Лекция Тәрбие үдерісі – тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі


Лекция 4. Тәрбие жұмыстарын жоспарлау технологиясы және әдістемесі



бет4/15
Дата20.09.2022
өлшемі90,14 Kb.
#39580
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Конспект-лекциялар

Лекция 4. Тәрбие жұмыстарын жоспарлау технологиясы және әдістемесі

Педагогикалық үрдістегі модельдеу мынадай жағдайларда қолданылады:


-педагогикалық міндеттерді және педагогикалық жағдаяттарды
моделдеу;
- оқыту, тәрбие, үйренушілерді дамыту үдерісін модельдеу;
- білім беру мекемелерін басқару жүйесі жағдайын модельдеу.
Педагогикалық моделін құрастыруда мынадай талаптарды тірек етеміз:
- қазіргі қоғам талаптарына сай, болашақ актерлерді кәсіби даярлаудың сапасын жетілдіру;
- зерттеулердің негізгі идеяларын, олар болашақ актерлердің педагогикалық әртістік шеберлігін қалыптастыруды оңтайландыру;
- болашақ актерлердің педагогикалық әртістік шеберліктерін қалыптастыру педагогикалық жоғары оқу орындарында (университеттерде) оқытудың біртұтас педагогикалық үдерісін ұйымдастыру,ғылыми, жалпы кәсіби және тереңдетілген кәсіби сипаттағы білім, іскерліктер мен дағдыларды шығармашылықпен меңгерту, педагогикалық әртістік шеберлікті қалыптастырудың өлшемдерін және деңгейлерін, көрсеткіштерін анықтап, болашақ актерлерді даярлауды әдістемелік тұрғыда жетілдіру.
Модельдеу, ол ғылымның жаңадан ашылған жетістігі емес. Модельдеудің тарихы мыңжылдықтармен саналады. Медицина атасы Гиппократ та адамның көзін емдеуде модельдеуді қолданған. Әйтсе де, тек қазір біздің заманымызда модельдеу арнайы пән, сонымен қатар философиялық ізденістерде де қолданылатын болды. Бұл әдіс электроника мен кибернетиканың дамуына байланысты шынайы төңкеріске әкелуімен түсіндіріледі. Модельдеу ерекше және әмбебап ғылыми таным және кез келген бағытта емес, саналы және жүйелі қолданылатын ұғым ретінде қарастырылады. Модель таным объектісінің орнын басатын және ол туралы ақпарат көзі болып табылатын материалдық жүйе деп түсіндіріледі. Модельдер зерттеу мақсатына байланысты әртүрлі прициптермен классификацияланады. Солардың ішінен ортақтары ретінде келесілерді көрсетуге болады:
- таным процесінде қолдану мақсаты бойынша классификациялау принципі;
- түпнұсқа туралы ақпараттың орындалу әдісі бойынша классификациялау принципі;
- адамның оларды жасау барысында қатысу дәрежесіне қарай классификациялау принципі.
Осы принциптерге сәйкес модельдер үш үлкен топқа бөлінеді:
1) эвристикалық
2) дидактикалық таңбалы және заттық-техникалық
3) табиғи және жасанды.
Тереңірек қарастырсақ, көрсетілген топтарда модельдер арасында үлкен айырмашылық жоқ. Таным үрдісінде модельдер әртүрлі функцияларды орындайды. Олар кейбiр құбылыс немесе теорияның интерпретациясын түсiндiруде құрал ретінде қызмет көрсете алады. Ғылыми зерттеулердегi үлкен мәнi модельдің болжаушы (эвристикалық) функциялары болып табылады. Модель жиi ол жөнiнде теорияны шындыққа тексеру мақсаттарына да қызмет жасайды. Модельдің алуан түрлi функцияларын жалпылай отырып, оның бас гносеология функцияларын көрсетуге болады: модель – бұл мәлiмет көзi; модель – бұл өнер бiлiмнiң бекiту құралы.
Жалпы мектептің тәрбие жоспары − алдыңғы жыл үшін мектеп жұмысын талдаудың және алда тұрған оқу жылындағы оқу-тәрбие жұмысын жетілдірудің, мектептің педагогикалық кеңесінің жұмысын жоспарлаудың, оқу-тәрбие жұмыстарын, оқушылармен сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарын, әдістемелік жұмыстарды, ата-аналармен жұмыстарды, өзін-өзі басқару органдарымен өзара әрекеттестікті ұйымдастыру мен жетілдірудің ең маңызды міндеттерін анықтаудың және жылдық, айлық жоспарларды Excel-ге шығарудың құралы болып табылады.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы мектеп оқушыларының бойында адамгершілік және салауаттық тұрмыс негіздерін қалыптастыруға, азаматтықты тәрбиелеуге, шығармашылық қабілетін дамытуға жұмылдырылады.
Осы міндеттерді шешудің жауапкершілігі, мектеп оқушыларының тәрбие ісін бағыттауы және ұйымдастыруы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарға және сынып жетекшілеріне жүктеледі. Олардың біліктілігі балалар әлемін терең түсінуге негізделген педагогикалық білім екендігі даусыз.
Сынып жетекшісі педагогикалық кеңесте немесе сынып жетекшілері бірлестігінде есеп береді. Оқу жылының аяғында сыныбындағы тәртіп пен үлгерімге байланысты жазба есеп береді.
Тәрбиелік жұмысты жоспарлау тәрбиелеу процесін табысты ұйымдастырудың қажетті шарты. Жоспар жасай отырып, сынып жетекшісі сынып ұжымының және жекелеген оқушылардың дамуын жобалайды. Ол тарбиелеу міндeттepін белгілеп қана қоймай, оқушылардың тәрбиелік деңгейін арттыру жолдары мен турлерін де көрсетеді.
Жоспарсыз сыныптағы тәрбиелік жұмыстың мазмұны, түрлері мен әдістepi кездейсоқ факторлармен анықталып, стихиялық сипатта болады.
Сынып жетекшісінің тәрбиелік жұмыс жоспары – міндетті педагогтік құжат. Жоспарды оқу жылы басталар алдында мектеп директоры бекітеді.
Жасөспірімдердің білімі қалыпты болса да тәрбиесі жеткіліксіз болуының қоғамға тигізер кесірі мол. Қоғам өркендеп, заман көркейгенмен жаны азған, тілден, діннен безген, арбау мен алдау, кісі өлтіру мен ұрлық, әділетсіздік пен қайырымсыздық сияқты келеңсіз жағдайлардың кездесуі – ата-ана, мектеп, жұртшылық тарапынан тәрбиенің кеміс түсіп жатқанының айғағы. Сондықтан қазіргі таңда мектептің алдында тұрған өзекті мәселелердің бірі – білім берумен қатар тәрбие жүйесін жетілдіру. Жалпы негізделіп құрылған тәрбие мәртебесін көтеруді көздейтін бағдарлама мектептің алдына жүктейтін міндеттерді, мақсатын, ұстанымдарды өзінің айқындығымен, нақтылығымен жандандыра түседі. Тәрбиенің негізгі мақсаты – жеке тұлғаны дамытудағы толыққанды, парасатты, дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, ар- ожданы мол, еңбекқор, іскер азаматтың бейнесін қалыптастыру. Мектепте осы негізде тәрбие жұмысын жүзеге асыратын диагностикалық талдау жасалынып, жоспар жасалды және оны жүзеге асыратын тәрбие орталықтары құрылды. Осы тәрбие орталықтары арқылы тәрбие беру бағытында жүргізілетін жұмыстар жолға қойылған. Бұл орайда ата-аналар комитетінің рөлі айрықша.
Мектептің ата-аналармен жұмысын ұйымдастыру нысандары әртүрлі болуы мүмкін. Жұмыстың бұл нысандары мен әдістерінің барлығы педагогикалық тұрғыдан негізделгендігі және ынтымақтастық пен өзара іс- әрекеттің біртұтас жүйесінде бірін-бірі толықтырып отыруы өте маңызды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет