Лекция Тәрбие үдерісі – тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі


Лекция 5. Оқушылар ұжымын қалыптастырудағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



бет5/15
Дата20.09.2022
өлшемі90,14 Kb.
#39580
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Конспект-лекциялар

Лекция 5. Оқушылар ұжымын қалыптастырудағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері

Ұжым мәселесі «АДАМ-АДАМ» жүйесіндегі барлық ғылымдарда зерттелінеді.


Философияда–Л.П.Буева, В.Г.Иванов, Н.И.Лапин, т.б.; психологияда –А.Г.Асмолов, А.А.Бодалев, А.П.Донцев, Я.Л.Коломинский, А.Н.Лутошкин, А.В.Петровский, В.А.Петровский, Л.И.Умайский, т.б.; педагогикада – А.С.Макаренко, А.В.Луначарский, В.А.Сухомлинский, С.Т.Шацкий, П.П.Блонский, В.Н.Сорока-Росинский, Т.Е.Конникова және т.б. зерттеген.
Ұжым мен жеке тұлға арасындағы қарым-қатынас тек жеке тұлға сапасына ғана емес, ондағы атқарылатын іс-әрекеттер мен ұжымға да байланысты. Әр тұлға ұжымдағы өз орнын алуға талпынады. Бірақ кейбір обьективті және субьективті себептердің әсерінен барлығы бірдей табысқа жете бермейді.
Тәрбиелеуші ұжым оқушының жеке тұлғасын әлеуметтендіру факторы болып табылады. Тәрбиелеуші ұжымның қозғаушы күші – жеке тұлғаның қажеттілігі, оның мотивациясы, сондай-ақ, іс-әрекет пен қарым-қатынастың сыртқы ынталандыруы.
Тәрбиелеуші ұжым оқушының жеке тұлғасын әлеуметтендірудеөзін-өзі дамыту тұлғаның өзіне-өзінің белсенді іс-әрекеті нәтижесінде жүреді.
Өзін-өзі дамыту – өзін-өзі өзгерту мен шығармашылық идеяларды іздеуге мақсатты бағытталған саналы түрде мотивацияланған үдеріс. Өзін-өзі дамытудан дамытудың ерекшелігі – ол кездейсоқ жүреді және ішкі қарама-қайшылықтарды шешу нәтижесінде тұлғалық сапалардың өзгерісі байқалады.
Тәрбиелеуші ұжым оқушының жеке тұлғасын әлеуметтендірудеөзін-өзі жетілдірудің қажетті шарттары – басты мәселені қоя алу және басым бағыттағы бірінші мәселені ұтымды шеше алу. Осыған сәйкес уақыт талабына сай келетін мәселені таба алу керек, сондай-ақ, оның басым бағыттарын дұрыс анықтау қажет. Бұл үшін мұғалімге өзінің инновациялық әлеуетін толық жетілдіруге мүмкіндік беретін мақсатты дұрыс анықтап алу қажеттілігі туады. Өзін-өзі жетілдіру – бұл мотивацияланған, дербес үдеріс және өзін-өзі тану, шығармашылық тұрғысынан өзін-өзі анықтау, өзін-өзі басқару, инновациялық өзін-өзі жетілдіру үдерістерімен тығыз байланысты. Оның негізіне тұлғаның өзін-өзі өзгерту, өзін-өзі жетілдіру мақсат бағыттылығын түсінуі жатады.
Қоғамда ұжымдарды ортақ іс-әрекеттерінің түрлеріне қарай ажыратады: мамандық бойынша (өндірістік, әскери, дәрігерлік, т.б.), көркемөнерпаздар, қоғамдық (партия, кәсіподақ, бірлестіктер, т.б.), ерікті ұжымдар (ғылыми, әскери-спорт қоғамдары, т.б.), мектеп (педагогикалық ұжым, жалпы ұжым, сынып, үйірме, т.б.), оқушылар ұжымдары (сынып, клубтар, секция, еңбек бірлестіктері, т.б.) болып бөлінеді.
Балалар ұжымы – қоғам жағдайында бала өмірін ұйымдастыруда, тәрбие беруде мақсатты бағытталған әлеуметтік маңызы бар іс-әрекет негізінде оқушыларды біріктірудің ұйымдастырушылық формасы ретінде шешуші рөл атқарады. Ол ең алдымен оқу іс-әрекеті болып табылады. Онда тұлға жан-жақты даму мүмкіншілігін ұжымынан алады. А.С.Макаренко өз еңбектерінде ұжымның заңдылығын «Ұжымның қозғалыс заңы немесе ұжымның өмір сүру, даму заңы»деп көрсеткен.
Сонымен қатар, параллельді ықпал ету принципі дегеніміз – ұжым белсенділері мен мұғалімнің жеке тұлғаға қатар, параллеьді әсер етуі болып табылады.
Ұжым теориясына Н.К.Крупская, А.В.Луначарский, А.С.Макаренко, С.Т.Шацкий, В.А.Сухомлинский және т.б. ұлы педагогтар өз үлестерін қосты.
Ұжым теориясының негізін қалаған А.С.Макаренко. Ол ұжымда жеке тұлғаны тәрбиелеудің басты нәтижесі оның қоғамдық бағыттылығы деп есептейді.
Тұлғаны ұжымда біріктірудің негізгі көзі ортақ мақсаттың және оны іске асыруға бағытталған біріккен іс-әрекеттің болуы.
Балалар ұжымының дамуы мен қалыптасуы балалардың жас ерекшелігіне, мұғалімнің іс-әрекет деңгейіне де байланысты. А.С.Макаренко оқушылар ұжымының дамуын үш кезеңге бөлген.
А.С.Макаренконың дәлелдеуінше, сынып жетекшісінің оқушыларға ұжым дамуының жақын, орта және қашық перспективаларын айқындауға көмектесуі тиіс. Перспектива (болашақтық мақсат немесе болашақ үміт) – оқушыларды қызықтыруға және топтастыруға қабілетті практикалық мақсат. Ол бала тұлғасын дамытатын, олардың даму деңгейіне, жас және жеке дербес ерекшеліктеріне сәйкес қоғамның мақсат, міндеттерін түсіндіру, әртүрлі іс-әрекетке ынталандыру, қызықтыру.
Жалпы ұжымда жеке тұлғаның еңбекке, адамдарға, жеке және қоғамдық міндеттерге жауапкершілік сезімдері қалыптасады. Сонымен қатар, ұжымның атқаратын қызметтері бар. Олар:
Балалар ұжымының бірінші қызметі–тәрбиелік. Оқушылардың рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру жүйесі бола отырып, өзара ұжымдық қатынаста, өзін қоғамның мүшесі ретінде сезінеді, қоғамдық тәжірибені меңгеріп, өмірде қолданады.
Балалар ұжымының екінші қызметі – ұйымдастырушылық. Мұнда әр оқушы ұйымдастырушы, орындаушы, яғни өз іс-әрекетінің басшысы. Еңбек, ойын танымдық іс-әрекеттерде өзара қарым-қатынасы қалыптасып, машықтанады. Ұжымда өзара тәуелділік, жауапкершілік, бір-біріне көмек беру, бір-біріне талап қою, өзара тату-тәтті, сыйластықта, достықта болу мүмкіндігі туады.
Балалар ұжымының үшінші қызметі – ынталандырушылық. Түрлі қарым-қатынас арқылы ұжым мүшелерінің құндылық бағдарының өнегелілігі, адамгершілігі, сұлулыққа құштарлығы, өмірді сүюі, өзін-өзі сыйлауының қалыптасуын қамтамасыз етеді. Бұл ұжымның материалдық, рухани байлығын қалыптастыруға ықпал етеді.
Осы қызмет түрлерінде қолданылатын әдістер:

  • ұжымды ұйымдастыру әдістері;

  • сендіру әдістері;

  • ынталандыру әдістері.

Ұжымды қалыптастыруға ықпал ететін тәрбие құралдары оқу, тәрбие, еңбек әрекеттері мен мәдени-саяси іс-шаралар болып табылады. Бұл тәрбие құралдары оқушылардың бірлескен қатынастарын, кез-келген әлеуметтік ортамен тікелей қатынасын кеңейтуге, танымдық мақсат-мүдделерін қанағаттандыруға, ой-өрісін кеңейтуге ықпал етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет