Ұлттық ТӘрбие c m y k бас редактор с. Ж. Пірәлиев


Туған жері – түп қазығы, айбыны Туған тілі



Pdf көрінісі
бет4/17
Дата03.03.2017
өлшемі6,1 Mb.
#5489
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Туған жері – түп қазығы, айбыны
Туған тілі – сатылмайтын байлығы
Туған дәстүр, салт-санасы тірегі
Қадамына шуақ шашар үнемі
Және туған тарихы – ғасырлардың үні 
еді.
Төрт анаға әнін жалғай алмаған
Пенделердің басы қайда қалмаған.
Төрт анасын қорғамаған халықтың
Ешқашанда бақ-жұлдызы жанбаған. 
Құрметті 
әріптестер! 
М.Шаханов 
айтқандай,  осы  құдіретті  төрт  ананы 
құрметтеп өтейік, ағайын!
Резюме
Автор дает характеристику этносу. Поднимет проблему казахского этнического менталитета
Summary
The author gives a description of ethnicity. Raise the issue of the Kazakh ethnic mentality.

26
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
C
M
Y
K
   Л.К.Керімов – 
педагогика ғылымдарының докторы, профессор 
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің 
педагогика кафедрасының меңгерушісі
ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ОҚУШЫ-ЖАСТАР АҚЫЛ-ПАРАСАТЫН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУ ИДЕЯСЫ – ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ НЕГІЗІ
Елімізде 
ұлттық 
тәлім-тәрбиенің 
стратегиялық  даму  бағыты  Қазақстан 
Республикасының  Конституциясы,  Білім 
туралы  Заңы,  Тұңғыш  Президентіміздің 
халқына  әр  жылдағы  Жолдаулары  мен 
«Қазақстан  –  2030»  бағдарламасында 
нақтыланған. 
Аталған 
құжаттардың 
негізінде  жас  ұрпаққа  білім  мен 
тәрбие  берудің  тұжырымдамаларында 
көрсетілгендей  алдына  қойған  мақсаты 
–  қоғамның  барлық  саласында  белсенді, 
шығармашылық  іс-әрекетке  қабілетті, 
еркін тұлға тәрбиелеу.
Қазіргі  кезде  оқушы-жастарға  ұлттық 
білім  мен  тәрбие  беруге  қоғамның 
ынтызарлығы  мен  өз  Отанына  де-
ген  сүйіспеншілік  көлемі  арта  түсуде. 
Оған  дәлел  Республикамыздағы  қазақ 
мектептерінде  мемлекет    құраушы 
халықтың  67%-ның  балалары  қазақша 
оқиды.  Соның  негізінде  елімізде  білімі 
мен тәрбиенің өзінің даму тарихы, рухани-
мәдени дәстүрлерге, жергілікті халықтың 
тарихи-мәдени  тәжірибесіне  негізделіп 
жас  ұрпақтың  санасына  ұлттық  рухани-
адамгершілік  қасиеттерді  қалыптастыру 
барысында  Отан,  отбасы,  ана  тілі,  туған 
жер  табиғаты,  халқы,  оның  тарихы,  діні, 
мәдениеті  т.б.  ұғымдарды  сіңдіруге  бет- 
бұрыс жасай бастады.
Осы орайда айта кету керек, Кеңес Одағы 
кезінде  жастарды  жалпыадамзаттық, 
интернационалдық    құндылықтарға  бау-
лу барысында, олардың мінез-құлықтары 
мен  жүріс-тұрыстарында  өз  ұлттық 
тағылымына,  яғни  тілі  мен  мәдениетіне 
немқұрайлықпен  қарау  көзқарастарын 
қалыптастыруға  бейімдеді.  Сол  себептен 
де  жастардың  арасында  рухани  азғындау  
көзге  көріне  бастады.  Қой  аузынан  шөп 
алмайтын    ұяты  мол  ел  арасында  құқық 
нормаларын  ұстамайтын,  басбұзар,  арақ-
шарапқа  әуестік,  анаша  тарту  сияқты, 
ұсқынсыз,  жағымсыз    әдеттерге    кейбір 
жастар бой алдырған болатын.
Ендігі 
кезекте 
елбасшымыз 
Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстанның  ХХІ 
ғасырындағы  басты  даму  бағдарын 
белгілеген    стратегиялық  жоспарында 
халықтың  рухани  жаңаруына  ерекше  на-
зар  аударған.  Ол  құжатта:  «Адамдардың 
ой-санасын бір сәтте өзгерту мемлекеттің 
қолынан  келмейді.  Бірақ,  мемлекет 
өзгерістер  үдерісінде  объективті  тенден-
цияларды  түсіндіру,  маңызды  ақпаратты 
халыққа  жеткізу  жолымен  және  де                   
бастысы өзіндік молшылыққа бағытталған 
әлеуметтік-экономикалық  саясатты  іске 
асыру  жолымен  қабілетті.  Адамдардың 
жаңа  дүниетанымы    қалыптасқанша 
ондаған  жылдар  қажет  болды»    деген 
тұжырымы  гуманитарлық  ғылымдарға, 
оның ішіндегі психология, педагогика са-
лаларына теориялық-әдіснамалық негіз бо-
лып отыр. Екіншіден, әр халықтың өзіндік 
ұлттық  тәлім-тәрбиесі  болатындығы 
заңдылық. Егеменді мемлекетіміздің  жас 
ұрпақтың  ұлттық    сана-сезімдерін,  әдет-
ғұрыптарын ықылым замандардан бүгінгі 
күнге дейінгі ата-бабалар салт-дәстүрімен  
сабақтастыра  тәрбиелеу  –  қазіргі  күннің  
ең өзекті мәселесі.
Осы  тұрғыдан  біздер  ұлы  бабамыз, 
қазақ  даласының  перзенті    Әбу  Насыр 
әл-Фараби  (870-950  жж.)  ғұлама  ғалым, 
ойшыл,  философ,  шығыс  елдерінде 
тұңғыш  педагогикалық  жүйе  жасаған 
ағартушы,  оқымысты,  өзінің  көптеген 

27
C
M
Y
K
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
елдерге 
танылған 
педагогикалық 
еңбектерінде  тұлғаны  тәрбиелеу  туралы, 
оған  қойылатын  талаптар  жайында  өте 
құнды пікір, ойларын қалдырған болатын. 
Ғұламаның  педагогикалық  ойларының 
ішіндегі  ұлттық  тәрбиеге  байланысты 
идеясын талдауды жөн көрдік. Әр ұлттың 
ғалымдары  Әбу  Насырдың  өмірі  мен 
шығармаларын  орта  ғасырдың  өзінде 
зерттей бастаған, олардың қатарында араб 
және  парсы  тілдерінде  жазған  Ан-Надим 
(X ғ), Әл-Байваки (X ғ), Ибн Саид әл-Кифти 
(XIII  ғ),  Хаджи  Халифа  (1657  ж.),  латын 
тілінде жазған Венике (1484 ж), Камерари-
ус (1688 ж.) тағы басқаларды жатқызамыз. 
Ол  шығармаларын  араб  тілінде  жазып, 
олар  сол  кезде  Мысыр,  Шам,  Бағдад, 
Басра,  Куфа  қалаларында  өнердің  үлкен 
орталықтарында  жарияланып,  халыққа 
таныс болған. 
Әл-Фарабидің  педагогикалық  идеяла-
ры  ертедегі  түркілердің  педагогикалық 
ой-пікірлері,  алғашқы  педагогикалық 
ескерткіштері  тікелей  халық  өмірінің, 
халықтық 
педагогика 
мәдениетінің 
ықпалымен  пайда  болғанын  көрсетеді. 
Ғылымның  көрнекті  өкілдері,  орта  ғасыр 
мәдениет  қайраткерлері  –  жерлестеріміз 
жинақтаған  аса  бай  тәрбие  тәжірибесін 
есепке  алмауы  мүмкін  емес  болатын. 
Орта Азия ойшылдары «Әл-Фараби трак-
таттарынан»  бастап,  «Түркі  тіліндегі 
Гүлістанға» 
дейінгі 
педагогикалық 
ой-даналығына  үздіксіз  назар  аудару 
байқалады.  Бұл  өзара  байланыс  X-ХІҮ 
ғ.ғ.  шығармаларының  маңызды  белгілері 
болып  табылады.  Осы  орайда,  әл-
Фарабидің  философиялық,  әлеуметтік 
ой-тұжырымдары өзінен кейінгі дәуірдегі 
ойшыл  философтар  мен  қаламгерлердің 
шығармаларынан өзінің дәстүрлі жалғасын 
тапты. Мәселен, әл-Фараби өзінің «Интел-
лект (сөзінің) мағынасы жайында» деп ата-
латын зерттеуінде адамның ақыл-парасат 
мүмкіндігіне  жан-жақты  талдау  жасай 
келіп, оны «потенциалды интеллект», «ак-
туальды интеллект», «жүре келе дарыған 
интеллект», «әрекетшіл интеллект» сияқты 
философиялық категорияларға бөліп-бөліп 
талдайды. Әл-Фараби «жүре келе дарыған 
интеллект»  туралы  айта  келіп,  адам 
туғаннан  ақылды,  білімді  болып  тумай-
тынын, интеллектің өзі жүре келе, есітіп, 
көріп  барып  қана  дамитынын  ескертеді. 
Әл-Фарабидің  интеллект  жөніндегі  осы 
философиялық  ой-тұжырымы  одан  әрі 
шәкірттері арқылы жалғасын тапқан.
Ғұлама    ғалым  әл-Фараби  өзінің  «Ізгі 
қала  тұрғындарының  көзқарастары», 
«Бақытқа  жету  жолдары»,  «Музыканың 
ұлы  кітабы»  т.б.  трактаттарының  ба-
сым  көпшілігі  халықты,  жас  ұрпақты 
тәрбиелеу, білім беру, ағарту мәселелеріне 
арналған.  Әл-Фарабидің  педагогикалық 
көзқарастары, оның шығармалары Шығыс, 
Европа  педагогикасына  ықпалы  өте  зор 
болған. 
Платон 
мен 
Аристотельдің 
философиялық 
тұжырымдарынан 
педагогикалық 
идеяларды 
шығарып 
алуға  болатын  сияқты,  әл-Фарабидің 
философиялық ойларынан педагогикалық 
әдіснамаларды  және  теорияларды  іріктеп 
алуға  болады.  Оның  тұжырымдамалық 
ойларына  байланысты  педагогикалық  
идеялары  азаматтық  гуманистік  немесе 
саяси  философияның  құрамына  енетін 
ғылым деп айтуға болады.
Әл-Фарабидың  пікірінше  педагогика 
ғылымы болашақ жас ұрпақтың ерік-күйін, 
ниетін белгілі бағытқа бағыттап, әр жақты 
тәрбие  құралдары  мен  әдістері  арқылы 
басқарып  отыру,  өзін-өзі  тәрбиелеуге 
ниеттендіретін басқару өнері деп санаған. 
Ал,  басқарушы  адам-педагог,  ұстаз, 
тәлімгер  деген  ұғымдарды  әл-Фарабидің 
педагогикалық жүйесіндегі басты ұстанар 
тетігі  –  философиялық-этикалық  ка-
тегориясын  құрайды.  Бұл  категория 
әрбір  толық  адамды  бақытқа  жеткізетін, 
оның  мәні-мағынасын  ашатын  мұраты. 
Бақытқа  жетудің  негізі  –  философия, 
яғни  ғылыми  білімдер  арқылы  дүниедегі 
әдемілікті, 
адалдықты, 
тазалықты, 

28
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
C
M
Y
K
мейірімділікті, қанағат тұту, мұратқа тал-
пыну,  қиыншылықты  жеңе  білу,  ақыл-
ойын жетілдіру, әрбір іс-әрекетті жүректе 
ұялату,  дамыту  әрекеттері  жатады.  Осы 
пікірді  әл-Фарабидің  сөзімен  айтқанда: 
«Біз бақытқа тек әдемілік пен тазалықты 
бойға сіңіру арқылы жетеміз, ал ондай ке-
мел тазалық пен әдемілік философия өнері 
арқылы  келетіндіктен  біз  бақытқа  нақ 
философия  негізінде  ғана  жетеміз»  деп 
түйіндейді. 
Әл-Фарабидің философиялық жүйесінде 
тәрбие  мен  тәлім,  білім  мәселелері 
бір-бірімен 
диалектикалық 
бірлікте 
болғандығын  байқаймыз.  Өйткені,  фило-
софия  нағыз  білімпаздың,  өнерпаздың 
және 
кемеңгерліктің 
жиынтығы, 
сондықтан барлық ғылым, білім, өнердің 
жеткен жетістіктері философия ұғымына, 
мазмұнына жатқызылады.
Мәселен,  әл-Фараби    де  Аристотель 
сияқты  адамды  қоғамдық  жан  деп  есеп-
теген,  өзінің  этикалық,  педагогикалық 
және гуманистік көзқарастарында аталған 
қағиданы  әдіснамалық  негіз  ретінде 
дәлелдеген.
Әл-Фараби  «Ізгі  қала  тұрғындарының 
көзқарастары» 
атты 
трактатында 
адамдардың  бір-бірімен  өзара  бірлестікте 
болып, өзара көмектесіп қол ұштарын берсе, 
бірлесіп еңбек етіп жеткен жетістіктерінің 
жемісін бөліссе, толыққанды адамдардың 
нобайы  шығып,  олар  өздерінің  балала-
рын  кең  бақыттылыққа  тәрбиелеген  бо-
лар еді. Міне, сондықтан бір-біріне көмек 
беріп  отыратын,  біреуі  екіншісінің  өмір 
сүруіне  қажетті  нәрселердің  бір  бөлігін 
тауып беріп ортақтасатын көптеген адам-
дар бірлестіктері арқылы ғана адам өзінің 
жаратылысына сай кемелділік дәрежесіне 
жете алады» деген пікір қосады.
Қоғамды  кемелдендіру  –  бақытқа 
жетудің алғашқы басты шарты, тек кемел-
денген қоғамда ғана адам ғылым, филосо-
фия, тәрбие арқылы кемелдікке жете алады. 
Педагогикалық қағида тұрғысынан адам-
ды бақытқа жеткізетін негізгі құрал мінез-
құлық пен ақыл-парасат, адамгершілік пен 
интелектуалдық күш-қуат тәрбиенің мән-
мағынасын құрайды. Әл-Фарабидің пікірі 
бойынша  «Біз  жақсы  мінез-құлық  пен 
ақыл-парасатқа ие болған кезде солардың 
арқасында міндетті түрде бақытқа жетеміз. 
Бұл екеуі бар кезде, бірлікте болғанда ғана 
біздің іс-әрекеттеріміз үстем де кемел бо-
лады,  осылардың  арқасында  біздер  шын 
мәнінде  қадірменді,  қайырымды,  инабат-
ты адам боламыз» деп санаған.
Әл-Фарабидің 
педагогикалық 
идеясының маңыздылығы – адамның еркі 
мен  талап-тілегінің  сипатына  мән  береді. 
Оларға  тиісті  жағдай  туғанда  адамның 
жақсы 
қасиеттерінің 
қалыптасуына 
мүмкіндік  туып,  мақсаты  мен  іс-жүзіне 
асырудың  құралдарын  ұстаздарының 
басшылығымен  сұрыптап  алып  өзін-
өзі  тәрбиелеуге  бағдар  алады.  Осындай 
адамгершілікті  сипаттарды  тәрбиелеу 
кездейсоқтықтан  келмейді,  қайта  сана-
лы түрде таңдап алған бағыт-бағдарлары 
жаттығу, машықтану, күнделікті әдеттерін 
жетілдіру  қажеттіліктеріне  байланысты 
болмақ.
Ерік 
пен 
тілек 
адамның 
сезімталдығымен, рухани қажеттіліктерді 
таңдай  білумен  мінезделіп,  ерік-күшімен 
күнделікті  тәрбиемен  келетін  сапа-
қасиеттер  біртіндеп  мінез-құлықтарына 
сіңісіп,  болашақ  адамгершілік  белгісіне 
айналады. 
Әл-Фараби өзінің саяси-педагогикалық 
трактаттарында 
адамдардың, 
қала 
тұрғындарының 
мінез-құлықтары 
мен  ақыл  парасаттарын  тәрбиелеуде 
қайырымды 
қала, 
мемлекеттерге, 
олардың  басшыларына  барген  кеңесінде: 
«Тұрғындар бір-бірімен шынайы көмекке 
бірігіп, шынайы бақытқа жетуді көздегенде 
қала қайырымды қала, халқы қайырымды 
адамдар  болғанда  ғана,  олар  бақытқа 
жетеді. Егер дәл осылай бақытқа жету жо-
лында барлық халық бір-біріне қалтқысыз 
көмектесетін болса, онда бүкіл дүние жүзі 
қайырымды  мекен  болар  еді»  деген  ой 

29
C
M
Y
K
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
тербетеді. Негізінен, әл-Фараби адамзатты 
болашақ бақытқа жеткізудегі оның ұстаған 
ұстанымы – халықтар достығы, бейбітшілік  
қатынаста  өмір  сүру,  адамдарды  бір-
бірімен  байланыстыратын  дәнекерлік 
тұтқа  –  адамгершілік  құндылықтар. 
Сондықтан,  адамдар  өзара  тату-тәтті 
бейбітшілік  рухта  тәрбиеленгенде  ғана 
бақытты болатындығын айтқан. 
Әл-Фараби  педагогиканың  мақсат, 
мұраты  жайлы  ұсынған  гумандық 
идеясының  мәні  зор.  «Біздің  міндет, 
мақсатымыз  –  бақытты,  толық  толысқан 
адамды  тәрбиелеу.  Бақыт  адамның 
материалдық  және  рухани  игіліктерді 
өзіндік  мақсатқа  тұтыну  ғана  емес 
және  тек  өзіне  ғана  тән  өмір  рақатын 
көруде  емес.  Әрбір  тұлғаның  бақыты 
және  мұраты  –  жаңа  өмірдің  күйбең 
тіршілігінде  өз  орнын  табу  жолында  жа-
сампаз  рухани  күш-қуаттарын  бір  арнаға 
тоғыстырып  жетістіктерге  жете  білуін 
толықтай  жобалай  білуінде,  соны  іске 
асыруда  сезімталдық  пен  қажеттілігіне 
сенім білдіріп, өзін-өзі ұйымдастыра білуі 
тиіс» деген. Ғұлама ойшыл философиялық 
ой-толғамында  әрбір  адамға  өзінше 
жеке-жеке  бақытқа  жеткізетін  жолдар-
ды  іздестіреді.  Бұл  жолдардың  тоғысқан 
түйісі ретінде ол толық құнды теориялық 
білім  мен  қастерлі  адамгершілік,  олар 
әрбір  жас  ұрпақтың  бейім-қабілеттеріне 
қарай  жан-жақты  гармониялық  тұрғыдан 
қалыптасып  дамуын  ойластырады.  Әл-
Фараби оның басты жолы белгілі бір жо-
бамен жүйелі жүргізілетін тәрбиелеу мен 
оқыту деп дәлелдейді. 
Сонымен, 
әл-Фарабидің 
философиясындағы 
педагогикалық 
идеяларының 
ұстаған 
ұстанымы-
кемелденген 
тәлім-тәрбиелі, 
білім-
парасатты зиялы адамның идеялық үлгісін 
жасағандығын  белгілі  педагог  А.Көбесов 
«Әл-Фарабидің  ашылмаған  әлемі»  деген 
оқу  құралында  дәл  көрсете  білген.  Әл-
Фараби  мемлекет  басшысының  «Сегіз 
қырлы  бір  сырлы»  болудың  шарттарын 
анықтап,  әрқайсысына  жеке-жеке  сипат-
тама  берген.  Мысалы,  ол  табиғи  бейім-
қабілеті бар жасөспірім өсе келе кемеңгер 
әмірші болуы үшін және өкіметті басқара 
білуі  үшін,  жас  кезінен  қалай  тәрбиелеу 
керектігін азаматтық философияны негізге 
алатын педагогиканың басты міндеті деп 
санаған.    Табиғи  қабілеті  бар  баланың 
туа  біткен  және  балалық  шағынан  ба-
стап  ақылмен  тәрбиеленген,  жоспарлы 
мақсатпен  дамытатын  он  екі  қасиеттерді 
саралайды.
Ғұламаның 
тұжырымдық 
қағидаларында: 
«Ешқандай 
жанға 
бағынбайтын  басшы  адам,  өзінің  бой-
ында туа біткен он екі қасиеттерді дамы-
та  тәрбиелеп  отыра,  оларды  бір-бірімен 
ұштастырып  жетілдіріп  отыруы  тиіс. 
Біріншіден,  адамның  әрбір  ағзалары  са-
лауатты  мінсіз  болып,  әрқайсысы  өз 
қызметтерін жақсы атқарып, әр жағдайлар 
туғанда тез бейімделгіш болуы тиіс. Сон-
да  ғана  ол  адам  бір  іс  атқармақ  болса, 
бір  мүшесінің  жәрдемімен  істі  тез  арада 
атқарып тастайды. Екіншіден, әмір табиғи 
туа біткен қасиетіне қарай өзіне жүктелген 
міндеттерді  түсініп,  тыңдаған  ақыл-
кеңестерді ұғына білетін әрбір ойды есіне 
ұстап,  қажетті  сәтте  пайдалана  білетін 
және істің жай-жапсарын түсініп орынды 
тапсырмалар  бере  білетін:  өзі  түсінген, 
көрген,  білген,  естіген  және  аңғарған 
нәрселер  мен  әрекеттерді  есіне  сақтап, 
дер  кезінде  іске  қосатын  аңғарымпаз 
ақыл иесі болуы шарт. Үшіншіден, алғыр 
ойлы,  өткір  сөз  иесі  және  ойындағы 
түйген  пікірін  анық  айта  білетін  тілмар, 
шешен  адам  болуы  шарт.  Төртіншіден, 
өнер-білімге  құмар,  ақыл-ойын  ұштап 
отыратын  көреген,  алыстан  ойлайтын, 
әрбір  істің  шешімін  таба  білетін,  ішіп-
жемге,  ішімдік  ішуге,  сыр-сұхбат  құруға 
қанағат  тұтатын,  жаратылысынан  ойын-
сауыққа құмар емес, нәпсі-ләззатқа жире-
не қарайтын адам болуы шарт. Бесіншіден, 
қанағат танытатын шындық пен шыншыл, 
адамдарды  қолдап,  өтірікшіл,  су  жұқпас 

30
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
C
M
Y
K
суайттарды  жек  көру  қажет.  Алтыншы-
дан, жаны асқақ және ар-намысын жоғары 
қоятын  адам  болуы  шарт.  Жетіншіден, 
оның  жан-дүниесі  пасық  істердің 
барлығынан  жоғары  тұрып,  тумасынан 
игі істерге ынтазарлық көрсетіп, тиянақты 
орындап отыруы шарт. Сегізіншіден, дир-
хем,  динар  атаулыға,  жалған  дүниенің 
көз  қызықтырар  нәрселеріне  (атри-
буттарына)  жиіркенішпен  қарау  шарт. 
Тоғызыншыдан,  тумасынан  әділеттілік 
пен  әділеттілерді  қолдап,  әділетсіздік 
пен  озбырлықты  және  бұл  қасиеттердің 
иелерін  жек  көріп,  жақындарына  да, 
жат  адамдарға  да  әділ  болып,  жұртты 
әділдікке  баулап  әділетсіздіктен  зардап 
шеккен  адамдарға  көмектесіп,  жұрттың 
барлығына  өз  білгенінше  жақсылық  пен 
ізгілік  көрсетіп  отыруы  шарт.  Оныншы-
дан, әділ бола отыра қыңырлық көрсетпеу, 
әділеттілік алдында теріс, қияс мінез жа-
сап қарыспау керек, бірақ әділетсіздік пен 
пасықтық атаулыға мүлдем рақымсыз болу 
шарт.  Он  біріншіден,  мемлекет  басшысы 
өзі  қажет  деп  тапқан  жағдайда  бастамақ 
ісін  жүзеге  асырғанша  шешімпаздық 
көрсетіп, қорқыныш пен жасқану дегенді 
білмейтін батыл, ержүрек болуы тиіс. Он 
екіншіден, дін қандай сенімді, көзқарасты 
қуаттамасын  оның  негізгі  нысанасы, 
мақсаты адамды шынайы бақытқа жеткізу 
жолына қызмет жасауы шарт» - деп, мем-
лекет  әміршісінің  мінез-құлқындағы 
адамгершілікті құндылықтарға мінездеме 
берген.  Аталып  өткен  адамгершілік 
қасиеттердің барлығы бір адамның бойы-
нан  табылуы  тиіс.  Бірақ  жаратылысынан 
осындай  қасиеттер  дарыған  адамдарды 
өте  сирек  кездестіреміз.  Әл-Фарабидің 
нақтылай  айтпақшы  ойы:  қайырымды 
қаладан  сегіз  қырлы,  бір  сырлы  кемел 
адам табылса және оның мінез-құлқында 
жоғарыда  аталып  өткен  шарттардың 
алғашқы алтауы немесе бесеуі болса, онда 
қиялдану  қабілеті  жағынан  алдына  жан 
салдырмаса, ол осы қаланың (мемлекеттің) 
адамдарын  бақытқа  жеткізетін  айбынды 
басшысы болмақ…» деген философиялық, 
этикалық,  педагогикалық  жағынан  мәні 
зор адамгершілік қасиеттердің мазмұнын 
ашып береді.
Әл-Фарабидің  педагогикалық  идея-
лары  жастарға  оқыту  мен  тәрбие  беру-
де  ерекше  мазмұндылығымен,  біртұтас 
байланыстылығымен 
сипатталынады. 
«Оқыту арқылы адамдар мен халықтарға 
теориялық  және  практикалық  білімдер 
беріп  қайырымдылыққа,  қанағаттылыққа 
бағыттап отыру әдіс-тәсілдерімен іс жүзіне 
асырамыз.  Оқыту,  сөйлесу,  әңгімелесу 
халықты  белгілі  іс-әрекеттер  арқылы 
әдет-дағдыларын  қалыптастырамыз»  де-
ген ойын жазады.
Әл-Фарабидің  топшылауынша  оқу-
философияның  негіздерін,  теориялық 
білімдерді  еркін  меңгеру,  әлеуметтік-
саяси  көзқарастарын  қалыптастыруға 
қызмет  жасаса,  ал  тәрбие  –  ол  ұстаздың, 
тәлімгердің  адамның  белгілі  мақсатқа 
негізделген  адамгершілік  мінез-құлық, 
әдет-дағдыларын  қалыптастыруға  ниет-
телген іс-әрекеттерін дамытады. Қайсыбір 
адам  болмасын  өзінің  мінез-құлқына  аса 
қадірлі абзал қасиеттерді қалыптастырсам 
екен  деп  қиялданады.  Бірақ  адам 
адамгершілік қасиеттердің түп-тамырына 
дейін  сана-сезімі  жетпеуі  мүмкін  не-
месе  тәжірибесіздіктен  арнаулы  әдіс-
тәсілдермен,  амалдармен  дамыта  алмауы 
ғажап емес. Сол себептен уақытын өткізіп 
алып,  қажетсінген  қасиеттерді  тәрбиелей 
алмай,  абзал  адамгершілік  қасиеттердің 
орнына  жағымсыз  пасық  қылықтардың 
пайда  болуы  мүмкін.  Сондықтан  жас 
ұрпаққа  дұрыс  тәрбие  беруде  тәрбиелі 
ұстаздар  мен  тәлімгерлерді  дайындауы-
мыз  қажет.  Олар  өз  ісіне  шын  берілген 
адамдар болса, жастарды тәрбиелеуде көп 
нәтижелерге жеткен болар едік. Әрбір дара 
адамдардың (индивид) түрліше қасиеттері 
болмақ.  Бақытты  қалыптасыруға  байла-
нысты,  оның  бойындағы  нышандарды 
танып-білу  кез-келген  адамның  қолынан 
келе бермейді. Бұл үшін кемел ұстаз және 

31
C
M
Y
K
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
ақылгөй  тәрбиеші  керек.  Адамдардың 
мінез-құлқы  әр  түрлі  болғандықтан,  бір 
адамға шамалы ғана ықпал жасап, өзінің 
жүріс-тұрысын  бағдарлап  басшылық 
алуына  көмек  берілгенде  өз  жеке  ба-
сын алып жүре алады. Басқа бір адамдар 
ұзақ  басшылықты  қажет  тұтады.  Бірақ 
екеуіне де кейде орынды бағыт-бағдарын 
бағдарлап  басшылық  жасағанымен  ұзақ 
мерзімге  дейін  сырттай  итермелеп  жаңа 
іс-әрекеттерге қажеттіліктерін жанданды-
рып отыру керек. Өйткені, жақсы тәрбиеге 
үйреткенімен  және  берілген  ақыл-
кеңестің  барлығын  орындай  бермейді. 
Бұл  адамдардың  көпшіліктеріне  тән 
нәрсе.  Сондықтан,  адамдар  осылардың 
бәрін  үйрететін,  басшылық  жасайтын, 
адамның жан дүниесін түсінетін тәрбиеші 
ұстаздарға зәруміз» деген пікір қосады.
Әл-Фараби  жастарды  тәрбиелеуде 
бірінші  орынға  мінез-құлық  тәрбиесін 
қойып,  ол  адамдарды  шынайы  бақытқа 
жеткізетін  педагогикалық  категория 
ретінде  мінездеме  берген.  Ғұлама  кең 
мағынадағы  тәрбие  ауқымына  еңбек, 
дене,  эстетика,  ақыл-ой,  гуманистік 
елжандылық,  рухани,  адамгершілік  т.б. 
тәлім-тәрбиенің түрлерін жатқызады. Осы 
тәрбие  жүйелері  кемелденген  адамдарды 
қалыптастыруға тірек болатындығына на-
зар аударған.
Ғұлама 
адамның 
мінез-құлқын 
тәрбиелеудің 
әдіс-тәсілдерін, 
құралдарын  белгілеуде  Аристотельдің 
тұжырымдамасын  басшылыққа  алған. 
Мысалы,  ол  адамдағы  жастайынан 
қалыптасқан  мінез-құлық  қасиеттері 
туғаннан  берілген  нышан  емес,  қайта 
күнделікті  жаттығудан,  әдеттенуден, 
машықтанудан  тәрбиеленген  нәтиже  де-
ген қағиданы ұстанып, бұл педагогикалық 
идеяны одан әрі дамытты.
Бабамыз  адамдағы  жақсы  мінез-
құлықтарды  қалыптастыруға  және  өзін-
өзі,  одан  әрі  жетілдіруде  ерік-күйіне, 
қайрат-жігеріне  көп  мән  берген.  Өйткені, 
сезім мен рухани қажеттілік пен парасат, 
мұқтаждықтар бірлікте болмай бір-біріне 
қарама-қайшылықта  болса,  мәселелерді 
шешудің  басты  жолы-сана  арқылы,  яғни 
ерік және ақылының бірлігінде белгілі бір 
қорытынды шешімге келуге итермелейді. 
Мұндай  жақсы  ниет,  атқарылған  оңды 
іс-шаралар  келе-келе  адамның  әдет-
дағдысына, іргелі қасиетіне айналып, адам 
жан-жақты тәрбиесі жақсы мінез-құлықты 
жан деп айтуға себепші болады. 
Әл-Фарабидің  жоғарыда  айтылғандай 
педагогикалық  идеяларының  түйіндей 
нәрі,  оның  «Бақытқа  жету  жолдарында» 
айтылғандай:  «Жақсы  мінез-құлық  пен 
ақыл-күші,  бұлар  адамшылық  қасиеттер 
болып  саналады.  Екеуі  де  бірдей  бір 
адамның  бойынан  табылса,  оның  әрбір 
іс-әрекетінен,  айналысындағы  адамдар-
мен  қарым-қатынасынан  абзалдықты, 
кемелдікті  көреміз.  Осы  екі  қасиеттің 
арқасында ізгілікті және қайырымды адам 
болып, оның өмірі қызықты, қайырымды, 
еңбексүйгіштік мінез-құлқы адамдар ара-
сында құрметке бөленіп отырады…», – деп 
қорытындылайды.
Аталған  трактатында  ғұлама  мінез-
құлықтағы 
кемшіліктерді 
жөнге 
салу  әдісінің  мән-мағынасын  ашады. 
Адамгершілікті  мінез-құлық  әр  адамның 
адами іс-әрекеті мен жүріс-тұрыстарының 
белгілі  талаптан  аспай,  шама-шарқынша 
орындалып жатады. «Жаман мінез-құлық 
рухани  кесел.  Бұл  кеселді  жоюдың  жолы 
тән  кеселін  емдеген  сияқты  дәрігердің 
тәсіліне  жүгінген  жөн.  Ең  алдымен, 
бойымыздағы жаман мінез-құлықты зерт-
теп,  себеп-салдарын  білуіміз  тиіс.  Содан 
кейін, жоспарлы ұйымдастырылған тәрбие 
арқылы  теріс  мінез-құлықты  жоюдың 
әдіс-тәсілдерімен  адамды  қаруландыру 
керек.  Адам  бойындағы  жаман  қылықты 
қайта  тәрбиелеуде  өзін  қатыстырылып, 
әдеттенуге ынталандырып басшылық жа-
сау қажет».
Әл-Фарабидің  «бақытқа  жету  жолы» 
атты 
трактатында 
жасөспірімдерді 
қайырымдылыққа, 
қанағаттылыққа, 

32
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
C
M
Y
K
жомарттылыққа, батырлыққа, шешендікке, 
достыққа  т.б.  сияқты  қасиеттерге 
тәрбиелеу жолын айтады. Мәселен, тапқан 
қаражатыңды  үнемдей  білу,  орынды 
жұмсау жомарттылыққа апарады. Шектен 
тыс  үнемшіл  болу,  ақшаны  кем  жұмсау 
сараңдыққа бейімдейді.
Достық  қарым-қатынас  адамгершілік 
қасиет,  басқа  адаммен  әңгімелесу,  сыр-
ласу,  мінез-құлқын          түзеуде  адамға 
ләззат  әкеледі,  ал  достыққа  тарлық  жа-
сау 
— 
тәкәппарлыққа әкеледі. Ғұламаның 
ф и л о с о ф и я л ы қ - п е д а г о г и к а л ы қ 
шығармаларында 
әдемілік, 
әсемдік 
пен  үйлесімдік,  гармония  сезімдерін 
тәрбиелеуге        ерекше  мән  берген. 
Сондықтан,  оның  жастарға  музыкалық 
білім  беру,  тәрбие  туралы  айтқан  ой-
пікірлері,  түйіндеген  қорытындылары 
«Музыканың ұлы кітабында» жинақталған. 
Әл-Фараби  жастарға  эстетикалық  тәрбие 
беруде  поэзия,  бейнелеу  өнері,  мәнерлеп 
оқу,  жазу,  арқылы  оларды  көркемдікке 
баулиды.  «Көркем  жазу,  жазудың 
кемелділігінің жемісі, ал адам бұл әрекетті 
кемел меңгеріп, оны мағынасына сай орын-
дай  алатын  әдетке  жеткенде  ғана  жүзеге 
асады» деген. 
Әл-Фарабидің пікірі бойынша тәрбиеші 
және тәрбиеленушінің денсаулығы мықты 
болуын  қадағалап  отыру  керек.  Өйткені, 
кісіні  жан-жақты  қалыптастыруда  дене 
тәрбиесі  негізгі  фактор  болып  саналады. 
«Адам  тәнінің  кемелдігі  –  ол  денсаулық, 
егер  денсаулық  болмаса,  оны  жетілдіріп, 
емделу  қажет.  Ал  егер  денсаулық  бол-
са,  оны  сақтай  білу  парыз».  Еңбек, 
еңбексүйгіштік  тек  өзінен-өзі  келмейді, 
тынымсыз еңбек жасау керек, ол бақытқа 
әкелетін  ізгі  қасиет,  мысалы  «байсалды, 
бірқалыпты еңбек адамға нәр беріп, күш-
қуатын арттырады» деп жазды.
Ұлы  Даладағы  біздің  даңқты  ата-
бабаларымыздың  бойында  асқақ  рух, 
мызғымас  бірлік,  қоршаған  ортаға  тез 
бейімделгіш, 
алғырлық 
қасиеттер. 
Сол  замандардан  сақталған  деректер-
ге сүйене отырып Абай  атындағы Қазақ 
ұлттық  педагогикалық  университетінде 
гуманитарлық  пәндерді  оқыту  үдерісінде 
және  тәрбие  жұмыстарында  болашақ 
педагогтарға  ұлттық  намыс,  ар-ұят, 
жауапкершілік,  сөзде  тұру,  адалдық, 
әдептілік,  ізеттілік  т.б.  адамгершілік 
қасиеттерін  қалыптастыруға  барлық 
мүмкіндіктерін жұмылдыруға кірісті.
Сонымен, 
педагогикалық 
университеттегі  студенттердің  сана-
сезімдерін  оятудағы  ұлттық  білім  мен 
тәрбие беруде қазіргі  кезде алдына қойған 
басты  мақсатты  –  ерікті,  шығармашыл, 
белсенді, өзін-өзі дамытатын жеке тұлғаны 
қалыптастыру.
Ұлттық  тәрбие  бағдарламасының  ал-
дына  қойған  негізгі  міндет  –  болашақ 
ұстаздардың  тарихи-мәдени    мұраларға 
танымдық  қызығушылықтарын  арт-
тырып,  олардың  саналары  мен  мінез-
құлықтарына  жалпыадамзаттық  рухани 
құндылықтар мен ұлттық тәлім-тәрбиенің 
құндылықтарын  қалыптастыруға  ерекше 
назар  аудару.  Екінші  бір  міндеті  –  әрбір 
болашақ  мамандардың  жаңаша  ойлау 
әдет-дағдыларын  қалыптастыру.  Соның 
ішінде жеке тұлға мәдениеті, яғни болашақ 
ұстаздардың өзара қарым-қатынастар және 
ұлтаралық  қатынастар  мәдениеттерін 
дамыту.  Үшінші  міндет  –  студенттерді 
дүниежүзілік классикалық педагогикалық 
ой-пікірлері  және  идеяларымен  танысты-
рып,  олардың  жас  ұрпақты  тәрбиелеуде 
халықтардың тәрбиелеу, оқыту және білім 
беру  мәселелеріне  қосқан  үлестеріне, 
жетістіктеріне жан-жақты талдау жүргізіп 
таныстыру.  Төртінші    міндет  –  болашақ 
мамандардың  намыс,  жауапкершілік, 
еңбексүйгіштік, сөзде тұру, бейім-қабілет, 
елжандылық  сана-сезімдерін  дамытып, 
басқа  ұлт,  ұлыстармен  достық  қарым-
қатынаста болуға тәрбиелеу.
Педагогикалық 
университетте 
жаңадан  ашылған  «Ұлттық  тәрбие»  
кафедрасында 
 
ұлттық 
тәрбиенің 
мазмұндарын  ұйымдастырып жүргізудің 

33
C
M
Y
K
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
тұжырымдамалық  негізі  болып  жеке 
тұлғаның:
–  ұлттық  сана-сезім,  мақтанышын 
қалыптастыру, рухани мәдениетін көтеру;
–  азаматтылығын            және  
ұлтжандылығын, өз Отанына, мемлекеттік 
символдар  мен  ұлттық  дәстүрлерге  
сыйластығын тәрбиелеу;
–  рухани,  шығармашылық, адамгершілік 
қатынастарын дамыту мен салауатты өмір 
салтын қалыптастыру;
–республиканың 
әлеуметтік-
экономикалық,  саяси-мәдени  өміріне 
қатысуын қамтамасыз ету;
– республикадағы әрбір ұлт өкілдерінің 
өсіп-өркендеуіне жағдайлар жасау т.б. са-
налады.
Ұлтымызды       ғұмыр бойы тұтастандырып 
келген,  болашаққа  топтасқан  күйінде 
қалпын сақтап, жаугершілік заманда қиын-
қыстауда  ұжымдасып  тілін,  жерін,  суын 
және  Отанын  сақтауға  тұғырлық  негіз 
болған  ұлы  тұғырдың  бірі  –  ана  тіліміз. 
Ана тілі жастардың рухани байлықтарын 
мінез-құлықтарында, жүріс-тұрыстарында 
өздіктерінен тәрбиелеп білуге себепші бо-
латын  басты  фактор.  Сондықтан,  бүгінгі 
таңда  ана  тілін  білу  әрбір  қазақтың 
парасаттылық және ұлттық қажеттілігіне 
айналып келеді және соған  мемлекет тара-
пынан қазақ тілін дамытуға жағдай жасау-
да.  Ол  қадірменді  шараларды  іс  жүзінде 
асыруда  Республикамыздағы  жоғары  оқу 
орындары атсалысуда. Ана тілін дамытуға 
педагогикалық  университетте  барлық 
мүмкіндік жасалуда, іс-қағаздар, құжаттар 
ды қазақ тілінде дайындауда.
Ұлттық  тұтастығымызды,  өзіндік 
болмыс-бітімімізді    сақтаудың  тағы  бір 
тұғыры  –  ұлттық  тарихы  және  қазақ  
халқының  мәдениеті,  еліміздегі  бүкіл 
мәдениеттерді 
біріктіруші 
міндетін 
атқаруда.  Қазақ  мәдениетіне  күмәнмен 
қарайтын 
зерттеушілер 
баршылық. 
Олардың 
күмәндерін 
сейілтетін 
ұйымшылдықпен  атқарылып  жатқан 
«Мәдени мұра» бағдарламасының атқарар 
жүгі  зор.  Соның  ішінде  қазақ  эпостары, 
өнер, сәндік қолданбалы өнер, ұлттық му-
зыка, би т.б. мәдени салалардың жиынтығы 
жастардың 
 
рухани-адамгершілік 
қасиеттері 
мен 
бейім-қабілеттерін 
қалыптастыруға  себепші болатын ұлттық 
тәрбие  мазмұндарының  мүмкіндіктері 
ерекше.  Біздер  философия,  көрсем-сурет 
факультеттердің  оқытушы-профессорлар 
құрамына  болашақ  мамандардың  бой-
ларына  ұлттық  мәдениетті  тәрбиелеуге 
жұмылдыруға  тапсырма  беріп  отырмыз. 
Сонда  ғана,  біздер  жаһандану    заманын-
да  әлемдік  қауымдастық  құрамындағы 
өзіндік 
болмыс 
бітімімізді, 
төл 
дүниетанымымызды сақтап қаламыз.
Болашақ 
мамандардың 
рухани-
адамгершілік 
құндылықтарын 
тәрбиелеудегі іргелі тұғыр – ұлттық салт-
дәстүр.  Өмір-салты  дегеніміз  –  әрбір 
қоғамның әлеуметтік топтардың белгілі бір 
өмір сүру, табиғи ұлттық ерекшеліктеріне 
байланысты.  Бұл  ұғым  қоғамның,  оның 
топтарының өздеріне тән жұмысы, тұрмыс 
жағдайы,  мәдениетінің  дамуы,  қызметі, 
отбасындағы  және  тұрмыстағы  қарым-
қатынас  ерекшеліктеріне  байланысты. 
Бұл  ұғым  қоғамның,  оның  топтарының 
өздеріне  тән  жұмысы,  тұрмыс  жағдайы, 
мәдениетінің дамуы, қызметі, отбасындағы 
және 
тұрмыстағы 
қарым-қатынас 
ерекшеліктері,  болашақ  мамандардың 
бірлік  формалары, материалдық және ру-
хани байлығы, бос уақытын нәтижелі пай-
далану іс-әрекеттерінен  тұрады.
Болашақ 
мамандардың 
өзін-өзі 
тәрбиелеуде  ерекше  орын  алатын  тұғыр 
өзін-өзі  тану  (әдептану).  Жастардың 
рухани-адамгершілік 
құндылықтарын 
тәрбиелеуге өзара жеке тұлғаның түсіністік 
сана-сезімдерін  қалыптастыруда  адам-
дар  арасындағы  қатынастар  ізгілікті 
бір-бірін  сыйлау  құрметтеріне  ие  бола-
ды.  Себебі,  интеллектуалдық  биік  шын-
дарын  игеру  өзін-өзі  танудың,  әлем 
мен  адамға  деген  өзіндік  көзқарасты 
қалыптастырудың  шарты  болып  табы-

34
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
C
M
Y
K
лады.  Өзіндік  ой  қисыны,  фактілер  мен 
құбылыстардан  ой  қорытындысын  жасай 
білуге  дағдыландырып,  дербес  өзінше 
еркін  жұмыс  істеу  қажеттілігін  тудырып 
отыр.  Адам  мәдениет  әлемімен  сұхбатқа 
түсу    үдерісінде  өзгелердің  пікірлерін 
өзінше игеріп қана қоймай, сонымен бірге 
өз  көзқарастарын  да  білдіреді.  Бұл  оның 
өзін-өзі  тұлға  ретінде  қайта  өзгертуге, 
өзгелерді де өзгертуге ықпал жасайды. 
Ұлттық тәрбиенің келесі тұғыры – дін, 
оның  болашақ  мұғалімдердің  рухани-
адамгершілік  қасиеттерін  тәрбиелеудегі 
маңызы  зор.  Өйткені,  олар  ислам  дінінің  
тарихын  білсе,  жастарымыздың  басқа 
керағар  секталардың ықпалына  түспеуге 
мүмкіндік береді.
Сонымен,  ұлттық  тәрбиенің  негізгі 
көздеген мақсаты – бай тарихи тәжірибеге  
сүйене  отырып,  жас  ұрпақты  еңбекке, 
өнер-білім  машықтарын  меңгеруге,  от-
басы,  ауыл-аймақтың,  елдің  ар-намысын 
қорғауға тағы басқа ізгі қасиеттерге баулу, 
яғни жеке тұлғаның белсенді бет-бағдарын 
қалыптастыруға ықпал жасайды.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1.  Оқушыларға жалпыадамзаттық және ұлттық тәрбие берудің моделі. – Алматы, 2003.
2.  Волков Г.Н. «Этнопедагогика». – Москва, 1999.
3.  Жарықбаев Қ.Б. «Этнопедагогикалық – ұлт тәрбиесінің өзегі». – Алматы, 2005.
4.  Ғаббасов С. «Халық педагогикасының негіздері». – Алматы, 1995.
5.  Пірәлиев С.Ж., Керімов К.Л. «Таным және студент». – Алматы, 2007.
Резюме
  В статье расматривается проблема формирование духовно-нравственных  чувств у  молодого 
поколения средствами ноционального воспитания.
                                           
Summary
This article is considered the problem of forming the esthetic sense in the young  generation with the  
help of the national education. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет