Ғылыми педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыру. Педагогикалық зерттеудің логикалық құрылымы. Ғылыми – педагогикалық зерттеу – оқыту, тәрбиелеу және дамытудың объективтік заңдылықтарын ашуға бағытталған жаңа педагогикалық білімдерді қалыптастыратын барыс, танымдық іс - әрекет түрі.
Педагогикалық зерттеулердің үш деңгейін ажыратады:
эмпирикалық – педагогика ғылымында жаңа деректер анықталады;
дамуын алдын ала айтуға мүмкіндік беретін педагогиканың негізгі жалпы заңдылықтары алға қойылады және тұжырымдалады.
әдіснамалық – эмпирикалық және теориялық зерттеулердің негізінде
педагогикалық құбылыстарды зерттеудің, теорияларды құрудың жалпы принципі және әдістері тұжырымдалады.
Логика – адамның ойлауының қызмет етуінің заңдары мен түрлері жайлы ғылым. Ол формальды және диалектикалық болып екіге бөлінеді. Формальды логика ойлаудың құрамын, яғни таным барысында ақиқат нәтижелелерді қамтамасыз ететін дұрыс пікірдің заңдары мен түрлерін зерттейді.
Диалектикалық логика таным барысының абстрактылы ойлау сатысында диалектиканы пайдалану болып табылады. Бұл ғылыми ойлаудың ұғымдық құрылымына ерекше зер сала қарайды. Ойлаудың түсінік, пікір, ой, қорытындысы сияқты түрлерінің шекараларын бөліп көрсетеді. Бұл бір ғылымның – екі саласы бірін – бірі толықтыра отырып, таным іс - әрекеттерінің жалпы ғылымдық тәсілдері мен әдістерін бөліп алады.