Бала мектептегі жаңа іс әрекетке ғана емес, сонымен бірге өзінің құқы мен міндеттері бар оқушының жаңа әлеуметтік жағдайына да дайын болуға тиіс. Тұлғалық дайындық деген ұғым сондай ақ баланың мектепке, оқу іс-әрекетіне, жаңа мектеп ұжымына енуіне, әрбір ұжым жұмысына белсене араласуына мүмкіндік беретін: оқытушыларға, өз- өзіне көзқарасы,ықыластылық, ізгі ниеттілік, өзара көмек, ұйымдастыру шеберлігі сияқты моральдық сапаларды да қамтиды. Егер баланы жаңа білім алу, тану қызығушылығының дамуы( сөмке, оқулықтар, дәптерлер емес) қызықтырса, онда бала мектепке оқуға дайын деп есептеуге болады.Бала(болашақ оқушы) мінез- құлқын, танымдық іс- әрекетін өз еркімен меңгере білуі тиіс.Оқу іс- әрекеті еркін ықылас қоюды, мақсатты түрде есте сақтауды, өзінің мінез- құлқын бақылай білуді, тәртіптілікті, жауапкершілікті, дербестікті, ұйымшылдықты т.т. талап етеді.
Баланың мектепке интеллектуалдық дайындығы
Баланың дүниеге деген көзқарасы, танымы кең болса, белгілі бір білімдердің қоры болса, онда оны мектепке дайын деп есептеуге болады. Сол сияқты балада жоспарлы қабылдау, зерттелетін материалда теориялық қатынастың элементтері, ойлаудың жалпылама формалары, негізгі логикалық операциялар және мағыналық есте сақтаулар болуы керек. Оқу әрекетінде баланың бастапқы қабілеттері қалыптасса, әсіресе оқу мақсатын анықтап, оны жеке мақсатқа айналдырса, ол интеллектуалдық дайындықтың негізгі элементі болып табылады. Сонымен интеллектуалдық дайындық мынандай элементтерден тұрады:
А) дифференциялық қабылдау;
Б) аналитикалық ойлау;
В) шындыққа рациональды қарау;
Г) логикалық есте сақтау;
Д) білімге қызығушылық, қосымша күштер көмегімен оларды алу процесіне;
Е) тілді меңгеру, ұрандарды қабылдауға және түсінуге қабілеті;
Ж) қолдың қимылдарының және көру- қимылдау бағытының дамуы.
Мектепте оқуға әлеуметтік-психологиялық дайындығы. Баланың басқалармен, оқытушымен белсене араласуға деген қасиетінің қалыптасу дайындығынан тұрады. Бала мектепке, сыныпқа келіп жұмыс істеп жатқан балаларды көреді, олармен қарым– қатынас жасау үшін көп күш- жігер керек, компромиске баруы, өзін- өзі қорғана білуі керек. Бұл жағдайлармен халыққа білім беру саласында жұмыс істейтін практикалық психологтар жиі кездеседі. Жыл сайын сәуір айынан бастап тамызға дейін 6-7 жасар балалар мектепке қабылдана бастайды. Әр мектепте балаларды қабылдау әртүрлі әдістермен ұйымдастырылады. Бүгінгі таңда барлық жерде мектепке психологиялық дайындықтың деңгейі анықталуы тиіс. Бұл кезде психолог көбінесе топтық және жеке даралық психодиагностикалық зерттеулер өткізеді. Топтық зерттеулер барысында балаларда интеллектуалдық дамудың деңгейі, қолдың нәзік моторикасының дамуы, қол мен көз көру іс-қимылдарының координациясы, баланың үлгіні қайталауы жалпы түрде көрінеді. Бұл мақсаттарды іске асыру үшін Керн-Ирасектің «мектептік кәмелеттікті» анықтауға бағыттайтын тестін қолдануға болады. Оның бірнеше жетістіктері бар:
1.Тестке аз уақыт бөлінеді;
2.Оны жеке және топтық зерттеулерге қолдануға болады;
Үлкен таңдауда талданған тесттің мөлшерлері болады;
Тестті өткізу үшін арнайы құралдар мен жағдайлар талап етілмейді;
5.Психолог зерттеушіге бала туралы мәлімет алуға көмектеседі.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТ 1. Қазақстан Республикасының Конституциясы . Алматы , 1998 , 48 б . 2. Қазақстан Республикасының « Тілдер туралы » заңы . 11 шілде , 1997 . 3. Қазақстан Республикасының « Білім туралы » заңы . Астана , 2007 , 27 шілде . 4. Үздіксіз тәрбие тұжырымдамасы . Алматы , 1992 , 28 б.