М э д е н и м у р а «Мэдени мұра»


өнердің кейінгі кезендерінде бой корсеткен буржуазиялық



Pdf көрінісі
бет37/55
Дата15.03.2017
өлшемі13,67 Mb.
#9779
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   55

өнердің кейінгі кезендерінде бой корсеткен буржуазиялық 

тенденцияларға қарсы реакцияларды да аңғартады деуге бо­

лады.  Бірақ,  бүл қысқа эпизод қана болды,  ал шындығын- 

да,  ренессансты  саудагер  болып  кеткен  текті  кісілер  мен 

тектіге айналған саудагер кісілер қолдады.

317

Барокко  буржуазиялық  пішіндегі  ақсүйектіктің  реак- 

циясы  еді,  оның  сән-салтанатшыл  жөне  кейде  тымырсық 

аспектісі болатьшы сондықтан. Нағыз дегдарлық пен текгілік 

айқын да ашық,  қуатты да коркем,  ортағасырлық гербтерге 

ұқсас пішіндерді қалайды.  Наполеон дәуіріндегі классицизм 

де ақсүйек кейпіндегі буржуазиялық реакцияның корінісі.

Тортінші каста — баеыбайлылардың кастасы немесе мей- 

лінше жалпылау мағынасында айтсақ, жерге байлаулы, тек 

қана озінің физикалық аман-есендігін ойлайтын және әлеу- 

меттік  немесе  интеллектуалдық  дарыны  жоқ  адамдардьщ 

кастасы,  оның оз стилі де, қаталырақ айтсақ,  шын мағына- 

сындағы онері де болған емес. Оның үстанымына орай онер 

индустриямен — шын мәнісінде, саудагерлер және қолонер- 

шілер касталарының дәстүрмен біржола ат қүйрығын кесіс- 

кеннен кейін шығарған соңғы туындысымен ауыстырылды.

V

Natura non facit saltus /1 /* , бірақ,  соған қарамастан, адам 



рухы “секірістер” туғызады. Төңір Қүпияларына орныққан 

ортағасырлық мэдениет пен мүдделерінің ортасында идеал 

адам түратын ренессанс мәдениетінің арасында тарихи жал- 

ғастык  бар  екендігіне  қарамастан,  терең  ажырасу  да  бар. 

XIX  ғасырға  дейін  адам  мен  оньщ  айналасындағы  дүние, 

тым  болмағанда,  күнделікті  тіршілік  пен  онер  саласында, 

әлі де болса, түтас органикалык бүтін элем сиякты еді, гылы­

ми  жаңалықтардың  ашьшуы  осы  дүниенің  кокжиектерін 

үздіксіз  кеңейтті де,  күнделікті омірдің кескін-кейпі  “ада­

ми олшемдер”  аясында,  яғни тікелей психикалык жэне фи- 

зикалық кажеттіліктерінің шегінде қалып қойды. Осы негізгі 

жағдайға сэйкес рух пен  қол арасындағы тікелей гармония- 

ның  нәтижесі  ретінде  онер  де  гүлденді.  Өндірістік  орке- 

ниетгің келуіне байланысты осы органикалык, бірлік бүзылды; 

адамның  жүзі  аналық  табиғаға  емес,  жансыз  материяға 

бүрылды, ал ол ылғи жаңарып отыратын автоматтар пішініне 

еніп,  ой зандылықтарының бэрін озіне тартып алды.

Осылайша, рухтың мызғымас шындығынан, ежелгі және 

ортағасырлық мағынадағы “ақыл-естен” теріс айналған адам 

оз  қолтумасының  жат,  огей  “ақыл-ой”  сияқты,  жан  мен

1*  “Табиғат  секіріс  жасамайды”,  лат.

318

табиғаттағының  бөріне,  жомарт,  текті және  киелі  атаулы- 

ның бәріне жауша өшіккен "акыл-ойға”  үқсап, өзіне қарсы 

көтерілгенін  көрді.  Адам  осы  жағдайға  көне  бастады:  өзі 

соның  көмегімен  билігін  сақтап  қалуға  тырысатын  жаңа 

ғьшым — “экономикаға” қарамастан, ол істегеннің бөрі өзінің 

машинаға тәуелділігін растап,  нығайтуға тиіс болып шық- 

ты.  Машина  карикатуралық түрде  жасау-жарату  (творче­

ский) актісін көрсетеді,  мүнда формальдылық үстіндегі ар­

хетип сансыз, бір-біріне үқсас, бірақ бөрі бірдей емес пішін- 

дерден көрініс береді; машина жай ғана қатал біртекті көшір- 

мелердің сансыз жиынтығын жасайды.

Осының нәтижесінде өнер өзіне нәр беріп түрған қүнар- 

дан айырылады; ол енді шебер еңбегінің спонтанды қосым- 

шасы  да,  әлеуметтік  өмірді  табиғи  күйінде  көрсетуші  де 

емес,  бірак таза субъективтік салаға ауысады. Суретшіге кел­

еек,  ол ренессанс дәуірінде  озінше философ та,  жаратушы 

да болған күйінде емес; ол еш үстанымы да, мақсаты да жок 

жалғызбасгы іздеуші сияқты, оньщ, шын мәнісінде, оз корер- 

мендерінің делдалы  мен  сайкымазағына  айналып  кетуі де 

бек мүмкін.

Бүл дағдарыс XIX ғасырдың екінші жартысында болды; 

барлық  тарихи  бетбүрыстар  заманындағыдай,  бүл дәуірде 

де  ойда жок жөне  кездейсоқ,  принципті түрде  жаңа  мүм- 

кіндіктер ашылды.  Әлі де болса, ренессанстың “гомоорта- 

лықшылдығынан”  (гомоцентризм) байланысын үзе қойма- 

ған натурализмнен бас тартудан соң “архаикалық” онер әлемі 

мойындалды; картина қиялдан туган,  табиғатқа қарай ашыл- 

ған терезе емес,  живописьтің зандары бәрінен бүрын,  гео­

метрия мен хроматикалық гармониядан алынған, мүсін еркін 

қозғалыс үстінде кенет кідіріп,  тасқа немесе қолаға айнал- 

ған  фигура емес деген түсінік қалыптаса бастады;  “стили- 

зацияның” ролі күшейді, карапайым пішіндер қуаты мен бояу- 

лардың жарық шыгаргыштыгы ашылды.  Осы сәтте адами- 

лау,  шүбәсіздеу,  мүмкін,  дәстүрлілеу  онерге  қайта  оралу- 

дың мүмкіндігі туды;  мүны түсіну үшін  готикалық собор- 

лар  мен  индуистік  скульптура  тақырыбындагы  Гогеннің 

кейбір картиналарын немесе Роденнің “рефлексияларын” еске 

алу жеткілікті.  Бірақ  онерде  аспан да,  жер де  калган  жоқ; 

оган метафизикалық алгышарттар гана емес, шеберлік негіз, 

арқау да жетіспейді, соның нәтижесінде коркем даму белгілі, 

жартылай ашык мүмкіндіктер арқылы зуылдап оте шықты

319

да, қайтадан таза индивидуалдық субъекгивтік аймағына түсті, 

оның тереңге батқаны сонша, әмбебап немесе үжымдық тіл 

қоятын шектеулер оған эсер етуден қалды. Өзімен өзі болып 

қалған суретші шабыттың жаңа көздерін іздеді.  Ол үшін Ас­

пан жабық, ал сезімдермен түйсінілетін дүние ол үшін табы­

ну объектісі болудан қалғандыктан, ол кейде сана астарьшьщ 

хаостық түпкірлеріне тығылды; ол осылай істеймін деп, тәжі- 

рибе әлеміне тәуелсіз, қарапайым ақылға бағынбайтьш және 

жүқпалы деңгейде нәпсішіл жаңа күштің шығуына жол ашты: 

“Flectere  si  nequeo  superos,  Acheronta  movebo!”  —  “Егер  кок 

төңірлерін бас идіре алмасам, Мен Ахеронггы қозғалтам!” (Вер­

гилий,  “Энеида”, VII,  312). Адамньщ жанының бетіне сана 

астарьшьщ түманьшан шыккан осы нәрсенің, не болганда да, 

“архаикалык”  немесе дәстүрлі онерлер  символикасына еш 

қатысы жоқтыгына  күмән жоқ,  осының бәрі,  аныгын  айт- 

сақ,  “архетиптер” емес, өте төменқол, тексіз физикалық тат- 

тар гана, симводдар емес, елестер гана.

Кейде осы адамнан томен субъективизм өзінің біртекті 

антитезасының — “механизация” деп атауга болатынының 

кесірінен “тексіз” сипатқа ие болады. Дэл осы арман-меха- 

низмдерден откен  қүбьгжық,  олардан откен зүлым да, жан- 

түршіктірерлік епггеңе жоқ, казіргі оркениетгің түп негізінде 

жатқан белгілі “қасиеттерінің” ібілістік табигасын одан аны- 

гырақ ештеңе де көрсетпейді!

VI

Енді  христиан  онері,  қашан  болса  да,  қайта  туа  алады 



ма,  оның қайта  өрлеуіне мүмкіндік тугызарлық жагдайлар 

қандай болуга тиіс, соны қарастыралық.  Бәрінен бүрын, аз 

да болса, іс жүзінде, табигасынан негативті (жагымсыз) бел- 

гілі  бір  мүмкіндік  (шанс)  бар  —  ол  христиан  дәстүрі  мен 

батыс өркениетінің арасы бір-бірінен бүрынгыдан да алыс- 

тап бара жатқаньша байланысты. Егер шіркеу қазіргі дүниенің 

хаосына араласпаса,  озімен озі гана қалар еді.  Кейбір шір- 

кеулер  күні  бүгінге  дейін  діни  насихат  мақсаты  үшін  ен 

осы замангы және  ең фальсификацияланган  коркем сурет 

қозгалыстарын  оз  жагына  шыгарып  алуга тырысып  отыр, 

бірақ көп үзамай, осыган үксас қүбылыстардың діннің өзін 

жалмап коюы әбден мүмкін болатын интеллектуалдық ыды- 

рауды  тек  күшейте  түсетініне  көзіміз  жетеді.  Шіркеу  ен

320

эуелі өзінің уақытқа бағынышты еместігін дәлелдейтіннің 

бәрін мән-мағынаға толтыруы керек, тек осылай еткен жаг­

дайда ғана,  одан бүрын емес,  христиан өнері өзінің өзінен 



бөлуге келмейтін прообразына қайтадан жүзін бүрып, бүкіл 

өркениетті көкгей өтіп, оған сіңісіп алған үжымдық өнердің 

емес,  рухани тіректің қызметін  мойнына алуы керек;  оның 

осы түрғыдағы өсерлілігі оның қазіргі дүниенің формальді 

хаосынан қаншалықты бөлек екендігіне,  осы  контрасттың 

мейлінше қанықтыгына пропорциялы болады.  Осы бағытқа 

ыңғайлана бастаган бірнеше даму көрсеткіштері бар, солар- 

дың бірі ретінде бүгіндері діни орталарда күмөнсіз бола бас­

таган византиялык және романдық онермен әуестенуді ай- 

туга  болады.  Осындай  негіз  болмаган  жагдайда,  христиан 

онерін  қалпына келтірудің барлық талпынысы сәтсіздікке 

үшырауга тиіс;  ол жеміс бере алмайтын реконструкциядан 

озге түк те бола алмайды.

Сакральді живопись принциптері туралы жогарыда ай- 

тылган  пайымдаулар  оны  қайтадан  тірілтудің  басқа да  бір 

шартын багамдауга мүмкіндік береді. Христиан онері әлдебір 

уақыттарда “абстрактілі” бола алар еді, ягни ол таза геомет 

риялық символдарга  гана сүйеніп, табиги түрде кемелдег  , 

алар  еді деген  тікірмен  келісуге  болмайды.  Бейнелеулік  — 

емес  онер  символиканы  техникалық  процедурадан  боліп 

алуга  келмейтін  үсталықтарга,  әсіресе,  күрылыс ісіне тән. 

Белгілі бір орталарда айтылып жүрген теорияларды жоққа 

шыгаруга үшін айталық, картина суретші “мезіретінің” нәти- 

жесі емес, керісінше,  оның “мезіреті” йпкі бейнеден,  шығар- 

маның ментальді  прототипінен  шыгады.  Діни живописьте 

геометриялык қүрылым бой  корсеткен жагдайдың бәрінде 

ол  бейнеге  создің тар  магынасында  гана  салынады,  бейне 

онердің түп негізі  мен нәті күйінде және барлық практика- 

лык және метафизикалық сылтау-себептер үшін онер күйінде 

қалады, ойткені бейне тек антропоморфты символ гана емес, 

“Қүдай адамды жаратты” дегенге сэйкес, адамдар үшін уагыз- 

осиет  те  болуга  тиіс.  Күмән  жоқ,  техникалык  аспектілер 

түргысынан алганда,  живопись шеберлік сипатында бола­

ды,  бірақ  мүның  корерменге  тікелей  қатысы  жоқ;  озінің 

мазмүны бойынша және озінің діни қогамга қатыстылыгы

І

 



бойынша,  христиан живописі  эрқашан бейнелеуші  болуга 

тиіс.  Абстрактілі  композиция  тек  —  озіне  тиісті  жерде  — 

орнектерде гана орналасып,  осылайша саналы жэне  квази-

321

теологиялық  түйсіну  мен  санадан  тыс  жөне  инстинктілі 

түйсінудің арасына көпір болып түрғандай болуға тиіс.

Кейбіреулер діни бейнелеу өнері қажет болған дәуір аяқ- 

талып келе жатыр, сондықтан, христиандық ортағасырлық 

өнерді  “қайтадан  туғызу”  мүмкін  емес  деген  пікір  айтып 

жүр; біздің күндеріміздегі христиан діні, дейді олар,  копте- 

ген  халықтардың  бейнелеулік  емес  немесе  архаикалық 

өнерлерімен түйісіп отыр, сондықтан ол егер антропомор- 

физмнен азат, абстрактілі пішіндер болмаған жағдайда еш- 

уақытта іштей көру қасиетін қайтадан иелене алмас еді.  Бүл 

адамдарга былай жауап беруге болады: дөстүрде жоқ “дөуір- 

дің”  бүл  мэселеге  мүлде  қатысы  жоқ;  христиан  өнерінің 

антропоморфизмі, бәрінен бүрын, христиан рухани байлы- 

ғының ажырамас болшегі болып табылады, ойткені ол дәс- 

түрлі христологиядан басталады, оның үстіне, әрбір христиа­

нин сырттан әкелінген жаңа “циклдің” — антихрист циклінен 

озге түк еместігін білуге тиіс.

Христиан  живописі,  негізінен,  бейне  салушы  сипатта, 

және  бүл тегін  емес.  Бүл  оның  бетімен. кетушіліктен  сақ- 

тайтын  кепіліндей дәстүрлі  бейнелерсіз  омір  сүре  алмай- 

тындығының белгісі.  Бүл прототиитер қашан да шығарма- 

шылық дарынды корсету үшін кең мүмкіндіктер туғызады, 

уақьгг пен орын қажетін де отейді, сондықтан, жақын уақьгг- 

тарда  зандастырыла  алады.  Соңгы  ой  “біздің дөуірімізге” 

шексіз қүқықтар беріліп отырган қазіргі кезде оте маңызды 

нэрсе. Орта гасырларда ешкім “заманауи” болам деп бүлінген 

жоқ, осы үгымның озі де жоқ еді. Уақыт, былайша айтқан- 

да, өлі де кеңістік болып түр еді.  “Кошірмешіл” болып корі- 

нуден қорқу,  сондай-ақ,  бірегейлік іздеп бүліну — осы за­

мангы ең жалган сенімдер. Бүкіл Орта гасырлар бойы, тіпті, 

белгілі  молшерде  ренессанс  пен  барокко  кезеңдерінде  де, 

ежелгі шыгармалар op дәуірде ең кемел деп танылып, кошір- 

мелері жасалып отырылды жэне осы елікгеуде назар ерекше 

айқын  және  негізгі  деп  есептелген  үлгілерге  аударылды; 

әдетге, онерді қолдап келе жатқан амаддар осындай. Әсіресе, 

орта гасырларда әрбір суретші немесе мүсінші, ең алдымен, 

киелі үлгілерді көшіретін шебер болды; бүл дәл солай, ойт- 

кені ол озін осы үлгіге шендестіреді, оньщ шендесуі үлгілер- 

дің нөтіне қатысты болгандықтан, оз онері де “тірі” болды. 

Кошірменің  механикалық  болмаганы  анық;  ол  ақыл-ес 

сүзгісінен откізіліп, материалдық жагдайларга ыңгайласты-

322


рылды;  ггер дэл осындай жолмен, біздің заманымызда ежелгі 

христиандық үлгілердің көшірмесін жасауга тура келсе, осы 

үлгілерді таңдаудың озі, оларды белгілі бір техникалық жағ- 

дайларғ 


і

 көшіру мен екінші дәрежелі нақтылықтардан арыл- 

тудың  озі  нагыз  онер  болып  шығар  еді.  Кейбір  аналогия- 

лык 

үлілердің  ажырамас  элементі  болып  шығуы  мүмкін 

нәрсен:ң  бәрін  жинап,  шебердің  білместігінің  кез  келген 

белгіле м  мен  оның тым  үстірт  жэне  зиянды  нөрселерден 

алганда рын жою керек. Мүндай жаңа өнердің түпкіліктілігі, 

оның о лір сүруге кабілеттілігі оның түжырымының субъек- 

тивті “(ірегейлігіне” емес, үлгінің нәті үстап түрган объек- 

тивтілііже немесе ақылына байланысты болар еді.  Кез кел­

ген басгаманың  (инициатива) табысқа жетуі,  ең алдымен, 

оның и этуитивтік даналыгына байланысты. Ал бірегейлікке, 

әсемдік ке, тосындыкка келетін болсақ, олар өздерінен оздері 

пайда ролады.

стиан онері индивидуалистік релятивизмнен арылып, 

пен  кеңістік шектерінен тыс жаткан”  шабыт  қай- 

нарларііна қайтып оралмайынша, қайтадан жаратыла, қайта 

туа алцайды.

Хрі-

‘уақьп


323

Фритьоф  ШЮОН

ИСЛАМ ДЫ   ҮҒЫНУ 

софының  кітабынан 

узінділер

Аллаһ  —  көк  пен  жердің  жарық  нүры.

Қуран

Аллаһ  бәрінен  бүрын  ақыл-есті  жараггы.

Пайгамбар

Аллаһ  өз  күлдарына  сыйлағандарының

ішінде  ақыл-естен  асқан  қымбаты  жоқ-

Әли

Осы  жүмыстың  тақырыбынан-ақ  көрініп  түр:  біз  Ис- 

ламды баяндап бергеннен гөрі, оған мүсылмандардың неге 

сенетінін түеіндіріп  беруге  ниеттеніп отырмыз.  Төмендегі 

кітап  парақтары  ислам  діні  туралы  еш  қиындықсыз  өзге 

кітаптардан оқып алуға болатын деңгейдегі түсінігі бар оқыр- 

манға арналып отырғаны да содан.

Бүл  кітапта біз бүдан бүрынғы жазгандарымыздай, әрқа- 

шан  болган  және  мәңгі  бақи  бола  беретін  “scientia  sacra”, 

немесе,  “philosophia perennis”  үғымына,  гарыштық гнозис 

үғымына арқа сүйемекпіз.  “Мәңгі азап шегіп жатқан және 

мәңгілік қанағатгана алмаған адам рухы” туралы біз қаншама 

көбік сөз бен жылаңқы шағым естідік десеңізші! Ал шын- 

дыгына келгенде, мүның барлыгы туралы әлдеқашан, қадым 

замандарда айтылып болган, мәселе, тек қана, соны қалай 

санамен үгына білуге гана тіреліп түр. Сонымен, бүл әңгімеде 

біздің әлдебір “жаңа ақиқаттар” ашуымыз, соны баяндауы- 

мыз  мүмкін де емес;  біздің заманымызда,  уақыт бастауы- 

нан алыстаган кез келген дәуірде де, жаңа кілт тауып, сыр- 

ды сол кілтпен ашу маңыздырақ — оның кілггипаны көбірек 

және күрделі болуы бек мүмкін, бірақ,  оның ежелгі адам­

дар  қолданган  кілттен  артық  болуы  мүмкін  емес  —  міне, 

сол кілтпен рух субстанциясының өзіне өшпес жазумен тан- 

бал анган ақиқаттарды қайта ашуга болады.

Бүрынгы әдетімізбен біз осы кітапта да белгілі бір баг- 

дарламага катаң таңьшып отыруды да қаламадық, соның сал-



324

рынан  негізгі  тақырып  аясынан  ауыткып  кете  беретін 

егіністердің болуы да занды, алайда, біздің ойымызша, бұл 

і қорыту үшін  кажетті нөрсе:  ақиқат пішін  мен сөз сап- 

уға  тәуелді  емес,  керісінше,  соларды  оның  өзі  анықтап 

іады.  Ол жалғыз ғана жөне шексіз — оның өзін танытуға 

іжет қүралдары мен жолдарының танданарлык деңгейдегі 

ртүтас көпбейнелілігі де соның көрінісі.

Өзінің тілі мен диалектикасына орай кітап ең алдымен 

ітыс оқырмандарьша арнальш отыр. Алавда, еуропаша білім 

іып, сондықтан да мүмкін,  Қүдайға сенудің негіздерінен 

ірылып  қалған  және  дәстүрмен  ат  қүйрығын  кесіскен 

(ығыс оқырмандары да бүдан әлдебір пайда табарына, тіпті, 

э ім  

болмағанда, дәстүрдің ақымақтау және эбден ескірген 



ифология  емес,  тірі  және  ғаламат  шынайы  ілім  екеніне 

өз жеткізерін күмәніміз жоқ.

*  *  *

Пайғамбар айтыпты:  “Қүдай ақыл-естен  артық дегдар 



штеме жараткан жоқ, оның қаһары да соны қадірлемеген- 

,ерге түседі”. Тағы да айткан:  “Қүдай сүлу жөне сүлулық- 

ы сүйеді”. Осы екі ғакдия да Исламға мейлінше тән:  әлем 

іл үшін біздің үғынуымызды  талап ететін айшықтар (сим- 

юл) мен белгілерге (айат), яғни сүлулық коріністеріне толы 

ілып  кітап  сияқты.  Әлем  түнып,  қатып  қалған  аспани 

)уендердің ырғақтарына үқсас пішіндерден түрады, таным 

лен киелілік сол мүзға айналып кеткен сынықтарды жібітіп, 

шардың  ішінде  түнып  калған  ішкі  әуенді  азат етеді1.  Бүл 

керде “бүлақтар атқып шығатын жартастар” және “жартас- 

ган  қатты  жүректер”  туралы  айтылатын  Қүран  аяттарын 

;ске  алған жон;  бүлар  Інжілде баяндалатын,  киелі жүрек- 

герден бастау алатын  “тірі су тасқыны” мен Христтің жан- 

цы су немесе “тірі суы” шендес бейнелер.

Осы  “бүлақтар”, осы “тірі су тасқындары”  кристалда- 

нудың пішін түзуші және болшектеуші күштерінің ырқына 

бағынбайды. Олар “жалпы жолдың” 

(шариат),

 яғни негізгі 

заңның бір тармағы “жол” 

(т арика)

 алып баратын  “нәттік 

ақиқат” 

(хакика)

  аймағында шымырлай ағып жатады;  бүл 

деңгейде ақиқаттың озі үғымдар жиынтығы болудан қалып

суға  немесе отқа  үқсас  “стихияға”  айналады.  Мүның бәрі 

бізді мынадай ой ағынына әкеп тірейді: әрқайсысы оз тілінде

325


сөйлеп, сонысын түгелдей жөн жөне тендесі жоқ деп санай- 

тын  өртүрлі  діндердің  өмір  сүріп  жатуы  табиғи  нәрсе  — 

діндер арасындағы айырмашылыктар жеке адамдардьщ ара­

сындагы айырмашылықтарға мейлінше сәйкес; өзгеше айт- 

сақ, діндер — ақикат, себебі: олардьщ әрқайсысына Қүдай 

сөзі  бағышталған;  олар  әрқилы,  себебі,  Қүдай  жүрттың 

қабылдау қабілетінің айырмашылығьш ескеріп, сөзін әртүрлі 

тілде аян еткен,  ал сайып келгенде,  олардың бәрі толығы- 

мен  жөн  және  тендесі  жок  қасиет,  себебі  Қүдай  эр жолы 

“Мен бармын” дегенді жариялай айтып отырған.  Бүл сияқты 

ойлардың  экзотериялық  түзік  дін  (правоверие)  түрғысы- 

нан2 тосын болуы да түсінікті, әрі табиғи нэрсе, алайда, бүл 

мүсылман гнозисінің үлы жаршысы Мухиддин ибн Араби 

насихаттап өткен ғарыштық түзік дінмен үндес пікір:  “Менін 

жүрегім  күллі жаратылыс  үшін  айқара  ашық:  ол  —  ғазел- 

дердің жасыл жайлауы3  жэне христиан ғибадатқанасы, пүтқа 

табынушылардың қүжырасы және зиярат етушінің Қағбасы, 

Таураттың үстындары мен  Қүран аяттары.  Мен  Махаббат 

дінін4  уағыздаймын. Оның керуендері5 қайда беттесе де, ол 

менің дінім және сенімім болып қала береді”. 



(тарджуман 

әл-аіиуак).6

*  


*  

*

“Қүдай  сөздің  қысқасын  үнатады”  дейді  раввиндер, 



Қүдай аян еткен мэтіндердегі ә дегеннен үғыла қоймайтын, 

батыл,  шиыриіық атқан сөздер мен олардың қат-қабат ма- 

ғынасының  сыры  да  осында.  Қүдай  түрғысынан  алғанда 

ақиқат  белгілі  бір  сөздің  немесе  айшықтың  рухани  һөм 

әлеуметгік әсерлілігінде жатыр, олардьщ іс жүзіндегі дәлдігіне 

сайсақ, ақиқат әсерсіз, тіпті, зиянды больш шығар еді. Қүдай 

ең алдымен бізді күтқарғысы, содан соң ғана тәлім бергісі 

келеді.  Оның  мақсаты  — даналық  пен  ажалсыздық,  қара- 

байыр қызықтыруды былай қойғанда,  ол  қүр  ғана  білімді 

мақсат деп санамаған. Христос өз тәнін “Храм” деп атайды, 

бүл  сөзбен  тастан  салынатын  алып  ғимарат  аталатынын 

білетін бізді бүл тандандыруы да мүмкін, бірақ адам колы- 

мен  қаланған тастардан түрғызылған  храм тірі  Қүдайдын 

түрағы болып табылатын Христ тәнінің қасында храм деп 

аталуға лайықсыздау. Тіпті,  Сүлейменнің немесе Иродтын 

түрғызған храмдары — бар болғаны Христ тәнінің бейнесі




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет