2. Қазақстанға орыс шаруаларының, ұйғырлар
мен дүнгендердің қоныс аударуы
Патша үкіметінің ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақ-
станда жүзеге асырған əкімшілік реформалары қазақ елінің саяси
тəуелсіздігін біржола жойғанымен, бұл реформалар көп ұзамай-ақ
патшалық əкімшіліктің қазақ қоғамының ішкі өміріне тереңдеп
еніп, оны игеріп алып кетуге əлі де болса əлсіз екендігін көрсетіп
берді. Мұны жақсы түсінген патшалық əкімшілік ХІХ ғасырдың
60-жылдарының орта тұсынан бастап Қазақстанды отарлаудың «ең
сенімді» жолына түсті. Ол Орталық Ресейден орыс шаруаларын
қазақ жеріне қоныс аударту еді. Патшалық Ресейдің қоныс аудару
саясаты бірнеше кезең арқылы жүзеге асырылды. Қазақстан та-
рихнамасында бұл қоныс аудару саясаты үш кезең бойынша бөліп
қарастырылады.
І кезең ХІХ ғасырдың 70—80 жылдар аралығын қамтиды, ол
1889 жылғы 13 шілдедегі жарлық шыққанға дейін созылды.
ІІ кезең ХІХ ғасырдың 90-жылдарынан 1905 жылға дейінгі уақыт
аралығын қамтиды.
ІІІ кезең 1906 жылдан 1916 жылдар аралығын қамтиды.
Қазақстанға орыс жəне украин шаруаларын қоныстандыру
ХІХ ғасырдың 70-жылдарының соңы 80-жылдардан бастап қар-
қынды жүргізілді. Қоныс аударудың алғашқы кезеңі өз еркімен
қоныс аударған шаруалар қозғалысымен анықталып, патша үкіметі
өз еркімен қоныс аударғандар жағдайын реттеу мақсатына бірқатар
жеке заң-актілермен, нұсқаулар қабылдады. Онда көзделген мақсат
— қоныс аударуды үкімет өз қадағалауына алып, оған көмек көрсету
болды. Оған алдын ала дайындық шаралары жасалды. Мəселен, Же-
172
173
тісу облысы əскери губернаторы Колпаковский бастамасы бойынша
Жетісуға шаруалардың қоныс аударуы туралы «Уақытша ереже»
əзірленді. Бұл құжат 1868 жылдан бастап 1883 жылға дейін күшін
сақтады. «Уақытша ереже» бойынша орыс қоныс аударушыларына
(ерлерге) 30 десятина жер беру, 15 жылға алым-салық жəне түрлі
міндеткерліктерден босату, 100 сом мөлшерінде көмек беру жəне
басқа жеңілдіктер анықталып, көрсетілді. Қоныс аударған шаруалар
жағдайына қатысты оларға жасалатын жеңілдіктер туралы жаңа ере-
желер ХІХ ғасырдың 80-жылдарынан дайындалды. Оларда да жаңа
келіп қоныс тебушілер үшін берілетін жеңілдіктер сақталды, тек
жер мөлшері аздап төмендеді. Айталық, 1886 жылғы дайындалған:
«Түркістан генерал-губернаторын басқару туралы Ереже» бойынша
10 десятина (ерлерге) жер беру, қоныс аударушыларды алым-салық
жəне міндеткерліктен 5 жылға дейін босату, кейінгі жылдары алым-
ды тек жартылай төлеу жеңілдіктері сақталды.
Арнайы ереже 1889 жылғы 13 шілдеде қабылданды. Онда қоныс ау-
дару тек Ішкі істер министрлігі жəне Мемлекеттік мүлік министрлігі
арқылы алдын ала шешілуі қажет делінген. Тиісті үлестік мөлшері
жергілікті өкімет құзырына берілді. Мұнда үлкен астар жатқаны
ешқандай құпия еместі. «Ережеде» шаруалардың қоныс аударып,
тұрақтайтын аудандары нақты анықталып көрсетіледі: Жетісу,
Ақмола жəне Семей облыстарының аумағына орыс-украин шаруа-
лары көптеп қоныстануы белгіленді. Атамекенінен қоныс аударған
шаруаларға қажетінше жерді үлестіру кеңінен жүргізілді. Тек 1885
жылды қоса алғанда, Ақмола облысы қазақтары жерінен 251779 де-
сятина мөлшерінде тартып алынды. Онда 10 940 ер адамы бар 24
қоныс аударушылар бөлімшесі (учаскелері) құрылған еді. Семей об-
лысы бойынша 33 064 десятина егістік жер жергілікті тұрғындар
иелігінен алынды. Жетісу облысынан 12 жылда (1868—1880 жж.)
3324 отбасы қоныс аударып, оның 2099 селолық құрылымға біріксе,
1225 отбасы қалаларда тұрақтанды.
1889 жылғы Заң күші Торғай жəне Орал облыстарына да тарал-
ды. Заң қоныс аудару мəселесін үкімет құзырында қалдырды, қоныс
аударушылар үшін арнайы рұқсат қағаз қажет болды. Түйіндеп
айтсақ, патша өкіметі орыс шаруаларының еркінше қоныс аударуын
қадағалап, реттеуді көздеді. Алайда шаруалардың өз еркінше қоныс
аударуы ретсіз қозғалыс болып қала берді.
Патша үкіметі өзінің қоныс аудару саясатын қарқынды жүргізуді
көздеп, 1892—93 жж. Ұлы Сібір темір жол құрылысын бастады.
Қазақтар жерін экономикалық игеру мақсатында «артық», «бос»
жатқан жерді анықтайтын түрлі экспедиция құрылып, жедел
жұмысқа кіріскен еді. Комиссиялар алдында қойылған талап біреу
— барынша көп мөлшерде қазақтар жерінен «бос», «артық» деген
жерді анықтау арқылы қоныстанушылар «қорын» толықтыру болды.
Сондай-ақ, жергілікті əкімшілік басқару жүйесін қалыптастыруға
үлкен назар аударылды. Нəтижесінде ХІХ ғасыр соңына қоныс ау-
дарушылар басқармасының орталықтандырылған біртұтас жүйесі
құрылды. Транссібір темір жолы қазақ жерінің солтүстік өлкесі
арқылы жүргізілді. Ақмола облысы əкімшілігіне қараған осы өңірде
құрылған 5 уездің 3 уезінен 160 мың келімсек орыс-украин шаруа-
ларын қоныстандыру үшін 2241503 десятина жер бөлінді. Мұнда,
экономист Ф.А.Щербина басшылығымен «қоныстанушылар қорын»
жасау үшін арнайы статистикалық экспедиция жасақталды. Ар-
найы экспедиция 1896—1902 жылдарда Ақмола, Торғай жəне Семей
облыстарының 12 уезін қамтып, қазақтардың мал шаруашылығына
қажетті пайдаланатын «нормасын» «187 десятина жер 24 мал ба-
сына жеткілікті» — деп анықтады. Зерттелген 8 уездің жергілікті
қазақтарға тиесілі жер мөлшері — 51 %, қалған 49 % жері «қоныс
аударушылар қорында» қалды. Экспедиция жұмысы нəтижесімен
қанағаттанбаған патшалық əкімшілік қазақтар пайдалануындағы
жер «нормасын» азайтып, «артық» деген жерді қосымша анықтау
арқылы жоғарыда аталған уездер бойынша «қоныстанушылар
қорын» 63% дейін көбейтті. Қоныс аударушылар қатары жылма-
жыл артып, олар тұрақтанған жерлерде мыңдаған қоныстар пайда
болды. Қазақстанның солтүстік, батыс жəне шығысында жаңа келіп
қоныстанған орыс жəне украин шаруаларымен қоса, орыс-казак ста-
ницалары салынды. Мəселен, Ақмола, Торғай жəне Орал облыста-
рында тұрғын қазақтармен салыстырғанда, келімсек орыс-казактар
жəне орыс, украин шаруалар есебінен жалпы халық саны өсті. 1897
жылғы жалпы ресейлік халық санағы бойынша, тек бір Ақмола об-
лысында орыс тұрғындарының көрсеткіші 33 % жеткен.
Қазақстанның оңтүстігінде 14 мыңдай орыс, украин жəне əскери
адам қоныстанды. ХІХ ғасырдың 80-жылдарында мұнда 5 уезд жəне
80-нен астам елді мекендер пайда болды. Патшалық үкіметтің же-
дел қарқында жүргізген қоныс аудару саясаты нəтижесінде келімсек
орыс, украин шаруаларына ең шұрайлы жайылымдық, егістік, су
көздеріне бай, орманды жерлер берілді. Тұрғылықты қазақтар бол-
са, сусыз, малға тиімсіз аймақтарға зорлықпен, түрлі амал-айламен
қоныстарынан көтеріле көшуге мəжбүр болды. Қоныс аудару сал-
дарынан жергілікті тұрғын саны азайып, демографиялық ахуал
174
175
күрделене түсті. Қазақтар сан жағынан 1897 ж. санақ бойынша 87
%-ке дейін азайды. Келімсек орыс жəне украиндардың саны 532,7
мыңға, татарлар — 55,4 мыңға, өзбектер — 73,5 мыңға, ұйғырлар —
56 мыңға артқан. Бұл сандық көрсеткіштер жаңа ХХ ғасырда ұлғая
түсті.
Патша үкіметі 1901 жылы Жарлық шығарды, онда жеке адамдарға
қазыналық жерлерден үлестік жер бөліп беруге рұқсат етілді.
Қазақтар жері қазыналық деп есептелді жəне 1867—68 жылдар ре-
формасына сəйкес мемлекеттік меншік болып жарияланған бола-
тын. 1904 жылы Қоныс аудару басқармасы құрылып, оған орталық
Ресейден шаруаларды қоныс аударту ісін қадағалау толығымен
жүктелген еді.
1904 жылы 6 маусымда шыққан енді бір заңда «село тұрғындары
мен мещан-егіншілердің өз еркімен қоныс аударуы туралы»
делінген. Бұл аталған заңдық күші бар құжаттардың барлығы қазақ
халқын өз ата-қонысы болған туған жерден ығыстырылуға, тұрмыс
ауыртпалығын бастан кешуге, мəжбүрлікке душар етті.
XІX ғасырдың соңында Қазақстанға орыс шаруаларымен қатар
ұйғырлар мен дүнгендер де қоныс аударды. Өйткені 1871—1881
жылға дейін Іле аймағы патшалық Ресейдің қол астында болды.
1881 жылы 12 ақпанда Қытай мен Ресей арасында «Петербург шар-
тына» қол қойылды. Шарттағы 17 баптың алғашқылары келісімнің
мəнін жан-жақты ашып көрсетті. Мысалы, шарттың 3-бабында:
«Іле аймағының тұрғындарына Қытай қоластындағы мекендерінде
қалу немесе Ресей жерлеріне көшіп, Ресей азаматтығын қабылдау
ұсынылады» — деп қарастырылған. Ұйғырлар мен дүнгендерді
Жетісуға қоныстандыру арқылы патша үкіметінің көздеген
мақсаты — оны жергілікті халықтың ұлт-азаттық көтерілісіне
қарсы қолшоқпар ретінде пайдалануды көздеді. Бұл мəселе бойын-
ша арнайы комиссия құрылып, қоныс аударғандарды Шелек жəне
Іле өзенінің аралығында орналастыру туралы шешім қабылданды.
Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға қоныс аударуы 1881—1883
жылдар аралығында жүзеге асырылып, 1884 жылдың басында 9572
ұйғыр отбасы қоныс аударды, оның 24628 ер адам болса, ал 20745
əйелдер болды, барлығы 45373 адам еді. Сонымен қатар, Қазақстанға
барлығы 5055 дүнген қоныс аударды.
Қоныстанушылардан жаңадан 5 болыс: Жаркент, Ақсу-Чарын
(қазіргі Ұйғыр ауданы), Малыбай (Шелек ауданында), Қорам (Ше-
лек ауданы), Қарасу (Еңбекшіқазақ ауданында), Кетпен болыстары
құрылды (қазіргі Жаркент ауданында). Жаңа құрылған болыстың
басшысы болып сол бұрынғы Іле аймағында болған басшылар сай-
ланды.
Дүнгендер мен ұйғырлар өздерімен бірге Жетісуға жасанды
жолмен суландырылатын егіншіліктің əлдеқашан қалыптасқан
дəстүрлерін əкелді. Ұйғырларда күріш өсіру дүнгендердегі сияқты
негізгі дақылға айналған жоқ. Олар негізінен бау өсіріп, бақша са-
лумен айналысты (халықтың шамамен алғанда үштен екісі). Дүнген
шаруашылықтарының үштен екісінен астамында бау да болды.
Сонымен, қорыта айтқанда, орыс шаруаларын қазақ өлкесіне
қоныстандыра отырып, қазақ халқын шаруашылыққа жарам-
ды жерінен айыру процесімен бір мезгілде отарлаушы əкімшілік
жүйесінің жаңа жағдайға байланысты одан əрі жетіліп, нығая
түскендігін, сондай-ақ отарлау ісінің құрамды бөлігі қазақтарды
орыстандыру, шоқындыру шараларының да жүйелік, мақсаттылық
сипат алғандығын байқаймыз.
3. ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы
мен ХІХ ғасырдағы Қазақстан мəдениеті
Қазақ халқының ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХІХ
ғасырдағы мəдениеті ежелгі қазақ жерінде өмір сүріп, қазақ халқын
құраған ұлыстар мен тайпалардың материалдық мəдениеті мен ру-
хани мəдениетінің заңды жалғасы жəне жаңа заманға сай дамып
қалыптасқан түрі болды.
Рухани мəдениеті: Қазақ халқының ғасырлар бойы жасаған
рухани мəдениетінің маңызды бір саласы — қазақ шежіресі екені
анық. Қазақтың байырғы салт-дəстүрі бойынша əрбір қазақ азама-
ты өзінің жеті атасын білуге тиісті еді. Мұны балаларына үйрету
əрбір атаның, отбасы тəрбиесінің негізі болды. Тек ата-анасынан
айырылған жетімдер ғана мұндай тəрбиеден қалған. Соның үшін
қазақ қауымы “жеті атасын білмеген жетімдіктің салдары” дейді.
Ру, тайпа жəне жүздің шежіресін таратып айта алатын адамдар
халық ішінде құрметтеліп “шежірешілер” деп аталды. Ерте заман-
да шежіре ауызша түрде ұрпақтан-ұрпаққа жеткізілсе, ХVІІІ—ХІХ
ғасырларда бірсыпыра шежірелік жинақтар таспаға түсірілген. Олар:
“Көшен-Қарауыл шежіресі” (ХVІІІ ғ.), “Жəңгір хан шежіресі” (1835),
Ш.Уəлиханов жазып алған “Ұлы жүздің шежіресі” жəне т.б.
Сол сияқты ХVІІІ ғасыр “ақындар поэзиясы ғасыры” деп
аталған. Қазақ мəдениеті мен əдебиетінің өте құнды мұралары —
176
177
ақын-жыраулардың өлең-жырларында халықтың өмір тіршілігі,
көңіл-күйі, салт-санасы, өндірісі мен тұрмысы, мінез-құлық
өлшемі, сол дəуірдің рухы бейнеленді. Олар халық басына келген
қайғыға да, жұрт кенелген мерейге де ортақ болды. Ел басына ауыр
күн туғанда шапқыншы жауларға қарсы жан аямай күресіп, елін
қорғаған ерлерді дастан етіп жырлап отырды. ХVІІІ ғасырда та-
нымал болған Ақтамберді, Тəттіқара, Үмбетей, Бұқар, Шал, Көтеш
секілді жыраулар өз өмірінде ұшан-теңіз жыр шығарды. Қазақ
əдебиеті тарихында көрнекті орын алатын ХVІІІ ғасырдағы атақты
жырау Бұқар Қалқаманұлының (1668—1781) бірнеше шығармалары
сақталған. Ол тəуелсіздікті сақтау жəне нығайту идеясын білдірген
көрнекті дидактикалық өлең-толғаулар шығарған. Қазақ ханы
Абылайды қолдап, əртүрлі даулар мен таластарды шешкен. Жырау
қазақтың барлық үш жүзін біріктіріп, бір орталыққа қараған күшті
мемлекет болуын армандады. Тəттіқара, Үмбетей, Шал, Көтеш
сияқты жыраулардың жырлары халық жадында үзік-үзік сақталған.
Үмбетейдің Бөгенбай батырдың қайтыс болуына арналған естірту
жыры — жоқтауы белгілі. Үмбетей жоқтауында Бөгенбай — халық
қорғаушысының мінсіз бейнесі. Ал Тəттіқара ақын қатардағы жа-
уынгер ретінде көптеген шайқастарға қатысып, жорықта туған
толғауларында жауынгерлерді бостандық жолындағы күресте
қандай да болсын қиыншылықтың алдында бас имеуге шақырады.
XІX ғасырда қазақ əдебиеті ұлттық дарынды тұлғалардың
көптігімен де, бір-біріне ұқсамайтын дара туындылардың сан
қырлы сипатымен де ерекшеленді. Бұл дəуірде айтыс өнері дамып,
даңқты ақындар Жанақ, Шөже, Орынбай, Түбек, Сүйінбай, Шерни-
яз, Біржан, Бақтыбай, Жамбыл сияқты əйгілі ақындар қатары Сара,
Ырысжан, Ұлбике, Тəрбие, Ақбала жəне басқалар сияқты ақын
қыздардың есімдерімен толықты деуге болады. Түрі мен мазмұны
жағынан айтыстар бір-біріне ұқсамайды. Олардың кейбіреулерінің
негізгі мазмұнында халықтың өмірі, оның шаруашылық-тұрмыстық
проблемалары, рулық қоғамдастықтың ерекшеліктері сөз бол-
са, Біржан мен Сара айтысында қазақ əйелдеріне жеке бостандық
беру мəселесі көтеріледі. Мұндай айтыстармен қатар бірін-бірі
қалжыңмен қағыту, танысу, амандасу, көңіл көтеретін əзіл-оспаққа
құрылған айтыс түрлері де аз кездеспейді.
Осы кезеңнің музыкалық мəдениетінде Махамбет Өтемісұлы
(1804—1846) өзіндік даралығымен көрінді. Ол 1836—1838 жыл-
дардағы Исатай Тайманұлы бастаған шаруалар көтерілісінің бел-
сенді қатысушысы ғана емес, көтерілістің “жаны” мен “жылнама-
шысы” болды. Оның “Исатай көтерілісі”, “Исатайдың өлердегі сөзі”
сияқты шығармалары көтерілісті жан-жақты сипаттады.
Сол сияқты Шернияз Жарылғапұлы (1817—1881) Кіші жүз
қазақтарының отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің жыр-
шысы жəне ту көтерушісі болды. Жалынды жырларымен халықты
күреске үндеді.
Шығармалары қайшылыққа толы, күрделі тұлға саналған зар-
заман ақындары да қазақ əдебиетінде өзіндік орын алады. Зар-заман
ақындарының көрнекті өкілдері — Дулат Бабатайұлы (1802—1874),
Шортанбай Қанайұлы (1818—1881), Мұрат Мөңкеұлы (1843—1909).
Олар қазақ халқының өмірін ақиқатпен жырлаған ақындар бол-
ды. Ахмет Байтұрсыновтың “Ақындық жалғыз өз көңілінің күйін
толғай білуде емес, басқалардың да халін танып, күйіне салып
толғай алуында” деп тұжырымдағаны сияқты, бұл ақындар да
қара басын күйттеген ақын емес, халқының үні мен елдің мұңын
жеткізуші болды. Зар-заман ақындары өмір сүрген кезең патшаның
отаршылдық саясаты дəуірлеп, қазақ жерінің нағыз талауға түскен
кезі еді. Мəселен, Мұрат Мөңкеұлы “Үш қиян”, “Сарыарқа”, “Əттең,
бір қатты дүние-ай” сияқты толғау-дастандары арқылы қазақ жерін
отарлаушыларды батыл əшкерелеп, озбыр саясатқа қарсы тұрса, Ду-
лат Бабатайұлы “Бейшара менің қазағым”, “О, Сарыарқа, Сарыарқа”
өлеңдері арқылы қазақтың ауыр тұрмысын бейнелейді.
ХVІІІ—ХІХ ғасырларда ақын-жыраулық поэзиямен қатар
шығыстық ақындық дəстүр үлкен орын алды. Қазақтың дастанда-
ры араб-парсы əдебиетімен, фольклорымен байланыста болды. Абай
қазақтың классикалық əдебиетіне дастандар алып келді. (“Ескендір”,
“Масғұт”, “Əзімнің əңгімесі”). Абай (Ибраhим) Құнанбайұлы
(1845—1904) өзі туған ортадан шоқтығы биік тұрды. Оның
пікірінше, əрбір ойлы адам қоршаған өмір шындығына өзінің саналы
көзқарасын қалыптастыруға тиіс. Абайдың бүкіл шығармашылығы
əрекетсіздік пен жалған ұятқа деген ымырасыздық идеяларына
толы. Ол ел ішінде бірлік пен татулық болғанда ғана қоғамның
негізгі күштері — ғылым, алдыңғы қатарлы идеялар, мəдениет
толық көлемде дами алады жəне бүкілхалықтық игілік əкеледі деп
санады. Қоғамды алға дамыту жолдарын үнемі іздестіріп отырды.
Яғни, бұл даму егіншілікті, қолөнерді, сауданы дамытумен тығыз
байланыстырылды. Ұлы ақын:
Егіннің ебін,
Сауданың тегін
Үйреніп, ойлап, мал ізде”
178
179
деген болатын. Сол сияқты ақын орыс əдебиеті жəне мəдениетімен
таныс болды. М.Ю. Лермонтов, А.С.Пушкин, Н.Крылов шығарма-
ларын аударумен шұғылданды. Орыс əдебиеті үлгілерін қазақ халқы
арасына тұңғыш таныстырушы болып, олардың өскелең идеяларын
насихаттады.
Осы кезеңнің дара тұлғаларының бірі ретінде Ш.Уəлихановты
(1835—1865) атаймыз. 1856 жылы Ш.Уəлиханов екі экспедицияға
қатысады. Біреуі Орталық Тянь-Шань арқылы Алакөлден
Ыстықкөлге дейінгі, екіншісі — дипломатиялық тапсырма бойынша
Құлжаға сапар. 1857 жылы Уəлиханов Алатау қырғыздарына тағы
да сапар шегіп, қырғыз халқының энциклопедиялық дастаны “Ма-
насты” көшіріп алды. Ыстықкөлге экспедиция кезінде Ш.Уəлиханов
тарихи деректермен қатар көненің көзі — ерте заман бұйымдарының
құнды үлгілерін жинады. “Ыстықкөлге барған сапардың күнделігі”,
“Қытай империясының батыс провинциясы жəне Құлжа қаласы”,
“Қырғыздар туралы жазбалар” деген тарихи-этнографиялық ту-
ындылары жоғарыда аталған сапарларының нəтижесі болатын.
Ш.Уəлихановтың ғылыми қызметі Орыс географиялық қоғамының
назарын аудартып, 1857 жылдың ақпанында ол қоғамның толық
мүшелігіне қабылданады. Оның ғылыми мұрасы Қазақстанның
жəне көп ұлтты Ресейдің, басқа да халықтардың проблемаларының
өзекті тұстарын қамтиды. Шоқан Орта Азия мен оған іргелес жатқан
аймақтар халқының географиясын, этнографиясы мен фольклорын
зерттеуге де үлкен үлес қосты.
А.Құнанбаев пен Ш.Уəлиханов XІX ғасырдағы екі үлкен білім
жүйесінің өкілдері болды: діни (мұсылмандық) жəне зайырлы
(орыстық). Мектеп пен медреселерде діни білім беріліп, молдалар
мен мұғалімдер даярланды. Медреселерде теологиялық діни білім
философия, тарих, əдебиет, астрономия, медицина, математика,
лингвистика пəндерін оқытса, зайырлы оқу орындары қазақтарды
Ресейге қызмет ету мен орыс мəдениетіне қызығушылық жолдары-
на салды. Олар отарлау аппараттарына шенеуніктер, аудармашылар,
оқытушылар, əскерилер, дəрігерлер даярлады.
Орынбордағы зайырлы оқу орындарының бірін 1857 жылы та-
нымал жаңашыл-педагог, ағартушы Ы.Алтынсарин аяқтайды.
Ы.Алтынсарин (1841—1889) бастамасымен жəне тікелей қатысуымен
Қазақстанда халықтық азаматтық мектептер желісінің құрылуына
қол жеткізілді. Ол, əсіресе, қолөнер жəне ауылшаруашылығы
училищелерін ашуға көп күш-жігер жұмсап, байырғы халық ара-
сынан Қазақстанның экономикалық дамуы үшін қажетті ма-
мандар даярлауға ерекше мəн берді. Ы.Алтынсарин орыс-қазақ
мектептерінің оқушыларына арнап “Қырғыз (қазақ) хрестоматия-
сы” жəне “Қырғыздарға (қазақтарға) орыс тілін үйретуге алғашқы
басшылық” атты оқу құралдарын жазды. Орыс кластарына қазақ
тілінен сабақ беріп, ол ұлттық əдебиет пен мəдениетті дамыту, қазақ
əдеби тілін қалыптастыру жолында жемісті еңбек етті.
XІX екінші жартысында Қазақстандағы музыка өнерінің дамуы-
на Құрманғазы Сағырбайұлы, Дəулеткерей Шығайұлы, Тəттімбет
Қазанғапұлы, Ықылас Дүкенұлы сияқты композитор-музыканттар
үлкен үлес қосты. Домбыра, қобыз, сыбызғы сияқты музыкалық
аспаптар арқылы түрлі эпостарды, тарихи дастандарды, аңыз-
əңгіме мен жырларды орындап отырды. Аталған композиторлардың
дүниетанымы тарихи тұрғыда шектеулі бола тұрса да, олардың
шығармаларында əлеуметтік қайшылықтар бейнеленді. Біржан
Қожақұлы, Мұхит Мералиев, Ақансері Қорамсаұлы, Жаяу Мұса
Байжанұлы, Құлтума Сармұратұлы сияқты жəне тағы басқа
көптеген ақын, əнші, композиторлардың шығармашылық жəне орын-
даушылық шеберлігі арқасында қазақ əн мəдениетінің классикалық
үлгілері дамып, жоғары дəрежеге көтерілді.
Материалдық мəдениеті: Қазақтардың XVІІІ—XІX ғасырлар-
дағы материалдық мəдениетінің күйі қоғамның экономикалық даму
деңгейімен анықталды. Оның даму барысына көшпелі қазақтар
экономикасының дамуындағы басты фактор ретінде көшпелі мал
шаруашылығы əсер етті. Бұл жағынан алғанда егіншілік, сауда-
саттық, көрші халықтардың ықпалының маңыздылығы да аз
болған жоқ.
Отырықшы халықтар өмірінде жер шаруашылығы үлкен рөл
атқарса, көшпелі халықтарда мал шаруашылығы маңызды болды.
Қазақ көшпенділерінің салт-дəстүрі, діни-наным сенімі, тұрмысы
көшпенділік өмірмен тікелей байланысып жатты. Көшіп-қону
мал өсірушілерге маусымдық жақсы жайылымдарды пайдала-
нып отыруға мүмкіндік берді. Көшіп-қону көбінесе меридиан
(оңтүстіктен солтүстікке) бағытымен жүрді. Ірі рулар мен олардың
бөлімшелерінің қоныстары негізінен бір аумақта болды. Əрбір рудың
өзінің көш жолдары болды. Қазақтың мал шаруашылығының өріс,
қоныстары жылдың төрт маусымына қарай қыстау, көктеу, жайлау
жəне күзеу деп төртке бөлінді. Жаздық жайылым қазақтардың ортақ
пайдалануында болып келсе, көктеу мен күзеу бір орында болды.
Қыстауда малшылар құйма кесектен қаланған үйлерде қыстады,
жылдың басқа мезгілдерінде киіз үйлерде тұрды.
180
181
Киіз үй — көктем, жаз жəне күз мезгілдерінде қоныстан-қонысқа
көшіп жүру жағдайына қолайлы құрама үй. Оның қабырғасы айқыш
сағанақтардан көктелген керегеден тұрғызылды. Кереге жиналма-
лы болып бөлек-бөлек қанаттан жасалды. Ал керегеден жоғары си-
дам жіңішке ағаштан жұмырлап жасалып, қарны иілген уықтардан
қаусырыла күмбез шығарылды. Уықтардың аяғы дөңгелене жайыл-
ған керегенің аша басына айқастыра байланып, ұшы (қаламшасы)
шаңырақтың көзіне шаншылды. Шаңырақ — үй күмбезінің төбесі
əрі терезесі. Үй ағашының сыртынан арнаулы киіздер, қабырғасына
туырлық, үстіне үзік, төбесіне түңлік жабылды. Үйдің ортасында
ошағы, оң жағында төсек, оның тұсында тұскиіз ұсталып, төсекті
қоршап шымылдық тартылады. Үйдің төріне жүкаяқ қойылып,
оның үстіне көрпе-жастық жиналады. Үйдің сол жағына кебеже,
қазан-аяқ, саба сияқты ыдыстар қойылып, ол шимен қоршалған.
Көшпелі мал шаруашылығына күрделі еңбек құралдары ке-
рек болған жоқ. Жылқы ұстау үшін құрық, арқан пайдаланылды,
қайыстан немесе жылқының жал-құйрығынан тұсау мен шідер
жасалды, құлын мен бота байлауға жуан арқан мен ноқта пайдала-
нылса, мал суғаруға науа мен қауға пайдаланылды. XVІІІ ғасырдың
аяғында қазақ даласына орыстардың қыста шөп дайындауға арнал-
ған шалғылары біртіндеп тарала берді. Ал, XІX ғасырдың орта
шенінде шалғымен қоса темір айыр да кеңінен қолданыла бастады.
Қазақстанда суармалы егіншіліктің ежелгі ошақтары ертеден бо-
лып келген. Осыған байланысты қазақтарда егіншілік құралдары-
ның қарапайым түрлері болды. Мəселен, тісағаш, егін оратын орақ,
ағаш күрек, сыпыртқы — егіншілік құралдарына жатқызылды.
Егісті суғару үшін суды көтеріп шығаратын əртүрлі құралдар —
атпа, шығыр, сондай-ақ кетпендер мен күректер пайдаланылды.
Оларды жергілікті ұсталар өздері дайындап отырды.
Салт атқа арналған əбзелдерді қоспағанда қазақтың мал
шаруашылығына жəне егіншілікке байланысты негізгі еңбек
құралдары Қазақстанның бүкіл аумағында бір-бірімен ұқсас болды.
Қазақтың ат-тұрман əбзелінің ішіндегі ердің сыртқы түрі мен дай-
ындау тəсілінде жергілікті ерекшеліктер байқалады. Ердің ең көп
таралған түрі — қайыңнан шауып жасалған, алдыңғы қанаты кең
“қазақ ері” болып табылады. Оңтүстік Қазақстанда ердің “құранды
ер” дейтін түрі таралған. Ер-тұрман əбзелдерін жасау, негізінен,
ершілердің ісі болған. Олар тек қана ердің өзін емес, сонымен бірге
бүкіл ат əбзелдерінің бəрін — тоқым, құйысқан, өмілдірік, жүген,
айыл, үзеңгі, таралғы, қамшы жəне т.б жасап, оларды əсемдеп,
көркемдеп отырған. Сондай-ақ қайыстан ат-тұрман əбзелдерін
өретін шеберлерді “өрімші” деп атаған.
Қазақтардағы көшпелі тұрмысқа бейім шаруашылықтың үстемдігі
алуан түрлі қолөнерінің — тоқымашылықтың, киіз басудың, ағаш,
металл, тері, сүйек жəне мүйіз өңдеудің дамуына себепші болды.
Тоқымашылықпен жəне киіз басумен көбіне əйелдер айналысты,
олар негізінен алғанда үйге керек-жарақтардың тоқымашылық
пен ісмерлікке қатысты заттарын: кілемдер, алашалар, шекпендер,
киіз үй ішіндегі алуан түрлі басқұрлар, бау-шулар, текеметтер,
сырмақтар, аяққаптар жəне т.б дайындады.
Қыстаулардағы отырықшылыққа бейімделген тұрғын үйлердің
дамуы, үй-жайлар санының көбеюі жəне орыс мəдениетінің ықпалы
тұрғын үйлердегі керек-жарақтардың едəуір өзгерісіне əкеп соқты.
Дəстүрлі үй бұйымдарының орнына əйнектелген ыдыс қоятын
шағын шкафтар, жақтаулы ағаш кереуеттер, іші құлыпталатын
əртүрлі сандықтар пайда болды.
Қазақтардың ұлттық киімінде этнографиялық белгілері сақта-
лып қалғанымен, олардың да пішіні мен түрлеріне өзгерістер енді.
Ер адамдар бітеу пішілген, кеудесінде тік өңір қақпағы бар, жалпақ
қайырма жағалы, етегі біршама ұзын көйлек киетін болды. Ер
адамдардың көп таралған сыртқы киімінің түрі шапан болды. Ол
көбінесе фабрикалық маталардан тігілді. Ауқатты қазақтар түрлі-
түсті бұқара жібегінен, барқыттан қымбат матамен əдіптеп тігілген
шапан киді. Қазақтар əдемі “мəуіті шапан” мен “мəуіті шекпен”
де дайындады. Олардың қос шабуынан өрнек салынды. Шабудың
төменгі жағынан тілік қалдырылып, жұқа түйе жүннің тоқымасынан
тігілді. Қазақстанның барлық облыстарында қазақтардың кеңінен
қолданылған қысқы сырт киімінің ежелгі түрлерінің бірі — күпі
көктемде қырқылған түйе немесе қой жүнінен дайындалды. Сырт
киетін қысқы киімнің қадірлісі аң жəне үй жануарларының терісінен
тігілген ішіктер болды. Қазақтардың көбінің қолы жететін жəне
кең таралған қысқы киім түрі қой терісінен өңделіп, жүні ішіне
қаратып тігілген тон болды. Енді аяқ киім түрлеріне келетін болсақ,
қазақтардың негізгі аяқ киімі былғары етік, кебісті мəсілер болды.
XVІІІ ғасырда қазақтардың жазда киетін өкшесі биік, тұмсығы қайқы
етіктері XІX ғасырдың екінші жартысында жоғала бастады. Барлық
жастағы ер адамдар қыс кезінде негізінен ішінде киіз байпағы бар
ұзын қонышты саптама етік киді. Неғұрлым ауқаттылары жаз кезінде
былғары кебісі бар мəсі киіп жүрді. Бұл аяқ киімдердің барлығы
оң жəне сол аяқ деп бөлінбей бірдей тігілетін. Бас киім түрлеріне
182
183
келетін болсақ, ересек ер адамдардың барлығы шаштарын алдырып,
басына тақия, тебетей киді. Бұның сыртынан тігілген терісіне сəйкес
сусар, пұшпақ жəне елтірі деп аталатын бөріктер киді. Əйелдердің
киімдері жас ерекшеліктеріне сəйкес бір-бірінен біршама ерекше
болды. Қазақ əйелдері ерекше сəнді киініп, киімдерінің сырты-
нан тағатын кемер белдіктерін күміспен күптеп, алтынмен аптап,
қымбат бағалы тастармен əшекейлеп отырды. Əйелдердің жасы мен
отбасындағы жағдайына байланысты бас киімдері де ерекше бол-
ды. Мəселен, жас қыздар шет-шетіне моншақтан немесе бағалы ме-
талдан шекелік тағылған, бай нақышты үкілі тебетей — “қасаба”
киді. Ұзатылған қыздың бас киімі сəукеле бір жылдан соң ақ мақта-
матадан дайындалған кимешекпен ауыстырылатын еді.
Мал шаруашылығына негізделген қазақтардың тұрмысы олар-
дың ішетін тамақтары мен ыдыс-аяқтарынан айқын көрінеді.
Негізгі тамақтары ет-сүт өнімдері болды. Қазақтар ыдыс пен керек-
жарақтарды көбінесе сынбайтын материалдардан: ағаштан, теріден,
киізден жəне шұғадан жасаған. Олар: торсық, саба, күбі, қазан, таба,
ожау, астау, ағаш табақтар, мес, мал саууға арналған көнек жəне т.б.
Көшкен кездерінде ыдыс-аяқты сыртқы беті түрлі-түсті құрақтар-
мен өрнектелген арнаулы киіз қаптарда (аяққаптарда) сақтаған. Су-
сымалы мал өнімдері үшін тоқыма қаптар дайындаған. Сүр ет пен
сары майды ағаштан жасалған кебежелерде сақтаған.
Сөйтіп, XVІІІ ғасырдың аяғы мен XІX ғасырда қазақтардың
рухани жəне материалдық мəдениетінде көшпелі жəне жарты-
лай көшпелі тұрмыс-салтына байланысты дəстүрлі ерекшеліктер
сақталып қалды.
Сонымен, қорыта айтқанда, ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы
əкімшілік реформалар Ресейдің қазақ жеріндегі саяси-əкімшілік,
əлеуметтік-экономикалық үстемдігін нығайтуға, қоныс аударушы
орыс шаруаларын өзінің саяси-əлеуметтік тірегіне айналдыра оты-
рып, қазақтарды орыстандыру, шоқындыру негізінде империяның
тұтастығын күшейтуді көздеді.
10-тақырып
ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН
Бірінші орыс революциясы жəне оның Қазақстанға əсері
•
Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстан.
•
Қазақтардың 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі
Ресейдегі 1917 жылғы Ақпан буржуазиялық-демократиялық
•
революциясы жəне оның Қазақстандағы қоғамдық-саяси
өмірге əсері
Достарыңызбен бөлісу: |