М. Б. Салқынбаев қазақ және араб әдебиеті (Типология, генезис және аударма мәселелері) ОҚУ ҚҰралы астана



Pdf көрінісі
бет19/39
Дата17.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#94093
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   39
Байланысты:
treatise16241

қайым”, “Рамазан айында” және т.б.
Б.Ысқақов Сәбит Дөнентаевтың шығармашылығы н саралай келе, ақынның
мысал жанрына қалам тартуды аудармадан бастағанын, Шығыс үлгілерінен
мінез-құлықты 
түзеу, 
адамгершілік 
мәселелерін 
алып, 
тоғыз 
мысал


73
тәржімалағанын айтады [123, 174 б.]. Дегенмен, Сәбит шығыстық үлгіде қалып
қоймайды, мысал жанрын сатираның өткір құралына айналдырып, қазақ
әдебиетінде аллегорияның жаңа үлгілерін көрсет еді.
Ақын қай мысалында болсын, қоғам өміріндегі адамдардың қарым -
қатынасын, іс-әрекетін жыртқыш аңдар мен құстардың және жануарлардың
бейнесінде көрсетіп отырады.
Мәселен, “Бір көлдегі үш балық” мысалын
“Калила мен Димнадан” алып “Уақ-түйегіне” енгізген. Ал бұл мысал әңгіме
араб шығармасындағы “Арыстан мен өгіз” деген тарауындағы үш балық туралы
әңгіменің желісімен жазылған дығы н
және түпнұсқадан көп өзгерісінің
жоқтығ ын зерделей отырып, автордың араб тілінен аударған шығармасы деген
тоқтамға келдік . Енді осы араб тіліндегі нұсқасымен салыстыра саралау үшін
түпнұсқаның мәтінін беруді жөн санадық.
Зәғәму әннә ғад иран кәнә фиһи сәл әсу сәмәкәтин: кәйисәтун, уа әк иәсу
минһа, уа ғаджизатун. Кәнә зәликә -л-мәкәну би нәджуатин мин ал-’арди, лә
йакаду йақрубуһу мин ән -нәси ’ахадун. Фә ләммә к әнә зәт йаум, марра
саййадани ғәла зәлика-л-ғадири, муджтазәйни, фә тәу ағада ән йарджиға
иләйһи би шиб әкиһима, фә йасид а әс- сәләсә-с-сәмәк әт әлләуәти ра’иһуннә
фиһи. Фә ләммә ра’атһумә әл -хазимату иртәбәт биһима, уа тахаууафат
минһума, фә ләм туғарридж ән хараджат мин мәдхали -л-ма’и илә-н-наһри. Уә
әммә-л-кәйисәту фә тәләббәсәт хәтт ә джа’а ас-саййадани, фә ләммә
абсаратһума қад садда махраджаһа, уа ғарафат әлләзи йурид ани биһа, қалат:
фәрратту, уа һәзиһи ғақибату-т-тафрит, фә кәйфә әл -халас уа қулман
танджаху хиләту-л-марһуқ? Уа ләкиннә әл-ғалиму лә йақнуту ғәл а кулли хали,
уа лә йадәғу әл -’ахза би-р-ра’и. Суммә тәм ауатат уа джәғәләт татф у ғәла
уәджһи-л-ма’и мунқалибәтән, фә ’ ахазаһа фә әлқайаһа ғәла-л-’арди ғәйру
бағидин мин ән-наһри, фә уәсәбәт фиһи фә нәджәт минһум а. Уа әммә әл-
ғаджизату фә ләм тәзәл фи иқбали уа идбари хәттә садаһа [119, Б. 69-70].
Берілген мәтіннің жалпы мазмұны былай
өріледі: Елсіз жердегі бір
көлшіктің жанынан өткен екі балықшы ондағы балықтарды көріп, аулауға
уәделеседі. Олардың сөзін естіген ақылды балық, ойланбастан жылғамен жүзіп
барып, үлкен көлге өтіп кетеді. Ақылы орташасы балықшылар келгенше
жайбарақат жүреді . Адамдардың бұларды аулауға кіріскен сәтінде ғана
құтылудың жолын іздейді. Сөйтіп өтірік өліп, судың бетіне қалқып шығады.
Балықшының біреуі оны судан алып, жылғаға жақын жерге тастай салады.
Олар үшінші ақымақ балықты ұстауға кіріскенде бұл шоршып, жылға ға түсіп,
айдың көлгеөтіп кетеді. Ал ақымақ балық ұсталғанша алаңсыз сол көлшікте
жүре береді.
С.Дөнентаевтың “Бір көлдегі үш балық” м ысалы “Калила мен Димна”
кітабында әңгіме тақырыбы емес, “Арыстан мен өгіз” бабының ішіндегі
әңгіменің бір эпизоды. Бұл мысал Сәбит жазған нұсқада :
Үштен артық балық жоқ,
Маңайында халық жоқ.


74
Шөл болыпты бір жерде,
Ерте күнде қыстаған,
Қазір мүлде тастаған.
Ел болыпты бұл жерде. –
деп басталады. Түпнұсқадағы үш балықтың өмір сүрген көлші гі шөлде, елсіз
жерде емес, ешкім бара бермейтін бір таулы қыратта болады. Салыстырып
қарар болсақ, қазақша мәтіннің өлеңмен жазылғанын және
көлшікті бұрын ел
қыстап, қа зір тастап кеткен елсіз жер деп сипаттағанын көреміз. Сондай-ақ,
ақын мысал өлеңінің басында көлшік жайында айтып
келіп, ондағы
балықтардың сипатын, яғни, біреуінің ақылды, екіншісінің ақылы бар
болғанымен, оның тез шешім қабылдай алмайтынын, ал үшіншісінің ақымақ
екенін және екі балықшының судағы балықтарды көріп, оларды ұстау
жайындағы диалогынан соң, тіпті, ол еке уінің балықтарды ұстауға келгеннен
кейін ғана суреттейді.
Бір жағында бұл көлдің,
Бір ағатын өзеннің,
Қосылатын шеті бар.
Өзен жақтан екі аушы
Балық, басқа аң аулаушы
Көлге келген беті бар.
Көлді көріп аушылар,
“Мұнда балық бар шығар,
Сүзейік те “кел” десіп,
Көл айнала жағалап,
Сүзер жерін сағалап,
Келе жатыр кеңесіп.
Үш балықтың зерегі,
Аушыларды көреді.
“Қауіп мұнда тұрмақ” деп,
Қылыменен өзенге
Жөнеледі зырлап кеп.
Аушы жақын келсе де,
Естіп сөзін, көрсе де,
Екі балық көлде еді.
берілген үзіндідегі балықшылардың диологы түпнұсқада берілмегенімен, ақын
оны балықтардың характерін ашу
үшін
өлең өрнегіне
өрген тәрізді.
Балықшылардың сөзін естіген балықтың ақылдысы, қауіпті ертерек
“болжап”,
дер кезінде қауіпсіз өзенге өтіп кетеді.
Білді қапы қалғанын,


75
Ұстауға ауды салғанын,
Біреуі еді зерделі,
Қамданса да ойланып,
Қалған қылы байланып:
Састы, өкінді не пайда?
Айтса дағы тек тұрмай,
“Үміт бітті” деп тұрмай,
Құрды тағы бір айла.
Батпай судың үстінде,
Аунап асты-үстіне,
Олай-бұлай қалқыды.
Судан алып көргенде,
Тірі ме, жоқ өлген бе,
Аушыны аң-таң қалдырды.
Көлден жақын өзенге,
Орталықта бір жерге,
Көріп отыр аунатып,
Даң-дұңменен өздері,
Тайған кезде көздері,
Түсті балық суға атып,
Зырлап жүзіп жөнелді
Жаны қалды, кенелді.
Екінші балық төнген қауіпті “сезсе” де, уақытында тез шешім қабылдамай,
кешігіп барып құтылар айла іздейді . Ақырында өлі балық кейпіне еніп барып
құтылады. Ал үшінші “ақымақ” балықтың тағдыры ақын қаламынан былай
тарқа тылады:
Енді көлде біреу-ақ,
Кетер емес ол балық.
Бөтен ниет ойға алып,
Жүр қаперсіз қайқақтап,
Бұл сабырлы мырза еді.
Ауға алынып келген соң,
Сабырыңнан не тамар,
Алғанға ас боп кете бер
Судан шығып өлген соң [125, Б. 95-96].
Соңғы үзіндіден байқап отырғанымыздай автор үшінші балықты орынсыз
жерде көрсеткен сабырлылығын “сабырлы мырза” деп мысқылдап, күлкіге
айналдырады.
Енді 
осы 
мысал
өлеңді
белгілі
ғалым, 
аудармашы
С.Талжановтың И.Ю.Крачковскийден жасаған “ Калила мен Димнаның”
қазақша нұсқасымен салыстырып көрейік.


76
“...Баяғыда бір қарасуды мекендеп үлкен үш балық тұрыпты деседі . Ол
қарасу ешкім тұрмайтын иесіз байтақ жерде екен. Бірде екі балықшы осы
қарасуды жанап өтеді де, өзара келіседі, екінші рет осынд а қайта оралып, ау ала
келіп, әлгі өздері көрген үш балықты ұстамақшы болады. Сонда үш балықтың
ең ақылды біреуі қорқып мазасызданады. Ол алдын ала сақтық істеп, қарасудан
шығатын жылғамен жүзіп отырып, өзенге жетеді де, басқа жерге барып
орналасады. Екіншісінің ақылы одан көрі кемдеу еді. Ол балықшылар келгенше
сақтық істеп үлгіре алмайды. Ол:
– Мен мезгілін өткізіп алдым, міне, ақыры енді өзіме сор болды, – деп
налиды. Балықшыларды көріп, олардың ниетін таниды, оның үстіне шығар
жердің бөгелгенін аңғарады да:
– Мен қателестім, ал енді басымды қорғау үшін қандай амал істеу керек?
Енді асығып-сасудан келер пайда жоқ. Бірақ әлі де болса күдер үзбе, амал
істеуден тоқталма, – дегенді медеу етеді. Осыдан кейін ол өлген балық
тәрізденіп, қарнын жоғары қаратып, с удың бетінде қалықтайды да қалады.
Балықшылар оны шығарып алып, өліп қалған екен деп ұғып, оны қарасудан
шығатын жылғаның ернеуіне апарып қояды. Бір кезде ол жылғаға шоршып
түсіп, аман құтылып кетеді. Жарым ес балық сасқалақтап әрі -бері жортып жүзіп
жүрген де, оны балықшылар ұстап алады. Ей, патшам, м енің ақылым
жаманшылықты таянып, төніп тұрғандай көреді, көз алдыма елестейді, сақтық
шараларын істеуге асыққаның жөн. Дертті денеңе дарытпай жұлып таста,
бәленің алдын ораған мақұл” , – дейді [126, 91 б.].
Берілген үш нұсқаны салыстыра отырып, С.Дөнентаев тың қара сөзбен
жазылған мысалды өлеңмен өргенін және түпнұсқаға мейлінше жақын, әрі өте
тартымды 
туындыны 
дүниеге
әкелгенін 
сараладық.
С.Дөнентаев
шығармасындағы көл сөзі түпнұсқамен дәл келеді, ал ол сөз С. Талжановтың
орыс тілінен аударған нұсқасында қарасу деп берілген. Үшінші балық араб
тіліндегі мәтінде балықшылар оны қашан ұстағанша
қаперсіз жүре береді.
Сәбит балықтың төнген қауіпті ескермей, бейғам қалпында тұтылғанын айтады.
Ал, С.Талжанов аударған нұсқ асында жарымес балық сасқалақтап жортып
жүріп
қолға 
түседі. 
Осындай 
салыстырулардан 
кейін
С.Дөнентаев
түпнұсқадағы әңгіме мәтін імен жақын танысқан деп санаймыз.
С.Дөнентаевтың “Көзі тоймайтын ит” мысалының да түп төркіні “Калила
мен Димнадан” алынған.
Бұл мысал да осы кітаптың кейіннен қосылған
әңгімесінің бір эпизоды
ғана. Үндінің “Панчатантрасында” болмаған.
Барзауейһи дәрігер кітаптың көшірмесін Ануширванға алып келгеннен кейін,
патшаның бұйрығымен
уәзірі Бахтакан ибн Бузур Джимһир “Барзауейһи
тарауы” атты кіріспе бөлімді
жазып, бір тарау қылып қосады. Түпнұсқа
бойынша “Көзі тоймайтын ит” мысалын жазуға себеп болған оқиға былай:
“ ...Қылған құлшылығымды ахиретке әзірлеген дұрыс деп таптым. Оны мәңгілік
ниғметке кіретін ашулы тұрған есік деп санадым. Сопылық құрған адамды: сол
сопылық жолына берілген әр ісін кеңінен толғап, сабырлық, шыдамдылықпен,
соңына көз жіберумен, барға шүкір, жоққа сабыр қылатын кішіпейілділікпен іс


77
қылатын, қанағатшыл, не нәрсеге күйіп -пісіп, кейімейтін, мойымайтын адам
болады деп ойладым. Олар дүниеден біржола суырылып шығып, жауыздықтан
құтылады. Көңілдің сүйгенін тастайды. Сондықтан күнәдан тап -таза болады.
Күншілдікті қалдырады. Барлық дүние ісінен көңілі суынады. Нәпсінің кір
былғанышынан аман болады. Барлық істі ақылға сал ып, соған лайық амал
қылып, өкінуден аман болады. Адамнан бөлініп, жеке болады. Сопылық іс
деген іске қарасам, ылғи әуестеніп, құмарлығым артады да тұрады. Сол
сопылар қатарынан болсам екен деп, соған ойымды бекітпекші де болдым.
Бірақ сопылардың тіршілік қылуына, оның қанағатына шыдай алмаспын. Оның
қиыншылығына, михнатына күшім де жетпес деп қорықтым. Себебі: бала
күнімнен әуестенген, ісіме алған тәрбиемде мол ішіп, мол жег ен әдетіме қайшы.
Сонымен бірге дүниені тәрк етіп, сопылыққа кіріскен болсам,
онымен әлсіреп,
шамасыз боп қалармын. Бұрын істеп жүрген көп істерді, өзіме пайдасы тиер
деп үміттенген амалдарды істеуге шамам жетпей қалар деп ойладым, – деп
өрби келіп, оның мысалы: “әлгі істерді істей алмай қалғанда аузына сүйек
тістеп, судан өтпекші болғ ан ит секілді болады. Ол ит ай сәулесімен су ішінен
өзінің түрін көріп, оны басқа ит екен деп
соның аузындағы сүйекті тартып
алмақшы болып бас салғанда, аузындағы сүйегінен айрылып қалады.
Сондықтан сопылық ісінен қатты қорықтым ”.
Ал, С.Дөнентаевтың “Көзі тоймайтын ит” мысалына арқау болған әңгіме
түпнұсқада былай берілген: ... Фә әк уну кә-л-кәлбу әлләзи марра би нәһри уафи


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет