Лекция Тақырыбы: Баланы мектепке дайындау әдістемесінің негіздері Жоспары


Балалар ұжымдарының атқаратын қызметтері



бет9/27
Дата11.12.2022
өлшемі0,79 Mb.
#56506
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27
Байланысты:
лекция

Балалар ұжымдарының атқаратын қызметтері
Ұжым түсінігінің мәні. Ұжым (латын "collectivus" - "коллективус") - жинақтаушы, топ, бірлестік, деген сөзінен шыққан. Ұжымға педагогикалық ғылыми және әдістемелік әдебиеттерде әртүрлі сипаттама беріледі, солардың бірінде:
- ұжым кез келген адамдардың ұйымдастырылған тобы,
- ұжым – жоғары деңгейде ұйымдасқан топ.
Демек, адамдардың бірігуі ортақ бір мақсатты көздегенде және бірлесіп іс-әрекет атқару нәтижесінде ғана жүзеге асады. Адам өмірінің көп бөлігін ұжымда өткізеді. Мысалы, балабақшада, мектепте, білім алуда, қызметте белгілі бір ұжымның мүшесі болып саналады және ортақ мақсат, ортақ бағытта жұмыс жасайды. Бұл жерден мұғалімнің оқушылар ұжымымен кәсіби ұйымдастырылған жұмысы барысында ғана нәтижелі көрсеткіштер болатындығы байқалады. Ұжымда тек жай ғана мейірімді адам болу жеткіліксіз, ол ұжым мүддесімен өмір сүре білу керек. Ол “Адамның күні адаммен” деген қағидаға сай келсе керек Сонымен ұжым тәрбие субьектісі және обьектісі деп нақты айтуға болады. Оның А.С.Макаренко өз еңбегінде көрсеткен нақты бірнеше белгілері бар.
Олар:
1.Нақты мақсаттыңжалпы әлеуметтік мәнді мақсатқа жетуде саналы түрде бірігу процесі жүреді. Кез келген топта трамвайға мінген жолаушыларда да, ұрлық істелген қылымыскерлерде де мақсат болады. Ұжымның мақсаты қоғамдық мақсаттармен сәйкес келеді, яғни мемлекет заңдарына, конститутцияға сай келеді.
2. Ынтымақтастық қарым-қатынастың, бір-біріне көмек, жолдастық, қайырымдылық сезімінің болуы. Жақсы ұйымдасқан ұжымда бір-біріне көмек, бір-біріне жауапкершілік, дұрысын айту, өзін-өзі сынау, бәсекелестік сияқты сана қалыптасады.
3. Біріккен іс-әрекеттің - әрбір ұжым мүшесінің пікірі, міндеттерінің және тәртіптің болуы, жалпы біріккен іс-әрекеттің атқарылуы, яғни қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін жалпы біріккен іс-әрекет ұйымдастыру қажет. Адамдар белгілі бір мақсат жолында ұжымдарға бірігеді. Ұжым мүшелерін ерекшелейтін белгі - олардың іс-әрекет қорытындысы үшін болған жоғары өзіндік жауапкершілігінің болуы. 
4. Сайланбалы жетекші органының болуы - ұйымдастыру құрылымдары, қызметті реттейтін, жалпы сайланбалы жетекші органының болуы, ұжымда демократиялық қатынас пайда болады. Басқару органы ұжымның беделді мүшелерін ашық және тікелей таңдайды. Жоғарыда аталған белгілері бар ұжымда жеке тұлғаның еңбекке, адамдарға, жеке және қоғамдық міндеттерге жауапкершілік сезімдері қалыптасады.
Сонымен қатар, ұжымның атқаратын қызметтері бар. Олар: Балалар ұжымының бірінші қызметі - тәрбиелік: оқушылардың рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру жүйесі бола отырып, өзара ұжымдық қатынаста, өзін қоғамның мүшесі ретінде сезінеді, қоғамдық тәжірибені меңгеріп, өмірде қолданады. Балалар ұжымының екінші қызметі – ұйымдастырушылық: мұнда әр оқушы ұйымдастырушы, орындаушы, яғни өз іс-әрекетінің басшысы. Еңбек, ойын танымдық іс-әрекеттерде өзара қарым-қатынасы қалыптасып, машықтанады. Ұжымда өзара тәуелділік, жауапкершілік, бір-біріне көмек беру, бір-біріне талап қою, өзара тату-тәтті, сыйластықта, достықта болу мүмкіндігі туады. Балалар ұжымының үшінші үшінші қызметі – ынталандырушылық: түрлі қарым-қатынас арқылы ұжым мүшелерінің құндылық бағдарының, өнегелілігі, адамгершілігі, сұлулыққа құштарлығы, өмірді сүюі, өзін-өзі сыйлауының қалыптасуын қамтамасыз етеді. Бұл ұжымның материалдық, рухани байлығын қалыптастыруға ықпал етеді. Осы қызмет түрлерінде қолданылатын әдістер: ұжымды ұйымдастыру әдістері; сендіру әдістері; ынталандыру әдістері. Ұжымды қалыптастыруға ықпал ететін тәрбие құралдары оқу, тәрбие, еңбек әрекеттері мен мәдени-саяси іс-шаралар болып табылады. Бұл тәрбие құралдары оқушылардың бірлескен қатынастарын, кез-келген әлеуметтік ортамен тікелей қатынасын кеңейтуге, танымдық мақсат-мүдделерін қанағаттандыруға, ой-өрісін кеңейтуге ықпал етеді. Ұжымда жеке тұлғаның ұжым мүшелерімен қарым-қатынасы ақпараттық, іс-әрекеттік және эмоционалдық деңгейде жүзеге асады. Ақпараттық деңгейде балалардың өзара ақпарат алмасуы, туындағын мәселені талқылау, шешімін бірлесе іздеу, болашақ істерді жоспарлау мен болжамдау жүзеге асады. Іс-әрекеттік деңгейде ұжым мүшелерінің арасындағы қарым-қатынастар қызығушылығына қарай бірлесе жобалар жасау мен оларды шешу, жалпы мақсатқа бағытталған іс-әрекеттер жүйесінен тұрады. Эмоционалдық деңгейде ұжым мүшелерінің эмоционалдық сезімдік жағдайлары басым рөл атқарады, олардың бір-бірін түсінушілік, адамгершілік сезімдері байқалады. Қоғамда ұжымдарды ортақ іс-әрекеттерінің түрлеріне қарай ажыратады: мамандық бойынша (өндірістік, әскери, дәрігерлік, т.б.), көркемөнерпаздар, қоғамдық (партия, кәсіподақ, бірлестіктер, т.б.), ерікті ұжымдар (ғылыми, әскери-спорт қоғамдары, т.б.), мектеп (педагогикалық ұжым, жалпы ұжым, сынып,
үйірме, т.б.), оқушылар ұжымдары (сынып, клубтар, секция, еңбек бірлестіктері, т.б.) болып бөлінеді. Олар жас ерекшеліктеріне қарай: әртүрлі жастағы және бірдей жастағы болуы мүмкін. Осы ұжымдарда баланың тәрбиесін, оқуын, еңбегін, танымдық іс-әрекеттерін, мәдениетін ұйымдастырудың ең тиімді жолдары жүзеге асады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет