Анықтамалар: 1.р(х) предикатын теріске шығару деп хХ мәндерінде р(х) жалған болғанда және тек сонда ғана ақиқат болатын және керісінше ақиқат болғанда және тек сонда ғана жалған болатын р(х), хХ предикатты айтады.
2.р(х) және хХ предикаттарының конъюкциясы деп хХ мәндерінде екі предикат та ақиқат болғанда және тек сонда ғана ақиқат болатын р(х)q(х), хХ предикатты айтады.
3.р(х) және q(х) предикаттарының дизъюкциясы деп хХ мәндерінде екі предикаттың ең болмағанда біреуі ақиқат болғанд және тек сонда ғана ақиқат болатын р(х) q(х), хХ предикатты айтады.
4. р(х) және q(х) хХ предикаттарының импликациясы деп хХ мәндерінде р(х) ақиқат, ал q(х) жалған болғанда және тек сонда ғана жалғанболатын р(х) q(х), хХ предикатты айтады.
5.р(х) және q(х) хХ предикаттарының эквиваленциясы деп хХ мәндерінде олардың екеуі де ақиқат немесе екеуі де жалған болғанда және тек сонда ғана ақиқат болатын р(х) q(х), хХ предикатты айтады.
0,1,2,3,4,5,6,7,8,9 сандары туралы мынандай ой айтуға болады:
а) барлық берілген сандар бір орынды;
б) берілген сандардың кейбіреуі жұп сандар.
Бұл сөйлемдердің ақиқат не жалғандығын анықтауға болатындықтан екеуі де пікір болады.
Енді а сөйлемінен “барлық” деген сөзді алып тастасақ “Берілген сандар бір орынды” деген сөйлем құрылады. Бұл сөйлем пікірлік форма болады. Сонымен, бұл пікірлік форманың алдына қойылған “барлық” сөзі оны пікірге айналдырады екен.
“б” сөйлеміндегі “кейбіреуі” деген сөз “берілген сандар жұп” деген предикатты пікірге айналдырып тұр. Сонымен қатар “бар болады” деген сөзді қолданып та предикатты пікірге айналдыруға болады.
“Барлық”, “бар болады”, “кейбір” деген сөздер кванторлар деп аталады. Осындай пікірлерді жазу үшін және символдары пайдаланылады. символы “барлық”, “әрбір” “кез келген”, “әртүрлі”деген сөздердің орнына қолданылып, жалпылау кванторы деп аталады. символын “бар болады”, “қандай болмасын”, “ең болмағанда бір” “табылады” сөздерінің орнына пайдаланып, оны бар болу кванторы деп атайды.