Лекция тақырыбы: Жасуша теориясы, зерттеу әдістері, прокариот және эукариот жасушалары Жасушалық инженерия



бет48/51
Дата08.12.2023
өлшемі99,67 Kb.
#135256
түріЛекция
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51
Моторлы нейрондар - жұлын миының ең ірі клеткалары. Олар жұлынның алдыңғы мүйіздегі сұр затында ядролар деп аталынатын жеке топтар түзіп орналасады. Бұл нейрондар күшті тармақталған мултиполярлық клеткаларға жатады. Оның аксоны жұлын миының алдыңғы түбірінен шығып, еттерге қарай бағытталады. Сондықтан қозғалтқыш импульстер осы клеткалардың талшықтары арқылы мүшеге жетіп, соның қызметін тудырады. Сонымен пайда болған сезімтал импульстің жолы мүшеде аяқталады.
Жұлын миының ақ затының басым бөлімі майлы талшықтардан тұрып, арқалық миды бас мимен жалғастыратын ұзын жол болып табылады.
Нейроглия нейрондармен генетикалық, морфологиялық және физиологиялық жағынан тығыз байланысты нерв ұлпасының бір бөлігі. Нейроглия нерв импольстарын қабылдап, өткермегенмен жалпы нерв ұлпасының тірек, қорек, қорғаныс және оқшаулық қызметтерін қамтамасыз етеді. Сонымен бірге ми эпифизі мен гипофизінде олардың негізін құрап, секрет бөлу қызметін де атқарады. Жоғарыда айтылғандай нейроглия макроглия және микроглия болып бөлінеді.
Макроглия нейрондар сияқты эктодермадан, ал микроглия мезодермадан және мезенхимадан пайда болады.
Эпендимоциттер. Макроглияның ең байырғы түрі - эпендима. Қазақша сырт киім деген сөзден шыққан. Эпендима клеткалары эпителий сияқты жұлын қуысы мен қарыншаларын қаптап тұрады. Клеткалары бір қатарға орналасқан. Призма немесе куб тәріздес. Клетканың базальды жағы жіңішкеріп өсінділері пайда болады да, олар нерв ұлпасына еніп, ұшы сәл жуандайды. Эпендимоциттердің қуысқа қараған бетінде 40-тан астам кірпікшелері болады. Ядросы домалақ, хроматині мол. Эндоплазма торлары, пластинкалық комплексі жақсы дамыған. Митохондриялары мол, клеткалар бір-бірімен әр түрлі клеткааралық байланыстар арқылы байланысқаң. Бұл клеткалар жұлын сұйығының синтезделуі мен қозғалысын қамтамасыз етеді.
Астроглия эмбриональды даму кезінде эпендимадан кейіндеу пайда болады. Ол тірек, қорек қызметін атқарады. Астроциттердің көптеген өсінділері болады. (Аты астрон - жұлдыз деген сөзден шыққан). Клеткалардың ядросы сопақ, цитоплазмасы ақ, органоидтары аз. Рибосомалар, тегіс эндоплазма торлары, майда митохондриялары кезігеді. Клетка қоспаларынан гликоген кезігеді. Астроциттерді екі түрге бөледі. Олар қысқа өсінділі цитоплазмалық астроциттер, олар ми мен жұлынның сұр заттарында орналасқан. Олардың талшықтары болмайды, өсінділерінің арасына нейрондар орналасып ми мен жұлынның стромасын түзеді. Ал ми мен жұлынның ақ затында көбіне талшықты астроциттер орналасады. Олардың өсінділері соншалықты мол болмаса да, жіңішке, ұзын болады. Бұл клеткалардың өсінділері де нейрондар мен олардың өсінділерінің араларын толтырып тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет