет, өнер, әдебиет, тарих салалары білімдерін студенттерге барынша білім болмысымен терең меңгерту этнопсихология, педагогика пәндерінің ауқымына сын бермейтінің, екіншіден, ұлттық білім беру саласының жалпы Қазақстандық принципінің жалпы адамзаттықпен, көрісінше, жалпы Қазақстандық принціпімен сабақтастық табуын тек қана этнопсихологиялық, педагогикалық білім беру арқылы жүзеге асыру мүмкін еместігін; үшіншіден, этнопедагогика, педагогика ғылымының құрамдас бір бөлігі мемлекеттік стандарт бойынша жалпы кәсіби немесе арнайы пәндер құрамына енетін болғандықтан, педагогикалық оқу орындарында ғана жүргізілетінің ескерсек, жоғары білімнің ұлттық мәселелерін барлық жоғары оқу орындарын қамти отырып оң шешу барысында тағы қандай білім салаларын зерделеу қажет деген заңды сұрақтар туындайды.
Жоғары оқу орындарында білім беру жүйесінің негізгі міндеті басқару орталықтарына, жоғары және орта мектепке, қоғамдық саяси орталықтар мен өнеркәсіптерге қабілетті де ойшыл, жаңашыл бәсекешіл, әлемдік интернет жүйесіне қосылып дербес компьютермен жұмыс істей алатын, еліміздің жарқын болашағын ойлайтын қазіргі өмір талабына сай іріктелген таңдаулы мамандар дайындау болып табылады. Мұндай деңгейдегі жоғары оқу орындарын бітірген ой өрісі мен мәдениеті биік түлектер өздерін қызмет орындарымен қамтамасыз ете алады. Олар бір-бірімен ұштасып жатқан ғылым мен өндірістің барлық салаларына бағытталған жан-жақты терең білім алулары қажет. Осыдан келіп білімнің іргелілігі, жан-жақтылығы мен қоғамдық өзгешеліктерімен үйлесуіне ерекше талап қойылады.
Соңғы көздері педагогика саласында білім беру барысында жалпы танылған екі сөзден тұратын "оқу-тәрбие" деген сөз тіркесіне ерекше көңіл бөлініп жүр. Осы сөз тіркесін жеке тұлғаға білім беруді "дамыту - оқыту - тәрбиелеу" процесі деп атау керектігін айтады. Енді білім, даму, оқу және тәрбие ұғымдарына жеке-жеке тоқтала кетейік.
Білім беру - тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат берудің жолдары. Білім алудың негізі - оқу. Білім беру ісі шеберлікке, дағдыға баулиды, белгілі бір кәсіпке, мамандыққа үйретеді.
Даму дегеніміз - саннан сапаға, ескі сападан түбірлі жаңа сапаға өту. Даму дүниеде болып жатқан өзгерістердің сипаты мен бағытын білдіретін фәлсәпалық ұғым. Даму идеясы – бүкіл фәлсәфә, жаратылыстану, қоғамдық ғылымдар тарихының ең басты идеяларының бірі. Даму идеясын тұңғыш ашқын грек философы Гераклид болды.
Оқу - табиғат дүниесіндегі өзгерістерді, қоғам өміріндегі әлеуметтік құбылыстарды, енімді еңбекті, дамудың объективтік заңдылықтарын түсіндіру әдістері. Оқу баланың күнделікті сатылап үздіксіз жетілуіне сәйкес құрылады.
Тәрбие - қоғамдық өндірістік және мәдени өмірдің белсенді қатысушысын даярлауды мақсат етіп қойған жеке адамды қалыптастырудын жүйелі процесі. Тәрбие отбасының, мектептің, мектептен тыс мекемелердің, балалар және жастар ұйымдарының, жұртшылықтын бірлескен іс-әрекеті процесінде жүзеге асады.
Біздің ғасырдың екінші жартысындағы саяси және экономикалық болмыс экономикадағы білім саласында бірінен-бірі тәжірибе алмасуға алып келген интеграциялық процестерге тікелей байланысты болып отыр.
Жоғары білім берудің даму жағдайындағы жыл сайынғы баяндамада "Сонты үш онжылдықта АҚШ, Жапония, Батыс Еуропа елдері жоғары мектептерінің дамуы бір ғана бағытта жүрді. Нәтижесінде осы елдердің жоғары білім беру жүйесі едәуір жақындасты" делінген. Білім беру жүйесінің жақындасуы жүрген негізгі бағытты көрсетейік.
Қоғамымызда демократиялық түрде болып жатқан өзгерістер еліміздегі үздіксіз білім беру саласынын барлық құрылымын, оның ішінде жоғары мектепті де соған лайык жетілдіруді талап етеді. Жоғары білім беру жүйесінің құрылымы бірдеңгейлі, сатылы немесе көпдеңгейлі, сатылы жүйе болуы мүмкін. КСРО-да жоғары білім беру жүйесі бірдеңгейлі жоғары мектептен, сатылы жоғары білім беру жүйесіне көтерілді, ал демократиялық дамыған елдерде көпдеңгейлі жоғары білім беру кен орын алған.
Соңғы жылдардағы көптеген зерттеулердің тұжырымдамалық қорытындылары бойынша жоғары білім берудің бірдеңгейлі жүйесі мақсатты жүйеге кірерде анықталған және оқыту барысында өзгермейтін жоғары кәсіптік білімі бар маман дайындауға бейімделген. Мұндай жүйенің жалпы білім берудегі қызметі кәсіптік дайындыққа қарағанда көмекші рөл атқарады. Аралық кезеңдерде тіпті төменгі біліктілікті маман дипломын алып бұл жүйеден шығу мүмкін емес. Мамандыққа байланысты оқу мерзімі 4 жылдан 6 жылға дейін.
Демократиялық қоғам дамуының дүниежүзілік үрдісіне сәйкес еліміздің жоғары жаңа білім беру жүйесі зиялы сипаттағы әлеуметтік институт ретінде тек түрімен ғана емес, мазмұнымен де көпдеңгейлі білім беру жүйесі болуы керек. Демократиялық қоғамның да, дамушы тұлғанын да мүддесіне жауап беретін еліміздің көпдеңгейлі білім беру жүйесінің құрылымы төмендегі №1 кестеде көрсетілген.
Бірнеше деңгейдің болуы, ғылыми-оқытушылық қызметпен шұғылдануға бағдарланған жоғары деңгейдің тереңдетілген білім алуға қабілетті студенттерді сұрыптауға мүмкіншілік туғызады. Бұл жағдайда студенттердің басым көпшілігі орта базалық білім беру деңгейін аяқтайды да, оларға бакалавр немесе оған тең дәрежелі диплом береді.
Бұл ретте Қазақстанның үздіксіз білім беру жүйесінің қызмет етуі жағдайында ең "жалпы" оқу пәндері қоғамның тікелей әлеуметтік сұранысынан шығатын "қазақ тілі" мен ғылыми техникалық үрдістің талабынан туындайтын компьютер тілдері болып табылатының атап көрсеткен жөн. Бұл екі тіл Қазақстан ЖОО түлектерінің қарым-қатынастық мәдениетін арттырудың аса маңызды құралы болып табылады. Бұларды білмесе, олар қазақстандық қоғам жағдайында міндетті қызметте сауатсыз маман болып қала береді.
Сондықтан, жоғары білімді мамандарды дайындау бағдарламасын табысты жүзеге асыру үшін қоғам сұранысына дер кезінде жауап бере алатын мейлінше икемді жүйені орынды пайдалану керек. Бұл тұрғыдан алып қарағанда бірнеше сараланған деңгейлерді қамтитын жүйенің келешегі зор. Осыған сәйкес қазіргі жоғары білім беру, мамандарды дайындаудың көпдеңгейлік жүйесін ескере отырып құрылады.
1. Бірінші деңгей - жалпы жоғары білім беру (ЖЖББ) - бірінші және екінші курстар. ЖОО-на түсушілер үшін бірінші деңгейдің негізгі мақсаты - жалпы білім беру бола түрса да, арнаулы пәндерді оқытуды теріске шығара алмайды. Бұл ретте бірінші курстағылардың 30/70%-і үшін танымдық және кәсіби қызығушылығына қарай саралау барысы әлі аяқталмайды олар өзінің білім алу бағыты бойынша ізденуде болады. Жобалап айтқанда, осынша студент бұрыннан алған жалпы білімдерін түзету қажеттігін сезінеді. Осыған байланысты жоғары оқу орындарының бірінші деңгейде ұсынатын жалпы білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты - тұлғаның өзіне қажетті сұранысын сезінуге көмектесу, оларды жалпы адамзат құндылықтары тұрғысында сомдау, болашақ кәсіби қызметтің тұлғаға жүктейтін шектеулерін есепке ала отырып, өзінің білім беру бағдарламасын айқындау және оны онтайлы жүзеге асыруды ширату.
2. Екінші деңгей - базалық жоғары білім беру (БЖББ) - үшінші және төртінші курстар. Мұндағы студенттердің басты мақсаты - бірінші сатыдағы ұғынған кәсіби қызығушылығына сәйкес қайсыбір пәндік салада жеткілікті де ауқымды білім алу. Осыған байланысты ЖОО-ның екінші деңгейінің негізгі міндеті - жеке тұлға жалпы кәсіби дайындықтын (ЖКД) мол жиынтығынан өз бағдарламасын таңдауы қажет. Студентке таңдап алған ЖКД аясында келешекте өз бетімен осы пән ауқымында іске асырылатын сан алуан әрекеттерге жаттыға алатындай білім беріп, кәсіби оқытумен қамтамасыз ету ЖОО-ның міндеті болып табылады.
3. Үшінші деңгей - толық жоғары білім беру (ТЖББ) және ЖКД - бесінші, алтыншы курстар. Бұл деңгейдің дүниежүзілік тәжірибеде аз стандарттандырылғандығын атап өткен жөн. ЖКД - бұл кәсіби міндетті орындаушылық үшін ғана емес, басқару үшін де, яғни, өз қызметін ғана емес, басқа адамдардың да қызметін ұйымдастыруға дайындығы мол дипломды мамандарды дайындау болып табылады. Жоғары дипломды мамандар стандартты технологияны өзінің пәндік саласында пайдалануға және жаңа технологияны өз бетінше меңгеруге дайын. Бұл деңгейде білім берудін аяқталуы арнайы бақылау негізінде алынған мамандығы бойынша біліктілік берілген маманның дипломымен расталады. Магистратура бітіргендер толық жоғары білімге ие болады. Олар стандартты емес кәсіби міндеттерді шешуге, жаңа техниканы құрастыруға бағытталған ізденушілік қызметке, ғылыми-оқытушылық қызметке, сондай-ақ, тактикалық деңгейдегі орындаушылық және басқарушылық еңбекке де дайын. Бұл деңгейдегі білім берудің аяқталуы арнайы бақылау негізінде (диплом қорғау, мемлекеттік емтихан) берілген, мамандығы көрсетілген магистр дипломымен расталады.
Білім беру жүйесін жетілдіру шараларына әлеуметтік тұрғыдан қарап, халықтың рухани байлығын арттырута себеп болатын негізгі көкейкесті мәселе деп қарау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |