Ұлттық ТӘрбие c m y k бас редактор с. Ж. Пірәлиев


Қ.Бөлеев – педагогика ғылымдарының докторы, профессор



Pdf көрінісі
бет3/17
Дата03.03.2017
өлшемі6,1 Mb.
#5489
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Қ.Бөлеев –
педагогика ғылымдарының докторы, профессор, 
Қазақ ұлттық білім беру академиясының академигі
Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының 
“Педагогика және этнопедагогика” кафедрасының меңгерушісі
ҚАЗАҚ МЕКТЕПТЕРІНІҢ ОҚУШЫЛАРЫНА ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ 
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қазақ  мектептерінің  оқушыларына 
ұлттық тәрбие берудің бағдарлы идеяла-
ры  мен  міндеттері  еліміздің  Президенті 
Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстан  –  2030» 
стратегиялық 
бағдарламасында, 
Қазақстан  Республикасының  «Білім  ту-
ралы» заңында ерекше атап көрсетілген. 
Әсіресе, Елбасының 2004 жылдың наурыз 
айындағы  «Бәсекеге  қабілетті  Қазақстан 
үшін,  бәсекеге  кабілетті  экономика 
үшін,  бәсекеге  қабілетті  халық  үшін» 
атты  Халыққа  жолдауында:  «Ұлттың 
бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның 
білімділік  деңгейімен  айқындалады.  Ке-
лешекте  мұғалім  мамандығы  ең  беделді 
мамандықтардың бірі болуы керек. Әрине, 
мұғалімнің өзі де уақыт талабына сәйкес 
болуы міндетті» делінген.
Бұл айтылғанның педагогикалық мәні 
мынада:
Бәсекелестік  –  қашанда  дамудың          
басты құралы, ал қабілеттілік кез келген 
іс-әрекеттің тиімді шешілуіне икемділік. 
Бұдан  Қазақстан,  оның  экономикасы 
мен  халқы  бәсекеге  қабілетті  болу  үшін 
ұлттың  бәсекеге  қабілетті  болуы  керек, 
ол  қабілет  ұлттың  білімділік  деңгейімен 
айқындалады.  Ал,  ұлттың  (қазақтың) 
білімділік  деңгейі  жоғары  болу  үшін 
мектептің  жаңа  типін  құру  және  жаңа 
формациядағы педагог даярлау қажет.
Жаңа  типті  мектеп  –  ол  ұлттық  мек-
теп,  ал  жаңа  формациядағы  педагог  тек 
педагогикалық жоғары оку орнында ғана 
даярланады. Сондықтан да, Президенттің 
ұсынысымен  Қазақстанда  бес  педагогтік 

18
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
C
M
Y
K
жаңа  институт  ашылды,  соның  бірі 
біздің  Таразда  ашылған  мемлекеттік 
педагогикалық институты.
Ұлттың  білімділік  деңгейі  жоғары 
болу  үшін,  дамыған  елдердің  тәжірибесі 
көрсеткендей,  Қазақстанда  жаңа  типті 
қазақ ұлттық мектебін құру кажеттігі ту-
ындап отыр.
«Ұлттық  мектеп  қандай  болу  керек?» 
деген  проблеманы  дүниежүзінің  белгілі 
ағартушылары  мен  ғалым-педагогтары 
Я.А.Коменский, Дж.Локк. И.Г.Песталоцци, 
Ф.А.Дистервег, 
К.Д.Ушинский, 
В.Я.Стоюнин,  С.И.Гессен,  В.Н.Сорока-
Росинский  әрқайсылары  өз  ұлттарының 
ерекшеліктеріие  қарай  ұлттық  мектеп 
құрудың ғылыми негіздерін жасаған.
Орыстың ұлы педагогы К.Д.Ушинский 
өзінің «Орыс мектебін орыс мектебі қылу 
кажеттігі туралы» деген мақаласында сол 
кездегі  орыс  мектебінің  кемшіліктерін 
сынай  келе,  былай  депті:  «Швейцария, 
Германия, Англия мен Америкада білім 3 
түрге бөлінеді: қажетті, пайдалы, ұнамды. 
Соның  ішінде  ұлттық  білімнің  негізіне 
қажетті  білім  алынады.  Қажетті  білім 
баланың жанына, ең алдымен, негіз болып 
ұялануы тиіс. Әр адамда сондай кажетті 
білім  болып  табылатын  өз  тілінде  оқи 
білу, жаза білу, санай білу, өз дінінің негізі 
мен Отанын білу...». Сондай-ақ, ол: «Мек-
теп  ұлттық  болып  аталуы  үшін  ұлттық 
психология  және  тарихқа  негізделуі 
және  қоғамдық  қажеттілікпен  санасуы 
шарт.  Ұлттық  мектеп  құруда  отбасының 
құрылымын, 
түрін, 
экономикалық, 
климаттық  жағдайларды  ескеру  және 
орыс мектебін шетелдіктер емес, орыстар 
басқаруын қадағалау қажет» деп санаған, 
ал  орыс  ғалымы  В.Я.Стоюнин  ұлттық 
орыс  мектебі  туралы  былай  деп  жазып-
ты:  «Мектептің  «жансыз»,  «дәрменсіз» 
болуының  басты  себебі,  мектептің 
ұлты  мен  дербестігінің  жоқтығында. 
Мектептің бағыты сол ұлттың мінезі мен 
жалпы  бағытына  тәуелді  болуы  тиіс». 
Ал,  В.Н.Сорока-Росинский  ұлттық  мек-
теп  болу  үшін:  «Білім  мен  тәрбиенің 
негізі міндетті түрде ұлттық болуы тиіс» 
десе, С.И.Гессен: «Егер білім беру жүйесі 
ғылымдық,  көркемдік  және  ұлттық 
адамгершілік талаптарға сай келсе, сонда 
ғана ол шынайы ұлттық болып есептелуі 
керек» деп оны толықтыра түседі.
Міне,  осындай  орыс  ғалымдарының 
зерттеулері  негізінде  Ресейде  орыс 
ұлттық  мектебі  құрылған.  Қазіргі  орыс 
мектептері  сол  мектептің  жалғасы, 
сондықтан  ұлттық  ерекшеліктері  толық 
сақталған. Орыс халқының ұлттық сана-
сы,  намысы,  дүниетанымы  сол  мектепте 
дамып қалыптасқан.
Сонда, ұлттық мектеп дегеніміз қандай 
мектеп? Онда оқытылатын білім мазмұны 
қандай болу керек? – деген сұрақтар ту-
ындайды.
Ұлттық  мектепте  ғана  ұлттық  білім 
жүйесі жүзеге асырылады.
Ұлттық білім деп білім мазмұнындағы 
ұлттық  дүниетанымды,  ал  ұлттық 
дүниетаным  –  ұлттық  болмыс  көрінісі, 
саяси,  адамгершілік,  эстетикалық  діни 
наным-сенім,  тәрбие,  тарихи  сана,  басқа 
да  дәстүрлі  мәдени-рухани  көзқарастар 
жүйесі. Сонда казақ мектебіндегі ұлттық 
білім  мазмұнын  барлық  оқу  пәндерінде 
ұлттық  құндылықтарымыз  –  Ана  тілін, 
Ата  тарихын,  Төл  мәдениетін,  Ұлттық 
салт-дәстүрлерін жүйелі оқыту құрайды.
Сонымен,  бүгінгі  таңда  Қазақстанда 
білім беру саласындағы ең басты пробле-
ма қазақ ұлттық мектебін кұру. Өйткені, 
еліміздің  болашағы  мен  тағдыры  ұлы 
ағартушы-педагог  Мағжан  Жұмабаев 
айтқандай: «Қазақтың тағдыры, келешек-
те ел болуында, мектебінің қандай негізде 
құрылуына барып  тіреледі».
Қазақ  ұлттық  мектебін  құрудың 
негізі  сан  ғасырлар  бойы  қалыптасқан 
халкымыздың 
ұлттық 
тәлім-тәрбие 
мұрасы  болуы  тиіс.  Қазақ  ұлттық 
мектебін құру туралы ой-пікірлер бірқатар 
ғалым-педагогтарымыздың  еңбектерінде 
қарастырылған, ол зерттеуді қажет ететін 

19
C
M
Y
K
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
проблема.
Сұрақ:  «Қазақ  ұлттық  мектебі  не 
үшін  қажет?».  Қазақ  ұлттық  мектебінің 
қажеттілігі  –  қазір  елімізде  орын  алып 
отырған  иммунопсихологиялық  про-
блемаларды:  ана  тілін,  ата  тарихын,  төл 
мәдениетін,  ұлттық  салт-дәстүрлерін 
білмейтін  жастар,  тастанды  жетім  бала-
лар,  «қиын»  балалар,  қарттар  үйлерінде 
көздерінен  қанды  жас  ағып,  жылап 
отырған әжелер мен аталар, шылым ше-
гуге, ішкілік пен нашақорлыққа салынған 
жастар,  қылмыстың  қаулауы,  сыбайлас-
жемкорлық,  жұмыссыздық,  жезөкшелік, 
қазақ мектептерінің жабылуы, мектептегі 
оқу-тәрбие 
жұмысының 
нашарла-
уы,  мұғалімдер  беделінің  төмендеуі, 
оларға  қамқорлықтың  жасалынбауы, 
тәртіпсіз  ұл  мен    қыз,  ата-аналардың 
тәрбие  жұмысымен  айналыспауы,  тағы 
басқаларды  бірте-бірте  жоюдың  және 
олардың  алдын  алып,  болдырмаудың 
негізгі  жолы  екендігі,  ал  сол  мектеп-
терде  ұлттық  тәрбие  алған  ұрпақ  дені 
сау,  білімді,  өнерлі,  ақылды,  еңбекқор, 
иманжүзді, сұлу да сымбатты, ұлтжанды 
болып  өсетіндігінде.  Сондықтан  да, 
ұлттық тәрбие – еліміздің болашағы.
«Қазақтың ұлттық мектебі қандай болу 
керек, онда ұлттық тәрбие қалай жүргізілуі 
керек?» деген проблемаларға нақты жау-
апты  қазақ  халқының  ұлы  педагогтары 
А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, 
Ж.Аймауытов, 
Х.Досмұхамедов 
еңбектерінен  табуға  болады.  Солардың 
еңбектерінде қазақтың ұлттық мектебінің 
нобайы  жасалынған.  Онда  қазақтың 
ұлттық  мектебінің  мақсаты,  міндеттері, 
ұлттық  мектепте  білім  беру  мазмұны, 
ұлттық  тәрбиенің  нәтижесі  анықталған. 
Мысалы,  М.Дулатов  қазақ  ұлттық 
мектебінің  мақсаты:  «...жалғыз  кұрғақ 
білім үйрету емес, біліммен бірге ұлттық 
тәрбиені  қоса  беру»,  Ж.Аймауытов: 
«Тәрбиенің негізгі мақсаты мінезді түзеу, 
адамшылыққа  қызмет  ету,  адал  еңбек 
ете  білуге  тәрбиелеу»,  қазақ  ұлттық 
мектебінің  міндеттерін  М.Жұмабаев: 
«Әрбір  ұлттың  баласы  өз  ұлтының  ара-
сында,  өз  ұлты  үшін  қызмет  қылатын 
болғандықтан,  тәрбиеші  баланы  сол  ұлт 
тәрбиесімен  тәрбие  қылуға  міндетті», 
ал  М.Дулатов:  «...балқыған  жас  баланың 
ойына,  қанына,  сүйегіне  ұлт  рухын 
сіңіріп,  ана  тілін  үйретіп  шығару»; 
қазақтың  ұлттық  мектебінде  білім  беру 
мазмұнын  А.Байтұрсынов:  «Оқу,  жазу, 
дін,  ұлт  тілі,  ұлт  тарихы,  есеп,  шаруа-
кәсіп,  қолөнері,  жағрафия,  жаратылыс», 
Ж.Аймауытов: «Әдебиетті, тарихты және 
географияны  біріктіріп,  яғни  интегра-
циялап «Біздің Отан» деген атпен оқыту 
қажет», М.Дулатов: «...оқу кітаптары ана 
тілімен,  өз  ұлтының  тұрмысынан  һәм 
табиғаттан  жазылуы»,  ұлттық  тәрбиенің 
нәтижесін М.Дулатов: «...алған тәрбиенің 
әсерлі,  күшті,  сенімді  болуы...  Мұндай 
балалар  мектепті  бітіргеннен  кейін  қай 
жұрттың  арасында  жүрсе  де,  сүйегіне 
сіңген ұлт рухы жасымайды, ...қайда болса 
тіршілігінде,  қандай  ауырлық  өзгерістер 
көрсе  де  ұлт  ұлы  болып  калады...»,  ал 
мұғалімнің ұлтжанды және білімді болуы 
туралы  М.Жұмабаев:  «...әрбір  тәрбиеші, 
сөз  жоқ,  ұлт  тәрбиесі  мен  таныс  болуға 
тиіс»  десе,  А.Байтұрсынов:  «...ең  әуелі 
мектепке керегі білімді, педагогика, мето-
дикадан хабардар оқыта білетін мұғалім», 
Ж.Аймауытов:  «Баланы  тәрбиелу  үшін 
әрбір тәрбиешінің өзі тәрбиелі болуы ке-
рек» деген.
Еліміз  егемендік  алуымен  қоғамның 
мектепке  қатынасы  өзгеріп,  қазақтың 
ұлттық 
мектебін 
жасау 
туралы 
педагогикалық  ақпарат  беттерінде  өте 
бағалы  әр  түрлі  ой-пікірлер  айтыла               
бастады. Мысалы, ғалым-педагогтарымыз 
Қ.Жарықбаев,  С.Қалиев,  С.Ұзақбаева, 
Ж.Наурызбай,  Т.Әлсатов,  Ә.Табылдиев, 
т.б.  қазақтың  ұлттық  мектебін  жасау, 
онда ұлттық тәрбие беру проблемаларын 
жан-жақты  зерттеп,  қомақты-қомақты 
монографияларын,  оқулықтарын,  оқу 
құралдарын,  әдістемелік    құралдарын 

20
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
C
M
Y
K
жарыққа шығарды.
1991 жылдан осы уақытқа дейін қазақ 
этнопедагогикасынан  Қ.Жарықбаев  пен 
С.Қалиевтің  «Қазақ  тәлім-тәрбиесі»,  со-
лар  құрастырған  екі  кітаптан  тұратын 
«Қазақтың  тәлімдк  ой-пікір  антология-
сы» мен «Антология педагогической мыс-
ли  Казахстана»,  С.Қалиев,  М.Оразаева, 
М.Смайлованың «Қазақ халқыыың салт-
дәстүрлері»,  С.Ұзақбаеваның  «Тамыры 
терең  тәрбие»,  М.Әлімбаевтың  «Халық 
–  ғажап  тәлімгер»,  Ж.Наурызбайдың 
«Ұлттық  мектептің  ұлы  мұраты», 
М.Тілеужановтың  «Халық  тағылымы». 
М.Балтабаевтың  «Казахская  традицион-
ная  художественная  культура  в  системе 
образования»,  Ә.Табылдиевтің  «Халық 
тағылымы»  мен  «Қазақ  этнопедагоги-
касы»,  К.Қожахметованың  «Мектептің 
ұлттық тәрбие жүйесі» және т.б. еңбектер 
соған дәлел.
Ұлттық  мектеп  жасауға,  онда  ұлттық 
тәрбие        беруге  мемлекет  тарапынан 
бірнеше  тұжырымдамалар  шығарылды. 
Олар:  «Қазақстан                Республика-
сы 
әлеуметтік-мәдени 
дамуының 
тұжырымдамасы», «Қазақстан                   Ре-
спубликасы  гуманитарлық  білім  беру 
тұжырымдамасы»,  «Қазақстан  Респу-
бликасы жалпы білім беретін мектептері 
тұжырымдамасы», «Қазақстан Республи-
касы орта арнаулы білім тұжырымдамасы», 
«Қазақстан  Республикасы  жалпы  білім 
беретін мектептерінің білім мазмұнының 
тұжырымдамасы»,  «Мектепке  дейінгі 
және  мектеп  жасындағы  балалардың 
тәрбие  тұжырымдамасы»,  «Тіл  туралы», 
Қазақстан  Республикасының  заңы  т.б. 
Сонымен  қатар,  ұлттық  тәрбие  беруді 
іске  асыру  үшін  бірнеше  авторлық 
бағдарламалармен  қазақ  мектептері 
жұмыс  істеуде:  М.Құрсабаевтың  «Ата-
мекен»,  З.Ахметованың  «Кәусар  бұлақ», 
Ә.Садуақасовтың «Дәстүр» және т.б.
Жоғарыда 
айтылған 
қазақ 
эт-
нопедагогикасы 
ғылымының 
жетістіктерін,  мемлекеттік  құжаттар 
мен  бағдарламаларды,  қазақтың  ұлттық 
мектептерін  жасауды  және  оларды 
ұлттық тәрбие беруді іс жүзіне асыратын 
мектеп мүғалімдері. Өкінішке орай, олар 
ұлттық тәрбие беруге педагогтік жоғары 
оқу орындарында дайындықтан өтпеген, 
коммунистік  тәрбие  беруге  даярланған. 
Осы  себептен  қазір  қазақ  мектептерінде 
оқушыларға ұлттық тәрбие беру талапқа 
сай  жүргізілмеуде.  Бұл  кедергіден 
өтудің  жолы  мектеп  мұғалімдерінің 
мамандықтарын  арттырушы  барлық 
облыстық  мұғалімдер  білімін  жетілдіру 
институттарында  мұғалімдерді  ұлттық 
тәрбиеге  дайындаудан  өткізу  қажет. 
Оны  шешудің  жолы  сол  институттарда              
курстар ұйымдастыру. Ондай тәжірибелер 
баршылық.  Мысалы,  барлық  облыстық 
институттарда этнопедагогикадан курстар 
ашылып,  мұғалімдерді  ұлттық  тәрбиеге 
сапалары  әр  түрлі  бағдарламалармен 
қайта  даярлауда.  Дегенмен,  соңғы  жыл-
дары  мұғалімдерді  этнопедагогикалық 
дайындау  нашарлап  кетті.  Егер  де  осы 
мәселені 
жандандырмасақ, 
мектеп-
те  ұлттық  тәрбие  беру  жүзеге  аспай-
ды.  Содан  келіп  жоғарыда  айтылған 
иммунопсихологиялық 
құбылыстар 
елімізде кеңінен орын алары сөзсіз.
Сонымен, 
жоғарыда 
айтылған 
ғалым-педагогтардың  ой-пікірлері  мен 
көзқарастары,  мемлекетік  құжаттар, 
озық  іс-тәжірибелер  бойынша  мынандай 
тұжырым  жасауға  болады:  «Қазақтың 
ұлттық  мектебі»  деп  халқымыздың  Ана 
тілін, Ата тарихын, Төл мәдениетін, Ұлттық   
салт-дәстүрлерін 
жүйелі 
оқытатын 
мектепті  айтамыз,  ал  ол  мектептің               
басты белгісі – қазақтың ұлттық рухы бо-
луы шарт. Мұнымен катар, ол мектептің 
оқулықтары мен оқу құралдары төлтума 
болуы тиіс. «Төлтума» деген сөздің мәні  
оқулық  пен  оқу  құралдарының  авторла-
ры баланы сүйетін және мектепті жақсы 
білетін,  тәжірибелі,  шебер,  ұлтжанды 
қазақ мұғалімдері мен ғалымдары болуы 
тиіс.

21
C
M
Y
K
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
Сонда ұлттық тәрбие деп жеке тұлғаның 
Ана тілін, Ата тарихын, Төл мәдениетін, 
Ұлттық салт-дәстүрлерін меңгеру арқылы 
ұлттық  сана-сезімінің,  намысының, 
мінез-кұлқының,  дүниетанымының  да-
мып, қалыптасуын айтамыз.
Біздің  жалпы  білім  беретін  қазақ 
мектептерін  көпжылдық  зерттеуіміз, 
оқушыларға  ұлттық  тәрбие  беру 
жайы  әлі  өте  төмен  деңгейде  екенін, 
Кеңестік  дәуірде  Қазақстанда  қазақ 
ұлттық  мектебі  болмағаны,  қазір  де  он-
дай  мектеп  жоқ,  мектептеріміз  қазақ 
орта  мектебі  деп  аталғанымен,  ондағы 
оқу-тәрбие 
жұмыстарының 
жоғары 
сыныптардағы  оқу  бағдарламалары,  оқу 
және  әдістемелік  құралдары  ұлттық 
тәрбиенің  ерекшеліктерімен  санаспаған 
орыс тіліндегі аудармасы арқылы жүзеге 
асырылуда,  ал  мектеп  мұғалімдері  мен 
болашақ  мұғалімдер  педагогтік  жоғары 
оқу  орындарында  оқушыларға  ұлттық 
тәрбие беруге айтарлықтай даярланбауда 
екендігін көрсетті.
Біздің  ғылыми  жетекшілігімізбен  Та-
раз қаласындағы Б.Момышұлы атындағы 
№5  қазақ  классикалық  гимназиясында 
1992  жылдан  бастап  «Қазақ  халық  пе-
дагогикасы  мен  психологиясының  озық 
дәстүрлерін оқу-тәрбие ісіне ендіру» және 
2002  жылдан  Ш.Смаханұлы  атындағы 
№44  қазақ  орта  мектебінде  оқушыларға 
қазақ  этнопедагогикасының  материал-
дарын  пайдаланып,  ұлттық  тәрбие  беру 
жүйесін  жасау  бойынша  педагогикалық 
эксперимент жүргізілуде.
Мақсатымыз  қазақ  ұлттық  мектебін 
құру.  Сол  мектептердегі  оқушылардың 
ұлттық тәрбиелілік деңгейлерінің аралық 
және  қорытынды  нәтижелерін  талдау 
арқылы олардың ұлттық санасы, намысы, 
мінез-құлқы және дүниетанымы біршама 
жақсы қалыптаса бастағанын анықтадық.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1.Антология педагогической мысли Казахстана / Сост. К.Б.Жарикбаев, С.К.Калиев. – Алматы: 
«Рауан», 1995. 
2. Бөлеев Қ. Болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге дайындаудың теориясы 
мен практикасы. – Алматы: «Ғылым», 2001.
3. Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы. – Алматы: «Білім», 
2003.
4.Ұзақбаева С. Тамыры терең тәрбие (Қазақтың халық педагогикасындағы эстетикалық тәрбие). 
– Алматы: «Білім», 1995.
Резюме 
В статье автор поднимает вопрос, и делает акцент на роли теоретических принципов националь-
ного воспитания, о необходимости и важности национальных школ. Указывает пути воспитания. 
Summary
In article the author brings up a question, and places emphasis on a role of theoretical principles of 
national education, about necessity and importance of national schools. Specifies education ways.

22
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
C
M
Y
K
С.Қалиұлы – 
педагогика ғылымдарының докторы,
профессор, академик, Қазақ Мемлекеттік
Қыздар педагогикалық университеті
ЭТНОСТЫҚ ЖҮЙЕДЕГІ ҰЛТТЫҚ МЕНТАЛИТЕТТІ 
ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ КЕМШІЛІКТЕРДІ ЖОЮДЫҢ ЖОЛДАРЫ
Еліміздің 
егемендік 
алуымен                           
байланысты этностардың шығу тегін зерт-
теп  білу,  этномәдениеттің  бұрыны  мен 
бүгінін және оның келер болашағын зерт-
теу  мәселесі  шұғыл  қолға  алына  баста-
ды. Осымен байланысты, соңғы 20 жылда 
этномәдениет жөнінде ондаған докторлық, 
жүзден  астам  кандидаттық  диссертация-
лар жазылды. 
Адам  баласы  ұжымдаса  тіршілік  етуге 
бейім тұрады. Сондықтан, оған әлеуметтік 
бірлестік деп те, этностық бірлестік деп те 
қарауға тура келеді.
Шын мәнісінде, этностардың белгілі бір 
территорияда қоныстануы (ата қонысының 
болуы),  екінші 

  бір  тілде  сөйлеп,  бір 
территорияда  тіршілік  етуі,  үшінші 

 
сол  халықтың  тұрмыстық  заңдары,  әдет-
ғұрып  бірлігі,  төртінші 
— 
шаруашылық 
кәсіби  бірлігі,  яғни  ата  кәсібінің  болуы, 
бесінші – халықтардың бірыңғай халықтық 
шежіресінің болуы заңды құбылыс.
Осы  бес  белгінің  бірі  сақталмаса,  ол 
халық  жер  бетінде  ұлт  болып  өмір  сүру 
құқығына  ие  бола  алмайтынын  дәлелдей 
келіп, Л.Н.Гумилев: «Этнос дегеніміз – жер 
бетіндегі  белгілі  бір  тіршілік  аймағы  мен 
әлеуметтік ортаның бірлігінде жатқан салт-
дәстүрі,  тұрмыс-тіршілігі,  шаруашылық 
кәсібі,  мінез-құлқы,  тілі,  мәдени  мұрасы 
бір халықтар тобы» деген анықтама береді. 
Біз осы анықтаманы басшылыққа аламыз. 
Этностардың  бір-бірінен  этногенездік 
айырмашылықтары  олардың  нәсіліне, 
тіліне,  дініне,  біліміне  байланысты  емес. 
Мінез-құлқы мен жер бедерінің табиғатына 
үйренуіне  (икемделуіне)  байланысты  деп 
қарауға  тура  келеді.  Мысалы,  Солтүстік 
мұзды  мұхит  жағалауындағы  ұлттар  мен 
ұлыстардың салқын қанды болуы, олардың 
балық аулап, бұғы өсіріп, ет жеп тіршілік 
етуі,  ал  оның  керісінше  Оңтүстік  Афри-
ка  халықтарының  ыстық  қанды  болып 
кетуі  және  субтропикалық  өсімдіктермен 
қоректенуі 
географиялық-климаттық 
жағдайға байланысты ерекшелік.
Этностардың  мінез-құлқы  заман  өткен 
сайын  біртіндеп  жаңарып,  өзгеріп  отыра-
ды.  Ол  мінез-құлықтың  экономикалық, 
шаруашылық салаға бағынышты екендігін 
көрсетеді.  Мысалы,  18-19  ғасырлардағы 
қазақтардың 
мінез-құлықтары 
мен 
бүгінгі  қазақтардың  мінез-құлқы  бір 
емес.  18-19  ғасырларда  қазақ  ауылындағы 
патриархалдық  шаруашылық  оларды 
жайбарақаттыққа үйретіп қалыптастырды. 
Ал, бүгінгі ғылыми-техникалық прогресс, 
нарықтық  арпалыс  өмір  мінез-құлықтағы 
шапшаңдықты, қарбаластықты үйір етті.
Ұлттық 
мінез-құлық 
жергілікті 
халықтың кәсібіне қарай бейімделеді. Мы-
салы, Моңғол қазақтары мен Иран, Түркия 
қазақтарының немесе Өзбекстан қазақтары 
мен  Ресей  қазақтарының  мінез-құлқы  бір 
емес.  Яғни,  жергілікті  халықтың  кәсіби 
психологиясының  әсерінен  сол  халықпен 
бірге  тіршілік  ететін  диаспораның  мінез-
құлқы  да  соларға  икемделе  өзгереді. 
Мәселен, Қытай қазақтарында үнемшілдік 
қасиеті,  Моңғол  қазақтарында  майда 
тілділік пен діншілдік қасиеттер басым бо-
лып  келеді.  Оны  жергілікті  халықтардың 
тұрмыс-тіршілік  әсерінен  деуге  тура 
келеді. Қазақтың «кімнің жерін жерлесең, 
соның  суын  сула»  деген  мақалына  сай 
психологиялық  өзгерісті  байқауға  бола-
ды.  Яғни,  бұл  ұлттық  мінез-құлықтың 
әлеуметтік-экономикалық, 
ұлтаралық 

23
C
M
Y
K
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
қарым-қатынасқа 
бағыныштылығын 
дәлелдейді.
Этнос 
мүшелерінің 
мінез-құлық 
құрылымының  бірізділігі  (бірыңғайлығы) 
қарым-қатынас  нормаларына  негізделген. 
Олар:  1)  жеке  адам  мен  ұжымның 
арақатынасына  бағынышты;  2)  жеке 
адамдардың  өзара  қарым-қатынасына 
бағынышты;  3)  этникалық  топтардың 
арақатынасына  негізделеді;  4)  этностар 
(ұлттар) мен этникалық топтар арасындағы 
қарым-қатынасқа құрылады.
Бір  этностың  басқаша  тұрмыстық  нор-
мамен  өзара  байланысқа  түсуіне  екінші 
этнос  өкілдері  жатсына  қарайды.  Оны 
«өрескелдік»,  «сөкеттік»  деп  айыптайды. 
Мысалы, ертедегі афиналықтар скифтердің 
үйінің жоқтығын, ал өздерінің мейрамдар-
да есі кеткенше ішкеніне (маскүнемдігіне) 
ызалана  сөгетін  болған.  Ал,  римдіктер 
еврейлердің баласын сүндетке отырғызуын 
жаратылысқа  қарсылық  әрекет  деп 
айыптаған.  Палестинаны  жаулап  алған 
рыцарлар  арабтардың  көп  қатын  алуын 
сөлекеттік деп санаса, ал арабтар француз 
әйелдерінің  бетін  ашық  ұстауын  келеңсіз 
санаған.  Еврейлер  римдіктердің  шошқа 
етін жегені үшін жек көрген. 
Этнография  және  этика  ғылымдары 
мұндай  сөлекеттерді  жеңе  отырып, 
этникалық мінез-құлықты байқаудың және 
қалыптастырудың  бірыңғай  принциптік 
жүйесін  енгізді.  Оны  көпшілік  халыққа 
ортақ  этикалық  (моральдық)  мінез-құлық 
ережелері деп атайды. 
Заман  өзгерген  сайын  қарым-қатынас 
нормалары да өзгеріп, заман талабына сай 
мазмұны да, формасы да жаңарып отырады. 
Мысалы, өзбектердің әйелдерінің пәрәнжі 
жамылуы  немесе  қазақтардың  барымтасы 
мен  анттасуы  бүгінде  ескірген,  тұрмыста 
қолданудан қалған. Ал, оның есесіне ерлі-
зайыптылардың алтын, күміс тойлары не-
месе  төлқұжат  тапсыру,  зейнеткерлікке 
шығарып салу, көршілерді шақырып жаңа 
үйге кіру (новоселье) жиын-тойлары жаңа 
заман тудырған салт-дәстүрлер.
Этнос мүшелерінің шыққан тегі – жеке 
адамдардың өзінің сол этнос мүшесі екенін 
қабылдауымен анықталады. Мәселен, 1979 
жылы  санақ  бойынша  Дон  бойындағы     
Ростов  қаласында  тұратын  гректер  өз  ба-
лаларын ұлты орыс деп жаздырған. Себебі, 
Россияда  туып,  орыс  мектебінде  оқып, 
орысша  ойлап,  сөйлегендіктен.  Олардың 
психологиялық  бет-бейнесі  соңғы  250 
жылда  мүлде  орыстанып  кетті.  Немесе 
әкесі  қазақ,  шешесі  орыс,  болмаса  әкесі 
кәріс,  шешесі  орыс  отбасының  балаларын 
1984  жылғы  санақ  бойынша  ұлтын  орыс 
деп жаздырған. 
Бұл      мысалдар  адамның  белгілі 
бір  этносқа  қатысын  анықтау  сезімге 
негізделетінін  көрсетеді.  Ал,  адамның 
сезімі  оның  өзіндік  ойлау  және  мінез-
құлық  ерекшеліктерін  білдіреді,    ол  тіл 
арқылы көрініс тауып айналасындағыларға 
білінеді.  Сезім  мен  тілдің  бірлігі  этносты 
анықтауда шешуші рөл атқарады.
Адамның  бір  этносқа  тән  қасиеті  оның 
бойына  сәби  кезінен  ана  сүтімен,  ата-
анасының  қарым-қатынасы,  мінез-құлқы, 
іс-әрекеті  арқылы  дарып  қалыптасады. 
Бүгінде Қазақстандағы 3,5 мың орыс тілді 
мектептерде  оқитын  оқушылардың  55-
60  пайызы  қазақ  балалары.  Олардың  ба-
сым көпшілігі ана тілін білмейді. Орысша 
сөйлеп, орысша тілі шыққандар. Олардың 
ана тілі орыс тілі болып кеткен. Олай бол-
са, олардан «Ұлтың кім?» десе, «білмеймін» 
деп  немесе  «орыспын»  деп  жауап  берсе 
таңқалмаңыз. Бұған, әрине, ең алдымен от-
басы, әке-шешелері кінәлі. Себебі, олардың 
ата-аналарының өздері балаларымен орыс-
ша сөйлеседі. Олардың тілі, психологиясы 
мүлде орыстанып, ұлттық ерекшеліктерден 
айырылғандар.
Бала тәрбиесінде отбасы жүйесінің рөлі 
тым  үлкен.  Отбасы  мүшелерінің  қарым-
қатынасы,  бір-біріне  көзқарасы,  жүріс-
тұрысы, мінез-құлқы жүйенің элементтері 
болып  есептеледі.  Ал,  отбасылық  жүйе 
этностық  жүйенің  қайталанатын  атри-
буты  болып  саналады.  Этностық  топ-
тар  күнделікті  тұрмысындағы,  әдет-
ғұрпындағы, 
мінез-құлқындағы, 

24
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
C
M
Y
K
көзқарасындағы 
айырмашылықтары 
арқылы ерекшеленеді. Олай болса, «этнос» 
дегеніміз  белгілі  бір  жүйеге  негізделген 
топ – ұжым екен. 
Бізге 
ұлттық 
менталитетті 
қалыптастыруда  осы  кемшіліктерді  жою  
үшін не істеу керек деген сұрақ туындай-
ды.  Менің  пікірімше,  ол  үшін  мына  іс-
шараларды іске асыру қажет.
1)  Балабақшадан,  отбасынан  бастап 
баланы  ұлттық  мәдениет  құшағында 
тәрбиелеуге  зер  салу  керек.  Қазақша 
мақал-мәтел, 
жаңылтпаш 
жаттату, 
санамақ, жұмбақ, ертегі айтқызу, қазақша 
ән салу, домбыра тарту, би билеу, спорттық 
ойын  түрлеріне  үйрету  мәселесін  әр 
ата-ана,  балабақша,  бастауыш    мектеп 
қызметкерлері бірлесе қолға алуы керек;
2)  Әр      мектеп,  әр  балабақша 
ғимараттары 
ұлттық 
ою-өрнек 
нақыштарымен 
әшекейленуі 
керек. 
Әр  балабақшада,  әр  мектепте  ұлттық 
этнографиялық мұражай ашу керек. Тарих, 
әдебиет,  сурет  т.б.  гуманитарлық  пәндер 
сабақтары осы мұражайда өткізілуі керек. 
3)  Бүгінгі 
студент 
жастардың, 
мұғалімдердің  жаппай  шалбар  киюі  етек 
алды. Осы болмас үшін оқушылардың фор-
масына конкурс жариялап, өзгеріс енгізсе, 
костюмдерге ұлттық орнамент өрнектерін 
салса  бала  бойында  ұлттық  мақтаныш 
сезім оянар еді.
4)  Тіпті, мұғалімдерге де ұлттық орна-
ментте  киім  үлгісін  ұсынса  артық  болмас 
еді.  Ол  балалардың  ұстаздарға  еліктеуін 
туғызады. Мәселен, патшалы Ресей кезінде 
гимназист,  сценарист  мұғалімдердің  ар-
найы формасы болған. 
5)  Бастауыш  мектептен  бастап  8-ші 
сыныпқа  дейін  әдеп  пәнін  енгізу  қажет. 
Мысалы,  Жапонияда  1-6  сыныптарда  ар-
найы әдеп пәні өткізіледі. 9-12 сыныпта ұлт 
мәдениетін  факультатив  ретінде  өткізсе, 
оқушылардың  ұлттық  мақтаныш  сезімін 
оятуға  ықпалы  тиері  сөзсіз.  Қыз  сыны, 
жігіт сұлтаны байқауларын жыл сайын әр 
мектепте өткізіп отыруды дәстүрге айнал-
дыру керек.
6)  Мектептегі тәрбие ісі мұғалімдер мен 
ата-аналардың бірлескен еңбегіне байланы-
сты. Біздің бүгінгі ата-аналарымыз ұлттық 
мәдениеттен  мақұрым  орысша  өскендер, 
ұлттық  салт-дәстүрді  жетік  білмейді. 
Олар,  тіпті,  үйінде  балаларымен  орысша 
сөйлеседі. Осы болмас үшін ата-аналардың 
университеттерін  ұйымдастырып,  олар-
ды  этномәдениеттен  хабардар  ету  керек. 
Сөйтіп, ата-аналардың бойында ұлттық на-
мысты ояту қажет. 
7)  Тәрбиенің негізі тілге келіп тіреледі. 
Қазақ  тілінің  20  жыл  бойы  бір  орыннан 
жылжымауы тіл жөніндегі саясаттың дұрыс 
еместігінен. Біз, ең алдымен, қазақтардың 
қазақша  сөйлесуін,  мемлекеттік  тілге 
құрметпен  қарауына  зер  салуымыз  керек. 
Президентіміз    қазақ  қазақпен  қазақша 
сөйлессін  десе  де,  біршама  студент 
жастардың  көшеде,  қоғамдық  орындарда 
бір-бірімен орысша сөйлесуі дағдыға айна-
лып кеткен. Қазақтарға қазақша сөйлеспесе 
қоғамдық пікір туғызу, тіпті салық салуға 
дейін шара қолдану артық болмас еді.
Сондай-ақ,  қазақша  жақсы  сөйлей 
білетін,  ұлттық  дәстүрді  қадір  тұтқан 
басқа  ұлт  өкілдерін  көтермелеп,  қосымша 
еңбекақы төлеуді енгізсе де артық болмас 
еді.
8)  ХХІ  ғасырдың  жастар  арасын  кең 
жайлаған  індеттің  бірі  –  нашақорлық, 
темекі  мен  алкогольге  үйірлік.  Осыдан 
келіп қоғамда бүгінде дағдылы құбылысқа 
айналған  өктемдік,  зорлық-зомбылық, 
гомосексуалистік сөлекеттік әрекеттер жиі 
көрініс табады.
Қазақстандағы  салауатты  өмір  сал-
тын  қалыптастыру  ұлттық  орталығының 
бас 
директоры 
Сәуле 
Әлкейқызы 
Диханбаеваның  «Айқын»  газетіне  берген 
сұхбатында  денсаулық  мәселесіне  байла-
нысты бірнеше фактілер келтірілген. Атап 
айтар болсақ, Дүниежүзі денсаулық сақтау 
ұйымының мәліметі бойынша жыл сайын 
2,5  млн.  адам  мезгілсіз  өлімге  ұшырайды 
екен.  Оның  басты  себебі,  араққұмарлық 
болса керек. Қазақстанда осы дертпен 249 
мың адам диспансерлік есепте тұрады (Бұл 

25
C
M
Y
K
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
тек  көмек  сұрап  келгендер  ғана  дейді). 
Осылардың әрбір он екісі әйелдер көрінеді. 
Қазақстан  тұрғындарының  34  пайызы 
ішімдікке  үйір.  Солардың  басым  үлесін 
30-49  жас  аралығындағылар  иеленеді. 
Олар  46,8  пайызды  құрайды.  15-18  жас 
аралығындағылардың  үлесі 

  21,3  пайыз, 
11-12  жас  аралығындағы  оқушылар  –  9,4 
пайыз  алкогольдік  ішімдікке  үйір  дегенді 
келтірген. 
Сәуле  Диханбаева  дәл  қазір  салауат-
ты  өмір  салтын  насихаттауға  бүкіл  қоғам 
болып  күресуге  шақыра  келіп,  бүгінде                
Республика көлемінде денсаулық сақтаумен 
байланысты  бірталай  жобалардың  жүзеге 
асырылып жатқанын сөз еткен. Олар «Дені 
сау  қалалар»,  «Денсаулықты  жақсартуға 
лайықталған  мектеп»,  «Дені  сау  жұмыс 
орындары» т.б.
Темекімен,  ішімдікпен,  наркомания-
мен күресте оқу-ағарту, денсаулық сақтау, 
мәдениет  орындары  құқық  қорғау  орын-
дарымен,  жергілікті  әкімшілікпен  бірлесе 
жұмыла  және  үздіксіз  күрес  жүргізгенде 
ғана  іс  оң  нәтиже  береді  дегенді  айтады. 
«Қызға қырық үйден тыйым» дегенді айта 
келіп,  әңгіменің  аяғы  жастар  арасындағы 
тәрбиені  күшейтуге  саяды.  Бұл  мәселе 
бүгінде  мектеп  мұғалімдері  мен  ата-
аналардың,  университет  ұстаздарының   
басты міндеті болып отыр.
9)  Біз теледидарда ұлт мәдениетін үнемі 
насихаттауға,  әр  оқу  жылдарында  жыл 
сайын  ұлттық  өнер  фестивалін,  ұлттық 
салт-дәстүрлер  жөнінде  пікірсайыстарын 
өткізіп  отыруға  зер  салуымыз  керек.  Ол 
үшін  жоғары  басқару  орындарының  ар-
найы жарлығы шығарылуы тиіс. 
10)   Тәрбие ісінің бүкіл қоғамда бетімен 
кетуі,  қоғамда  жауыздық  пен  өктемдіктің 
етек алуы, сыбайлас жемқорлықпен күрес 
мәселесінде  мемлекет  тарапынан  үлкен 
бетбұрыс жасау қажет. Ол үшін заңдарды 
күшейту  және  ол  заңдардың  мүлтіксіз 
орындалуын күнделікті қадағалау қажет. 
Адам қорықпаса заңды мойындамайды. 
Заң күшіне енбесе, оның орындауына қатаң 
бақылау қоймаса, ол заң аяқ асты болады.
Заман  өзгерген  сайын  заңның  өзгеруі, 
қатая түсуі қажет.
Жаңа  заманға  сай  ұстаздар  даярлау-
да  Сіздердің  университет  ұжымының 
көптеген  жаңа  бастамаларға  мұрындық 
болып,  2010  жылды  «Тәрбие  жылы»  деп 
жариялағандарыңызға,  әсіресе,  «ұлттық 
тәрбие»  мәселесіне  ерекше  көңіл  бөліп, 
зер  салып,  біраз  игілікті  істер  атқарып 
отырғандарыңызға  қуаныш  білдіргім 
келеді.  Бастаған  істеріңіз  сәтті  болсын! 
Сіздер  оқытып,  тәрбиелеп  шығарған 
ұстаздар  мектептің  шынайы  шамшырағы, 
жүрегі болсын!
Сөзімді  қорыта  келіп,  аса  ұлтжанды, 
қайраткер  азамат  ақын  М.Шаханов  төрт 
ана жайын сөз еткен өлеңінің үш шумағын 
сіздердің естеріңізге сала кеткім келеді.
Тағдырыңды  тамырсыздық  індетінен 
қалқала!
Әр адамда өз анасынан басқа да
Жебеп жүрер, демеп жүрер арқада
Болу керек Құдыретті төрт ана!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет