Лекциялар жинағы шымкент 2019



бет27/51
Дата03.05.2023
өлшемі0,76 Mb.
#89632
түріЛекция
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   51
Өзіндік сұрақтар:

  1. Қосмекенділердің жалпы сипаттамасы

  2. Қосмекенділердің систематикасы

  3. Қосмекенділердің сыртқы құрылысы

  4. Қосмекенділердің қанқасы

  5. Қосмекендилердің систематикасы

  6. Аяқсыздардың сипаттамасы.

  7. Аяқсыздардың негізгі өкілдері

6-лекция. Тақырыбы: Құйрықсыздар отряды
Түйінді сұрақтар
1. Құйрықсыздар отрядының жалпы сипаттамасы
2. Құйрықсыздар отрядының негізгі өкілдері
Құйрықсыз қосмекендiлер отряды. Сан жағынан көп, құрылысы күрделi, құрлықта да тiршiлiк етуге бейiмделген жануарлар тобы жатады. Бұл отрядқа көлбақа, тоспа бақасы, құрбақа, жерлянка, квакша, чесночницы т.б. жатады. Құйрықсыздардың көпшiлiгi тропикалық елдерде көп кездеседi. Олардың әрқашан жақсы дамыған алдыңғы, артқы аяқтары болады. Артқы аяқтары алдыңғысына қарағанда күштi дамыған, сондықтан жер бетiнен секiрiп жүредi. Олардың iшiнде құрлықта, ағаштың басында, суда және қазып iнде тiршiлiк ететiндерi бар. Құйрықсыздар терiсi қалыңдау, сондықтан олардың өкпесi жақсы дамыған. Деседе олар тек дымқыл жерлерде ғана тiршiлiк етедi. Сыртқы ортада ұрықтанады. Қосмекендiлердiң көбеюiндегi ерекшелiк – олардың көбею кезiнде суға келiп, жұмыртқасын салуы және суда личинканың дамуы өтедi. 1700-дей өкiлi бар, бiрнеше тұқымдасқа бөлiнедi[1].
Дөңгелек тiлдiлер тұқымдасының тiлi дөңгелек келедi. Бұлар Евразияда және Солтүстiк Америкада тараған. Өкiлдерi жерлянка, ұзындығы 5см, сұр түстi құрбақа павитуха, ұзындығы 5см.
Құрбақа тұқымдасы сумен байланысы аз, терiсiнiң эпидермисiнiң жоғарғы қабаты мүйiзденiп кеткен. Өкiлдерi кәдiмгi және жасыл құрбақа бiздiң елiмiзде кеңiнен тараған. Данатин құрбақасы Қазақстан қызыл кiтабына енген. Нағыз бақалар тұқымдасы Австралия мен Антарктидадан басқа құрлықтардың барлығында кездеседi. Өкiлдерi көлбақа және оған жақын тоспа бақасы, шөп бақасы, бiз тұмсық бақа, яваның ұшқыш бақасы. Қызыл аяқ бақа Қазақстан қызыл кiтабына енген.
Қанқасының омыртқалары процельды, нағыз қабырғалары болмайды.
Ересектерінде сыртқы және желбезек саңыаулары болмайды. Сыптұы ортада ұрықтанады. Копулятивтік органы болмайды.
Отрядтың көптеген түқымдастары бар Дөңгелек тiлдiлер тұқымдасының (Discogloscidae) тiлi дөңгелек келедi, Евразия және Солттұстік Америкада тараған. Өкілдерi жерлянка, ұзындығы 5см, сұр түстi құрбақа повитуха, ұзындығы 5см.
Құрбақа тұқымдасы (Bufonidae) – сумен байланысы аз, тіпті шөлде кездесетін өкілдері көп. Терісінің эпидермисінің жоғарғы қабаты мүйізденіп кеткен. Кейбір өурбақалар судан тыс ортада кобеюге бейімделген. Біздің елімізде қурбақалардың 2 тұрі кездеседі: жасыл құрбақа және кәдімгі құрбақа.
Нағыз бақалар тұқымдасы (Ranidae) – Австралия мен Антарктидадан басқа құрлықтардың барлығында кездеседі. Көптеген түрлері суда көбейеді, личинкаларының метаморфозы суда өтеді. Біздің елімізде бірнеше түрі кездеседі: көлбақа және тоспа бақа. Еділ, Жайық, Дон, Днепр өзендерінің сағасында таралған. Тіршілігі сумен тығыз байланысты, ұзап кетпей судың маңында тіршілік етеді. Сумен байланысы аз болатын шөп бақасы Европада, Батыс Сібірде, Қиыр шығыста тараған. Ағаштарда тіршілік ететін Яваның ұшқыш бақасы. Саусақтарының арасында тері жарғақтары болады. 10-15 метрге дейін ұша алады[1].
Құйрықты қосмекендiлер отряды (Caudata). Бұл отрядқа саламандрлар, тритондар, протейлер (олар желбезегi бар, көздерi жоқ, үңгiр су қоймаларында кездеседi), сирендер(желбезегi бар, бiрақ артқы аяқтары жоқ) жатады. Көпшiлiк құйрықты қосмекендiлер Солтүстiк Америкада таралған. Олардың денесi бас, дене және құйрық бөлiмдерiне бөлiнген. Өмiрiнiң көпшiлiк уақытын суда өткiзедi. Алдыңғы артқы аяқтарының ұзындығы бiрдей. Бiзде кәдiмгi тритон және жалпы тритондар кездеседi. Бұлар жаз айларында шағын ақпайтын, ақса баяу ағатын өсiмдiгi мол суларды мекендейдi. Күзге қарай тритондар судан шығып, ағаштың түбiне, тастың астына, жердiң жарығына кiрiп паналайды. Қыста құрғақ түбiрлердiң, құлаған ағаштардың астына қыстап шығады. Көктемде қайтадан су қоймаларына оралады. Көбеюi мен личинкаларының дамуы суда өтедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет