Лекция тезисі Құрастырған: Абуова Б. Ж. Шымкент 2023 Лекция №1



бет20/35
Дата22.02.2023
өлшемі155,09 Kb.
#69915
түріЛекция
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   35
Байланысты:
лекция тезисі

Бақылау сұрақтары:

  1. Сөйлеу мүшелерінің анатомиясы, физиологиясы және

патологиясы

  1. Мұрын

  2. Ауыз

  3. Шықшыт безінің өзегі

  4. Тілдің бірыңғай салалы бұлшық еті.

  5. Тілдің бірінші топ бұлшық

  6. Қатты, жұмсақ таңдай

11,12 дәріс тақырыбы: Сөйлеу мүшелерінің физиологиясы


Жоспары:

1. Сөйлеу дыбыстарының пайда болуы (артикуляция)


2. Бала тілінің негізгі даму сатылары


1. Сөйлеу дыбыстарының пайда болуы (артикуляция)
Адамның дауыс аппараты түтігінің шекті музыкалық аспап түтігінен салыстырғандағы ерекшелігі, оның тек дауысты күшейтуде және даралық (тембр) беруінде ғана емес, ол сөйлеу дыбыстарының пайда болу орны да болып табылады. Дауыс аппаратының бір бөлігі (тіл және тіс альвеолалары, қатты таңдай, жұтқыншақтың артқы қабырғалары, мұрын қуысы) қозғалыссыз қалыпта, оларды сөйлеудің пассивті мүшелері деп атайды және қозғалмалы қалыпта болады, ал оларды сөйлеудің активті мүшелері деп атайды. Төменгі жақтың қозғалысы кезінде, ауыз ашылады және жабылады.
Тілдің және еріннің әр түрлі қозғалыстары ауыз қуысының пішінің өзгертеді. Жұмсақ таңдай көтеріліп, жұтқыншақтың артқы қабырғасына жанаса, мұрын кіре берісін жабады, ал төменге қарай түскен кезде оны ашады.Сөйлеудің активті мүшелерінің қызметі артикуляция деп аталады және ол сөйлеу дыбыстарының (фонем) пайда болуын қамтамасыз етеді. Сөйлеу дыбыстарының акустикалық ерекшелігі бір-бірінен айыруға мүмкіндік беретін артикуляция ерекшелігіне негізделген. Орыс тілінде фонем жүйесі 42 дыбыстардан тұрады, оның ішінде 6 дауысты (а, и, о, у, ы, э) және 36 дауыссыз дыбыстар (б, в, в', г, г', д, д' , ж, з, з', й, к, к', л, л', м, м', н, н', п, п', р, р', с, с', т, т', ф, ф', х, х', ц, ч, ш, щ). Дауысты дыбыстардың артикуляциясы.
Барлық дауысты дыбыстыр артикуляциясының дауыссыз дыбыстар артикуляциясынан
ерекшелейтін белгісі: шығаратын ауа жолындағы дауыс түтігінде
кедергілердің болмауы. Көмейде пайда болған дыбыс дауыс түтігінде
күшейіп, таза түрінде қабылданады. Дауыс дыбысы жоғарыда
айтылғандай негізгі үннен және қосалқы үндерден – обертондардан
тұрады. Дауыс түтігінде тек негізгі үндерінің ғана емес, сонымен
қатар обертондардың да күшейуі жүреді. Барлық обертондар бірдей
күшеймейді: дауыс шығаратын қуыстардың пішініне қарай белгілі бір
бөлімдер (ауыз қуысы, жұтқыншақ) жиілігі көп күшейеді, ал
басқалары аз немесе мүлдем күшеймейді.
Жиіліктің күшейтілген бөлімдері, немесе форманттар әр түрлі дауысты дыбыстардың акустикалық ерекшелігін сипаттайды. Сонымен, әрбір дауысты дыбысқа сөйлеудің белсенді мүшелерінің – тілдің, еріннің, жұмсақ таңдайдың ерекше орналасуы сәйкес. Осының арқасында жұтқыншақта пайда болған бір дыбыс дауыс түтігінде, әсіресе ауыз қуысында өзіне тән сипатқа ие болады. дыбыстыр артикуляциясының дауыссыз дыбыстар артикуляциясынан ерекшелейтін белгісі: шығаратын ауа жолындағы дауыс түтігінде кедергілердің болмауы. Көмейде пайда болған дыбыс дауыс түтігінде күшейіп, таза түрінде қабылданады. Дауыс дыбысы жоғарыда айтылғандай негізгі үннен және қосалқы үндерден – обертондардан тұрады.
Дауыс түтігінде тек негізгі үндерінің ғана емес, сонымен қатар обертондардың да күшейуі жүреді. Барлық обертондар бірдей күшеймейді: дауыс шығаратын қуыстардың пішініне қарай белгілі бір бөлімдер (ауыз қуысы, жұтқыншақ) жиілігі көп күшейеді, ал басқалары аз немесе мүлдем күшеймейді.
Жиіліктің күшейтілген бөлімдері, немесе форманттар әр түрлі дауысты дыбыстардың акустикалық ерекшелігін сипаттайды. Сонымен, әрбір дауысты дыбысқа сөйлеудің белсенді мүшелерінің – тілдің, ерннің, жұмсақ таңдайдың ерекше орналасуы сәйкес. Осының арқасында жұтқыншақта пайда болған бір дыбыс дауыс түтігінде, әсіресе ауыз қуысында өзіне тән сипатқа ие болады. Дауысты дыбыстардың дыбысталу ерекшелігі көмейде пайда болған дыбысқа тәуелді емес, ол тек ауыз қуысындағы ауа толқындарына тәуелді. Әрбір дауысты дыбысқа байланысты ауыз бен жұтқыншақтың пішіні негізінен тіл мен еріннің орналасуына тәуелді болады. Тілді алға қарай және астына қарай қозғалысы, оны таңдайдың белгілі бір бөлімдерінде көтерілуі дауыс шығаратын қуыстардың көлемі мен пішінің өзгертеді. Ерін алға қарай домалай резонатор саңылауын түзеді және дауыс шығаратын қуысты ұзартады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет