Балалармендұрыс қарым-қатынас орнату Қарым-қатынас адам психикасының және оның мінез-кұлкының мәдени, саналы түрде қалыптасуы мен дамуында үлкен роль атқарады. Қарым-қатынас арқылы адам жоғары қабілеттері мен қасиеттерін аша алады. Дамыған адамдармен белсенді қарым-қатынасқа түсе отырып, ол өзі тұлға болып қалыптаса алады. Егер туғаннан бастап, адам басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігінен айрылса, ол ешқашан мәдениетті, адамгершілігі бар адам болмас еді.
Әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, қонақжайлылық құндылықтары қалыптасқан халқымыз осы асыл да абыройлы қасиеттерін жас ұрпақтың ақыл- парасатына азық ете білу үшін, әрбір тәрбиеші, ұстаз халық педагогикасын, сан ғасырларда қалыптасқан салт- дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды жан-жақты терең білумен қатар, өзінің бойына адамдық құндылықтарды терең сіңірген, рухани жаны таза адам болуы шарт. Ол рухани адамгершілік тағылымдарды өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім берудің барлық кезеңдерінде негізге алғаны жөн. Сонда ғана өзінің міндетін айқын сезіне білетін, мінез құлқы жетілген саналы адам қалыптасады. Жетілген мінез-құлық – бұл үш нәрсенің: жүректің, ақылдың және қолдың бірлігі мен келісімі.
Мәдениет – жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның өмір сүрген ортамен қарым-қатынасы. Ол - өзара қарым-қатынас нәтижесінде қалыптасатын ерекше құбылыс. Адамдар өздерін қоршаған ортаға, оның әлеуметтік және мәдени қатынасына әсер етеді, өзгертеді.
Қазақ халқының бала тәрбиесіне деген көзқарасының өзіндік ерекшеліктері бар. Келешек ұрпақ тәрбиесіне үлкен мән беріп, балаларды ата-баба дәстүрінде тәрбиелеуді мақсат тұтқан қазақ отбасылары баласын мәдениеттілкке, зерделілікке баулып, халықының мәдениеті мен әдет-ғұрпын тәрбиенің бұлжымас құралы ретінде
ұстанған. Бұл ретте педагогика тарихында қазақ ауылындағы отбасы
тәрбиесі, мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастыру, балалардың даму
ерекшеліктері, адамгершілікке тәрбиелеу және т.б. мәселелер зерттелген. Қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру мәселесімен де бірқатар ғалымдар айналысқан, атап айтсақ, ресей ғалымдары Урунтаева Г.А., мәдениетін қалыптастырудың жолдарын ұсынса, қазақ педагог-ғалымдары Шериазданова Қ.Т., Ауталипова Ү.И., Елеусізова С.М., Оразбекова К.К. және т.б. қарым-қатынас мәселелерін сөз етеді. Десек те, қазақ отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты, оның өзіндік ерекшеліктерін қарастырған еңбектердің өте аздығы анықталды. Сонымен, балалардың қарым-қатынас мәдениетін бүгінгі өмір талабына сай, ұлттық сипатта қалыптастыруды жүзеге асырудың қажеттілігі мен оны отбасы тәрбиесі жағдайында ғылыми-әдістемелік бағыттарының жеткіліксіздігі аралығында қарама-қайшылықтар байқалады.
Қарым- қатынас мәдениеті дегеніміз-адамдардың өз мінез-құлқын басқару арқылы басқалармен тіл табысу және алдына қойған мақсатына жетудің тиімді жолын табуды айтамыз. …
Адамдар арасындағы қарым-қатынастың басты мақсаты – өзара түсіністікке қол жеткізу. Қарым-қатынас жасауда қатынасқа түскен адамды тыңдап, түсіне білудің маңызы зор. Бұл басқа адамның ішкі жан дүниесін түсініп, оған өз ойын дұрыс жеткізуге мүмкіндік береді. Адамдар басқаларға өз ойлары мен көзқарастарын түсіндіре отырып, түсініспеушілік, ұрыс-керіс пен дау-жанжал секілді жағымсыз құбылыстарды болдырмауға әрекет жасайды. Адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға мынадай ережелердің орындалуы көмектеседі: барлық адамдармен тең дәрежеде, дөрекілік пен жағымпаздықсыз қарым-қатынас жасау; сұхбаттасушының жеке пікірін сыйлау; бұйрық емес, өтініш деңгейінде қарым-қатынас жасау; басқа адамның пікірін сыйлау және тәжірибесін қабылдай білу. Қарым-қатынас мәдениетін меңгерген тұлға өзімен қатынас жасайтын адамға құрметпен қарап, сыйластық білдіреді. Адамға сыйластықпен қарау жақсы қарым-қатынас жасаудың негізгі өлшемі болып табылады.
Ата-аналармен әңгімелесу орны міндетті түрде болғаны дұрыс. Өйткені ол жерде сөйлеу мәдениеті мен ойлау мәдениеті қалыптасады. Бірақ
баламен тілдік қарым-қатынас жасауда арнайы дауыс көтеру қажет емес. Ертегі өзі-ақ баланы қызықтырушы үлгі болып табылады. Ертегіні білген бала қиялдау, армандау сезімдеріне бөлене алады. Барлық отбасы мүшелері бірге дауыстап оқып, концерт ұйымдастыру, ертегі құрастыру, хормен әң айту сияқты тәсілдерді әдетке айналдырған ата-аналардың балаларына қарым-қатынас жасау ешқандай қиындық тудырмайды. Бұндай балаларға болашақта басқа балалармен араласу онайға түседі.
Сондай-ақ, баланы тек оқуға ғана емес, қасындағы адамның сөзін бөлмей тындауға да үйрету керек. Бұны да бала өз әке-шешесімен үйренеді. Баланы диалогқа үйрете отырып, біз оны тілдік қарым-қатынас жасауға үйретеміз, өйткені сөйлесіп отырған адамдар екінші адамның дүниеге көзқарасын, сенімділігін таниды.
Сөйлеу тілі баланың әр түрлі әрекеттер жасау барысында жақсы қалыптасады. Егер бала өмірі әр түрлі қызықты оқиғаларға толы болса, ол өзінен өзі дамиды. Мектепке дейігі жаста балалар театрға, концерттік залдарға, мұражайларға, көрмелерге бара бастайды. Ата-ана міндеті баланың араласу, даму ортасын кеңейту. Бірге жүріп өткізген уақыттардан бала жақын адамдарымен араласу кезінде тек қуаныш алуы керек. Ол баланың мәдени өміріне үлкен әскер қалдырады. Бала тілі қалыптаса бастағанда, оның жанында өзін жақсы көретін, түсінетін, қамқор ата-анасы бол,аны жөн. Балабақшада арнайы ұйымдастырылған сабақтар, түзету жұмыстарын және әр түрлі күн тәріптерін орындауға байланысты іс-әрекеттер де балалар мен ересектердін қарым-қатытас құралы болып есептеледі. Сондықтан, мектепке дейінгі балалардың ересектермен, құрбылармен жасайтын қарым-қатысының маңызына өте үлкен мән беру қажет, өйткені ол балалардың жеке басының дамуында маңызды орын алады.