Ғылыми – педагогикалық зерттеу аппаратының мазмұны. Зерттеу жұмысының көкейкестілігі: Жастарды кәсіби оқытуды жан – жақты аспектілері 1984 жылғы мектеп реформасы бағытына ылайық қарастырылды. Осыған байланысты бағдарламалар жасалынып оқыту мазмұнында бірінші рет болғандықтан оқушыларды мамандыққа дайындау біріншіден: бітірушілерді мамандық таңдауда жан-жақты ойлануы; екіншіден: алғашқы мамандық разрядына сәйкес келетін арнайы білім, біліктілік пен дағдыларды қалыптастыру мәселелері; үшіншіден: ұлдар мен қыз балаларының жеке басынын идеялық, өнегелі және азаматтық сапаларын қалыптастыруды қамтамасыз етуді талап етеді. Сонымен қатар, мұндағы аса маңызды мәселелердің бірі оқушыларда мамандыққа сүйіспеншілікті дамыту болып табылады.
Сонымен, мектеп – жұмысшы мамандарды дайындаушы дәстүрлі орта кәсіптік білім беру (КТУ), орта арнайы білім мекемелері мен (колледж) бір қатарға тұратын болып отыр. Дегенмен, аталған оқу орындарының кәсіби оқыту мазмұны түгелімен мектепте оқыту мазмұнына көшіріледі деу әбестік болар еді. Осы себепті, мектептегі кәсіби оқыту формаларын, әдістерімен дидактикалық оқыту құралдарын дайындау оларды эксперименттік тәжірибеден өткізу олардың тиімді жолдарын анықтау маңыздылығы (актуальдылығы) туындап отыр.
Алға қойылған мәселе әлеуметтік тұрғыдан ғылыми техникалық прогрестің қазіргі даму тенденциясын, техника – технологияда, нарықтық қатынастар аумағында, информациялық оқушылардың кәсіби оқыту мазмұнына қойылатын талаптарды анықтауды алға тартады.
Ғылымның тез қарқынмен дамуы және жаңа технологиялардың енуіне сәйкес кәсіптік мамандыққа қойылатын талаптар өзгеріп, оқушылардың 2-3 мамандықты меңгеруіне қажеттілігі де туындайды.
Жоғарыдағы айтылған мәселелердің маңыздылығы мен практикалық мәні зерттеу тақырыбын:
«Жалпы білім беретін мектепте мамандыққа оқытудың педагогикалық негіздерің бағытында таңдауда талап етеді.
Зерттеу нысаны – жастардың мамандыққа дайындығы.
Зерттеу пәні – жалпы білім беретін мектеп оқушыларын мамандыққа дайындаудың мазмұны, формасы, әдістері және дидактикалық құр
Зерттеу мақсаты – оқушыларды мамандыққа оқытудын ғылыми - әдістемелік негіздерін дайындау.
Зерттеудің жұмысшы жорамалы: жалпы білім беретін мектепте кәсіби оқыту тиімділігі артады, егерде:
оқыту процесінде, оқытудың дидактикалық құралдары ретінде өндірістік негізде құрылған техника – технологиялық есептер мен тапсырмалар; жинақтау процесін ескеретін жинақтаудың технологиялық схемаларын түсіндіретін графкалық тәсілдер қолданылса;
оқушылар еңбегін ұйымдастырудың жетік формалары қарастырылатын болса;
оқу бағдарламаларында кәсіпке оқытудын бірыңғай мазмұны түзелетін болса;
оқу – тәрбие жұмыстары барысында оқушыларда кәсіби маңызды сапаларды қалыптастыруда V – VІІ, VІІ – ІX, X – XІІ сыныптарда сабақтастық сақталатын болса.
Зерттеу міндеті. Өндіріс салаларына ғылым мен жаңа технологиялардың қарқынды енуін, олардың кәсіби дайындық мазмұнына қоятын талаптарын анықтау.
Оқушыларды кәсіпке баулу мазмұнындағы бірыңғай кәсіби деңгейді анықтаушы талаптарды саралау.
Кәсіби оқыту бағдарламасы мазмұнын түзу және оны эксперименттік тексеру.
Кәсіби оқытудың тиімді дидактикалық құралдарын, формасын, әдістерін анықтау.
Кәсіби оқытудың дидактикалық негіздерін дайындау.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негіздері – табиғат, қоғам, ой дамуының жалпы заңдылықтары; теория мен практиканың диалектикалық бірлігі туралы; жүйелі – құрылымдық қатынас туралы; философиялық және психологиялық – педагогикалық тұжырымдамалар; жеке тұлғаны іс-әрекет арқылы дамыту теориясы; дамыта оқыту теориясы.
Зерттеу көздері. Қазақстан Республикасының «Білім туралың Заңы, ҚР Конститутциясы, қаулы – қарарлары, философтардың, психологтардың, педагогтардың материалдары; Қазақстан Республикасы орта білім мемлекеттік стандарты; Жоғары педагогикалық оқу орындарының, кәсіби оқуытуорындарының оқу жоспарлары, бағдарламалары мен оқу – тәрбие процесі.
Зерттеу әдістері. Зерттеу маңыздылығы бойынша әдебиет өздерінен қажетті мәліметтерді жинақтау және оларды жүйелеу; ғылым мен өндіріс салаларындағы прогресті анықтау; жұмысшы кадрларды дайындаудың озық тәжірибелерін зерделеу; байқау, анкета хронометраж, педагогикалық эксперимент.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: кәсіби оқытудың ғылыми негіздерін және мазмұнын түзу; жұмысшы кәсібін меңгерудің тиімді формаларын, әдістерін және оқытудың дидактикалық құралдарын түзу.
Зерттеудің практикалық маңызы: оқушылардың кәсіби оқыту мазмұнын дайындау; «Кәсіби оқытудың мазмұны, формалары мен әдістемесі, - әдістемелік оқу құралың; «Оқушылардың кәсіби дайындығының дидактикалық негіздерің монографиясын дайындау.