Лекциялар жинағы шымкент 2019



бет28/51
Дата03.05.2023
өлшемі0,76 Mb.
#89632
түріЛекция
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   51
Қосмекендiлер экологиясы. Бiрiншi рет құрлықта тiршiлiк етуге шыққан омыртқалы жануарлар, құрлықта тiршiлiк ететiн омыртқалы жануарлардың дамуына жол ашқан қосмекендiлер. Оларды орманда, далалық аймақта, бау-бақшада, өзен-көлдер жағасында көруге болады, бiрақ көбеюi суда өтедi.
Қосмекендiлер насекомдармен және олардың личинкаларымен (қоңыздар, шыбындар, масалар т.б.) және өрмекшiлермен қоректенедi. Олар моллюскалар (шырышты тоспа ұлуын т.б.) мен балықтың шабақтарымен қоректенедi. Мысалы, шөп бақаның бiреуi ғана жаз бойы 1200 зиянды насекомды жеп пайда келтiредi. Қосмекендiлердiң өздерi балықтарға, құстарға, жыландарға, кiрпiлерге, сасық күзендер мен құндыздарға таптырмайтын қорек. Құрбақа мен саламандрлардың терiлерiнде улы бездерi болғандықтан оларды ешкiм жемейдi. Қосмекендiлер суық түсiсiмен қысқы ұйқыға кетедi[2].
Қосмекендiлердiң маңызы. Олар су мен құрлықтың арасындағы зат алмасуды жүргiзуде көптеген биоценоздарда көбейiп байланыстырушы қызметiн атқарады. Қосмекендiлердiң негiзгi (тамағы) қорегi омыртқасыз жануарлар, оның iшiнде насекомдар. Олар –бақшаның, орман мен даланың зиянкестерiн жеп, адамдарға пайда келтiредi. Мамандардың есебi бойынша жаз бойы бiр шөп көлбақасы шамамен 1,2 мың ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң зиянды насекомдарын жейдi екен. Құрбақалар азығын түнде iздеп құстар iздеп таба алмайтын түн насекомдарын, моллюскалардан жалаңаш шырышты т.б. түн жәндiктерiн жеп үлкен пайда келтiредi. Бақалар ертеден медицина мен ғылымға әртүрлi тәжiрибелер жасайтын бiрден-бiр қолайлы жануарлар.

Бауырымен жорғалаушылар жер бетiнде тiршiлiк ететiн, жоғары сатыдағы омыртқалылар. Құрлықта тiршiлiк етуiне байланысты бұлардың денесi жақсы жiктелген. Басын әр түрлi бағытта қозғауына мүмкiндiк беретiн мойын бөлiмiнiң болуы. Денесiн құрғап кетуден сақтайтын терiсiнде мүйiздi эпидермис қабаты мен мүйiздi қабыршақтарының болуы. Өкпе арқылы тыныс алады. Жүрегi мен артериялық доғасы жақсы жiктелген. Сонымен қатар рептилилер жоғарғы сатыдағы омыртқалылардың iшiнде нашар ұйымдасқан организм болып саналады. Аортаның екi системалы доғасына байланысты, олардың тұлға бөлiмiнiң артерия қаны аралас болады. Дене жылуының реттелу қабiлетi нашар. Дене температурасы тұрақты емес. Қазiр бауырымен жорғалаушылардың 6000-дай түрлерi белгiлi.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет