Дауысты дыбыстардың жіктелуі.Дауысты дыбыстардың
артикуляциялық жіктелуіенде осыларды ескереді:
а) тілдің қатысуы немесе қатыспауы; ә) тілдің көтерілу дәрежесі және
б) тілдің көтерілу орны.а) о және у дауысты дыбыстарын шығарған кезде ерін алға қрай шығыш домаланады, оны лабиализденген дауысты дыбыстар деп атайды (латынның labium- ерін); қалған дауысты дыбстарда ерін сондай белсенді қатыспайды, оларды лабиализденбеген дауысты дыбыстар деп атайды.
ә) Дауысты дыбыстарды шығарған кезде тіл белгілі бір дәрежеде таңдайға көтерілуі мүмкін. Тілдің көтерілуінің үш дәрежесін ажыратады: жоғарғы, ортаңғы және төменгі. Тілді жоғары қарай көтеретін дауыстыларға и, у, ы жатады. Тілдің орташа дәрежеде көтерген кезде э және о дауысты дыбыстары пайда болады. Тілді төмен қарай түсіргенде тек бір ғана дауысты дыбыс – а түзіледі.
б) Тілді көтерілу орны тілдің алға және артқа қарай орналасуына байланысты. Бір дауысты дыбысты айтқан кезде тіл алға қарай қозғалады, соның салдарынан тіл тамырының астында көп және э жатады.
Басқа дауысты дыбыстардың пайда болуында тіл артқа қарай итеріледі, тіл тамырының астында аз кеңістік қалады, тіл ұшы төменгі тістерден алшақтайды, тіл мойнының артқы бөлімі жұмсақ таңдайға көтеріледі, оларды артқы қатардағы дауыстылар деп атайды.
Оған о және у дыбыстары жатады. Тілдің көтерілу орнына байланысты а және о дауысты дыбыстары ортаңғы қатардағы дауыстыларға жатады. Ы дыбысын айтқан кезде барлық тіл мойны қатты таңдайға көтерілген болады. А дауысты дыбысы тілдің көтерілуінсіз айтылады, сондықтан тілдің көтерілу орнына байлансты оны лабиализденбеген дауысты дыбыс
Дауыссыз дыбыстардың артикуляциясы.Дауыссыз дыбыстардың артикуляциясындағы ерекшелігі - олардың пайда болуында дем шығаратын ауа ағынының жолында дыбыс шығаратын түтікте әр түрлі кедергілер пайда болады. Осы кедергілерден өткен кезде ауа ағыны дауыссыз дыбыстардың артикуляциялық ерекшелігін анықтайтын шуды түзеді. Жеке дауыссыз дыбыстардың дыбысталу сипаты шудың пайда болу тәсілі мен оның пайда болу орнына байланысты. Бір жағдайларда дыбыс шығаратын мүшелердің толық жанасуы болады, ол шығарылатын ауа ағынының күшімен жарылып шығады.
Осындай жарылыс кезінде шу пайда болады. Осылай қатаң дауыссыздар түзіледі. Басқа жағдайларда дыбысталуға белсенді қатысатын мүшелер пассивтіге жақын болып, олардың арасында тар саңылау пайда болады. Осындай жағдайда ауа ағынының саңылау шетіне үйкеленуі нәтижесінде шу түзіледі. Осылай ызың дауыссыздар пайда болады. Ауа ағыны дыбыс шығаратын мүше жолындағы кедергілерден өту нәтижесінде дірілді күйге әкелуі мүмкін.
Осылай діріл дауыссыздар пайда болады. Дауыс шығаратын түтіктің бір жеріндегі толық түйісу кезінде (мысалы, ерін немесе тіл, тіс аралықтарында) басқа жерлерде (мысалы, тілдің бүір жақтарында) ауа ағынына бос жол қалуы мүмкін. Осындай жағдайда шу дыбыс мүлдем шықпайды, бірақ дауыс дыбысының өзіндік тембрі қалыптасады. Мұндай артикуляция кезінде пайда болатын дауыссыз дыбыстарды шұғыл деп атайды.
Ауа ағынының - мұрын қуысына немесе ауыз қуысына бағытталуына байланысты шұғыл дауыссыздар мұрындық және ауыздық деп бөлінеді. Дауыссыз дыбыстарға тән ерекшеліктер тек оның пайда болу
тәсіліне ғана емес, сонымен қатар оның пайда болу орнына тәуелді. Жарылыс шуы болсын, үйкеліс шуы болсын дыбыс шығаратын түтіктің әр түрлі жерлерінде туындауы мүмкін. Бір жағдайларда
белсенді болып келетін мүше астыңғы ерін болуы мүмкін, ондай жағдайда пайда болған дауыссыздар ерінді деп аталады. Басқа жағдайларда тіл белсінді болады, пайда болған ондай дауыссыздар тілді деп аталады.Көптеген дауыссыз дыбыстардың туындауында артикуляцияның негізгі тәсіліне қосымша артикуляция қосылады. Ол тіл мойынының ортаңғы бөлімінің қатты таңдайға көтерілу түрінде болады, оны палатализация деп атайды (латынның palatum – таңдай), палатализацияның акустикалық нәтижесі дауыссыз дыбыстардың жұмсаруы болып табылады. Дауыссыз дыбыстардың жіктелуі. Дауыссыз дыбыстардың жіктелу негізінде осындай белгілер жатыр: 1) шу мен дауыстың қатысуы; 2) ар тикуляция тәсілі; 3) артикуляция орны; 4) палатализацияның болуы немесе болмауы. Дауыс пен шудың әсерінен туындайтын дауыссыздар үнді деп аталады. Үнді дыбыстырға м, м', н, н', л, л', р және р' жатады. Үнді дыбыстар қалған дыбыстарға қарам-қарсы, оларды ұяң дауыссыздар деп атайды. Үнді дыбыстарға қарағанда ұяң
дауыссыздар күшті шу қатысында туындайды.