ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЕРЕКШЕЛІКТЕР
Джуманова Э. Б. Қазақ тілі мен әдебиеті БББ магистранты
Ғылыми жетекшісі: PhD Мынбаева А. П.
ОАИУ
Резюме. В этой статье рассматриваются социальные характеристики в отношениях
Summary. This article examines social characteristics in relationships
Ақпараттар ағымы тілегей теңіз болып жатқан осы уақытта оған жастардың қызығуы күн сайын арта түсуде. Қазіргі студенттерде ақпараттық қажеттілік, ақпаратқа қызығушылық деңгейі өте жоғары. Себебі олар өздерінің жеке тұлға болып қалыптасуына ақпараттық ағымның неғұрлым көп болса, соғұрлым жаңа көзқарастарға, ақпаратқа қолдары жететіндігін соғұрлым біледі. Оның үстіне студенттің ақпарат көзін іздеуі оны алуы меңгеруі және күнделікті пайдалануы шығармашылық іс-әрекет арқылы іске асады. Мұндай іс-әрекеттер тек шығармашылық белсенділіктан туады [1,21].
Шығармашылық белсенділік – қызығу категориясынан шыққан, сондықтан оның әдіснамалық негізі қызығуда жатыр бұған дәлел. Қазақстан Ұлттық энциклопедиясындағы қызығуға дүниедегі заттар мен құбылыстарды тануға білуге бағытталған адамның жеке ерекшеліктерінің бір көрінісі деген анықтама [2,75].
Қызығу теориясы әлдеқашан қалыптасып, дәлелденсе де, осы уақытқа түрлі пікірлер айтылып келеді. Дегенмен Я.А.Коменскийдің «барлық мүмкін болатын тәсілдермен балалардың білімге және оқуға деген ұмтылысын тұтандыру керек» және «Студенттің еңбегі ақыл-ойын қанағаттандыру көзі және рухани дүниесінің қуанышы болуы тиіс. Ол үшін оқумен міндет ретінде емес, әуестену, қызығумен шұғылдану қажет», - деген пікірі өте орынды.
Қызығушылық – ертеден келе жатқан педагогика ғылымының өзекті проблемаларының бірі. Бұл мәселе Ж.Ж.Руссо, Э.Кей, М.Монтессори, Ф.А.Рау, К.Н.Вентцелей, С.Т.Шацкий, Л.Н.Толстойдың еңбектерінде жан-жақты қарастырылған. Олар замандастарының және өздерінен бұрынғылардың қызығуға байланысты айтқан ой-пікірлерін қолдай отырып, баланы білім беру аясының субъектісі ретінде түсініп, оның қызығуы дидактикалық үдерістердің бағытын анықтайды деген пікір ұстанған.
Бұл пікірді А.С.Макаренко одан әрі қарай дамытып, қызығудың баланың өзін қоршаған ортаға қарым-қатынасы арқылы көрінетінін, бұл қатынастардың әрқайсысы басқа қарым-қатынаспен тығыз байланысты екенін атаған.
Қызығу мәселесін қазақтың ағартушы педагогтары мен философтары, психолог ғалымдары да назардан тыс қалдырған жоқ. Олар қызығуды баланың оқуға деген ынтасы ретінде қарастырып мұғалімнің баланың ішкі сезімдеріне әсер ете отырып, оқу үдерісіне қызығуы мен ынтасын тудыра білуі қажет деп есептеген. Әл-Фараби: «рухани негізі түзу болса, оның тілегі, қалауы дұрыс болады. Оқу-үйрену нәтижесіне шәкірттің ниеті әсер етеді, көңіл қалауы болмақ»,- дейді [5,17].
Ұлы Абай 38-қара сөзінде: «...бала ғылым, білімді махаббатпенен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады»,-деп,адам білім-ғылымға қызықса одан шығармашыл, ізденімпаз, жан-жақты тұлға шығатынына сенген.
Қазақтың ғалымдары Алтынсарин, Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев балада қызығудың болу қажет екенін,оның орны ерекше екенін дқп түсінген. М.Жұмабаев: «Бір дәріс-лекциядан бала күшті әсер алу үшін баланың сол сабаққа құмар болуы шарт. Баланы құмар қылу үшін оқытушы өзі құмар болуы керек. Оқытушы сабақ бергенде өзі есіней түсіп, ыңылдап тұрса, шәкіртте құмарлық бола ма?» - деп, баланың оқуға қызығуын қалыптастыруда мұғалімнің сауаттылығы, педагогикалық шеберлігі мен сабақты заманауи жаңа технологиялармен жаңашыл, озық тәжірибелерден байыта пайдалана алуы айрықша роль атқаратынын атап көрсетті.
Психолог Ж.Аймауытов: «Оқытуда қызығусыз үлкен нәтижеге жетпейміз. Бойдағы ынтаны (қызығуды) қоздырып, кейбір нәрсеге ынтаны қолдан жасап еріксіз шақырамыз» - деп, балалардың ынтасын оятып, қызығушылығына түрткі болса оқытудың нәтижелі болытындығына айрықша көңіл бөлді.
Ғалымдардың пікірінен бала сияқты студенттің де қызығуының даму және қалыптасу мүмкіндігі оқыту мен тәрбиелеуге негізделетіндігін, оқытуда қызығудың болуы қажеттілігі мен әсерін, студенттердің өзара қарым-қатынасы мен әрекеті оның жеке тұлға болып қалыптасуына игі әсер ететіндігі афйқындалады.
Олай болса, студенттің қызығуы мен оның қалыптасуы жеке дара түрінде емес, ішкі заңдар арқылы жүзеге асады да қоғамның дамуымен, заманауи, оқыту мүмкіндіктерімен тығыз байланысты болады. Демек, қызығу білім алу барысында қалыптасады. Олай болса, студенттердің шығармашылық қызығушылығы оқу және оқыту үдерісінде қалыптасатын ғылыми білімнің салаларына, оқу пәндері мен шығармашылық іс-әрекетке тікелей байланысты.
Студенттер оқу үдерісінде көптеген пәннен білім алады, және олардың шығармашылық қызығушылығы осы пәндерден білім алу барысында қалыптасады. Бірақ сол пәндердің барлығына бір студенттің қызығуы сирек ұшырасады. Сондықтан қызығу ұғымын «қызығу - шығармашылық белсенділік» бағытында қарастыру керек. Ол өзінен-өзі щешіле алмайды,ол үшін қызығудың ерекше түрі - шығармашылық белсенділігінің мәнін ашып алу қажет.
Шығармашылық белсенділікті психологтар да педагогтар да жан-жақты зерттеуде,әсіресе Л.И.Божович, А.В.Запорожец, А.Н.Леонтьев, Н.Г.Морозова, Л.С.Славина, В.Н.Мясищев, Қ.Б.Жарықбаев және т.б. сияқты психологтар бұл мәселеге айрықша назар аударды .Осылардың ішінде шығармашылық белсенділікті барлық қырынан қарастырған ғалым- Н.Г.Морозова.
Зерттеушілер өз еңбектерінде шығармашылық белсенділігінің баланы ізденімпаз, білімге құмар, шығармашыл, бастамашыл, табанды және еңбексүйгіштікке баулитындығын баса көрсетіп, айтылып, шығармашылық қызығушылығы қалыптасқан баланың өздігімен білім алуы үлкен жетістікке жеткізетіндігін атағаны көрсетіледі.
Зерттеуші Л.И.Божович шығармашылық белсенділігінің балалардың оқуға деген қатынасын анықтайтын ынта мәселесімен байланыстырады.
Осыған орай студенттің оқуға ынтасының үлкен- үлкен екі категориясын жеке-жеке қарастыруға болады. Олар, бірінші студенттердің шығармашылық қызығушылығы мен зияткерлік белсенділігі, жаңа ақпаратты, білімді, білікті, дағдыны меңгеру қабілеті. Екінші студенттің өзгелермен қарым-қатынасындағы қажеттілік, олардың студентке берген бағасы мен қолдауына, қоғамдық қатынастарда арнайы орын алғысы келетіндігі. Ғалымның осы зерттеуіне сүйене отырып, ынтаның осы екі категориясы да студентті шығармашылық құштарлыққа бөлейді және білім алу мен басқа да іс-әрекеттерін табысты етеді.
Зерттеушілер А.В.Запорожец, Л.С.Славина және т.б. ғалымдар шығармашылық белсенділікті тұлғаның жеке ынтасын бір жүйеге біріктіретін күрделі иерархия, оқытудың эмоционалдық құлшынысын тудыратын интегратор деп таниды. Осы пікірлерге сүйене отырып студенттің шығармашылық қызығушылығы жеке дамуының психикалық өзгерісі білім мен білікті меңгеруі ғана емес, студенттің көзқарасының түбегейлі өзгеруі, өзін қоршаған ортамен қарым-қатынас орнатуы, мінезіндегі жағымды өзгерістердің шығармашылық белсенділік бір жағынан, ынтаны түрлендірсе, екінші жағынан өзге ынталардың да дамуын қадағалайды.
Ал, Ф.А.Зенкова шығармашылық белсенділік – тұлғаның таным үдерісіндегі бағыттылығы арқылы әр түрлі пәндік білім аймағында анықталады дейді.
Шығармашылық белсенділік мәселесіне біршама зерттеу жүргізген қазақ психологтарының бірі Қ.Жарықбаевтың зерттеуінше, «...қызығу көбінесе баланың бір нәрсеге бейімділігіне қарай көрінеді, ал оқуға қызығулар студенттерде оқу мотивтерінің дамуына байланысты қалыптасып отырады. Мәселен, кейбір балалар кішкентайында автомобильге, тракторға жалпы – техника атаулыға әуесқой келеді».
Демек студенттің оқуда табысқа жетуі үшін алдымен студентте білуге құштарлығының болуы қажет.
Осыған орай белгілі психолог М.М.Мұқановтың «жеке пәндерден дәріс-лекциядарды ойдағыдай үлгеру үшін алдымен баланың осыған ықыласы немесе қызығуы болуы шарт. Оларды оқуға үгіттеу арқылы тарту қиын. Оқуға деген ықыласты тудыру үшін тапсырмаларды орындата отырып, осыдан нәтиже шыққанда мадақтау керек. Орындалған тапсырма үшін қуануы кейінгі тапсырманы орындауға түрткі болады» деген пікірінің орынды екендігі көрінеді.
Олай болса, жоғары оқу орныоқушылары сияқты студенттің де өзіне қызықты немесе қажетті нәрсеге мән беретінін, оны қабылдауға икемді келетінін ескере отырып, студентті оқуға қызықтыруда құр насихаттаудан гөрі тапсырманы орындауға ынталандыруда және орындаған тапсырмасын бағалауда мадақтауда ақпараттық технологияны орнымен дұрыс әрі тиімді қолдану арқылы шығармашылық ынтасына әсер етуге болады.
Демек, шығармашылық белсенділік студенттің қызығуына, эмоциясына, саналы білім алуына қызмет етеді, олардың мазмұны мен сапасының түріне қарай тұрақтанады. Осындай әуестік қасиеттер студенттердің бойында да бар және шығармашылық белсенділікті қалыптастырудың бастапқы сатысы болып, студентлардің тұрақты шығармашылық белсенділігінқалыптасуына жағдай жасайды.
2015 жылы Ә.Нысанбаевтың басшылығымен 10 томдық «Психология» атты жинақта: «Шығармашылық белсенділік – бұл баға жетпес құнды қызығу, білімге деген ерекше риясыз және тойымсыз құмарлық. Студентны қысқа уақытқа болсын осындай елден ерек жанға айналдыру өте тиімді, өйткені білімге осыншалық құмарлықпен ұмтылуды ешқандай өзге ынтамен ауыстыруға болмайды. Бірақ ең қызығы, мұндай қасиетпен міндетті түрде дүниеге келу қажет емес, мұны кез келген басқа нәрселер сияқты жасауға, қалыптастыруға болады», - делінген.
Интерактивтік тақтаны қолдану көрнекілік қызмет атқараты және, студенттердің оқу үдерісіне көңілін аударып, оқуға түрткісін оятады. Программаларды көрнекілік түрде басқару, тез белгілеу, тақтада қолмен түзетулер енгізу, жазып алынған бейнефайлды студенттерге таратылатын материал, өзіндік жұмыс түрінде орындалатын тапсырма етіп беруге жағдай жасайды. Студенттерге тақта алдындағы ұяңдық пен қорқынышты жеңуге көмектеседі, оларды оқу үдерісіне қызықтырады.
Достарыңызбен бөлісу: |