Лекция Тақырыбы: Баланы мектепке дайындау әдістемесінің негіздері Жоспары


-лекция Тақырыбы: Психодиагностика мазмұнының көрінісі



бет12/27
Дата11.12.2022
өлшемі0,79 Mb.
#56506
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27
Байланысты:
лекция

1-лекция
Тақырыбы: Психодиагностика мазмұнының көрінісі
Жоспары:
1.Психодиагностикаға кіріспе
2.Психодиагностиканың ғылыми-теориялық негізі


Лекция мәтіні: 
6.Баланы мектепке дайындауда тәрбиенің маңызы
Жоспар:
1.Тәрбие әдістері туралы түсінік
2. Тәрбие әдісінің түрлері және оларды жіктеу (классификациялау)
3. Тәрбие принциптері

1.Тәрбие әдістері туралы түсінік
Қазіргі педагогикалық теорияда “Тәрбие әдісі” ұғымы әлі де жете зерттелмеген мәселелердің бірі. Өйткені бұл жөнінде әр түрлі көзқарастардың бар екені байқалуда. Бұған көптеген авторлардың тәрбие әдісіне берген анықтамаларының өзі – ақ дәлел бола алады. Т. Е. Конникованың анықтамасы бойынша – бұл педагогикалық жұмыстың тәсілдері мен жолдары арқылы тәрбие мақсатына жету. И. С. Марьенконың анықтамасы бойынша, тәрбие әдісі – бұл жеке адамға тікелей және жанама түрде ықпал жасау. В. А. Сластенин тәрбие әдісін тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің іс – әрекетінің өзара байланыс тәсілдері деп тұжырымдайды.
Белгілі орыс педагогтары тәрбие әдістерін жасау үшін 40-жылдардың соңында, 50-жылдардың басында көп күш салды. Тәрбие әдістері проблемасын шешуде зор үлес қосқан педагогтар Н. К. Гончаров, Т. Е. Конникова, И. Т. Огородников, Н. И. Болдырев, И. С. Марьенко, Г. И. Шукина, В. А. Сластенин т.б.
60- жылдардың екінші жартысынан бастап педагогикалық іс-әрекеттерін жіктеуде “Советская педагогка” журналының беттерінде бірнеше талас пікірлер айтылып келеді.
Қазіргі кезде тәрбие әдістерін жіктеудің ІІ-ден астам түрлері бар. Солардың ішінде Т. Е. Конникова, Г. И. Шукина және В. С. Сластенин жасаған тәрбие әдістері жіктеуінде бірізділік байқалады. Бұл жіктеу мектептерде қолданылып келеді.
Тәрбие әдістері — ересектер мен балалар арасындағы қоғамдық қарым-қатынастардан туындаған тәрбиелік әрекеттестік тәсілдерінің жиынтығы. Ол балалардың тіршілік - әрекет, қарым-қатынастарын ұйымдастырып, белсенділігін арттырып, тәртіпке келтіруді көздейді. Тәрбие әдістерінде тәрбиешінің тұлғалық ерекшелігі, кәсіптік құзыреттік деңгейі айқындалады. Тәрбие әдістеріне бақылау, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі тәрбиелеу, әрекеттерді ұйымдастыру және т.б. жатады. Тәрбие әсерінің дағдарысы — тәрбие әрекеттестігінде пайда болатын қиыншылық, мәселелер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет