М э д е н и м у р а «Мэдени мұра»


тып жасалган, өйткені Қүран астынан өзендер ағып жататын



Pdf көрінісі
бет32/55
Дата15.03.2017
өлшемі13,67 Mb.
#9779
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   55

тып жасалган, өйткені Қүран астынан өзендер ағып жататын, 

ішінде түрлі жеміс агаштары өсетін және үр қыздары (аспани 

қыздар)  жүретін жүмақ туралы әңгімелейді.  Жүмақ  (джан- 

на-т) оз табигасында қүпия және киелі; ол ішкі, киелі нәтке 

сәйкес келеді. Осы әлемге торт қабыргалы ауламен қоршал- 

ган,  ауласында  су  бастауы  мен  багы  бар  ислам  үйі  де  сай

'*  Автордьщ  еңбегі:  “ Introduction  aux  doctrines  ecotriques  de  1  islam”, 

Derain,  Lyon,  1955.

276

болуы керек.  Үй — әйел билейтін,  еркек конақ болатын от- 

басылық киехана  (гарем).  Үйдің шаршы пішіні егер өрқай- 

сысын ырза қыла алса, төрт өйелге үйленуге рүқсат беретін 

исламдық  неке  заңына  сәйкее  келеді.  Ислам  үйі  сыртқы 

дүниеден толық оқшаулаулы — отбасы өмірі қоғам өмірінен 

бөлінген,  ол  тек  көкке,  аспанға  ғана  қарап  түр,  ал  аспан 

көлеңкесі томенде — ауладағы су көзінде көрінеді.

VI

Исламның рухани стилі ислам елдеріндегі киім өнерінде, 



әсіресе, ер адамның киімінде көрініп түрады.  Киімнің ерек­

ше мәні бар,  себебі, живопись пен скульптурада қалыптас- 

қан  ешбір  коркем  идеал  адамның  бастапқы,  өзіне  лайық 

бейнесін алмастыра немесе салыстырмалы күйде корсете ал­

майды.  Киім тігу өнері үжымдық және  кең тараған  нәрсе, 

әйтсе де, ол да негізінен киелі онер болып табылады, өйткені 

ислам  үшін  ер  адамның  киімі  жалпы  пайдалануға  рүқсат 

етілген дін  қызметкерінің киіміне үқсас,  иерархияны жою 

арқылы әрбір дінге  сенушіні моллаға айналдыратын ислам 

“тараткан” нөрсе “Кез келген мүсылман оз дәстүрінің кажетгі 

рәсімін  (қүран  шыгару,  иман  үйіру,  намазға  жығу,  т.  т.  -  

Ауд.)  оз  бетінше  жасай  алады,  әрбір  ақыл-есі түзу мүсыл- 

ман кез келген жиында имам қызметін атқара алады”.

Мойсей  (Мүса  пайгамбар)  зандары  дін  қызметкерінің 

киімі тура магынасында сакральді онердің бүтагы екендігін 

дәлелдейді.  Оның формальді тілі адам тәнінің қосмәнді та- 

бигасына орайластырылган — адам тәні Алланың ең шүбәсіз, 

тура  символы  және  озінің  менмендігі  мен  субъективтілігі 

арқылы Алланың жүзін жасырып түратын жетпіс мың шы- 

мылдықтың ең  қалыңы  болып  табылады.  Семит халықта- 

рының  (ебірей,  араб,  т.т.  — Ауд.)  иератикалық  киімі  адам 

тәнінің  түлгалық  және  “субъективті”  қүштар  (нәпсішіл) 

аспектісін  жасырып,  керісінше,  оның  “төңірге  үқ са с” 

қасиеттерін корсетіп түрады.  Бүл қасиеттер адам пішінінің 

поливаленттілігі  (копмәнділігі)  белгілі  молшерде  колегей- 

леп түратын “микрогарыштық” белгілері мен макрогарыш- 

тық белгілерін қоса үйлестіру арқылы корсетіледі,  осылай- 

ша  киім  символикасында  Төңірдің  “озін”  сездіруі  оның 

“елеусіз”  корініс  беретініне  (корінбейді,  бірақ  жанында, 

барлық  жерде  — Ауд.)  байланысты жэне  адамның  күрделі 

эрі бүзьш корсетілетін пішінінде  жүлдыздардың айқын және

277

пәк сүлулығы бар.  (“Ерді кебенек ішінде таны” дегенді еске 

түсіріңіз.  -Ауд.).  Көне  Өсиеттің  бірінші  қасиеггі  қызмет- 

шіеінің  (первосвященник)  кеудесіне тағып жүретін  алтын 

дөңгелегі күннің белгісі,  оның денесін  өшекейлеп түрған, 

Шехинаның оккультті орталықтарының орындарына сэй ­

кес орналастырылған асыл тастар жүлдыздар сияқты; ал бас 

киімі  жарты  айдың  “мүйіздеріне”  үқсайды,  киімдерінің 

шашақтары  шықты  немесе  Рахат  нөсерін  еске  салады  1*. 

Христианның литургиялық ризаларында да әрі дін уағыздау- 

шысы, өрі қүрбандық болып есептелетін Христтің қызметіне 

мегзейтін формальді тіл бар.  Солярлы сипаттағы діни қыз- 

метші киімімен қатар, төннің түлғалық жөне сезімдік аспек- 

тілеріне тыйым  салу үшін қажет монахтық  киім де  бар,  ал 

дүнияуи  кісінің  киімі,  киеленген  корольдердің  айырым 

беліілері мен геральдикалық эмблемаларды қоспағанда, қара- 

пайым қажетгілік пен болмашыны даңқ санаудан гана пай­

да  болады.  Осылайша,  христиан  діні  өзінің  өздік  емес 

қызметіне орай Христ даңқына  қатысы бар священник пен 

киімі  өншейін  пендешіліктің  көрінісі  болып  саналатын 

дүнияуи  кісінің  арасын  айырып  қояды,  дүнияуи  пенде 

күнәсін жумақшы болып,  тәубеге келушінің киімін киген- 

де  ғана  (одеяние  кающегося)  киім  дәстүрдің  формальді 

стиліне  қайшы  келмейді.  Осыган  байланысты  мынаны да 

айта  кету  керек  сияқты:  осы  замангы  ерлер  костюмі  ата- 

лып отырган киім қасиеттерін ауыстырып жіберуімен таң- 

дандырады — табигатгьщ өзі икемділік пен сүлулыққа бөлеп 

қойган төнді киім теріске шыгарады да,  костюм табиғатқа 

жаны қас жөне күллі иерархияны инстинктивті түрде жек- 

корушілікпен  шырмалаған жаңа  заман  индивидуализмнің 

көрінісіне айналды 2*.

■*  Осыған  үқсас  символдарды  солтустік  америкалык  үндістердің 

росімдік  киімінен  аңғаруға  болады;  бизон  мүйіздері  қондырылған  бас 

киім  мен  киім  шашақтары  жауын  немесе  кайырымдылық  бейнесін  біл- 

діреді.  Бүркіт қауырсынынан жасалған бас киім дүниені жоғарыдан бас- 

қаратын  “Найзағай  қүсы н”  жоне  күнді  бейнелейді,  бүл  екеуі  де  Әлем 

Рухының  символы.

2* Әуелде  ішінара Француз тоңкерісінен ж эне белгілі дэрежеде агыл­

шын  пуританизмінен  бастау  алған  осы  заманғы  ерлер  костюмы  дінге 

карсы  және  аристократияға  қарсы  ағымдардың  мейлінше  жетілдірілген 

синтезі  болып  табылады.  Ол  адам  пішінін  орынсыз  ғана  емес,  адамның 

табиғасы  мен  тэңірлік  сүлулығына  қарсы  концепцияға  сейкестендіру 

үшін  озінше  өзгертеді.

278

Исламның  ерлер  киетін киімі  — священник пен монах 

киімдерінің  синтезі,  сонымен  бірге,  ол  ер  кісінің  мерейін 

көтеретін нәрсе.  Бүл — Пайғамбар хадистері бойынша, діни, 

демек,  молдалық атақтың белгісі саналатын  1* тюрбан (көп 

орамнан түратын  , түтас сөлде);  қыртысы кең шапан ж әне 

бас  пен  иықты  жауып  түратьін  хаик.  Шөл  түрғындары 

киімінің кейбір детальдары жинақыланып ж әне  “стилиза- 

цияланып”, рухани мақсатқа қызмет ете бастаған.

Екінші жағынан,  ислам  көйлегінің  монахтық  сипаты 

онын қарапайымдылығы  мен  алтын  өрнектер  мен жібекті 

пайдалануға салынған ішінара тыйымнан да көрінеді 2*. Ал­

тын мен жібек тек әйелдсрге ғана,  онда да шектеулі ортада 

рүқсат  етіледі,  көбіне  үй  ішінде  —  жанның  ішкі  әлемінде 

ғана сәнді киімдер киіледі.

Ислам  өркениеті  қүлдырай  бастаған  жерде  жүрт  әуелі 

тюрбаннан (сәлде-бөрікген), содан соң рөсімдік  намаз кезінде 

адамның  қимылын  жеңілдететін  еркін  қүйылып  түратын 

киімнен қүтылуға  асығады. Ал бірқатар араб елдерінде кал- 

пакты қолдау үшін жүріп жатқан науқанға келетін болсақ, 

ол рәсімдерді жоюға бағьпталған нәрсе, ойткені  қалпақ сәж- 

деге бас үруға жарамайды,  ал маңдайшасында  “мүйізі”  бар 

кепка дөстүрге мүлде жат.  Егер машиналарды түтыну осын­

дай киім киюге мәжбүрлейтін болса,  ислам козқарасы бой­

ынша, машинаға сену адамды “Алланың алдына барып тура- 

тын” экзистенциалды оз орталығынан аландататын болғаны.

Ислам  киімі  туралы  әңгіме  Мекке  түрған  киелі  (сак- 

ральді) жерге қожалық парызын орывдауға барғандар киетін 

“киелі  жамылғыны”  (икрам)  айтпасақ,  толық  болмас  еді. 

Қажылық  тәуәп  етуші  иығы  мен  беліне  екі  болек тігіссіз 

мата  жамылып,  аяғына  сандал  киеді.  Осылай  киінген  ол 

жанып  түрған күннің астында озінің Алла алдында  қайыр- 

шы екенін білдіреді.

VII

Ислам әлеміндегі бейнелеу онерінің ең тектісі, дегдары 

коркем  жазу  —  каллиграфия  болып  саналады.  Қүранның 

жазба түріндегі корінісі ретіңде ол сакральді онерде 

p a r excel­

lence

  саналады.  Ол  христиан  онеріндегі  иконаның  роліне

■*  Сәлдені  “исламның  тәж і”  деп  атайды.

2*  Бүл  канондық тыйым  емес,  бірақ жібектен  горі  алтынға  қаталдау 

Көзқарастың белгісі.

279

jaJL  A»^Iü

шендес роль атқарады,  себеб i, 

ол Алла Сөзінің көзге көрінетід 

тәнін бейнелейді (34, 35-суреі- 

тер)  1*.

Киелі жазуларда араб әріп-

тері  арабескалармен,  әсіресе, 

осімдік мотивтерімен қалықтан



үлесіп,  сол  арқылы  өмір  аға- 



шының азиялық символизмі - 

мен тығыз  байланыстылыққ і 



әкеледі;  ол ағапггың жапырақ -

I  тары  Қасиетті  Кітаптың  сөз- 

деріне сәйкес келеді. Араб кал -

34-сурет.  Құранның 

пергаментке шығыс

лиграфиясы  таңғажайьш деко ■

 



ративтік  мүмкіндіктерге  ие, 

оның  төсілдері  тік  сызықты

куфімен жазылған ф раш енті. 

ПШІШІ 

мен вертикаль кідірістер 

і

куфиден,  ағын  сияқты  сырғымалы ж әне  иректері мүмкін- 



дігінше коп линиялардан түратын насхи қолтаңбасына дейіі 

жетеді.  Араб  жазуының  бай  мазмүнды  болуының  басть: 

себебі  — оның  кемел деңгейде дамыған  екі  “олшемі”  бар 

бірі — әріптерге иератикалық дегдарлық беретін вертикалі 

олшем де,  екіншісі — барлык эріптерді үздіксіз ағынға ба- 

ғындыратын горизонтальді  жазу.  Тоқу символикасындағь: 

сияқты, матаның  арқауына үқсас вертикаль сызықтар зат- 

тардың  озгермейтін  нәтіне  сәйкес  келеді  — вертикальдін 

арқасында әр әріптің түрақты,  мызғымас сипаты бекиді, ал 

горизонталь қалыптасуды немесе заттарды озара байланыс - 

тырып,  біріктіретін материяны білдіреді.  Мүның мағынасы 

вертикаль сызықтар оз шегінен шығып кеткендей өсер қал- 

дырып, горизонтальды біріккен сызықтардың толкьіндарын 

реттеп түратын араб каллиграфиясында айқындала түседі.

Араб жазуы оннан солға қарай орналасады, басқаша айт- 

қанда,  ол  қызмет  (тіршілік  ету  -   Ауд.)  аясынан  жүрекке 

қайтып оралады.  Барлық семит тексі фонетикалық шрифт-

'*  Ислам  теологиялық мектептері  арасындағы  Қүранның сол  күйінде 

жаратылғаны  (адам  колымен  жазылмағандығы)  туралы  пікірталас  хрис­

тиан  теологтарының  Христтің  қосетекті  табиғасы  туралы  пікірталасына 

үқсастау.

(пауза)  бар  монументальдь:

280

тер аясында араб жазуы ебірей жа­

зуына мейлінше аз  үқсайды;  ебі- 

рей  жазуы  тасқа  найзағаймен 

қашалған Заңның әріптері (скри­

жаль)  сияқты  статикалы,  бірақ 

Қүдайдың Қатысуьшьщ (келуінің) 

қүпия отына толы,  ал араб жазуы 

ырғақ тынысының аркасында, бір- 

түтастығын  көрсетеді:  ырғақ  ай- 

қын білінген сайын түтастық ай- 

қындала түседі.

Мінәжат залының қабырғала- 

рын  көмкеріп  немесе  михрабты 

қоршап түрған жазулардың фриз- 

дер!  Алланың  адал  қүлдарының 

есіне  өздерінің  ырғағымен  және 

иератикалы  піш інім ен,  Қүран 

35-сурет.  Каллиграфиялык 

тілінің  салтанатты  ж әне  қуатты 

насхимен жазылған 

ағынындағы  маңыздылығымен 

Қүран көшірмесі. 

әлдеқашан үмыт болған жайттар- 

ды салады (36-сурет).

Тәңір магиясының осы плас- 

тикалық көшірме-көрінісі күллі ислам емірінде бар,  оның 

сыршылдығының молдығы, тоқтаусыз түлеп отыратын көте- 

ріңкілігі мен тендесі жок ыр- 

ғағы  Бірліктің  өзі  болып  та- 

былатын ез нәтінің күллі қа- 

рапайымдылығының  есесін 

толтырады,  бүл  —  идеяның 

бүлжымас түрақтылығы, оны 

жеткізудің  үзіліссіз  ағыны, 

архитектуралық  геометрия 

ж өне  шектелуді  білмейтін 

өрнектер ыпғағы.

Михраб  —  Мекке  жаққа 

бағытталған,  намаз  оқитын 

имам оз қимылын қайталай- 

тын  діни  қауымның  алдына 

шығьгн түратын мінбер-қуыс.

Михрабтың негізгі қызметі — 

акустиканы күшейту, ойткені 

36-сурет. Әл-Гамбра. Ішкі аула.

2 1 9 -1 9



281

намаз оқылатын залдағы қуыс михраб оған қарай айтылған 

сөздерді жанғыртуға тиіс,  әйтсе де,  оның пішіні хордың не­

месе апсиданың,  киелілер киесінің пішінін еске түсіреді, ал | 

сыртқы сүлбасы оның сүлбасын кішірейтілген түрде қайта- 

лайды.  Символдық  түрғыдан  осы  үқсастықты  михраб  ал­

дында  ілулі түрған  шам  растайтын  сияқты.  Шам  Қүранда 

айтылатын  “жарық сөресін” еске түсіреді:  “Алла — көк пен 

жердің шырағы.  Оның сәулесі  — қуыс  сөреде;  онда шырақ 

бар,  шырақ — әйнектің ішінде,  әйнек маржан жүлдыз сияқ- 

ты...”  (Сәуле сүресі,  24.35).  Дәл  осы түста мешіт символи- 

касы  мен  христиан  символикасының,  сондай-ақ  ебірей, 

мүмкін,  пар  храмы  символикасының  түйісер  нүктесі  бар 

сияқты.  Енді михрабтың акустикалық қызметіне оралайық: 

михраб  Алла  сөзін  жаңғыртады,  демек,  намаз  кезінде  ол 

Алланың Қатысуының символына айналады, ал шырақ сим- 

воликасы екінші дәрежелі, яғни литургиялык болып қала- 

ды;  ислам  үшін  ең  бастысы  Қүранда  жазылған,  рәсімдік 

қайталау  кезінде  “жүзеге  асатын”  Алла  сөзі.  Бүл  исламда 

пікірталас туғызатын нөрсе: Алла сөзі өзінің сөз жүзіндегі, 

сәттік жөне материалдық емес, жарату актісі сияқты болуы 

керек,  ол  осылайша  өзінің  өліні  тірілтерлік  күщін  кемел 

күйінде, бүлдірмей сақтап қала шіады. Болмыс озін кеңістікте 

емес,  уақыт  ішінде  корсетеді,  соз уақыт  әсерінен кеңістік 

объектілерде болатын озгерістер шегінен тыс түрады,  бей- 

немен  емес,  созбен  омір  сүретін  кошпелілер  мүны жақсы 

біледі. Дүниеге осылай қарау және оны білдіру жолы үнемі 

қозғалыста жүретін адамдар үшін,  өсіресе, семит кошпелілер 

үшін өте табиғи нэрсе,  ислам осы көзқарасты рухани дең- 

гейге кошірсді де,  1* адамды қоршап түрған ортаға, бөрінен 

бүрын архитектураға тепе-тендік пен айқындық таңбасын 

салады,  ал  бүл  күллі  тіршіліктің  бәрі  Алла  акиқатының 

корінісі екенін еске салып түрады.

'*  Исламдағы  пікірталастың  езге  жағы  да  бар:  адамды  Алла  озіне 

үқсатып  жаратқан,  оньщ  пішінін  бейнелеу  —  төңірге  шет  нәрсе.  Бүл 

козқарас,  сіро,  бейнелерге  тыйым  салудың  себебі  емес,  нотижесі  болар.

282

Бесінші  бөлім

БУДДА  БЕЙНЕСІ

Буддалық өнердің индуистік өнерден бастау алуы — ал- 

химиялық  өзгеріс  сияқты  қызық  нәрсе.  Буддалық  өнер 

Үндістанньщ ғарыштық мифологиясын “ерітіп жіберіп” оны 

жан күйлеріне айналдырады деуге болады.  Сонымен қатар, 

ол  индуистік  өнердің  нәзік  элементін  —  сакральді  бимен 

дегдарланған йога тәсілдерімен тазарып, шектеусіз санамен 

толтырылған адам денесінің касиеттерін “кристалдандырып” 

шығарды.  Дәл  осы  қасиет  Үндістанның  көне  өнеріне  тән 

күллі  рухани  ғажайыпты  бойына  жиып  алған  Будцаның 

сакральді бейнесіндегі тендесі жоқ формулаға “қүйылады”, 

дәл осы қасиет қалған бейнелерді айналасына жиған орта- 

лық тақырыпқа айналады.

Будца  денесі  мен  лотос  —  индуистік  өнерден  алынған 

осы  екі  пішін  бір-ақ  нәрсені  —  Өзін-озі  таныған  Рухтың 

шексіз  тыныштығын  —  білдіреді.  Осы  екеуі  буддизмнің 

күллі рухани иозициясын білдіреді,  бүған қоса, рухани кә- 

деге жараудың тірегі болатын психофизикалық позициясын 

да аңғартады.

Лотос  тағына  отырған  Тәңіртекті  Адамның  образы 

индуистік  тақырып  болып  табылады.  Біздін  анықтағаны- 

мыз — ведалық алтарьда  “алтын адамның”  (хиранья-пуру- 

ша)  дәстүрлі  бейнесі  салулы,  ол  бейне  лотос  жапырағын 

төсеніп жатыр.  Ол Тәңірлік Нөтгің өзгеріске түспейтін адам 

нәтінің аспектісінің,  Пурушаның,  сондай-ақ,  Праджапатиді, 

Ғарышты  озінің  ақиқи  түтастығымен  жүзеге  асыратын 

Қүдайлар  үлы  Агнидің де  бейнесі.  Пурушаға  осы  аспекті- 

лердің бәрі де тән:  Ол әрбір тіршілік жоспарына қатысады, 

осы жоспарға  тән  зандарға  сэйкес  болады,  өзін  ешқандай 

өзгеріске түсірмейді. Агни — адамның ғарыштық табиғасы 

өз бастауын алатын рухани үрық, түқым, Агнидің алтарьда 

Да, адам жүрегінде де жасырулы жататыны содан, ол бастап- 

Қы сулардан — жанның немесе дүниенің шынайы потенци- 

алдық қасиеттерінің жиынтығынан туған; оны лотос қолдап 

түратыны сондықтан.

Буддистік онер  “алтын адам”  символына мәңгілік өмір 

сьійлады,  алайда ол осы символ арқылы растағанның бәрін 

теріске шығару үшін пайда болған сияқты. Иңдуистік докгри-

283

на бәрінен бүрын шегі жоқ Нәт,  Негіз туралы айтады, оны­

мен салыстырғанда барлық заттар көлеңке ғана. Барлық зат­

тар Пурушадан пайда болған дейді Ведалар.  Буддистік док­

трина  болса,  Болмыс  немесе  заттардың  Нәті туралы  онын, 

айтатыны мүлде жоқ: ол кез келген төңірилікті теріске шы- 

ғару  үшін  пайда  болған  секілді.  Тіршілік  етудің  барлық 

деңгейлерінен түратын пирамиданың үшына үқсатуға бола­

тын — теоорталықты көзқараспен қарағанда Ғарыш сондай — 

жогаргы принципті айтып берудің орнына,  буддизм эволю­

ция тізбегін теріске шығару жолымен қүрады,  адамды және 

оның болмауын  бастапқы  сәт  орнына  алып,  соның  ізімен 

биігі төмен қараған, жоғары қарай бос қуыс бағытында ке- 

ңейе (жалпая) беретін пирамида жасайды.  Бірақ перспекти- 

ваның инверсиясына қарамастан, екі дөстүрдің квинтэссен- 

циясы біреу ғана.  Козқарас арасындагы айырмашылық мы- 

нада: индуизм тәңірлік Шынайьільшыкты оньщ “объекгивті” 

мағынасында  көреді,  оның  ақылға  өз  кескінің түсіретінін 

айтады,  ал мүндай  “көлеңке”  оның тікелей рухани түсіні- 

луінен тыс,  одан тәуелсіз түрде,  Интеллектінің әмбебап та- 

биғасының  салдарынан  болуы  ғана  мүмкін.  Екінші жагы­

нан,  буддизм  адамның  Нәтін  немесе  заттардың  нөтін  тек 

қана “субъективті” жолдың нәтижесінде, яғни озгеше емес, 

осы Нөтті рухани түйсіну нөтижесінде гана анықтайды;  ол 

аса  формальді  Шынайылықты  жалган,  алдамшы  немесе 

әрқилы жорамал түргысынан растауды теріске шыгарады. 

Бүл позицияның негізге алатыны — тәңірлік Шынайылық- 

ты  ойша  объективтендіру,  заттандыру  кобіне  оны  тануга 

кедергі  келтіреді,  ойткені  айнага  кез  келген  кескін  аунап 

түседі — мүны жогарьща, биіктеген сайын принцип симво­

лы ретінде кеми беретін пирамида мысалымен де корсетгік — 

ойткені  ойлау  сананы  шектеп,  белгілі  дэрежеде  қатырып 

тастайды,  сойте  түрып,  Қүдайга багытталган  ой оз  объек- 

тісінен  тыс  болады,  ал  Қүдай  шекарасыз  жэне  шынында 

одан ешнэрсенің тыс қалуы мүмкін емес; демек,  қате перс- 

пективаньщ саладарынан Абсолют туралы кез келген ой отірік 

болып шыгады.  Сондыктан  Будда оз ілімінің дүниенің не­

месе жанның қайнар козіне қатысты еместігін, тек қана азап 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет