Лекция тақырыбы: Жасуша теориясы, зерттеу әдістері, прокариот және эукариот жасушалары Жасушалық инженерия



бет50/51
Дата08.12.2023
өлшемі99,67 Kb.
#135256
түріЛекция
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51
Тигроидты заттар - нерв клеткасына тән нерв жүйесінің екінші түзілістері. Сонымен қатар оларды ядролы бояулармен боялатын қабілеттілігіне байланысты хроматофиль заты деп те атайды. Тигроидты заттар нейронның денелерімен дендриттердің түбінде болып, аксондарда кездеспейді. Олар түйіршіктер немесе кесектер тәрізді орналасып, протоплазмаға ала дақ түсін беріп отырады.
Тірі клеткалардан тигроидты заттар табылмаған. Сондықтан көптеген зерттеулер оның болатындығын жоққа шығарып, тек қана клеткаларды әртүрлі реактивтермен өңдегенде түзілетін заттар деп санады. Бірақ клеткалардың әртүрлі физиологиялық жағдайларына байланысты тигроидты заттың үнемі болуы нейронның қажетті түзілісі екендігін дәлелдейді.
Тигроидты заттың нерв клеткаларында азаюы патологиялық процестерде жеңіл байқалады. Мысалы: улану, дегенерация процестерінде оның саны азайып, нервтегі орны өзгеріп отырады. Бұл затты патологиялық нерв жүйесінде зерттеу соңғы кезде өте маңызды орын алып отыр.
Нейрондардың өзара байланысы. Нейрондар нерв жүйесінің жеке элементтері болғанымен өзіндік қызмет атқара алмайды. Олар өзара байланысып, қозуды рецепторлардан орталық нерв жүйесіне, ал онан әртүрлі мүшелерге жеткізетін тұтас нерв жүйесін құрайды. Тәжірибе арқылы нейронның қатынастары әртекті тармақтар арқылы жүзеге асырылатындығы анықталды. Мысалы: бір нейронның аксоны екінші нейронның дендритімен байланысады.
Нейрондардың дендриттері бір-бірімен протоплазматикалық байланыста өте сирек кездеседі. Ұқыпты зерттегенде нерв талшықтарының ұштарын әрдайым нерв клеткасының денешігінде байқауға болады.
Нейрондарды тәжірибе жасап бұзғанда, тікелей байланысатын тармақтары бүтін қалып, басқа тармақтары дегенерацияға ұшырайтындығы байқалды.
Нейрондар үздіксіз байланысады деген фактіге қарсы, нейрондардың қозуды біржақты өткізетіндігін дәлелдеуге болады. Нервтік қозудың электр толқыны нейронда әр бағытта дамиды. Ал синапстарда тек қана бір бағытта бір нейронның аксонынан екінші нейронның дендриттеріне ғана бағытталып тарайды. Нейрондардың арасындағы байланыс нерв жүйесінің құрамындағы синапс арқылы жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет